Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Ұлт менталитетінің басты ерекшеліктері
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Ұлт менталитетінің басты ерекшеліктері

библиотека
материалов


Ұлт менталитетінің басты ерекшеліктері


Спатаев Нұркелді Тәжібайұлы,

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының студенті

Ғылыми жетекшісі: Конкина Гүлбаршын Спанқызы, философия ғылымдарының кандидаты, доцент.

Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады.


Мағжан Жұмабаев





Ұлт дегеніміз – адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік –этникалық, қауымдық бірлестігінің жоғары түрі. Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар: оның құрамына енген адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының, территориясы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік хал-ахуалдағы сол ұлтқа тән кейбір этникалық ерекшелігінің ортақтығы болып табылады.

Ұлттың жан-күйі мен ұлттық мәдениет арасында тығыз бар. Ұлттық мінез-құлық ерекшелігі ұлт мәдениетінің түрлерінен көрініс береді. Ол жөнінде атақты композитор Н.А.Римский-Корсаков: «Музыка ұлттан тысқары өмір сүрмейді. Қандай да болмасын музыка мәдениетінің мазмұны жалпы адамзаттық болып келгенімен оның түрі ұлттық болып қала береді. Ұлы композиторлардың шығарған ән-күй музыкас бүкіл адамзат мәдениетінің қорына қосылған, идеясы барлық ұлтқа ортақ интернационалдық мұра болғанымен, оның ұлттық жан-күйінің өзгешелігі сақталады» –дейді. Әр ұлттың өзіне тән мінез-құлық, қызуқандылық ерекшелігі сол елдің музыка мәдениетінен қалай сезілсе, би өнерінен, қол өнерінен де сондай ашық, айқын сезіліп, көрініп тұрады. Біз ән, күйлерді тыңдай отырып немесе билерді, ою-өрнекті, зергерлік әшекей заттарды көріп, оның қай ұлтқа тән екенін көп қиналмай ажыратамыз.

Ұлттық жан-күй үйлесім ерекшелігі адамдардың отбасылық қарым-қатынасынан, киім кию түрлерінен, спорттық ойын ерекшеліктерінен немесе тұрмыстық салт-дәстүрлерден ( келін түсіру, қыз ұзату тойлары, т.б.), ұлттық тағам түрлерінен айқын байқалады.

Ұлттық жай-күй үйлесімі үш бөліктен тұрады: ол – ұлттық сезім, ұлттық салт-дәстүрлер және ұлттық мінез. Осы үш бірлік ұлттық мәдени ерекшеліктердің шартты белгілері болып табылады.

Ұлттық сезім дегеніміз – адамдардың туған жерге, өскен елге, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігін білдіруі. Ұлттық сезім – адамды қоршаған ортаның (әлеуметтік-экономикалық, мәдени және жаратылыс құбылыстарының) сол ұлт өкіліне тартқан ерекше сыйы. Ұлттық сезім басқа сезімдер сияқты, адамның жеке басының қанағаттануына, шаттануына немесе риза болмауына, қанағаттанбауына байланысты ой-қиял, әсер, түйсігінің сыртқа шыққан көрінісі, ол өзгелерге тіл арқылы жеткізіледі. Мысалы, «Елім-ай» әнін ести отырып, елінің басына түскен ауыртпалықты, шапқыншылықты елестетіп мұңаюы немесе «Сарыжайлау», «Сарыарқа» күйлерін ести отырып, тыңдаушының туған жер табиғатына деген сүйіспеншілік, шаттық сезімінің оянуы табиғи заңды құбылыс. Сондай-ақ «Туған жер Волга өзеніне» арнаған орыс әнін, Кавказдың асау Терек өзеніне арнаған әні мен «Асся» биін тыңдап, көріп отырған ұлт өкілінің туған өлкесіне, өз ұлтының мәдениетіне деген асқақ сүйініш сезімінің бір белгі бермеуі мүмкін емес. Міне, мұның бәрі ұлт мәдениетінің ұлттық рухани сезімді оятуға тигізер әсері. Адамның ана тіліне деген сүйіспеншілігі де ұлттық сезімнің ерекше бір түрі.

