Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Планирование «Бағалу, бағалудың түрлері»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Планирование «Бағалу, бағалудың түрлері»

библиотека
материалов



Коучинг 28.03.2014ж

Сабақтың тақырыбы: Бағалау.Бағалаудың түрлері. Өткізілетін уақыты: 28.03.2014ж жылы.90 минут. Сабақтың мақсаты:оқушыларды өзін-өзі бағалауға және өзара бағалауға дағдыландыра отырып,оқуға белсенділіктерін арттыру. Мұғалімдердің коучинг барысындағы мүмкіндіктері: *оқушыларды оқыту үдерісін жақсартудағы өзін-өзі және өзара бағалаудың рөлін түсінеді. *оқыту дәлелдемелерін жинап,олардың мағыналарын өзінше түсінеді. *өз жұмыстарын салыстырады. *ағаттықтарды жоюдағы немесе мақсатқа қол жеткізудегі алға басуды бақылайды. *бағалау критерийін түсінеді. Коучингті өткізу әдісі: 1.Миға шабуыл. «16 сиыр» әңгімесі арқылы 2.Топтық жұмыс,жұптық жұмыс. 3.Әр топқа тапсырмалар беру. 5.Қорытындылау. 4.Кері байланыс.

уақыты

Коучердің әрекеті

Коучинг қатысушының әрекеті

Қажетті ресурстар

Қолданатын құралдар

5мин

Топтарға бөлу(Молекулалар)арқылы топқа бөлу. Коучингке қатысушыларды сабақ мақсатымен таныстырған соң,оларға коучинг барысында жасау керек іс-әрекеттері,назар аудары керек тұстары ескертіліп,әр жұмыстың уақыты белгіленеді.




15мин

1.Миға шабуыл мақсатында «16 сиыр»әңгімесін мазмұндау.Содан кейін, слайд арқылы Айжан,Сұлтан, Айдар,Мейрамдардың іс-әрекетін бағалау. Сұрақ:1.Достардың іс-әрекетін қалай бағалайсыздар? 2.Не себептен ондай бағалар қойдыңыздар? 3.Оқиғаның мағынасын түсінгеннен кейін қалай бағалайсыздар? 4.Қандай кедергі,не қиын болды? Идеясы –бағалауға байыппен қарау, дұрыс бағалау баланың өміріне балта шабумен бірдей екенін түсіндіру.

Әңгіме мен слайдтағы оқиға- лар бойынша мұ- ғалімдер ой-пікірлерін бөлі- седі.

Слайдтар, бағалау стратегиялары

А4 парақтары, интерактивті тақта.

25мин

2.Белсенді әдістер қолдану арқылы тақырыпты ашу.Топпен жұмыс.Барлық топтарға түрлі түсті қағаздар тарқатылады «Алма ағашының макетін » жасау тапсырылады.Әр топ алма аашының макетін жасайды.

Топ мүшелері тыңдайды,тапсыр-

маны орындайды.


Түрлі түсті маркерлер, стикер,түрлі түсті қағаздар,плакаттар.

15мин

Топ жұмысын бағалау.

Салып болған соң,топтар бір-бірінің жасаган жұмыстарына баға береді. Содан кейін мұғалім бағалайды.Не себептен бағалағанын түсіндіре отырып, бағалау критерийін көрсетеді.Критерий бойынша топтағылар қайтадан дұрыстайды. «Екі жұлдыз,бір тілек» топтар бір-біріне тілек,ұсынысты стикерге жазып,бір-біріне береді.


Әр топ мүшесі алдын ала дайындаған ым-ишара белгісін бір топ жұмысына жапсырады.Әрқай-сысының бір ғана жұмысты бағалауға құқығы бар.Бағалау себебін түсіндіреді.


Күліп тұрған ым-ишара (cмайлик)белгілері.

10мин

Сергіту сәті. Нұсқауды қайтала.

Коучингке қатысушы мұғалімдер дөңгелене тұрады. Ортаға екі мұғалім шығып, қарама-қарсы теріс бағытта отырады. Олардың алдарына бірдей заттар беріледі. Олардың бірі – нұсқаулық беруші, екіншісі – орындаушы болуға келісіледі. Нұсқаушы ауызша түрлі нұсқаулар береді, өзі де сол әрекеттерді орындайды. Орындаушы есту арқылы нұсқаушымен бірдей әрекет жасауға тиіс. (мысалы плакатқа сурет салады)

Сұрақ:

1.Орындаушының жұмысының нәтижелі немесе нәтижесіз болуының себебі неде?

2.Осы сергіту жұмысынан қандай ой түйдіңіз?

Коучингке қатысушы мұғалімдер ойын түріндегі сергіту жаттығуынан кейін өз ойларымен бөліседі.





Тұжырым: Нұсқауды дұрыс бермеу де оқуда кедергі келтіруі мүмкін.



А4 парағы,

түрлі маркерлер


15мин

3.Нақты тапсырмалар орындату арқылы тақырыпты ашу. Топтық жұмыс.Әр топқа «Денсаулық-зор байлық»тақырыбында мәтін таратылады.Сол мәтін бойынша әр топ постер дайындап,қорғайды.

Орындаған жұмыс- тарын топта қарас- тырады,талдайды,

талқылайды.Топтар бір-бірін бағалайды.


Мәтін жазылған парақшалар.

10мин

4.Қорытындау.Сұрақ:

1.Жоғарыда жасалған жұмыстарға қатыса отырып,қандай ой түйдіңіздер?

2.Сіз сабақ беру барысында бағалаудың қандай формасын қолданасыз?

3.Дәстүрлі оқыту жүйесінде критерий-

лер қою арқылы бағалау жүзеге аса ма?

4.Табыс критерийін қалай түсінесіз?

Бағалаудың түрлері туралы мағлұмат- ты слайдтар арқылы түсіндіру.

Ойларын ортаға салады,қорытын

ды жасайды.

Бағалау

дың түрлері туралы слайдтар


10мин

5.Кері байланыс.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз,нені үйрендіңіз,нені білдіңіз?




Алма ағашының макетін жасау



hello_html_m452ef34b.png















Рубрика – қарастырылып жатқан тақырып бойынша оқушылардың
білімін бағалау критерийлерінің тізімі.
Ол тақырыпты зерттеудің мақсаттарымен айқындалады


«16 сиыр» әңгімесі

Екі жиһанкез ел аралап, мұхит асып, саяхат жасап жүріп, теңіз жағасындағы бір ауылға келіп аз күнге аялдайды. Бұл ауылда бір қарияның 2 қызы бар екен. Ол қыздардың кішісі керемет сұлу да, үлкені тұйық, реңсіздеу екен.

Бұл өңірдің өз заңы бойынша күйеу бала жағы қалыңмалға 16 сиыр әкелсе, қыздың мәртебесі жоғары деп есептеледі екен.

Жиһанкез жігіттің бірі әлгі қыздардың біреуіне ғашық болғанын айтып, досымен сырласады. Досы:

  • Шынында да шалдың кіші қызы сондай сұлу екен, дұрыс шешім жасағансың, - дейді.

  • Жоқ, мен үлкен қызға ғашықпын, - дейді әлгі жігіт. Досы таң қалған күйі қала береді. Ауыл салтын біліп алған ғашық жігіт бар ақшасына 16 сиыр сатып алып, қыздардың әкесіне келеді. Әңгімеге қаныққан қыз әкесі:

  • Иә, балам, менің кіші қызым 16 сиырға лайық, - дейді риза кейіппен.

  • Сіз мені түсінбедіңіз, мен үлкен қызыңыздың қолын сұрап келіп отырмын, - дейді жігіт. Қыз әкесі де таңқалған күйі қала береді.

Жастар үйленеді. Тойдан соң ғашық жігіттің досы әрі қарай саяхаттауға аттанады.

Жылдар өтіп, саяхатшы елге оралып келе жатады, жолда досына соғып, көре кеткісі келеді. Келсе, досы бақытты, бала-шағалы, келіншегі де әп-әдемі. Жігіт «бұл кіші қызға үйленген бе, үлкені мұншалық әдемі емес еді ғой» деп ойлайды. Оның ойын көзінен оқыған келіншек:

  • Мен шынында да әкемнің үлкен қызымын, бұрын өз бағамды білмеппін, өзімнің 16 сиырға татитынымды білген соң әдеміленіп кеттім, -деген екен.

Шолу жұмысы

1.Мұғалімдерге сұрақ: өз сабақтарыңызда бағалауды қай уақытта пайдаланасыздар? (топта бір-бірімен ой бөлісу)

Тапсырма.

Айдар, Айжан, Мейрам, Сұлтан достар. Айжан Айдарға ғашық, барайын десе өзен ағып жатыр. Ол өзенге өту үшін қайық керек. Қайық Сұлтанда бар. Сұлтаннан қайықты сұрайды .Сұлтан: «Сенің келгенін жақсы болды, сағынып жүрмін сені. Үйге қон, ертең таңертең беремін,»- дейді. Айжан келісіп, таңертең Айдарға барады.Айдар Айжанды қабылдамайды. Көңілі түскен Айжанды көрген Мейрам Айдарды ұрып тастайды. Бағалаңыздар. Әр топ 5 балдық жүйемен бағалап, не үшін екендігін түсіндіреді.

Кейін осы жағдайдың кейіпкерлеріне қатысты қосымша мәлімет береді. Айжан оқушы Айдарға шәкірттік сезіммен ғашық. Сұлтан атасы. Айжанды Айдардың қабылдамағаны жиналыста болды.Мейрам көшедегі тентек бала, мән-жайын түсінбей ұрып соғады.Тағы бағалауларын сұрау. Идеясы – бағалауға байыппен қарау, дұрыс бағаламау баланың өміріне балта шабумен бірдей.

Қандай кедергі болды? Не қиын болды?


Үлгі мәтіндер




Денсаулық –зор байлық

Денсаулық баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние.Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді,не еңбекті,тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімін де қиюға болады.

Денсаулық –адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан,әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет,оны орынсыз ысырап етпеу керек,үнемі денсаулық- тың қорын көбейтіп отыру керек.Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап,оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі.Ауруды ағзаларға жолат- пау,адамдардың өз қолында.Сол себепті,әр адам салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға,дұрыс тамақтануымызға,зиянды әрекеттерден аулақ болып,тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.

Тұмау –жұқпалы ауру

Тұмау –ертеден келе жатқан жұқпалы аурулардың бірі.Жыл сайын күзгі-қысқы мерзімде тұмау жағдайының эпидемиясы басталады.Тұмауды барлық жастағы адамдар қабылдағыш.

Аурудың нышандары: науқас адам басының қатты ауырғанын сезеді, көбінесе маңдай жағы, бүкіл денесі сырқырайды, әсіресе белі мен аяқ балтыры. Сырқаттық және әлсіреген күйге жетеді, бұл науқасты төсек тартуға мәжбүр етеді. Тәбеті бұзылады. Науқас ұйқышыл, кейде ашушаң болады. Беті мен көзі қызарады, терісі – сипаған кезде ыстық, біркелкі дымқыл, жиі дене қызуының жоғарылылығы кездеседі.

Тұмаудың басты қаупі – асқынудың дамуы. Тұмау ауыруының барлық жағдайында адам дәрігерге қаранып, оның барлық тағайындауларын орындауы қажет. Тұмау кезінде өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайды.

 Тұмаудың алдын алу үшін тиісті түрде егу алу керек. Бұқаралық иммундау халықтың жалпы аурушандығын төмендетеді. Сонымен қатар, иммунитетті көтеру тәсілдеріне дене шынықтару, орынды тұлғалық жүктеме жасау, витаминді препараттарды және өнімдерді (қырыққабат, қарақат, таңқурай, лимон, итмұрын, болгар бұрышы), сонымен қатар пияз, сарымсақ, көк шай пайдаланған жөн. Жеке бас гигиенасын сақтаған дұрыс: қолды жиі жуу керек, киім мен аяқ киімнің тазалағын бақылау, тұрғын және оқу үй-жайларын үнемі желдеткен, таза ауада көбірек жүрген жақсы.

Ауырмау үшін мұрынды оксолин майымен жағу керек. Науқас адамдармен аралас болған жағдайда медициналық бетперде тағу қажет. Әр екі сағат сайын ауыстыру үшін, адамда

кем дегенде үш бетперде болуы керек. Бетперделерді күн сайын жуып екі жағынан үтіктеу қажет



1-слайд: Бағалаудың түрлері.Өзара және өзін-өзі бағалау.Бағалаудың критерийі

2-слайд:Айжан,Айдар,Сұлтан,Мейрамдардың іс-әрекеті.Ағып жатқан өзен,қайық.

3-слайд:Бағалау түрлері:1.Формативті(қалыптастырушы) 2.Суммативті( жиынтық )

1.*күнделікті жұмыс барысында жүзеге асырылады *оқудың ағымдағы бағалануы *кері байланысты қамтамасыз етеді *ағымдағы оқу үлгерімінің көрсеткіші 2.*оқыту нәтижелері жіктеледі *дайындық деңгейінің көрсеткіші *бағалау критерийілері негізінде іске асады *қорытынды шығарылады

4-слайд: Бағалау критерийі –ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі,негіздемесі. Дескриптор –оқушының белгілі бір тапсырма бойынша орындаған жұмысының деңгейін немесе сапасын сипаттайтын тұжырым.

5-слайд:Өзін-өзі бағалау және сыныптастарын бағалау стратегиялары

1.Оқушыларды баға қоюға тарту.

