Курсы
Другое
Еще материалы по этой теме
СмотретьНастоящий материал опубликован пользователем Шопанова Айболган Избаскановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалҚазақ тілі мен әдебиеті мугалими
Файл будет скачан в форматах:
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс профессиональной переподготовки
Курс профессиональной переподготовки
Еще материалы по этой теме
Смотреть
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
А.М.Горький атындағы мектеп-лицейі
Тақырыбы:
Оқшау сөздер
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі: Шопанова Айболған
2 слайд
Сабақтың мақсаты:
оқшау сөздер туралы түсініктерін одан әрі дамыта отырып, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын кеңейту;
оқушыларды ұқыптылыққа, таза, сауатты жазуға, топпен жұмыс жасауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, шығармашылық қабілетін шыңдауға баулу;
Білімділік
оқушыларға оқшау сөздің түрлері қаратпа, қыстырма, одағай сөздер туралы жан-жақты мағлұмат беру, жай сөйлемдерге оқшау сөздерді қосып қолдана білуге үйрету, сөйлемдегі сөздерді сатылай кешенді технологиясы арқылы талдай білуге машықтандыру;
Дамытушы-
лық
Тәрбиелік
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, жаттығу жұмыстары, тест, сатылай кешенді талдау.
Сабақтың көрнекілігі: интер тақта, слайд, кеспе қағаздары, тірек сызба, сурет;
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
А) оқушылармен сәлемдесіп, қажетті оқу құралдарын дайындау.
3 слайд
Үй тапсырмасын сұрау
Зат есім
Сын есім
Сан есім
Есімдік
Етістік
Үстеу
Еліктеу сөз
Шылау
Одағай
4 слайд
Ал балалар, балалар
Бәрің бері қараңдар.
Шын көңілмен назар сап
Оқысаңдар сабақты
Сендерден шығар даналар,-
деп балаларға үлкен сенім артып, жауапкершілік жүктей отырып, ашық сабағымызды бастаймыз.
5 слайд
Жаңа сабақ
Оқшау сөз
Сөйлем құрамында тұрса да, басқа мүшелермен
грамматикалық байланысқа түспейтін,
яғни сөйлем мүшесі бола алмайтын мүше.
Қаратпа сөз
Қыстырма сөз
Одағай
6 слайд
Қаратпа сөз
Анықтамасы: сөйлеушінің біреуді өзіне қарату үшін немесе
назарын аудару үшін айтылатын сөз.
Қаратпа сөз болатын мүшелер: 1.Адамның аты-жөні, кім?
деген сұраққа жауап беретін зат есімдер.
2.Реттік мәнді зат есімдер (шырағым, қалқатай, ботақан,
сәулежан, т.б.)
3.Не? деген сұраққа жауап беретін ел, жер, дала, Отан,
сондай-ақ дерексіз зат есімдер (өлең, сезім, көңіл, ой, т.б.)
жұмсалады.
Тыныс белгілері: 1.Сөйлем басында келсе одан кейін үтір не
леп белгісі қойылады. Мыс: 1.Туған елім,жасай бер, жаса!
2.Айман! Бері кел.
2.Сөйлем ортасында келсе екі жағынан, соңында тұрса
алдынан үтір қойылады. Мыс: 1.Айт,балам, өзің үшін
күрес. 2.Ауылдың шетіне кеп қалдық па, жігіттер.
3.Сөйлемде одағай, қаратпа, қыстырма сөздер қатар келсе
арасы үтірмен бөлінеді. Мыс: Япыр-ай, меніңше, Қанат,
сенікі дұрыс емес.
7 слайд
Қыстырма сөз-сөйлемдегі ойға, айтылу мәніне жазушының, сөйлеушінің көзқарасын білдіретін оқшау сөз.
8 слайд
Қыстырма
сөздің
мағыналары:
1. Ойдың, пікірдің, сөздің айтылу амалын, тәсілін көрсетеді (қысқасы, былай айтқанда, демек, ендеше, т.б.)
2. Пікір, ойлардың өзара қатынасын білдіреді (біріншіден, ақырында, соңында, мысалы,т.б)
3. Ойға басқа біреудің немесе айтушының пікірі тұрғысынан қарайды (сіздіңше, біздіңше, меніңше, мен білсем, оның айтуынша, т.б.)
4. Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіреді (амал қанша, несін айтасың, т.б.)
5. Ойға, пікірге жорамал жасау мағынасында болады (әрине, әлбетте, рас, сірә, мүмкін, шамасы, расында, т.б.)
9 слайд
Одағай-сөйлемдегі айтылған ойдың түрлі көңіл-күйі, сезімін білдіретін сөз.
Одағайдың ерекшеліктері:
Адам көңіл-күйінің құбылып, ауысып тұруына қарай бір одағайдың бірнеше мәнде, мағынада жұмсалуы мүмкін. Мыс: Пәлі, жақсы болған! Пәлі, бұнысы адамшылыққа сыймас.
Одағай сөздер сөйлемнің басқа мүшелерімен байланыспай, оқшауланып, бөлініп тұрады. Мыс: Айпыр-ай, басқадан күтсем де, сенен күтпеген ем!
10 слайд
Одағай мағынасына қарай
Көңіл-күй одағайы
Жекіру одағайы
Шақыру одағайы
Пәлі, алақай, аһ, қап, ойбай,пай-пай, т.б.
Тәйт, тек, жә,т.б.
Кә-кә, құр-құр, шөре-шөре, көс-көс, т,б.
11 слайд
Семантикалық картамен жұмыс жасау
12 слайд
Дыбыстар сөйлейді
“ҚАЗАҚСТАН” және “МАҢҒЫСТАУ” сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыздар.
13 слайд
Сурет сыры
“ҚАЗАҚСТАН” тобына
“МАҢҒЫСТАУ” тобына
Суретке қарап оқшау сөздері бар мәтін құрастырыңыздар.
14 слайд
15 слайд
185-жаттығу.
Берілгені: Мына сағыныш, айналу-толғану сөздерін қаратпа етіп алып, бірнеше сөйлем жазыңыз.
1.Айым. 2.Айналайын. 3.Ақ ботам. 4.Ботақаным. 5.Ақ тайлағым. 6.Күнім. 7.Күнім-ай. 8.Қалқам. 9.Қалқам-ай. 10.Жарығым. 11.Жарығым-ай. 12.Қоңыр қозым. 13.Қуатым. 14.Қуатым-ай.
Жаттығу жұмыстары
16 слайд
Ақыл бізді білімге
жетелейді.
Құтып
Сөзге сатылай кешенді талдау жасаңыз
17 слайд
1. Одағай сөзді табыңыз.
А) Амал қанша
В) Сірә
С) Балам
Д) Самат
Е) Бәрекелді
2. Сөйлемдерден қаратпа сөздің тыныс белгісі дұрыс қойылғанын анықтаңыз.
А) Алмас, екеуіміз баққа барайық.
B) Алмас екеуіміз баққа барайық.
C) Алмас екеуіміз, баққа барайық.
D) Алмас екеуіміз баққа, барайық.
E) Алмас екеуіміз! баққа барайық.
3. Одағай сөзді табыңыз.
А) Қарағым
В) Пәлі
С) Әрине
Д) Бәсе
Е) Меніңше
4. Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз.
Асан, сенің бүгін кешке қолың бос па?
А) Қаратпа.
B) Қыстырма.
C) Одағай.
D) Еліктеу.
E) Бірыңғай мүше.
5. Сөйлемдегі қаратпа сөзді анықтаңыз.
Балалар, музыканың дауысын жай қойыңдар.
А) Музыканың.
В) Дауысын.
С) Қойыңдар.
D) Балалар.
Е) Жай.
Тест
18 слайд
6.Қыстырма сөзі бар сөйлемді анықта
А) Жарайсың, бауырым!
В) Жә, жетер енді.
С) Әрине, мен болмасам бола ма?
Д) Атаңның емес, адамның баласы бол, қарағым.
Е) Сенің озарыңды білгем, балам-ау.
7. Біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздерді көрсетіңіз.
А) Одағай сөздер.
В) Жалпылауыш сөз.
С) Қыстырма сөздер.
D) Айтқындауыш.
E) Қаратпа сөздер.
8. Көңіл – күй одағайын табыңыз.
А) Пырс
В) Тек
С) Көс-көс
Д) Қап.
Е) Жә
9. Түрленбейтін сөзді табыңыз.
А) Одағай.
В) Зат есім
С) Сын есім
Д) Сан есім
Е) Есімдік
10. Қаратпа сөздер қандай сөздер тобына жататынын белгілеңіз.
А) Қыстырма сөздер тобына жатады.
В) Одағайлар тобына жатады.
С) Біріккен сөздерге жатады.
D) Қысқарған сөздерге жатады.
Е) Оқшау сөздер тобына жатады.
Тест
19 слайд
Е
А
В
А
Д
С
Е
Д
А
Е
Дұрыс жауаптары:
20 слайд
21 слайд
Қанша білсең, ізден тағы, тағы да,
Білікті адам жетер тілек, бағына.
Оқи бергін, талпынып оқи бергін,
Жетерсің сен сонда мақсат таңына!
Ж.Баласағұн.
Бір тамшы ой
22 слайд
Жеткен нәтиже
Оқушы
өз бетімен
жұмыстанды.
Сөйлемге
сатылай
кешенді талдау
жүргізе білді.
Терең ойлап,
еркін сөйлей
білді.
Жаңа
ақпараттар
жинады.
23 слайд
Бекіту сұрақтары
Оқшау сөз дегеніміз не?
Оқшау сөз мағынасына қарай қалай бөлінеді?
Қаратпа сөз дегеніміз не? Мысал.
Қыстырма сөз дегеніміз не? Мысал.
Одағай дегеніміз не? Мысал.
Одағайдың неше түрі бар?
24 слайд
Үйге тапсырма:
Бағалау
186, 187 жаттығулар
25 слайд
Назарларыңызға
рахмет!
Білімділік: оқушыларға оқшау сөздің түрлері қаратпа, қыстырма, одағай сөздер туралы жан-жақты мағлұмат беру, жай сөйлемдерге оқшау сөздерді қосып қолдана білуге үйрету, сөйлемдегі сөздерді сатылай кешенді технологиясы арқылы талдай білуге машықтандыру;Дамытушылық: оқшау сөздер туралы түсініктерін одан әрі дамыта отырып, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын кеңейту;Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, таза, сауатты жазуға, топпен жұмыс жасауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, шығармашылық қабілетін шыңдауға баулу;
7 365 226 материалов в базе
Вам будут доступны для скачивания все 354 700 материалов из нашего маркетплейса.
Мини-курс
2 ч.
Мини-курс
3 ч.
Мини-курс
2 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.