Ұлттық сезім ұлттық эстетика, әдеп, парасаттылық және күнделікті өмірдегі талғам мен сезімнің жиынтығы – көркем шығармалар арқылы көрініс береді. Ол – ұлттық сезімді оятуға әсер ететін күшті құрал. Көркем сөз айшығына жан сезімімен елікпес адам болмайды. Табиғаттың нелер тамаша көріністері, адамның іс-әрекеті, бет-бейнесі көркем сөз өрнегі арқылы өріліп беріледі. Сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлер де ұлттық сезімді оятуға себепші болады. Мысалы, домбыра тартып, өлең айтып, айтысып жатқан ақындардың өлең-жырларына, белдесіп жатқан балуандардың күресіне селқос қарайтын қазақ болмайды. Себебі, домбырамен өлең айтып, жыр төгу – ұлттық дәстүр және ол сол ұлттың мақтанышы. Сондықтан да өлең-жыр әуені, домбыра сазы – ұлттық сезімді оятатын тәрбиелі құралы.

Ұлттық салт-дәстүрлер – тарихи көне процесс. Көптеген салт-дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуынан бұрын пайда болған. Сондықтан ол кейде бірталай ұлттарға ортақ мәнді дәстүр болып келеді. Мысалы, асар – қырғыз, қазақ, өзбек, тәжік, түрікмен халықтарына ортақ өте ертеде пайда болған дәстүр.

Салт-дәстүр сабақтастығы ұлттар арасындағы қарым-қатынаспен тығыз байланысты. «Әр халықтың мәдениеті өзіне тән ерекшелігімен дараланып, көзге шалынады. Алайда басқа халықтардың әсерінсіз таза, дара ұлттық мәдениет тіпті де кездеспейді. Ұлттар мен халықтардың материалдық және рухани байланысы, қарым-қатынасы арқылы олар бір-бірін мәдени байлығы жағынан толықтырады» – дейді С.Н.Артановский.

Ұлттық болмыс-бітім адам мінезінен, іс-әрекетінен ерекшелене көрінетін тұрақты құбылыс. Ұлттық мінез-құлық сол ұлтқа тән қызуқандылық, жан-күй, рухани сапамен ерекшеленіп, көзге түседі. Мысалы, қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлық мінез-құлық болса, өзбектерге тән майда, сыпайы мінезділік, тілі тәтті, салтқа беріктік, орыс халқына тән қарапайымдылық пен кең пейілдік, американдықтарға тән құнттылық, ағылшындарға тән салқын қандылық, немістерге тән ұқыптылық, француздарға тән жинақылық, испандықтарға тән қызу қандылық ерекшеліктер байқалады. И.С.Кон өзінің «Ұлттық характер ерекшеліктері проблемасы» атты еңбегінде: «Ұлттық характерді анықтауда әр ұлтқа тән эпостық мінез-құлықты шартты түрде алып қарау керек» деуі орынды.

Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінетінін білесіздер. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күнкөрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениеттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениеттердің болатындығын ескермеді. Осыдан барып, мәселен, көптеген адамдар мәдениетті тек қана өнер туындылары құрайды деп ойлайды да, оны өркениетпен тең қойып, жаңсақ түсініктерге жол береді. Мәдениет тарихында күні кешеге дейін еуропалықтар Батыс дүниесінің ғана мәдениетін мойындап келді. Оларда мәдениет жасаушы тек еуропалықтар делінген кеудемсоқтық теория белең алды. Бірақ Шығыс өркениетін жасаған мәдени мұралардың ғажайып үлгілері оларды өздерінің менменсіген қисындарынан бас тартуға мәжбүр етті.

Қазақтың дәстүрлі мәдениеті, құдайға шүкір, ешкімнен кем емес. Мысалы, эпос жанрын алайық. Айтатынымыз да, мақтан ететініміз де – осы эпостарымыз. Кең қарымды, кең құлашты, қазіргіше айтқанда – поэмаларымыз. Әлемде эпос тудырған халықтар саусақпен санарлық. Батысымызда байырғы гректер «Иллиада» мен «Одессеяны» тудырса, Шығысымызда үнділер «Махабхарата» мен «Рамаянаны» тудырған, одан кейін Шығыс Европада «Үлкен Этта», «Кіші Этта», «Каллевала» сияқты құранды эпостар туған. Эпостық жырлары бар елдер осылар ғана. Мүйізі қарағайдай «ұлы орыс» халқының «Игорь жорығы туралы жыры» бар болғаны 8-ақ бет болса, мен қарасөзге айналдырған «Алпамыс батыр» эпосы 800 бетті құрады. Мінеки, эпос деген осы.

Эпостардың туу себебіне қатысты үлкен-үлкен өте жақсы ғылыми зерттеу еңбектер жазылған. Эпос – соны тудырған елдің этникалық қарымының нәтижесі. Демек, Евразияның ұлы даласындағы бабаларымыздың сөз өнерінің асқақ биігін туындатқанын байқаймыз. Тіпті, Европа әдебиетінің тарихына қарасаңыз, бірінші ауыз әдебиеті, содан кейін жазба әдебиеті дейді. Ал, бізде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасында бес ғасыр жыраулар поэзиясы жатыр. Аталған бес ғасыр поэзиясы - тәңір тектес асқақ, сөз өнеріміздің ұлы құдіретті сипаты.

Екінші, дәстүрлі мәдениетімізді, яғни қолөнеріміз жайлы ауыз толтырып айта аламыз. Қолөнер мәдениетіміз өте тереңнен бастау алады. Скифтің алтынмен апталған, күміспен күптелген дүние мүліктерінен бастап, өзіміздің күні кешеге дейін әке-шешеміз тіккен киіз үй – қолөнердің ең ұлы шыңы. Киіз үйдегі сүйектен, ағаштан, киізден, шиден т.б. жасалған қажетті заттардың бәрінен құрастырылған ғажайыпты ақыл-ойдың нәтижесі, табысы деп қабылдауға болады. Бұл ретте көшпелілер өзінің тұтынатын қолөнер заттарын өнер деңгейіне жеткізген. Мен бала кезімде шешей қымыз сапырып отыратын мүйіз ожауды ұстап ойнаудан жалықпайтынмын. Кейін тура сондай мүйіз ожауды Орталық мемлекеттік музейден көргенде көзіме жас үйірілді. Қандай сұлулық! Неткен әдемілік! Демек, көшпелілер өнер деңгейінде өмір сүрген. Тұтынған заттарының барлығы өнер деңгейінде болған. Ол тозса, қайтадан одан да жақсы қылып жаңасын жасайтын болған. Қолөнердің ұлы туындысы – киіз үй.

Үшіншісі, музыкалық мәдениеті. Музыкалық мәдениетіне мен екі-үш ақ мысал келтірейін: сіздер ол мәдениеттің тектілігін, терең асыл екендігін пайымдайсыздар. Қазақ халқы қазақ атауын иемденбей тұрған кездің өзінде-ақ осы далада домбыра тартылып, күй жанры туған. Күні бүгінге дейін орыс, татар сияқты өзіміздің бұрынғы Кеңес одағының аясындағы елдерді алсақ, осылардың дәстүрлі музыкасында күй жанры, яғни аспапты музыка жанры жоқ. Орыстар балалайканы қолға алып, жерді бір теуіп, частушка айтады, бар музыкасы осы ғана. Ал, күй деген – музыкадан сөзсіз бөлініп шыққан дыбыс, музыкалық жанрдың дүниеге келуі. Бұл бейнелеп айтқанда сөз өнерінде роман, эпопея жанрының дүниеге келгені сияқты. Ал енді осы күй өнерін туындатқан авторлы музыканың өзіне осы далада 1200 жыл. Нанбасаңыздар, айтып шығайын. Исі 40-тан астам түркі халқының ішінде Қорқыт бабамыздың күйін сақтап қалған жалғыз халық – қазақ. Қорқыттан бізге жиырмаға тарта күй жеткен. Олар әлі күнге дейін үлкен сахналарымызда тартылады. Қорқыттың бергі жағында Шыңғыс ханның алдында күй тартқан – найман Кетбұға күйші. Күйшінің он үшінші ғасырдағы «Ақсақ құлан» күйінің бізге он варианты жетті. Осы орайда айта кетейін, қазір Европа кітапханасында тұрған «Кодекс Куманикус» кітабында сол Кетбұғаның «Ақсақ құлан» күйінің ноталық жазбасы бар. Қазақ музыкасына үлес қосқан еврей зерттеуші Борис Григориевич Ержакович ескі нотадағы аталған музыканы бүгінгі нотаға түсіргенде «Ақсақ құлан» күйі шығады. Күйді алғаш рет М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында істеп жүрген кезімде естідім. Кетбұғадан кейін сары Салтық, одан бері қарай Байжігіт, кешегі Абылай хан кезіндегі атақты күйшілер, XIX ғасырдағы Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Тәттімбет сияқты ондаған-жүздеген классикалық күйшілер өткен. Демек, қазақтың рухани мәдениетінің осы үш саласы күні бүгінге дейін ұлтымызға айрықша қызмет етіп келе жатыр.

