Инфоурок Математика Другие методич. материалыТақырыбы: Қазақтың ырым – тыйым сөздері

Тақырыбы: Қазақтың ырым – тыйым сөздері

Скачать материал

Тақырыбы: Қазақтың ырым – тыйым сөздері

Мақсаты : Оқушыларды қазақ халқының салт – дәстүрін сақтауға , ырымдар мен тыйым сөздер арқылы жаман әдеттен , теріс мінезден сақтануға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ырым – тыйым сөздер.

Әдісі : ойын әдісі , топтық жұмыс.

Барысы:                                               

Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Қазақ халқы бала тәрбиесіне мән беріп, оның ырым – тыйымдарын , салт – дәстүрін ерекше сақтаған. Ырым – жақсылықтан өнеге алып, оған жету үшін жасалатын әрекет. Ал, тыйым рәсімдері жас ұрпақты , аруақты сыйлауға , табиғатты қорғауға, әдепті болуға , қарапайымдылыққа , инабаттылыққа баулиды. Халқымыздың әдет – ғұрпын , салт- санасын жақсы біліп, оны іс жүзінде орындай білу – әрбір перзенттің борышы . Ол – мәдениеттің белгісі.

1. «Құнды сөз» ойыны

Берілген тыйым сөздерді толықтыру.

-         Дастарқанды ------------------баспа. (тамақты)

-         Үйді айнала ----------------------жүгірме.

-         Тізеңді ------------------құшақтама

-         Құстың ------------------бұзба (ұясын)

-         Жұрт көзінше ----------------кекірме , керілме.

Ойынның қорытындысы бойынша осы тыйым сөздердің құндылығы бар екенін дәлелдейді.

2. «Ұлағатты ұғымдар» бөлімі

Үш, бес , жеті сандарына байланысты тірек сөздер беріледі. Әр топ сөздерінің санына байланысты ұлттық ұлағатты ұғымдар айтады.

Берілген тірек сөздер:

1-топ (3 саны). Үш дана (Абай, Шоқан , Ыбырай). Үш бәйтерек (Сәкен, