Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕЛІ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Информатика

ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕЛІ

библиотека
материалов

5-МОДУЛЬ. ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕЛІ
5.1. Негізгі ұғымдар

Егер бір бөлмеде, ғимаратта немесе жақын орналасқан ғимараттар кешенінде пайдаланушылар қандай да бір мәселені бірігіп шешуге, мәліметтер алмасуға немесе ортақ мәліметтерді пайдалануға тиісті бірнеше компьютер бар болса, онда осы компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру орынды болады.
Бірнеше мысал келтірелік:
• Егер Сіздің мекемеңіздің компьютерлері желіге қосылған болса, онда қызметкерлер арасындағы құжаттар алмасу көшіру немесе жылжыту амалына саяды.
• Компьютерлердің біріне басып шығарғыш қосылған болуы мүмкін, онда жергілікті желінің арқасында басқа компьютерлерді пайдаланушылар одан өз компьютерлеріндегі құжаттарды басып шығара алады.
Жергілікті желі – бұл компьютерлер арасында мәліметтер жеткізу үшін пайдаланылатын кабелдер (сондай-ақ телефон желісі немесе радиоарналар) арқылы өзара қосылған бірнеше компьютер тобы (5.1-сурет).hello_html_m5b58c97b.jpg
Жұмыс үстелінде жергілікті желімен жұмыс істеуге арналған Желілік орта қалтасының белгішесі көрініс табады.
Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру үшін әрбір компьютерде желілік бейімдеуіш немесе желілік тақша орнатылған болуы тиіс. Компьютерлердің қазіргі заманға сай моделдерінде әдетте желілік бейімдеуіш аналық тақшаға бірге орнатылған болады.
Содан кейін компьютерлерді кабелдермен жалғау керек. Компьютерлер арасында мәліметтер алмасу арнайы құрылғы – шоғырлауыш (немесе хаб) көмегімен жүзеге асырылады.

hello_html_628a8a2b.jpg
Желідегі әрбір компьютерді жұмыс станциясы деп те атайды. Әрбір жұмыс станциясының атауы бар және ол қандай да бір жұмыс тобына жатады. Компьютердің атын білу оны жергілікті желіде таба алу үшін қажет.
Компьютердің аты мен жұмыс тобының атауын қарау үшін Менің компьютерім белгішесін тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірдің Сипаттар тармағын таңдап, ашылған терезеде Компьютердің атауы қосымшасына өту керек (5.2-сурет).

hello_html_4e6ec321.jpg

 

5.2. Жергілікті желінің қор көздерін қарап шығу

Желідегі қай қалталарға ортақ қатынас құруға болатынын қарау үшін Жұмыс үстеліндегі Желілік орта белгішесін екі рет шерту керек. Егер жұмыс үстелінде желілік орта белгішесі жоқ болса, Бастау – Желілік орта әрекеттер тізбегін орындаңыз.
Ашылған терезеде сол жақта Жұмыс тобының компьютерлерінің көрінісі тармағын таңдаңыз (5.3-сурет).Терезенің оң жағында желідегі компьютерлердің атаулары бар белгішелер көрінеді. Таңдап алынған компьютердің қор көздерін қарап шығу үшін оның белгішесін екі рет шерту қажет.
Желідегі компьютерді іздеу үшін мына әмірлерді қатарымен орындау қажет: Бастау – Іздеу – Компьютерлерді не адамдарды – Желідегі компьютерді. Іздеу жолына компьютердің атауын енгізу және Іздеу батырмасын басу керек (5.4-сурет).

hello_html_1f110ab3.jpg

hello_html_4e847f63.jpg

5.3. Өз компьютеріңіздің қор көздеріне желіде ортақ
қатынас құруды қалай ұйымдастыруға болады?

Желі пайдаланушылары үшін қалтаға ортақ қатынас құруды баптау қалтаның мәтінмәндік мәзірі арқылы ашылады.
Желінің өзге де пайдаланушылары Сіздің компьютеріңіздегі белгілі бір қалтадағы файлдарды ашып, оқи алуы үшін мына әрекеттерді орындаңыз.
Өзгелер қатынас құра алатын қылғыңыз келген қалтаны таңдап, оны тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіңіз де, ашылған мәзірден Ортақтасу және қауіпсіздік әмірін таңдаңыз (5.5-сурет).

hello_html_m9743ae2.jpg
Ортақтасу қосымшасына өтіңіз де, Желілік ортақтасу мен қауіпсіздік бөлімінде Бұл қалтаны желіде ортақтастыру құсбелгісін орнатыңыз .
Егер өзге пайдаланушылар осы қалтадағы файлдарды өзгерте алуын қаласаңыз, яғни, толық ортақтасуды ашқыңыз келсе, Желідегі пайдаланушыларға файлдарымды өзгертуге рұқсат беру құсбелгісін орнатып, Қолдану батырмасын басыңыз.
Осыдан кейін желінің өзге пайдаланушылары Сіздің ортақтасу үшін ашық қалтаңызға қатынап, оны өз жергілікті қалтасы ретінде пайдалана алады.