Мәдениет сөз болған уақытта біз ешуақытта бүгінгі аумақтық, яғни территориялық шеңберімізбен шектеліп қалмауымыз керек. Өйткені, қазақ дейтін халықты құрсағында тербеткен ұлы даланың аумағы қазіргі шекарадан әлдеқайда кең болатын. Біз отаршылдықтың қақпанына түскен кездегі жеріміздің үштен бір бөлігінен айырылып, тәуелсіздік алдық. Осы орайда, шекара сыртында жатқан мынадай мәдени 5 түрлі рухани асылдарымызға біз ұдайы назар аударып жүруіміз керек. Бірінші – атамекен жұрттарымыз, екінші – сол жұрттарда сүйегі қалған ата-баба әруақтары, үшінші – шекара сыртында жатқан жалпы мұралар, төртінші – шекара сыртында аналарымыздың, аталарымыздың қолымен жасалған материалдық мәдениеттер, бесінші – шекара сыртында әлемнің қырықтан астам елінде бас сауғалап жүрген қандас бауырларымыздың қолынан туған өнер туындылары. Осының барлығы біздің төл тарихымыздың, төл мәдениетіміздің құрамдас бөлігі болып табылады.

Енді аталған бес рухани құндылықтарды таратып айтар болсақ, бірінші ертеде қазақтың ата қонысы болған, қазіргі таңда түрлі себептермен өзге территорияда жатқан қазақ жерлеріндегі асыл мұраларымыз жайлы айтайық. Ежелгі Еділ – қазіргі Волга, қажы Тархан – Астрахань, Сарытау – Саратов, Селебе – Челябинск, Мәскеуден 150 шақырым жердегі байырғы әз Жәнібектің әжесі Тайсұлтанның атына қойылған жазғы жайлау – Тулла, ХХ ғасырдың басында астанамыз болған Орынбор – Оренбург. Айта берсек, толып жатыр. Біз Орынборды орыстан тартып алып, астана етпегеніміз аян. Ол – біздің атамекеніміз. Одан былай қарай Қорған – Курган, Баранауыл – Барнауыл, Төмен – Тюмень. Төмен атауы жайлы көптеген пікірлер бар. Дегенмен, оны «түмен» Шыңғыс ханның он мыңдығына байланысты қойылған деп емес, Керей мен Уақтың төменгі жайлауы болған деп қабылдағанымыз жөн болар. Төменнен былай қарай Ащылы – Ашинск, Байкөл – Байкал, Енесай – Енесей, Аңғар – Ангарск, ал Қытайға қарай жүрсеңіз Қатынтау, Қатынқарағай – Қатонкарагай, Алтай, Еренқабырға, Қобда, Тәңіртау, оңтүстікке қарасаңыз, Самархан жерінде жатқан Мыңбұлақ, Қарақалпақ жерінде жатқан Қарабауыр жотасы, сондай-ақ орталық СК КПСС Орталық комитетінің қаулысымен соғыс жағдайына байланысты Қарақалпақстанға уақытша берілген үш аудан – қазақтың ата қонысы. Мен аталған жерлерді қайтарайын деп, я болмаса, қайтару үшін сіздерді үндеп отырған жоқпын.

Ұлт дегеніміз не? Ұлттың тарихи жады әрбір адамның өмірбаянына айналғанда ғана ол ұлт болады. Сол жерлерде жатқан ата-бабаның сүйегі, сол жерлердегі тарихи ескерткіштер, сол жерлерге төгілген әрбір ата-баба қанының тарихы біздің өмірбаянымыздың мәдени құрамдас бөлігі болуы керек.

Екінші, әруақтар. Шет жұртта жатқан әруақтарды осындай бас қосуда айтпасақ, қашан айтамыз? Қараңыздаршы, Қасым хан Сарайшықта жатыр. Мына қазақ елі осы аумағы, осы территориясы үшін Қасым ханға қарыздар болатын. Не болмаса, Шығай хан мен Тәуекел хан Бұқарада, Жалаңтөс Самарханда, Төле би Ташкентте, Әйтеке би мен Сырым батыр Қарақалпақстанда, Құрманғазы күйші Ресейде, Мұстафа Шоқай Германияда жатыр. Кенесары С.Сәдуақасов, Ә.Молдағұлова, Ғ.Мұратбаев Ресейде жерінде жерленген. Ал Қытай жерінде әйгілі Әсет, Қожеке күйші, ақын Таңжарық, Бөке, Оспан батырлар және айтса таусылмайтын басқа да тұлғалармыз жатыр. Осы тұлғалардың сүйегін елге жеткізу керек. Бұл қазақтың байырғы дәстүріне жат емес, шет емес. Тіпті, ислам дініне де жат емес. Аманаттап жерлеп, я болмаса соғыс кезінде шейіт болған батырлардың бармағын ғана тауып алып жерлеген бейіттер қазақ даласында өте көп. Сондықтан, оны әкелудің пайдасы: біріншіден, әруаққа құрмет, екіншіден, тірілер үшін қажет. Мына тірі жүргендердің рухы биік болады.

Ресейде 4200 руникалық жазба ескерткіштердің нұсқасы тұр, Германияда 8 мыңдай. Оның барлығы байырғы түркі тілінде жазылған неше түрлі жазу үлгілері. «Оғызнама» кітабы Парижде, «Махаббатнама» Лондонда, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі» Каирде, «Қорқыт» Дрезден мен Ватиканда екі нұсқасы, «Кодекс Куманикус» Венецияда, Рабғузидің «Қиссасул-Әнбиясы» Лондонда, қазақ хандарының, қазақ мемлекеттігінің бүкіл тарихына қатысты құжаттар Қытайда жатыр. Мінеки, шетелдегі жазба мұраларды елге жеткізу, көшірмесін алу біздің мәңгілік мәдениетімізді ойлағанда көңіліміздің төрінде тұратын проблема.

Төртінші, қолөнер. Ресей археологтарын ғана атайын сіздерге, Толстов Қызылорданы, Бернштам Шымкетті, Руденко Алтайды, Сорокин Ақтөбені қазды. Барлығының тапқан алтын мұралары мен қолөнер бұйымдарының барлығы Санкт-Петербург пен Ленинградта тұр. Санкт-Петербургтің Эрмитажын әсемдеп тұрған скифтің далалық өрнектері Эрмитаждың бағасын асырып тұр. Оның барлығы біздің ата-бабамыздың қолынан шыққан мүліктер еді. Қазақ халқы – әлемдегі этникалық жаралымы біртұтас жалғыз елдің бірі. Мынау Дағыстан елі Ақмола облысының бір-ақ ауданының көлеміндей болса да, ресми 18 тілі бар. Анау төбедегі көрініп тұрған бір дағыстан екінші төбедегінің тілін түсінбейді Ал бір шетімен бір шеті 8 мың шақырымға созылған түркі халықтарының өз-өздерімен түсінісуі былай тұрсын, қазақ халқының тілінде диалект жоқ. Мен Анатолыдағы шай құйған қазақ әйелімен, Шыңжаңдағы шай құйып отырған қазақ әйелінің отырысы, жаулығы, дастарханындағы тамағы, кесесінің түріне дейін ұқсастығына қарап қайран қалдым. Аралары 8 мың шақырым.

Енді қараңыздар, тағдыр бізді XX ғасырда әлемнің 40-тан астам еліне шашып жіберді. «Болар іс болды, бояуы сіңді» бірақ ес жиып етек жапқан кезде біз осы қазақтардың рухани мәдениетіне назар аударуымыз керек. Бұл ретте шетелдегі 40-тан астам елді мекендеп жатқан қазақтардың ішінде 4-ақ елдегі қазақ диаспорасы өнер туындата алып отыр. Бұл Қытайдағы, Моңғолиядағы, Өзбекстандағы, Түркияда тұратын қазақтар.

Ресейде 1 миллион қазақ бар, соңғы бір ғасырда бір ауыз өлең шығарған жоқ, бір сырмақ сырған жоқ, яғни рухани бедеулікке ұшырап отыр. Ал енді жаңағы 4 елдегі туындап жатқан романдар, кинофильмдер, бейнелеу өнерлері, музыкалар, қолөнерлер бұның барлығы біздің рухани мәдениетіміздің құрамдас бөлігі болып табылады.

Осы жиналыстың өтініш тілегі ретінде қала әкімдігіне мынадай ұсыныс айтқым келеді: Біз «қазақ диаспорасының мәдениеті» деген музей ашуымыз керек. Ол музейге сол қазақтар шығарған газет-журналдар, кітаптар, хаттар, салған суреттер, мүсіндер, текеметтер, жасаған киіз үйлерді қою керек. Кеше ғана осы бір Астанада көрме болғанда Қытайдан 24 қанатты киіз үй келді. Мен сол киіз үйді көріп шыға алмай қалдым. Қандай керемет жасалған балғын қолөнер. Сондықтан осы қала әкімшілігі Астанадан «қазақ диаспорасының қолөнері» атты өнер мұражайын ашса. Оған білікті үлкен бір ғалымды басшы етсек. Ол бүкіл шетелдегі қазақтардың ең алдымен жалпы мәдениетін басқа да рухани мәдениетін соған жинақтаса, онда біздің тарихымыздың, мәдениетіміздің ол да бір құрамдас бөлігі болып, мөлдір арнасы болып мәдениетіміз, рухани байлығымыз еселене түсер еді!








Краткое описание документа:

Бұл  мақалада: Ұлт  дегеніміз  –  адамдардың  тарихи  қалыптасқан  әлеуметтік –этникалық, қауымдық  бірлестігінің  жоғары  түрі. Қай  халықтың  болмасын  ұлт  болып  қалыптасуы  үшін  қажетті  факторлар:  оның  құрамына  енген  адамдар  тобының  материалдық  тұрмыс  жағдайларының,  территориясы  мен  экономикалық  өмірінің, тілі  мен  мәдениетінің, әлеуметтік  хал-ахуалдағы  сол  ұлтқа   тән  кейбір  этникалық  ерекшелігінің  ортақтығы  болып  табылады.           Ұлттың  жан-күйі  мен  ұлттық  мәдениет  арасында  тығыз  бар.  Ұлттық  мінез-құлық  ерекшелігі  ұлт  мәдениетінің  түрлерінен  көрініс  береді. Ол  жөнінде  атақты  композитор  Н.А.Римский-Корсаков: «Музыка ұлттан  тысқары  өмір  сүрмейді. Қандай  да  болмасын  музыка  мәдениетінің  мазмұны  жалпы  адамзаттық  болып  келгенімен  оның  түрі  ұлттық  болып  қала  береді. Ұлы  композиторлардың  шығарған  ән-күй  музыкас  бүкіл  адамзат  мәдениетінің  қорына  қосылған, идеясы  барлық  ұлтқа  ортақ  интернационалдық   мұра  болғанымен, оның  ұлттық  жан-күйінің  өзгешелігі  сақталады»  –дейді. Әр  ұлттың  өзіне  тән  мінез-құлық, қызуқандылық  ерекшелігі  сол  елдің музыка  мәдениетінен  қалай  сезілсе, би өнерінен, қол өнерінен  де  сондай  ашық, айқын  сезіліп, көрініп  тұрады. Біз  ән, күйлерді  тыңдай  отырып  немесе  билерді, ою-өрнекті, зергерлік  әшекей  заттарды  көріп, оның  қай  ұлтқа  тән екенін  көп  қиналмай  ажыратамыз.
Автор
Дата добавления 28.04.2014
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров813
Номер материала 87496042811
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы
Статья
27.04.2014
Просмотров: 337
Комментариев: 0

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх