Инфоурок / Информатика / Презентации / Интернет

Интернет

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Қазіргі  заманда жастарға ақпараттық техн...
Дидактика - педагогиканың маңызды саласы, білім беру мен оқыту мәселелерін з...
Қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пəн əдістемелік, бөлімдік (модульдік);...
Дидактикада оқу түрлері Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқыту. Оның дәстүрлі оқыту...
Бағдарламалы (компьютерлік) оқыту Бағдарламалы оқытудың негізгі мақсаты – оқы...
Проблемалық оқыту Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа...
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникаци...
Компьютерлік желі жұмыс істеу принципіне, аппараттық және программалық қамта...
Байланыстың түрлері	Жылдамдық	Салыстырмалы бағасы	Ара қашықтық Жіңішке коакси...
Шиналық топология – мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы ши...
Сақиналық топология – мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында ор...
Жұлдыз тәрізді топология – мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін-желілі...
Жергілікті компьютерлік желінің жуан коаксиалды кабельмен байланысы Жергілікт...
Жергілікті компьютерлік желінің оптоталшықты кабельмен байланысы Жергілікті к...
Жалпы желілер- бұл дүние жүзі бойынша таратылған желілер. Ең белгілі және қо...
Интернетке модем арқылы шығу
Интернетке ауданды жергілікті желі арқылы шығу
Интернетке GPRS каналы бойынша шығу жолдары
Интернетке Wi-Fi каналы арқылы шығу
World Wide Web ( ) негізгі түсініктері 	Интернет жүйесі арқылы құжаттарды гип...
Web-арналар (каналдар) 	Web-торап тек тұтынушының сұранысы бойынша информация...
Гиперсілтемелер 	World Wide Web ортасының ерекшелігі – оның бір құжаттан сон...
Web-парақтарды көру құралдары 	Құжаттарды нақты бір компью-терде оқып көру (о...
жиі және ұзақ уақыт ойнамау; басқа тұтынушыларға қисық немесе қыңыр мінез көр...
Internet Explorer 10 программасы Web-парақтарды аралап көру үшін керек. Ол W...
Программа іске қосылған соң, Internet Explorer стандартты терезесі экранға шы...
Терезе тақырыбы – Windows жүйесінің стандартты тақырып жолы, онда ашылған We...
Аспаптар тақтасынан төмен жаңадан адрес енгізу өрісі орналасқан. Бұл өріске...
Интернет ресурстарын қарап шығу 	Интернет желісіндегі бір мәліметті көру үшін...
Соңғы көрілген Web-парақтарды ашу. Алдыңғы параққа ауысу үшін Артқа (Назад -...
Web-парақтың сілтемелер тақтасы-на жаңа сілтемелер қосу. 	Сілтемелер (Ссылки...
Алғашқы парақты алмастыру үшін:   Internet Explorer-ді іске қосқанда шығуға т...
Мәліметтерді жөнелту және қабылдау 	 Электрондық пошта мен телеконференциялар...
Outlook Express программасында есепке алу жазбасын Сервис- Учетные записи ко...
Мәлімет даярлау және түзету кезінде пошталық сервермен байланыс қажет емес,...
Outlook Express программасының терезесі
Келген хатқа жауап дайындау. Желі мәліметтерінің көбісі диалог режимінде жұм...
Outlook Express программасының Жауап дайындау терезесі
Телеконференция мәліметтерін оқу. 	Телеконференция мәліметтерін оқу механизмі...
Адрестік кітаппен жұмыс істеу 	Электрондық поштаны кеңінен пайдалансақ, хат а...
Мақсаты: Оқушыларға Интернет желілермен жұмыс жасау технологияларының ерекшел...
		 Оқушылардың Интернет туралы ойын білу үшін ассоциация толтырайық. Интернет
И Ч С М И Т Ь Б Ю Э Ж Д Л О Р П А В Ы Ф Й Ц У К Е Н Г Ш Щ З Х Ъ Я Н С М И Т Ь...
Мына сөздердің «Интернеттен ақпарат іздеу» деген тақырыпқа қатысы бар деген с...
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ: Электронды поштаның абоненттік станциясы тұрады: A) компьютер...
Интернет желісімен жұмыс істеу үшін болу керек: А) компьютер, модем, телефон...
53 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1
Описание слайда:

№ слайда 2 Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Қазіргі  заманда жастарға ақпараттық техн
Описание слайда:

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Қазіргі  заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет »

№ слайда 3 Дидактика - педагогиканың маңызды саласы, білім беру мен оқыту мәселелерін з
Описание слайда:

Дидактика - педагогиканың маңызды саласы, білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым. Дидак-тика (Сіоіакііказ - оқытушы, Сіоіазко -оқушы) ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз. Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635). Жалпы дидактика - оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады Жеке дидактика - жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады. Дидактика

№ слайда 4 Қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пəн əдістемелік, бөлімдік (модульдік);
Описание слайда:

Қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пəн əдістемелік, бөлімдік (модульдік); Философиялық негізі: ғылыми жəне діни, гуманистік жəне əміршіл- əкімшіл (авторитарлы); Тəжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция): байланыс-жауапты (ассоциатив-рефлекторлы); іс-əрекетті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы; Тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік жəне дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-əрекеттік (оперативті- ақыл-ой əрекеттері əдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы-дарын қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тəжірибелік əрекеттер қалыптастыру). Дəстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация): оқушы іс-əрекетінің белсенділігін көтеру жəне жеделдестіру технологиясы; мұғалім жəне оқушы арасындағы қатынастарды адамиластыру мен демократияластыру негізінде жасалған технология; оқу материалын дидактикалық қайта түзуге негізделген технология жəне т.б.

№ слайда 5 Дидактикада оқу түрлері Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқыту. Оның дәстүрлі оқыту
Описание слайда:

Дидактикада оқу түрлері Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқыту. Оның дәстүрлі оқыту деп аталатыны тарихта ұзақ уақыт бойы өміршең болғанына байланысты. Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары мен көрнекіліктерді өзіне кірістіріп отырады. Бұл жүйедегі негізгі оқыту әдіс-тәсілдеріне көрнекіліктерді пайдалана отырып түсіндіру жатады. Оқушылардың негізгі іс-әрекеті: берілген білімнің мазмұнын тыңдау, қабылдау, естерінде сақтау. Мұндай оқытудың талабы: оқушылар есте сақтаған өткен оқу материалының мазмұнын қатесіз қайталап айтып беруі. Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың ғасырлар бойы нығайтылған пайдалы жақтары: -         Уақытты үнемдейді; -         Мұғалім мен шәкірттердің күш-қайратын жетілдіреді; -         Күрделі білімдерді қабылдауды жеңілдетеді; -         Оқыту процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. -         Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың кемшіліктері: -         Оқушылардың дайын білімді жаттап алуы, -         Шәкірттердің өз бетінше ойлауына қажетті көңіл бөлінбеуі; -         Дара және бөліп оқыту мүмкіндіктерінің жетімсіздігі.

№ слайда 6 Бағдарламалы (компьютерлік) оқыту Бағдарламалы оқытудың негізгі мақсаты – оқы
Описание слайда:

Бағдарламалы (компьютерлік) оқыту Бағдарламалы оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Бағдарламалы оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту) машиналары қолданылады. Оқытудың бұл түрі 1960 жылдан бастап Б.Скиннер, Н.Краудер бастамасынан кейін, педагогика, психология және кибернетиканы ұштастырып пайдаланылады. Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері: оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге бөлінеді; әр бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен тест-сұрақтарға жауап береді; дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді; жауап қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы да жауап береді. Оқытудың бұл түріне негіз болған оу бағдарламасы оқу материалын, оны меңгеру барысындағы оқушының іс-әрекетін, тексеру түрлерін бір тәртіппен ретке келтіреді. Бағдарламалап оқытудың үш принципі бар: сызықты, тармақты және аралас. Сызықты бағдарламада оқу материалы бірізділікпен беріледі. Тармақты бағдарламада әр оқушы мақсатқа өз жолымен келеді. Қате жауап берген кезде оқушы керекті тармаққа өтіп, қайтадан оқып, қосымша түсініктеме алып, қатені жойып, негізгі сызыққа қайтып оралады. Мықты оқушылар негізгі сызықпен жүрсе, әлсіз оқушылар тармақтарға кіру арқылы нәтижеге жетеді. Аралас бағдарламада қиын тақырыптар тармақтарға бөлінеді, басқалары сызық бойынша орналасады. Бұл оқыту машинасыз және машиналы болып екіге бөлінеді. Машинасыз бағдарлама оқыту үшін арнайы оқулықтар, перфокарталар пайдаланылады, негізгі деректер көзі қағаз болады. Оқу нәтижесі біраз уақыттан соң бағаланылады. Соңғы кезде машиналы бағдарламалап оқыту үшін компьютер кең қолданылуда. Тапсырмалар, мәтіндер, сұрақтар, жауаптар дисплей дидарында жазылып, сол мезгілде бағаланып тұрады. Оқу бағдарламасы оқыту алгоритміне негізделген. Алгоритм-дұрыс жауапқа жетелейтін бірізді ақыл-ой және оқу іс-әрекеттерінің жүйесі. Білім мен біліктерді толық меңгеру үшін алгоритм оқушыларға оқу әрекетінің құрамы мен орындау тәртібін белгілейді. Оқу бағдарламасын құрастырудан алдын-ала оқу барысын басқару үшін алгоритм  жасалынады. Алгоритм сапасы компьютерлік оқытудың сапасына тікелей ықпал жасайды. Сондықтан, компьютерлік оқытудың сапасы оқу бағдарламасы мен техника сапасына тәуелді.  Бағдарламалап оқытудың тиімді жақтары: -         Оқу материалының бөлшектелінуі, -         Оқушының белсенді өзіндік жұмысы, -         Тұрақты тексеру, -         Оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемінің даралануы, -         Техникалық оқыту құралдарын пайдалану. -         Бағдарламалап оқытудың кемшіліктері: -         Бағдарлама жасауға көп уақыт, күш керектігінен ол өте тиімді, -         Мектептегі компьютерлердің саны мен сапасы жеткіліксіз.

№ слайда 7 Проблемалық оқыту Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа
Описание слайда:

Проблемалық оқыту Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді. Аталмыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлесін қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский. Мысалы, Дистервегтің дәлелдеуінше, "жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді”. Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет. Оқушы іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою – проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі. Келесі кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Үшінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. "Мен білдім!” деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерде дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды. Мұғалім проблемалы оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылқтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі. Проблемалық оқытудың тиімді жақтары: -          Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады; -          Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады; -          Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді; -          Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді. Проблемалық оқытудың кемшіліктері: -          Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету; -          Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау. Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар қолданылады.  

№ слайда 8 КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Описание слайда:

КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

№ слайда 9 Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникаци
Описание слайда:

Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.

№ слайда 10 Компьютерлік желі жұмыс істеу принципіне, аппараттық және программалық қамта
Описание слайда:

Компьютерлік желі жұмыс істеу принципіне, аппараттық және программалық қамтамасыз етуіне байланысты жергілікті (ЖКЖ) және аумақты (АКЖ) компьютерлік желі болып бөлінеді. Жергілікті желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т.с. компьютерлерді біріктіреді. Жергілікті желі құрудағы себеп - өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу. Егер жалпы желіге бір-бірінен айтарлықтай қашықтықтағы компьютерлер немесе жергілікті желілер біріктірсе, онда мұндай құрылымды таратылған немесе аймақтық желі деп атайды. Қазіргі кезде ірі компьютерлік желілер саны жүздеген мыңдармен есептеледі. Бір немесе бірнеше желілерді бір – бірімен өзара байланыстыру желіаралық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтуы мүмкін.

№ слайда 11 Байланыстың түрлері	Жылдамдық	Салыстырмалы бағасы	Ара қашықтық Жіңішке коакси
Описание слайда:

Байланыстың түрлері Жылдамдық Салыстырмалы бағасы Ара қашықтық Жіңішке коаксиалды кабель 10 Мбит/с өте арзан 150 м дейін Жуан коаксиалды кабель 10 Мбит/с қымбаттау 500 м дейін Есулі қос өткізгіш 10-100 Мбит/с қымбаттау 100 м дейін Оптоталшықты кабель 1 Гбит/с дейін өте қымбат 2 км дейін Сымсыз байланыс 3-54 Мбит/с Сымсыз байланысқа қарағанда қымбаттау 300 м дейін

№ слайда 12 Шиналық топология – мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы ши
Описание слайда:

Шиналық топология – мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды. Шиналық топология

№ слайда 13 Сақиналық топология – мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында ор
Описание слайда:

Сақиналық топология – мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады. Сақиналық топология

№ слайда 14 Жұлдыз тәрізді топология – мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін-желілі
Описание слайда:

Жұлдыз тәрізді топология – мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін-желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізудіжүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді. Жұлдыз тәрізді топология

№ слайда 15 Жергілікті компьютерлік желінің жуан коаксиалды кабельмен байланысы Жергілікт
Описание слайда:

Жергілікті компьютерлік желінің жуан коаксиалды кабельмен байланысы Жергілікті компьютерлік желінің есулі қос өткізгіш арқылы байланысы

№ слайда 16 Жергілікті компьютерлік желінің оптоталшықты кабельмен байланысы Жергілікті к
Описание слайда:

Жергілікті компьютерлік желінің оптоталшықты кабельмен байланысы Жергілікті компьютерлік желінің сымсыз байланысы

№ слайда 17 Жалпы желілер- бұл дүние жүзі бойынша таратылған желілер. Ең белгілі және қо
Описание слайда:

Жалпы желілер- бұл дүние жүзі бойынша таратылған желілер. Ең белгілі және қол жететін жалпы желі - Интернет болып табылады. Интернет желісі тұрақты құрылым емес, оны миллиондаған пайдаланушылар ұдайы өзгеріп отырады. Желідегі компьютерлер жұмысын программа басқарады, ондағы барлық компьютерлердің бір – біріне жіберетін және қабылдайтын ақпараттарды араласпай, тиянақты жеткізілу үшін, олар бір тілмен – ортақ ережемен байланыс жасау қажет. Осындай ортақ ереже желілік хаттама деп аталады. Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер. Ортақ ресурстарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Желідегі жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады.

№ слайда 18
Описание слайда:

№ слайда 19 Интернетке модем арқылы шығу
Описание слайда:

Интернетке модем арқылы шығу

№ слайда 20
Описание слайда:

№ слайда 21 Интернетке ауданды жергілікті желі арқылы шығу
Описание слайда:

Интернетке ауданды жергілікті желі арқылы шығу

№ слайда 22 Интернетке GPRS каналы бойынша шығу жолдары
Описание слайда:

Интернетке GPRS каналы бойынша шығу жолдары

№ слайда 23 Интернетке Wi-Fi каналы арқылы шығу
Описание слайда:

Интернетке Wi-Fi каналы арқылы шығу

№ слайда 24
Описание слайда:

№ слайда 25 World Wide Web ( ) негізгі түсініктері 	Интернет жүйесі арқылы құжаттарды гип
Описание слайда:

World Wide Web ( ) негізгі түсініктері Интернет жүйесі арқылы құжаттарды гипер-мәтіндік форматта тасымалдауды басқара-тын қызмет түрін World Wide Web (Web, WWW) – дүниежүзілік кеңейтілген өрмек деп атайды. Араларына гипермәтіндік байланыс орнатылған Web-құжаттар жиынын да Web немесе WWW ортасы деп атау қалыптасқан. WWW ортасы бір ортадан басқарылмай, ол Интернетке енгізілген жаңа материалдармен тұрақты түрде толықтырылып біртұтас информациялық кеңістік құрайды. WWW құжаттары Интернетке тұрақты қосылып ешқашанда өшірілмей жұмыс істеп тұратын қуатты Web-серверлерде сақталады. Web-торапта материалдардың жинақталып орналасуын Web-басылым (издание) немесе Web-жарияланым (публикация) деп атайды.

№ слайда 26 Web-арналар (каналдар) 	Web-торап тек тұтынушының сұранысы бойынша информация
Описание слайда:

Web-арналар (каналдар) Web-торап тек тұтынушының сұранысы бойынша информация береді (сұратылған құжат). Өзіне керекті мәліметті тұрақты қарап отыру үшін тұтынушы бір не бірнеше торапты бақылап отырады. Қазіргі кезде Web-торап тіркелген тұтынушыға автоматты түрде жаңартылған құжат нұсқасын көсетілген уақыт мөлшерінде беріп отыра алады. Осылай информацияны дер кезінде өздері беріп отыратын Web-тораптарды Web-арналар немесе Web -каналдар деп атайды. Web-парақ WWW құжаттарының бір ғана экрандық беті Web-парақ деп аталады. Онда мәтін, графика, мультимедиалық объектер сақталып тұрады. Ал бір тақырыпқа арналған Web-парақтар жиыны Web-сайт деп аталады. Сонымен, Web-серверде бір тақырыпқа арналып, топтастырылып сақталатын бір-бірімен өзара байланысқан құжаттар жиынын Web-торап (Web-узел) немесе Web-сайт деп атайды. Интерактивті Web-тораптар тұтынушыдан сұраныс алған соң, Web-парақты соны сұраған компьютерге бірден жөнелтеді.

№ слайда 27 Гиперсілтемелер 	World Wide Web ортасының ерекшелігі – оның бір құжаттан сон
Описание слайда:

Гиперсілтемелер World Wide Web ортасының ерекшелігі – оның бір құжаттан сонымен тақырыбы байланысты екінші құжатқа адресін көрсетпей-ақ көшу мүмкіндігінің болуы. Құжаттар байланысы гипермәтіндік сілтемелер (немесе гиперсілтемелер) бойынша жүзеге асырылады. Гиперсілтеме — басқа файлдың адресімен байланысқан осы құжаттың белгіленген фрагменті (мәтін немесе иллюстрация). Гиперсілтемелер құрылымы WWW ішіндегі бір тақырыпқа байланысты парақтарды ешбір адрес-ті пайдаланбай-ақ, аралауға мүмкіндік береді. Құжаттарды адрестеу Интернеттегі құжаттар (Web-парақтар) адресін қадағалап отыру үшін URL адрестері қолданылады. Керекті параққа көшу гиперсілтемеде көрінбей жазылып тұрған компьютер аты, оның IP-адресі арқылы орындалады. URL адресті цифрлық формадағы IP-адреске түрлендіруді домен аттары қызметі (Domain Name Service, DNS) атқарады.

№ слайда 28 Web-парақтарды көру құралдары 	Құжаттарды нақты бір компью-терде оқып көру (о
Описание слайда:

Web-парақтарды көру құралдары Құжаттарды нақты бір компью-терде оқып көру (оны форматтап бейнелеу) броузер (ағылшынша browser) деп аталатын арнайы программа көмегімен атқарылады. Броузерлердің негізгі функциялары: керекті құжат орналасқан Web-сервермен байланыс орнатып, оның барлық сұратылған компоненттерін компьютерге жүктеу; HTML тілінің тәгтерін (командаларын) орындап, тұтынушы компьютерінің мүмкіндіктеріне сәйкес Web-парақтарды дұрыс форматтап экранда бейнелеу; Web-парақ құрамындағы мультимедиалық және де басқа объектілерді бейнелеу мүмкіндігін беріп, программаны жаңа объектілермен жұмыс істеуге дайындау; Web-парақтарды іздеп табу істерін автоматтандырып, бұрын оқылған парақтарды қайта көру ісін жылдамдату; Интернет жүйесінің басқа да қызмет түрлерінің ішкі құралдарын пайдалануды жүзеге асыру.

№ слайда 29 жиі және ұзақ уақыт ойнамау; басқа тұтынушыларға қисық немесе қыңыр мінез көр
Описание слайда:

жиі және ұзақ уақыт ойнамау; басқа тұтынушыларға қисық немесе қыңыр мінез көрсетпеу; басқалардың әрекетіне араласпау, олардың жұмысына зиян тигізбеу; web-құжаттар ішіне мазмұны мәдениетті-лікке нұқсан келтіретін файлдар жазбау. Сіздің әрекеттеріңіз арқылы компьютеріңіздің адресін біліп алу қиын емес екені есіңізде болсын. Интернетте жұмыс істеу нормалары Бүкіләлемдік өрмекте жұмыс істегенде мынадай ережелерді мұқият орындау керек:

№ слайда 30 Internet Explorer 10 программасы Web-парақтарды аралап көру үшін керек. Ол W
Описание слайда:

Internet Explorer 10 программасы Web-парақтарды аралап көру үшін керек. Ол Web-парақтар ішіндегі дыбысты тыңдап, қозғалыстарды, суреттерді, мәтін-дерді көрсетудің барлық мүмкіндіктерін орындай алады. Internet Explorer-мен жұмыс істеу үшін оны ком-пакт-дискіден жазып алып, Интернетпен байланыс орнатылуы керек. Internet Explorer 10 құрамына бұл программадан бөлек басқа да программалар кіреді, мысалы, электрондық поштамен жұмыс істеуді жүзеге асыратын Outlook Express программасы. Internet Explorer 10 программасы Internet Explorer 10 программасын іске қосу үшін: Тапсырмалар тақтасындағы (Панель задач) Іске қосу (Пуск) батырмасын шертіп, Программалар  Internet Explorer жолдарын таңдап алса болғаны немесе жұмыс үстелінде осы программаның жарлығы орналасса, соны шерту керек.

№ слайда 31 Программа іске қосылған соң, Internet Explorer стандартты терезесі экранға шы
Описание слайда:

Программа іске қосылған соң, Internet Explorer стандартты терезесі экранға шығады.

№ слайда 32 Терезе тақырыбы – Windows жүйесінің стандартты тақырып жолы, онда ашылған We
Описание слайда:

Терезе тақырыбы – Windows жүйесінің стандартты тақырып жолы, онда ашылған Web-парақ аты да жазылып тұрады. Одан кейінгі меню жолы. Ол арқылы Internet Explorer программасының кез келген командасын орындай аламыз. Келесі аспаптар тақтасы (панель инструментов). Мұнда жылдам орындауға болатын әрекеттерге сәйкес белгішелер орналасқан. Аспаптар тақтасынан орындауға болатын командалар тізімі келесі кестеде көрсетілген:

№ слайда 33 Аспаптар тақтасынан төмен жаңадан адрес енгізу өрісі орналасқан. Бұл өріске
Описание слайда:

Аспаптар тақтасынан төмен жаңадан адрес енгізу өрісі орналасқан. Бұл өріске бірнеше Web-парақтар адрестері көрсетілген тізімді шығаруға болады. Сілтеме – Интернет желісіндегі белгілі бір Web-парақтың адресі сәйкес келетін белгіше. Сілтемелер тақтасын көрсету үшін тышқанмен Сілтемелер (ссылки-Links) өрісін шерту керек. Адрес енгізу өрісін қайта шығару үшін тышқанмен Адрес (Address) өрісін шертсе болғаны. Қалып-күй қатары (Строка состояния) осы сәттегі Internet Explorer программасы орындап жатқан әрекеттерді көрсетіп тұрады. Internet Explorer программасымен жұмыс істеуді меңгеру осы қатардағы көрініп тұрған мәліметтерді түсінуден басталады. Интернетпен жұмыс істеу барысында қалып-күй қатарына сұратылған мәліметтер адресі, күту режимі, құжаттың дайын болуы және т.б. Хабарламалар шығып отырады.

№ слайда 34 Интернет ресурстарын қарап шығу 	Интернет желісіндегі бір мәліметті көру үшін
Описание слайда:

Интернет ресурстарын қарап шығу Интернет желісіндегі бір мәліметті көру үшін оның URL-адресін енгізу керек, мысалы, http://www.kbtu.edu.kz немесе ftp://ftp.ifmo.ru соңынан Көшу (Переход - Go) батырмасын немесе Enter пернесін басу керек. Керекті адрестер анықтамалықтардан алынады немесе мекеменің атын, тұрған аймағын білсеңіз, өзіңіз құрастырып көруіңізге болады. Көбінесе құжаттар адресі Интернеттің іздеу құралдарының көмегімен анықталады. Тұтынушы URL-адресті енгізе бастағанда, соған ұқсас адрестер тізімі шығады, солардың ішінен керегін таңдап алса болады. Егер адрес дұрыс болмаса да, Internet Explorer ұқсас адрестер ішінен біреуін іздеп табуға тырысады. Табылған web-параққа ауысқан соң, соның ішінен керекті сөз тіркесін табу үшін Правка - Найти на этой странице (Find (on this page)) меню командасын пайдаланған жөн.

№ слайда 35 Соңғы көрілген Web-парақтарды ашу. Алдыңғы параққа ауысу үшін Артқа (Назад -
Описание слайда:

Соңғы көрілген Web-парақтарды ашу. Алдыңғы параққа ауысу үшін Артқа (Назад - Back) батырмасын шерту керек, қайтадан ал-дыңғы парақтарға жылжу үшін Алға (Вперед - Forward) батырмасын басса болады. Оған қоса алдыңғы парақтардың бірнешеуінің адрестер тізімін бірден көріп, ішінен біреуін таңдаса да болады, ол үшін - Назад (Back) немесе Вперед (Forward) батырмалары маңындағы төмен бағытталған тілсызықты (стрелка) шерту керек. Алғашқы параққа (homepage) көшу үшін Домой (Home) батырмасын шертсе болғаны. Таңдамалылар тізіміндегі Web-парақтың біріне көшу үшін Избранное (Favorites) батырмасын шертіп, ішінен керегін таңдап алу қажет. Бұрын қаралған Web-парақтар тізімін шығару. Бұрын қаралған Web-парақтар тізімі журналда сақталып тұрады, оларды шығарып көру үшін Журнал (History) батыр-масын шертіңіз. Журналда осы компьютерде бұрынырақ ашылған парақтар тізімі де жазылып тұрады, керегін курсормен белгілеп алып тышқанды шерту керек.

№ слайда 36 Web-парақтың сілтемелер тақтасы-на жаңа сілтемелер қосу. 	Сілтемелер (Ссылки
Описание слайда:

Web-парақтың сілтемелер тақтасы-на жаңа сілтемелер қосу. Сілтемелер (Ссылки - Links) тақтасы адрестік жол маңына орналасқандық-тан, онда жиі қолданылатын web-парақтар адресіне сілтеме жасап орналастыру ыңғайлы. Керекті парақты көру үшін соған сәйкес сілтемені шертсе болғаны. Сілтеме тақтасына жаңа тізім қосу бірнеше тәсілмен орындалады: таңдалып алынған парақтың белгішесін адрестік жолдан сілтемелер тақтасына тасымалдау; web-парақтың сілтемесін сілтемелер тақтасына тасымалдау; web-парақтың сілтемесін Таңдамалы (Изб-ранное - Favorites) тізімдерінен Сілтемелер (Ссылки - Links) бумасына тасымалдау; Егер сілтемелер тақтасы жоқ болса, Вид - Панели инструментов - Ссылки командасын орындау керек. Алғашқы парақты (homepage) ауыстыру Алғашқы парақ – Internet Explorer іске қосылған сайын бірден шығатын парақ. Бұл парақтың тұтынушыға жиі қажет болатын мәлімет парағы болғаны дұрыс. Алғашқы парақ ретінде кез келген информацияны жылдам іздеп табуға арналған парақ болғаны да жақсы, мысалы, www.rambler.ru.

№ слайда 37 Алғашқы парақты алмастыру үшін:   Internet Explorer-ді іске қосқанда шығуға т
Описание слайда:

Алғашқы парақты алмастыру үшін:   Internet Explorer-ді іске қосқанда шығуға тиіс параққа көшіңіз ;  Сервис - Свойства обозревателя командасын орындаңыз;   Общие ішкі бетін таңдап алыңыз; Алғашқы бет ( Домашняя страница -Home Page) тобындағы С текущей батырмасын шертіңіз. Стандартты алғашқы бетті қайта қалпына келтіру үшін С исходной батырмасын шертіңіз. Іздеу жүйелері - Интернет рес-урстары туралы информация жинақтап, оларды бір тәртіпке келтіріп, тұтынушылардың мәлімет іздеуін жеңілдетуге арналған арнайы жүйе. WWW ішінде информация іздеу

№ слайда 38
Описание слайда:

№ слайда 39 Мәліметтерді жөнелту және қабылдау 	 Электрондық пошта мен телеконференциялар
Описание слайда:

Мәліметтерді жөнелту және қабылдау Электрондық пошта мен телеконференцияларды пайдалану кезінде бір программаны қолдануға тырысады, өйткені бұл екеуінде де мәлімет қабылданады және жөнелтіледі. Сондықтан бұл екеуінде көбінесе бір программа қолданылады. Мысал ретінде Outlook Express программасын айтса болады, ол осы екеуінде де ұқсас жұмыстар атқарып, кеңінен қолданылып келеді. Outlook Express программасын қолдану Электрондық пошта мен телеконференция мәліметтері пошталық сервер және жаңалықтар серверінде жинақталып тұрады. Microsoft Outlook Express (Пуск - Программы -Outlook Express) программасы осылармен жұмыс істеуге арналған. Бұл программа Internet Explorer-ден Сервис - Почта и новости командасы арқылы іске қосылады. Мәліметтер сервер арқылы қабылданып, жөнелтілетін болғандықтан программада сервер жайлы ақпарат болуы тиіс. Осындай ақпарат есепке алу жазбасында (учетная запись) сақталады.

№ слайда 40 Outlook Express программасында есепке алу жазбасын Сервис- Учетные записи ко
Описание слайда:

Outlook Express программасында есепке алу жазбасын Сервис- Учетные записи командасы арқылы жасайды. Учетные записи диалог терезесінде Добавить батырмасын шертіп, ашылған терезеде есепке алу жазбасы қандай қызмет үшін жасалғаны көрсетілуі тиіс. Келесі информацияны енгізу шебердің басқаруымен жүргізіліп, онда жөнелтушінің аты, электрондық пошта адресі, пайдаланылатын сервердің аты, қажет болғанда, тұтынушы аты-жөні мен паролі де енгізіледі. Электрондық пошта хабарламасын дайындау. Электрондық поштаны пайдалану үшін хабарлама (хат) дайындау керек. Ол үшін аспаптар тақтасындағы Хабарлама жасау (Создать сообщение) батырмасын шерту керек. Сонан кейін Хабарлама жасау (Создать сообщение) терезесі ашылады, оның терезесі екі бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлікте қызметтік мәлімет жазылады да, төменгіде – хат мәтіні жазылады. Тақырып (Тема) өрісіне хат мазмұнының қысқаша сипаты (не туралы) жазылады. Кімге (Кому) өрісіне негізгі хат алушының адресі көрсетіледі де, Көшірме (Копия) өрісіне — оның көшірмесін алатындардың адрестері жазылады. Егер көшірме туралы басқалар білмеуі тиіс болса, Жасырын (Скрытая) өрісіне де адрес жазылады (егер ондай өріс жоқ болса, Вид - Все заголовки командасын беру керек).

№ слайда 41 Мәлімет даярлау және түзету кезінде пошталық сервермен байланыс қажет емес,
Описание слайда:

Мәлімет даярлау және түзету кезінде пошталық сервермен байланыс қажет емес, Байланыс тек хат жөнелту (алу) кездерінде ғана керек. Outlook Express программасы арқылы мәлімет алу мен оны жөнелту бір сәтте жүргізіле береді. Мәлімет алу/жөнелту әрекеттері хабарлама даярлау терезесіндегі Жөнелту (Отправить) батырмасын шерткенде немесе Outlook Express программасының негізгі терезесіндегі Жеткізу (Доставить) батырмасын шерткенде орындалады. Электрондық пошта мәліметтері Outlook Express программасының ішкі бумаларында орналасады. Келіп түскен мәліметтер Входящие бумасында сақталады, осы буманы Папки тақтасындағы оның белгі-шесін шерту арқылы ашқанда, оң жақ шетте келіп түскен хабарламалардың тізімін көруге болады. Егер кез келген ха-барламаны шертсек, оның мәтіні тізімнің төменгі жағындағы аймақта көрініп тұрады. Хабарламаны екі шерту келген мәліметті терезені толық алып тұратындай етіп көрсетеді.

№ слайда 42 Outlook Express программасының терезесі
Описание слайда:

Outlook Express программасының терезесі

№ слайда 43 Келген хатқа жауап дайындау. Желі мәліметтерінің көбісі диалог режимінде жұм
Описание слайда:

Келген хатқа жауап дайындау. Желі мәліметтерінің көбісі диалог режимінде жұмыс істеуге бағыттал-ған. Электрондық пошта қызметі де хатқа жауап беруді керек етеді. Outlook Express программасында жауап жазуды жеңілдету мүмкіндік-тері бар. Ол үшін келіп түскен мәліметті жеке терезеде ашып, аспаптар тақтасындағы батырмалар-ды пайдалануға болады. • Жауап беру (Ответить) батырмасы хатқа жауап беру үшін қажет. Мұнда терезедегі Кімге (Кому) және Тақырып (Тема) өрістері автоматты түрде бірден толтырылады да, төмендегі аймаққа жауап жазылады. • Барлығына жауап беру (Ответить всем) батырмасы хат иесіне және осындай хат алған басқаларға жауап жазу үшін қажет. Мұнда да Кімге (Кому) және Тақырып (Тема) өрістері автоматты түрде бірден толтырылады. • Жөнелту (Переслать) батырмасы келіп түскен хатты тағы басқа біреуге жіберуді ұйымдасты-рады. Мұнда тек Тақырып (Тема) өрісі автоматты түрде толтырылады, ал оның адресін қосымша көрсету керек.

№ слайда 44 Outlook Express программасының Жауап дайындау терезесі
Описание слайда:

Outlook Express программасының Жауап дайындау терезесі

№ слайда 45 Телеконференция мәліметтерін оқу. 	Телеконференция мәліметтерін оқу механизмі
Описание слайда:

Телеконференция мәліметтерін оқу. Телеконференция мәліметтерін оқу механизмі электрондық поштаны пайдалану кезіндегі сыяқты. Жаңалықтар сервері үшін есепке алу жазбасын даярлағаннан кейін Папки тақтасында сол таңдап алынған серверге сәйкес белгіше пайда болады. Осы белгішені шерткеннен кейін автоматты түрде Подписка на группу новостей диалог терезесі ашылады, ал программа сол сервердегі телеконференциялар тізімін алады. Керекті телеконференцияны таңдап алып, Подписаться батырмасын шерту керек. Осылай жазылған телеконференциялар Папки тақтасында көрініп тұрады, олармен танысу үшін Подписка на группу новостей диалог терезесін ашу қажет емес. Телеконференциялар мәліметтерімен танысу электрондық пошта қызметі сыяқты жүзеге асырылады. Олардың мәліметтерін жеке терезеде қарау кезінде Топқа жауап беруге (Ответить в группу) - телеконференцияға пікір білдіруге, Авторға жауап беруге (Ответить автору) – бір авторға электрондық пошта арқылы пікір білдіруге немесе ол мәліметті электрондық пошта арқылы басқа біреуге Жөнелтуге (Переслать) болады.

№ слайда 46 Адрестік кітаппен жұмыс істеу 	Электрондық поштаны кеңінен пайдалансақ, хат а
Описание слайда:

Адрестік кітаппен жұмыс істеу Электрондық поштаны кеңінен пайдалансақ, хат алысушылар саны бірнеше жүзге жетуі мүмкін. Барлық электрондық адрестерді есте сақтау қиын іс. Осы жұмысты жеңілдететін арнайы программа Адрестік кітап (Адресная книга) деп аталады. Адрестік кітап арқылы : • хат жазушылар адрестерін есте сақтауға; • олардың адрестерін теруді автоматтандыруға; • енгізілген адрестердің дұрыстығын тексеруге; • адресаттардың бірнеше топтарына бірден мәлімет жазуды жеңілдетуге болады.

№ слайда 47
Описание слайда:

№ слайда 48 Мақсаты: Оқушыларға Интернет желілермен жұмыс жасау технологияларының ерекшел
Описание слайда:

Мақсаты: Оқушыларға Интернет желілермен жұмыс жасау технологияларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету және нақты жұмыс жасауды үйрету А) Интернет желілердің құрылу және жұмыс істеу жолдары жөнінде оқушыларға мағлұмат беру Б) Интернет желілерін үйрету арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру Көрнекілік: компьютер, кітап-журналдар, тапсырмалар слайд арқылы көрсетіледі Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану Сабақтың түрі: тест технологиясын және модульдік технологияны пайдалану.

№ слайда 49 		 Оқушылардың Интернет туралы ойын білу үшін ассоциация толтырайық. Интернет
Описание слайда:

Оқушылардың Интернет туралы ойын білу үшін ассоциация толтырайық. Интернет

№ слайда 50 И Ч С М И Т Ь Б Ю Э Ж Д Л О Р П А В Ы Ф Й Ц У К Е Н Г Ш Щ З Х Ъ Я Н С М И Т Ь
Описание слайда:

И Ч С М И Т Ь Б Ю Э Ж Д Л О Р П А В Ы Ф Й Ц У К Е Н Г Ш Щ З Х Ъ Я Н С М И Т Ь Б Ю Э Ж П Р О Р П А В Ы Ф Й Ц У К Е Н Г Ш Щ З Х Ъ Я Т С М И Т М О Ю Э Ж Д Л В А П А В Ы Ф Й Ц У К Е Н Г Ш Щ З Х Ъ Я Е Р Н И Т Ь Д Е Э Ж Д Л О Й Д Е В Ы Ф Й Ц У К Е Н Г Ш Щ З Х Ъ Я Ч С Е И Т Ь Б М Э Ж Д Л О Р П Р В Ы Ф Й Ц У К Е Н Г Ш Щ З Х Ъ Я Ч С Т И Т Ь Б Ю Э Ж Д Л О Р П А В Ы Ф Й Ц У К Е Н Г Ш Щ З Х Ъ Я Ч С М И Т Ь Б Р А У З Е Р Р П А В Ы Ф Й Ц У К Е Н Г Ш Щ З Х Я Ч С М И Т Ь Б Ю Э Ж Д Л О Р П А В Ы Ф Й Ц У К Е Н Г Ш Щ З Х Ъ Я Ч Г М И Т Ь Б Ю Э Ж Д Л О Р П А Д Е М Й Ц У К Е Н Г Ш Щ З Х Ъ Я Ч И М И Т Ь Б Ю Э Ж Д Л О Р П А В Ы О Д Ц У К Е Н Г Ш Щ З Х Ъ Я Ч П М И Т Ь Б Ю Э Е Л І О Р П А В Ы Ф У Л У К Е Н Г Ш Щ З Х Ъ Я Ч Е М И Т Ь Б Ю Э Ж Д Л О Р П А В Ы Ф Й Я Т К Е Н Г Ш Щ З Х Ъ Я Ч Р М И Т Ь Б Ю Э Ж Д Л О Р П А В Ы Ф Й Ц О К Е Н Г Ш Щ З Х Ъ Я Ч М М И Т Ь Б Ю Э Ж Д Л О Р П А В Ы Ф Й Ц Р К Е Н Г Ш Щ З Х Ъ Я Ч Ә М И Т Ь Б Ю Э Ж Д Л О Р П А В Ы Ф Й Ц У К Е Н Г Ш Щ З Х Ъ Я Ч Т М И Т Ь Б Ю Э Ж Д Л О Р П А В Ы Ф Й Ц У К Е Н Г Ш Щ З Х Ъ Я Ч І Н И Т Ь Б Ю Э Ж Д Л О Р П А В Ы Ф Й Ц У К Е Н Г Ш Щ З Х Ъ

№ слайда 51 Мына сөздердің «Интернеттен ақпарат іздеу» деген тақырыпқа қатысы бар деген с
Описание слайда:

Мына сөздердің «Интернеттен ақпарат іздеу» деген тақырыпқа қатысы бар деген сөздерді «ішіне», мүлде қатысы жоқ дегендерді «сыртына» жазыңдар: Веб құжат,URL , файлдық, информатика, принтер, желілік қоршау, ресурс, амалдық жүйе, каталог, браузер, компьютерлік вирус, детектор, интерфейс, күрделі индекс, ревизорлар Ішіне Сыртына

№ слайда 52 ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ: Электронды поштаның абоненттік станциясы тұрады: A) компьютер
Описание слайда:

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ: Электронды поштаның абоненттік станциясы тұрады: A) компьютерден және пошталық серверден B) пошталык серверден C) компьютерден, арнайы бағдарламадан және модемнен D) бірнеше желілік компьютерлерден E) хост-машинадан Internet Explorer құралдар тақтасында қай құрал жоқ ? А) Форматтау В) Поиск С) Обновление Д) Избранное Е) Печать  WEB парақтың кеңейтілу аты қандай А) .htm. Д) .txt. В) .exe. С) .dos. Е) .web.

№ слайда 53 Интернет желісімен жұмыс істеу үшін болу керек: А) компьютер, модем, телефон
Описание слайда:

Интернет желісімен жұмыс істеу үшін болу керек: А) компьютер, модем, телефон В) тышқан, модем, сканер С) компьютер, телефон Д) принтер, сканер, модем, Е) флэш-карта, модем, принтер Тұтынушыларды желіге қосатын Сервердің ұсынатын қызметін не деп айтамыз? А) провайдер В) Web – сервер С) жұмыс станциясы. Д) клиент Е) хост. Жергілікті желі - ол: А) бір мекемедегі компьютерлер тобы В) шағын коммуникация С) Internet жүйесі D) біріктірілген компьютерлер комплексі Е) біріктіріліп есеп шығаруға арналған біріктірілген компьютерлер комплексі Электрондық почтамен жұмыс істеуге арналған программа A) Outlook Express. В) AutoCad. C) Microsoft Word. D) Microsoft Access. E) Microsoft Excel.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

Internet желісінде адасып  қалмау  үшін шолғыш – браузер деп  аталатын  арнайы  бағдарлама  қажет.   Браузер – бұл веб – бетінің  мәліменттерін Сіздің компьютерлеріңіздің  бейне  бетіне  шығаруды  қамтамасыз  ететін, Internet қор  көздерін қарауға  арналған бағдарлама.Windows амалдық  жүйесінің  құрамына Internet Explorer  браузері  кіреді. Internet Explorer қазақ  тілі  нұсқасы Web – беттерді әзірлеушілер  жасайтын  ақпаратты  дыбыстық  және  бейне сүйемелдеу  сияқты түрлі  мүмкіндіктерді  қолдайды.   Internet Explorer – мен  жұмысты  бастау  үшін  жұмыс  үстелінен  шолғыш  белгішесін  тауып,  оны  нұқыңыз. Өзінді  бет  ашылады. Пайдаланушы  өзіне  ұнаған  веб – бетін  өзіндік  бет  ретінде  орната  алады. Жоғары  жақта  ашылатын  мәзірі  бар үстел  орналасқан (1). Одан  сәл  төменіректе  навигациялық  және  басқа  да батырмалары  бар  құралдар  үстелі (2) Одан  кейін - Өту  батырмасы  бар  мекенжай  жолағы (веб – бетінің URL- ін енгізуге  арналаған  орын)  және сілтемелі  үстелі  орналасқан.(3).Интернетте қызықты сайдтар  жиі  кездеседі. Олардың  мекен  жайын Таңдаулы  үстелінің  көмегімен  есте  сақтап  қалуға  болады. Бұл  үшін  сәйкесінше  Таңдаулы  батырмасын  шерту арқылы  үстелді  іске  қосамыз  да, соңғы  сатты  таңдаулылар тізіміне Үстеу  батырмасын  шерту арқылы  қосамыз. 

Общая информация

Номер материала: 90461043053
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>