Инфоурок Всеобщая история Рабочие программыТарих сабақтарында ақпараттық технология элементтерін пайдалану

Тарих сабақтарында ақпараттық технология элементтерін пайдалану

Скачать материал

 

 

Тарих сабақтарында ақпараттық технология элементтерін пайдалану

            Білім беру жүйесінің мазмұны жаңа ақпараттық технологияны игерген қабілетті,білімді және құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту.
Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Білім жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістектері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, комуникациялық желілерге шығу- деп жазылған.

Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, дүниежүзілік білім кеңестігіне енуі бүкіл оқу әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.Білім беру жүйесін ақпараттандыруда электрондық оқулықтардың алар орны ерекше. Ең алдымен ақпараттандыру деген не, соған тоқталып өтейік.
Ақпараттандыру бұл- оқыту мен тәрбиенің психологиялық міндеттерін жүзеге асыруда білім беру жүйесінлегі қазіргі ақпараттық технологияларды қолданудың теориясы мен практикасын қамтамасыз ету. Қоғамды ақпараттандырудың негізгі бөлігі- білім беруді ақпараттандыру.
Білім беруді ақпараттандыру жаңдайында компьютер оқыту мен дидактикалық құралға айналып отыр. Сол себепті қазіргі білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқу құралдарын мектеп пәндерінде оқытуға пайдалану мәселесә үлкен пікір талап туғызуда. Кейбір адамдар мектепті компьютерлену оқушылардың жалқаулығын туғызады-деп пікір айтса, ал енді біреулері компьютерді оқыту процесіне пайдалану оқушылардың белсенділігін туғызады деген пікір туғызады. Бүкіл әлемде мектепте компьютерді пайдалану тәжірибесі мынадай болжам айтқан: біріншіден, оқушыға қалам құралы туралы қолданылса, ал екіншіден, оқыту процесінде көрінбейтін ақпараттық процестер арқылы оқушының қызығушылығын туғызатын құрал ретінде қолдануға болады.
Ақпараттандырудың негізгі міндеттерінің бірі- мектепте компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану, оның мүмкіндіктерін жаңа материалды баяндауда, үйрету программаларын қолдану арқылы виртуальді лабораториялық жұмыстарды жүргізу, баяндаған материалдарды бекіту, интернет технологияларды пайдалану.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дамытудағы тұжырымдылық көзқарастарға келетін болсақ:
Білім беруді ақпараттандыру- білім беру саласының теориясы мен практикасын жаңа ақпараттық технологияны жанөжақты пайдалану және оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда оның мүмкіндіктерін қолдану процесі.
      Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты- Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңестікті әлемдік білім беру кеңестігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді.
Білім беру ақпараттандырудың негізгі міндеттері:
1.Ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету.
2.Білім беруді ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап жүзеге асыру.
3.оқу-тәрбие процесіне жаңа ақпараттық технологияны енгізуді қамтамасыз ету бойынша ғылыми ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстарын жүргізу.
4. Мектеп пәндері бойынша жасақталатын жалпыға міндетті білім стандарттарының және оқу-әдістемелік кешендерінің мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкіндіктерімен жетілдіру, білім беруді басқаруда ақпараттық жүйені құру.
5.Білім беру мекемелерінің қызметкерлері үшін програмалық техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық программаларды, электрондық оқулықтарды жабдықтау.
6.Педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметкерлеріне еркін пайдалана білуге дайындау және жүйелі түрде біліктірелін көтеру.
Білім беру ақпараттандыру қағидалары:
1.Қоғамның әрбір мүшесі үшін алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі.
2.Жеке тұлғаның интелектуалдық және шығармашылық қабіліттерін дамыту.
3.Білім мен тәрбиенің бірізділігі.
4. Жалпы компьютерлік сауаттылық.
5.Оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдылығы.
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет, ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс.
Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды. Өйткені ақпарат беру бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады . Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындары нақ осы білім қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды, олар оқу тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Бұл – жүйелердің негізгі түрлері болып табылады. Компьютерлік бағдарламаланған оқыту- бұл сәйкесінше , компьютерлік бағдарламалардың көмегіменбағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология. Материалды компьютердің көмегімен оқу – оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен оқу-оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Материалды компьютер қоры негізінде оқу- алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі. Компьютердің көмегімен бағалау өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады. Компьютерлік комуникация- білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз ете отырып, технологиялардың барлық ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерде қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік комуникация жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетеді. Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек.