5.4. Желілік басып шығарғышты ортақтастыру

Желілік басып шығарғыш – бұл жекелеген пайдаланушылар ортақ қатынаса алатын басып шығарғыш.
Басқа пайдаланушылар Сіздің басып шығарғышыңызға қатынауын ашу үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
Бастау – Басып шығарғыш пен факстар әмірін орындаңыз, сіздің компьютеріңізге қосылған барлық басып шығарғыштар мен факстардың белгішелері бар сұхбат терезесі ашылады.
Сіз ортақтастыруды қалаған басып шығарғыштың белгішесін табыңыз да, оны тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіңіз және ашылған мәзірден Ортақтастыру әмірін таңдаңыз (5.6-сурет).
Ашылған терезеде Ортақтасу қосымшасына өтіңіз де, осы басып шығарғышқа Ортақ қатынасу жағдайын орнатыңыз. Белсенді болған мәтіндік өрісте осы басып шығарғыштың желінің барлық пайдаланушылары көретін атауын енгізе аласыз. Жарайды батырмасын басыңыз.
Қашықтағы компьютерден басып шығарғышты қосу үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
Бастау – Басып шығарғыш пен факстар әмірін орындаңыз. Басып шығарғышты орнату белгішесін екі рет шертіңіз.
Басып шығарғышты орнату шебері іске қосылады. Шебер терезесіндегі Келесі батырмасын шертіңдер.
Келесі сұхбат терезесінде ауыстырып-қосқышты Басқа компьютерге қосылған желілік басып шығарғыш жағдайына орнатыңыз. Келесі батырмасын шертіңіз.
Келесі сұхбат терезесінде ауыстырып-қосқышты Басып шығарғыштарды шолу жағдайына орнатыңыз да, Келесі батырмасын шертіңіз.
Ашылған сұхбат терезесінде желідегі компьютердің және оған қосылған басып шығарғыштың белгішесін табыңыз, оны таңдаңыз да, Келесі батырмасын шертіңіз.
Осыдан кейін бізге басып шығарғышқа арналған драйверді орнату ұсынылады. Басқа терезелердің бәрінде батыл түрде Келесі батырмасын және соңғы терезеде Дайын батырмасын басыңыз.
Енді сіз кез келген компьютерден желілік басып шығарғышта құжаттарды басып шығара аласыз. Бұндай басып шығарғыштардың бірнешеуін орнатуға болады, олардың біреуі негізгі (әдепкіде құжаттар басып шығару үшін соған жөнелтіліп отырады), ал қалғандары – қосымша деп аталады.

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1. Жергілікті желі дегеніміз не?
2. Жергілікті желі қандай қызмет атқарады?
3. Компьютерлер жергілікті желіге қандай құрылғылардың көмегімен біріктіріледі?
4. Жұмыс үстеліндегі қандай белгіше жергілікті желімен жұмыс істеуге арналған?
5. Жергілікті желідегі өз компьютеріңіздің атауын қараңыз.
6. Сіздің жұмыс тобыңызда қандай компьютерлер бар екенін қараңыз.
7. Жергілікті желіде қажет компьютерді қалай табуға болады?
8. Өз компьютеріңіздегі қалтаны қалай ортақтастыруға болады?
9. Қандай жағдайда өзге пайдаланушыларға қалта мазмұнын өзгертуге мүмкіндік беріледі?
10. Желілік басып шығарғыш деген не?
11. Сіздің компьютеріңізді ортақтастыру үшін орындалуы тиіс әрекеттер ретін атаңыз.
12. Желілік басып шығарғышқа қалай қосылуға болады?


Краткое описание документа:

Егер бір бөлмеде, ғимаратта немесе жақын орналасқан ғимараттар кешенінде пайдаланушылар қандай да бір мәселені бірігіп шешуге, мәліметтер алмасуға немесе ортақ мәліметтерді пайдалануға тиісті бірнеше компьютер бар болса, онда осы компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру орынды болады. Бірнеше мысал келтірелік: • Егер Сіздің мекемеңіздің компьютерлері желіге қосылған болса, онда қызметкерлер арасындағы құжаттар алмасу көшіру немесе жылжыту амалына саяды. • Компьютерлердің біріне басып шығарғыш қосылған болуы мүмкін, онда жергілікті желінің арқасында басқа компьютерлерді пайдаланушылар одан өз компьютерлеріндегі құжаттарды басып шығара алады. Жергілікті желі – бұл компьютерлер арасында мәліметтер жеткізу үшін пайдаланылатын кабелдер (сондай-ақ телефон желісі немесе радиоарналар) арқылы өзара қосылған бірнеше компьютер тобы (5.1-
Автор
Дата добавления 28.04.2014
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров2100
Номер материала 87513042838
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх