1076501
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 60%
Манифест «Инфоурок»
ИнфоурокНачальные классыДругие методич. материалыАлтын сөз
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 60% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 646 курсов

Алтын сөз

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifМаңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі Көкенова Нұржамал Өмірзаққызы

Сабақтың тақырыбы: Алтын сөз

Мақсаты: 1.Оқушыларға бата туралы мағлұмат беру, бата түрлерімен таныстыру, қандай қасиеті бар екенін ұғындыру.

2.Оқушылардың сөздік қорын байыту, сөйлеу тілін дамыту, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

3.Оқушыларды әдептілікке, имандылыққа , салт- дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Сабақтың барысы: І- Ұйымдастыру бөлімі:

Психологиялық дайындық

Күн көзіндей күлімдеп

Көңілді болып жүрейік

Қазіргі болар сабаққа

Жүректен ақ жол тілейік!

ІІ- Топқа бөлу.

-Оқушылар бүгінгі сабағымыз күндегіден өзгеше өтеді. Бүгін біз сабақ барысындағы тапсырмаларды топқа бөліне отырып орындаймыз.

І- топ : Асыл сөз тобы

ІІ- топ :Ақ тілек

ІІІ-топ : Ақ бата

ІV-топ: Ақ ниет

Топ басшысын анықтау. /Сұрақ қою арқылы/

Сұрақтары : 1.«Қанат туралы хикая» өлеңінің авторы кім? / Ф.Оңғарсынова/

2. Қазына көтерген бала кім ? / Қаныш Сәтбаев/

3.Құрмаш қай шығарманың кейіпкері: / Көксерек/

4. «Тасбақаның шөбі» мәтінінің авторы кім? /Әбіш Кекілбаев/

ІІІ- Қызығушылықты ояту.

Үйге берілген тапсырманы тексеру

2- тапсырмаға оқушылар диалог бойынша жауап береді.

1- тапсырманы кесте толықтыру арқылы тексеремін /слайд/







Жыл мезгілдері

Қайтеді?

Неліктен?

Жаз

шығады

Егін шығып болады, қауыздары толады мал жайлауға шығады

Күз

түседі

Ағатың жапырақтары түседі, шопан таудан түсіп қайтады

Қыс

келеді

Барлық тіршілік иесі қыстың қамын жасап, қыс келеді деп күтеді

Көктем

туады

Мал туады



ІV. Мағынаны тану.

-Балалар көктем туады, тіршілік жанданып жаңа өмір басталады, жаңа жыл басталады - деп жатырмыз. Осы қазақтың жаңа жылы Наурыз келгенде не болады? Осы мерекеде қандай жақсы тілектер айтылады?

-Қазақ жыл сануы бойынша көктемде жаңа жыл келеді. Көктемнің алғашқы айы наурыз айында күн мен түн теңеліп , жаңа жыл басталады. Бұл күнді Ұлыстың ұлы күні дейді. Бұл күні адамдар барлық өкпе реніштерін ұмытып, бір-біріне ақ тілектерін айтып, үлкендер жастарға бата тілектерін береді.

-Олай болса бүгінгі сабағымызда Несіпбек Айтовтың «Алтын сөз» атты өлеңімен танысатын боламыз.

-Автормен таныстыру. /видео ролик/

V- Бата сөзіне асоцияция құру

-Оқушылар бата дегенде ойымызға не оралады? Өз ойларымызды дәптерімізге тізбектеп жазып көрейік.

/оқушылар жазғандарын оқиды. Содан кейін слайдтан көсетіледі/

Слайд ақ тілек

бата

Жақсы сөз

Аталы сөз

Алтын сөз

Шешендік сөз т.б

Мұғалім бата туралы қосымша мәліметтер береді. «Бата – арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі», - дейді. Яғни, бата – фатекенің мағынасы: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Бата – ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз. Ал сөз – бүкіл адамзат тарихындағы құдіретті күш. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған.

Батаның негізі үш түрі бар:

Ақ бата;

Теріс бата;

Серттесу (Баталасу);

Ақ бата – шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан

өсиетнама, Аллаһ Таға-ладан мейірім-шапағат сұрау, қазақтың қасиетті тұмары. Ақ батаның негізгі мақсаты – ағайынның бір-біріне деген мейірім-шапағатын, сүйіспеншілігін білдіру, бірін-бірі ынтымақ-ырысқа, береке –бірлікке шақыру, үлкен-кішінің жолын ашу, келешекте жүзеге асырылатын мақсат, мүдделерді белгілеу. Соған сәйкес, ақ бата көбінесе мынандай жағдайларға байланысты беріледі:

жаңа туған нәрестеге,

өмір жолын жаңа бастаған ұл-қызға,

жас отауға,

алыс жолға шығушыларға,

үлкен бір істі қолға алушыларға,

жорық-шеруге аттанушы сарбазға,

тойларға,

асқа,

Наурызға (Наурыз бата),

Жаңа жылға,

мүшел жасқа,

дастарқанға,

Ораза ұстағандарға (Жарапазан бата) беріледі.

Теріс бата - қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай батаны әке-шешесі сенімін ақтамай, үлкен ұятқа қалдырып, әулетін, ата-тегін масқаралаған, өздеріне қолы, тілі тиген, дінін, тілін, Отанын сатқан, жауыздық, ауыр қылмыс, кешірілмес күнә жасаған баласына қолдарын теріс жайып тұрып берген.

Серттесу батасы (Баталасу) – құдалықта, серт пен уәдеде, елшілікте, ел арасындағы маңызды үлкен шараларда жасалатын жол. Ол – хан, ақсақалдар, билер алдында, аруақ орнында да жасалып, қол алысылып орындалатын ғұрып. Оны бұзу, яғни, «бата бұзу» - қарғыспен тең. Қазақ баталасуды – елдіктің, тектіліктің, азаматтық қасиеттің белгісі деп таниды.

- Батаны кімдер береді?

Батаны жасы үлкен, сөзге шешен, сыйлы адамдар береді. Қазақ халқында бата берудің өзіндік орны мен жолы, жөні бар. Батаны халық арасында (қонақтар ішінде) үлкен адам болмаса, көптің рұқсатымен, жас болса да бас боларлық жолы, жөні бар адам береді. Ерлер отырғанда әйел бата бермейді. Әйелдер арасында сөз білетін бір ер бала отырса, әуелі сол бата беруге тиісті.

Қазақтың батасы көбінесе өлең түрінде өріліп, ол:

«А, құдайым оңдасын, Желеп-жебеп қолдасын», «Уа, Жаратқан Ием құдірет, Тілегімді қабыл ет», «Ақ батамды берейін, Арта берсін мерейің», - деген сөздермен басталып, сөз түріндегі баталар: «Батыр бол», «Бай бол», «Бақытты бол», «Ақ сақалды қария бол», «Қосағыңмен қоса ағар», «Үбірлі-шүбірлі бол», «Алла Тағала пәле-жаладан сақтасын», - деген ақ тілекпен де аяқталады. Дастарқанға бата бергенде оны «Дастарқаның мол болсын, абыройың зор болсын!», «Бақ берсін, бас берсін, өміріңе ұзақ жас берсін!», «Дастарқаның берекелі болсын, өмірлерің мерекелі болсын!», - деп те қайыратындар бар.

Бата берілген кезде жиналған жұрт та қолдарын жайып, іштерінен «Әумин!», - деп айтып, тыныштық сақтап, бір-бірімен сөйлеспеуге, ыржалақтап күлмеуге, ас-су ішпеуге, басқа шаруамен айналыспауға тиісті.



ҮІ- Оқулықпен жұмыс

1.-Олай болса бата туралы оқулықтағы «Алтын сөз» өлеңімен өз бетінше танысып шығамыз. /әр топ өз бетінше іштей оқып шығады 2 мин уақыт берем/

2.-Енді топтар бір –біріне сұрақ қоюға дайындалады /1мин уақыт беріледі./

3-тапсырма: Бақыт

Ақын

Тату

Алтын

Сергіту сәті

ҮІІ.- Ой толғаныс

1-топ коллаж құрастыру.

2-топ «Батамен ел көгерер» деген тақырыпта эссе жазады

3-топ 5 жолды өлең құрастырады

4-топ Батаны жалғастыру

Ас батасы:: Дастарханыңа береке берсін,

Бастарыңа береке берсін,................

..........................................

ҮІІІ- «Жалғасын тап» ойыны: Берілген мақал мәтелдердің жалғасын табу. Мағынасын ашу

1.Жаңбырмен жер көгерер

/батамен ел көгерер/

2. Ұлы кісіден бата алсаң,

(Сонда олжалы жол болар.)

3) Ақ тілек аянды болсын,

(Ақ бата баянды болсын.)

4) Ақыл көпке жеткізер,

(Өнер көкке жеткізер)

5) Ата өнері – (балаға мұра.)

6) Асыл тастан шығады,

Өнер жастан шығады.

7) Көп жасаған қария –

Ақылы теңіз – дария.

8) Ақылдының сөзі қысқа...

( көпке болар нұсқа).



-Балалар бүгінгі сабаққа барлық топ та белсенді араласып отыр. Жаңа өздеріңіз айтып жатқандай «Батамен ел көгереді», «Ұлы кісіден бата алсаң, сонда олжалы жол болар» деп. Бата беру жақсылыққа жол ашады, ырыс-ынтымаққа шақырады дейді. Мен де сіздерге жақсы білім көрсеткендерің үшін бата тілегімді арнағым келіп отыр. Жоғарыда өзіміз айтып өткендей ерлер отырған жерде әйелдер бата бермейді. Сол себепті бұл батаны мен Рамазанға оқытқым келіп отыр.

Оқушыларға жақсы білім көрсеткендері үшін бата беріледі.

Бата беру:

Әлемнің бетін жарық ет,

Ұл - қызды түгел білімді ет,

Келесі оқу жылына

Аман - есен түгел жет!

«4» пен «5»-болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз!

Өнер білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз!

Әумин!

ІХ - Бағалау

Топ басшысының бағалауы . Мұғалім толықтырады.

Ниет-ықылас білдіру

Әр адамға аманат

Ата-баба дәстүрі

Батаны біл жамағат ! -деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Х- Үйге тапсырма : Басқа оқулықтардан өзіне ұнаған бата сөзін жаттап келу.



Ого! На "Инфоуроке" олимпиады стали бесплатными    успеть подать заявку
Не тот материал, который искали? Воспользуйтесь поиском по нашей базе из 3117191 материала.
Искать
Краткое описание документа:
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Көкенова Нұржамал Өмірзаққызы Сабақтың тақырыбы: Алтын сөз Мақсаты: 1.Оқушыларға бата туралы мағлұмат беру, бата түрлерімен таныстыру, қандай қасиеті бар екенін ұғындыру. 2.Оқушылардың сөздік қорын байыту, сөйлеу тілін дамыту, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру. 3.Оқушыларды әдептілікке, имандылыққа , салт- дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сабақтың барысы: І- Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық дайындық Күн көзіндей күлімдеп Көңілді болып жүрейік Қазіргі болар сабаққа Жүректен ақ жол тілейік! ІІ- Топқа бөлу. -Оқушылар бүгінгі сабағымыз күндегіден өзгеше өтеді. Бүгін біз сабақ барысындағы тапсырмаларды топқа бөліне отырып орындаймыз. І- топ : Асыл сөз тобы ІІ- топ :Ақ тілек ІІІ-топ : Ақ бата ІV-топ: Ақ ниет Топ басшысын анықтау. /Сұрақ қою арқылы/ Сұрақтары : 1.«Қанат туралы хикая» өлеңінің авторы кім? / Ф.Оңғарсынова/ 2. Қазына көтерген бала кім ? / Қаныш Сәтбаев/ 3.Құрмаш қай шығарманың кейіпкері: / Көксерек/ 4. «Тасбақаның шөбі» мәтінінің авторы кім? /Әбіш Кекілбаев/ ІІІ- Қызығушылықты ояту. Үйге берілген тапсырманы тексеру 2- тапсырмаға оқушылар диалог бойынша жауап береді. 1- тапсырманы кесте толықтыру арқылы тексеремін /слайд/
Общая информация

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Методика преподавания информатики в начальных классах»
Курс повышения квалификации «Возрастные особенности детей младшего школьного возраста»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс повышения квалификации «Использование мини-проектов в школьном: начальном, основном и среднем общем и среднем профессиональном естественнонаучном образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Теория и практика инклюзивного обучения в образовательной организации в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы»
Курс повышения квалификации «Формирование мотивации учебной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания иностранных языков в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы Ф
Курс повышения квалификации «Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Благодарность за вклад в методическое обеспечение учебного процесса по преподаваемой дисциплине

Опубликуйте 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Добавить материал
Сертификат о создании персонального учительского сайта

Опубликуйте 5 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить сертификат о создании сайта

Добавить материал
Грамота за высокий уровень сформированности информационно-коммуникационной компетентности

Опубликуйте 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Добавить материал
Свидетельство за транслирование результатов своей профессиональной деятельности

Опубликуйте 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Добавить материал
Грамота за личный вклад в повышение качества образования

Опубликуйте 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Добавить материал
Почётная грамота за высокий уровень профессионализма

Опубликуйте 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Добавить материал
Золотая грамота за современный подход к преподаванию и повышение качества педагогического труда

Опубликуйте 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную золотую грамоту

Добавить материал
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.