Қазіргі кезде республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығы негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді.
Электронды оқулық- дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол оқушыға өз жолымен көрнекті материалды жеке меңгеруге арналған күрделі көп сатылы жүйе.
Оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап игерумен логикасында өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалды қарап шығуға мұмкіндік береді.
Электронды оқулықтың тиімді жақтары:
1.Жедел кері байланыс
2.Анықтамалық ақпаратты тез іздеу мүмкіндігі
3.Демонстрациялық мысалдар мен модулдер
4.Бақылау
Электронды оқулық құру негізгі шарттары:
1.Оқу ақпаратын сызықты емес және көп деңгейлі көрсету
2. Өз бетінше орындау және жеке жұмыстарға бағыттау
Электронды оқулықтың екі түрі бар:
Жабық электронды оқулық және инернет оқулық.
Біріншісі, тәуелсіз және тұрақты болып табылатын пәндік дәстүрлі оқулыққа арналған.
Ол дербес компьютерде немесе локальді желіде қолданылады. Интернет оқулық- ашық оқулық.
Электронды оқулық- мұғалімдер үшін күнбе күн дамытылып отырған ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Мұны пайдалануда мұғалім ғылыми оқулықтар арқылы сабақтың ыңғайына қарай қосымша материал ретінде де факультативтік және қосымша сабақтарда да қолдануға болады. Электрондық оқулығы көрнекілік ретінде де, оқу мен компьютер арасындағы байланыс жасауда да оқушыларға көп көмек көрсетеді. Электрондық оқулық арқылы түрлі суретер, бейне көріністер, дыбыс және музыка тыңдап көрсетуге болады. Бұл әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргеніне әлдеқайда тиімді әрі әсерлі.
Біздің мектепте мұғалімдер компьютерді және электронды оқулықтарды пайдаланып, сабақтар, оқушылар Интернет арқылы өздеріне қажетті материалдарды алып, ғылыми, шығармашылық жұмыстармен айналысады.
Мысалы, география пәнінің мұғалімі Сірсенбаева Рысбике 11 сыныптарда компьютер көмегімен «орта Европа елдері» тақырыбында сабақ өткізді.
Тарих пәнінің мұғалімдері Қалиева Гүлбану ақпан айында 9 сыныптарда «50-60-шы жылдардағы ауыл шаруашылығы» тақырыбында, Игенбаева Жадыра 23 қараша 11«Г» сыныбында «1986жылғы Желтоқсан оқиғалары» тақырыбында, Әбішева Құралай 10сыныптарда «Көшпенділер мәдениеті» тақырыбында, Апбазов Жәнібек қазан айында 11Д сыныбында «1916жылғы Ұлт азаттық қозғалыс» тақырыбында, Ағыбаева Айгүл 6сыныптарда «Сақтар шаруашылығы мен мәдениеті» тақырыбында электронды оқулықты пайдалану арқылы сабақтарын өткізеді.
Мұғалімдердің сабақтары өте әсерлі, материалдардың баолығы толық қамтылған, оқушылар өздеріне көп мағлұмат ала біледі.
ҰБТ қазіргі таңда мектептің соның ішінде мұғалімдердің еңбегінің көрсеткіші. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау барысында электронды оқулықты пайдалану тиімді. ҰБТ-ға дайындалып жүрген 11сыныпта оқитын оқушыға Қазақстан тарихы пәнінен қайталау үшін 5-11 сынып оқулықтарын оқып шығуға тура келеді. Оның барлығы көп уақыт алады. Өте жақсы оқитын оқушылардық өздеріне бұл қиындық туғызады. Ал электронды оқулық бойынша дайындалса, уақытын үнемдей алады, соңында тақырыпты қалай меңгергенін біле алады.
Электронды оқулықтың еркшелігі- өзара ұқсас тақырыптар біріктіріліп, модуль бойынша құралғандығында. Мысалы, бір оқушы қазақ хандығы туралы аз білетін болса оқулықтан сол туралы мәтін немесе бейне көріністі, суретті, қаншалықты меңгергенін анықтай алады.
Электронды оқулық-қазақ тілін үйренуге, ағылшын және орыс тілдерін үйрену үшін таптырмас құрал.
Қазіргі болатын ашық сабақтарда компьютерді және электронды оқулықтарды пайдалану барысында оның тиімді жақтарына көз жеткізе аласыздар.
Баяндаманы қорытындылай келе, оның негізгі нәтижесі:
1.Жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімінің сапасын көтеру.
2.Жаңа ақпараттық жіне телекоммуникациялық технологияларды енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту.
3.Жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу мазмұнын жаңарту.
4.Мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету.
Н.Д.Ушинский: «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады» деген ұлағатты сөзін жадымыздан шығармауымыз қажет.
Н.Ә.Назарбаев: «ХХІ ғасыр мәдениетінің, ғылым мен ақыл-ой бәсекесінің ғасыры болмақ.»

Қызылорда  облысы,

Арал  ауданы,

№61  орта  мектебінің  тарих  пәні мұғалімі  Шыналиева  Күлшара  Әбілтайқызы.



 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тарих сабақтарында ақпараттық технология элементтерін пайдалану"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

      ТАРИХ САБАҒЫНДА БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ  Тарих ғылым және пән ретінде білімнің аса маңызды саласына жатады. Өйткені ол бүкіл адамзаттың тарихын, жүріп өткен жолын, жинаған тәжірибесін баяндайды. Тарихты білу әрбір адамға қажет әрі пайдалы. Сонда ғана адам өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы орнын, істейтін қызметін дұрыс анықтайды, келешегін де болжай алады. Белгілі ойшылдардың, ғұлама ғалымдардың тарихтың маңызы туралы айтпағандары кем де кем. Әбу-Насыр әл-Фараби: «Тарихты білмей -өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» - десе, Н.М.Карамзин: «Тарих-әрбір ұлттың ең басты кітабы» дейді.Тарих сабағының неғұрлым тиімді жаңа түрлерін пайдалану оқушы белсенділігін артыруда зор маңыздылығын айта келе, өз педагогикалық қызметімде пайдаланып жүрген білім беру технологияларына тоқталғым келеді. Бірінші В.Ф.Шаталовтың технологиясының басты мақсаттары:-Оқушының білім беру дағдысын қалыптастыру;-Оқушылардың барлығын оқыту;-Жеделдете оқыту;Принциптері:-Үздіксіз қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша оқыту, тірек сигналдарын пайдалану;-Жекелей әрекет жасау;-Ізгіліктік (барлық балалар дарынды);-Мәжбүрсіз оқыту;-Түзетуге, өсуге, жетістікке жетелеу, жетістігін жариялау, шиелініссіз оқыту;Мазмұндық ерешеліктері:-Оқу материалы ірілендіріп беріледі;-Блоктық түрде беріледі;-Оқу материалы тірек үлгі-конспекті түрінде беріледі;Тәрбиелік мәні:-Еңбекке қатыстырылады;-Еңбек сүйгіштікке тәрбиеленеді;-Оқушының еркі дамытылады;-Өзіндік танымдылығы, жауапкершілік, адалдық, жолдастық, қасиеттері қалыптасады.Әдістеме ерекшелігі:Теориялық блогі – Бағыттылық негізі (БН) – ақпаратқа кіріспе (түсіндіру) – айту– үйде өзіндік жұмыс орындау, І-қайталау (тірек сигналы конспектісін жаппай қабылдау), ІІ-қайталау (түсінгенін сұрау),  Қызылорда  облысы,Арал  ауданы,№61  орта  мектебінің  тарих  пәні мұғалімі  Шыналиева  Күлшара  Әбілтайқызы.  

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 620 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.04.2014 1822
    • DOCX 19.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Балманова Шолпан Жибекалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Балманова Шолпан Жибекалиевна
    Балманова Шолпан Жибекалиевна
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 141481
    • Всего материалов: 35

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 329 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 320 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 168 человек из 58 регионов
  • Этот курс уже прошли 769 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 399 человек

Мини-курс

Брендинг и архитектура бренда: создание уникальности и цельности в маркетинге

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек
Сейчас в эфире

Консультация логопеда. Возможно ли продуктивно заниматься с дошкольниками онлайн?

Перейти к трансляции