Оқушылар оқытудың нақты критерийлеріне және мақсаттарына сәйкес өзіңе де,сондай-ақ сыныптастарына да баға қоя алады.Сабақ барысында жаттығу ретінде беруге болады.Жаттығу мұғалімнің оқушылардан не күтетінін айқындап,оқушыларды өздерінің жұмыстарының сәйкестігі туралы ойлануға итермелейді.



2.Топтарда баға қою.

Өзін-өзі бағалаудың орнына топтарда баға қоюды қолдануға болады.Аяқталған жұмыстарға ерекше назар аударып,топтың мүшелері бір-біріне критерийге сәйкес жұмысты бағалауға көмектеседі.

3.Жеке бағалау парағы.

Оқушылардан жұмыстарының белгілі бір критерийлерге қаншалықты сәйкес келетіндігі туралы ойлануды сұрауға болады.Осы тұрғыдан алғанда олар нәтижені жетілдіру үшін оқушыларға не істеу керектігін көрсетуі қажет.

4.Бағдаршам.

Белгілі бір тапсырманы орындау барысында тақырыпты түсінетіндіктерін ұғынса,олар жасыл индикаторды,білімдеріне сенімсіз болса,онда сары түсті,ал мүлдем білмесе қызыл индикаторды пайдаланады.Бұл стратегияның идеясы-бағдаршамның түстері арқылы оқушының өз біліміне қатысты сенімділігін көрсету.

5.Соңғы бес минут.

Сабақтың басында мұғалім мақсатын түсінікті етіп жеткізеді және аяқталар алдында соңғы бес минут ішінде бір оқушы сабақта не үйренгені туралы айтады.Қалған оқушылар оған сұрақ қояды.

Коучинтақырыбы: Бағалау. Бағалаудың түрлері.

Жалпы мақсаты:Мұғалімдерге сыни тұрғыдан ойлау, ынтымақтастыққа бейімдеу, топпен жұмыс жүргізу әдісін үйрету

Сілтеме: Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану»



Сергіту кезеңі: «Сөйлей алатын қолдар»

Қатысушылар екі шеңбер құрып тұрады. Бірі шеңбер ішінде, екіншісі сыртта. Ішкі шеңбер сыртқа қарайды, ал сыртқы шеңбер ішке қарайды. Сонда бізде қатысушылар жұпқа бөлінбек. Әр жаттығудан кейін тренер «Сыртқы шеңбер бір қадам оңға» деген ұсыныс айтады сонда сыртқы шеңбер бір қадам оңға басып жаңа адаммен жұпты құрады. Тренер айтатын жаттығулардың бәрін тек қолмен ғана орындау керек:Амандасу, достасу, аяу, қуаныш көрсету, ескерту айту, күресу, сәттілік тілеу, сипау, қоштасу,допты қолмен лақтару қағып алу, ыммен қүлдіру, бірлесіп ыдыс жуу,

«Сыртқы шеңбер бір қадам оңға» ( орын ауыстыру)

Бір жіпті айналдыра отырып, бірге секіру, таласу, сөмекдегі заттарды шығару,ықылас көрсету, келспеушілік білдіру,қоштасу, сәттілік білдіру

Топқа бөлу: Молекулалық атомдар арқылы топқа бөлу



Соңғы сергіту;

«Оркестр»

Жүргізуші музыкалық аспаптардың аты жазылған карточкалар ұсынады. Әрбір адам бір-бір карточкадан алады. Әрқайсысына берілетін тапсырма таңдап алған аспаптардың дауысына салып ойнау және қимылмен көрсету.

Жүргізуші «оркестр» деген сөзді айтқан кезде барлығы қосылып, бір мезетте ойнау керек.Ән «Еркем- ай»







.


































1

Краткое описание документа:

Бұл коучинг сабағы барысында мүғалімдер мен оқушылар бағалаудың формативтік және суммативтік түрлерімен танысып, дүрыс орынды қолдану жолдарын үйреніп, сабақ барысында өзара және өзін өзі бағалау барысында қолдана алады.Мүғалімдер коучинг барысында атомдық молекулалар арқылы топқа бөлініп, алама ағашының макетін жасады.Бағалу кезінде бағалау критерийлері бойынша бағалады.Мысалы: алма ағашының діңгегінің беріктігі, бойының аласа болуы, жапырықтарының,гүлдерінің, жемістерінің бір формада болу сияқты» 5» немесе «4» бағалау жүйесі бойынша бағалап, жіберген кемшіліктерін критерийлер бойынша қайта түзете алады.
Автор
Дата добавления 27.04.2014
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1330
Номер материала 86818042740
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх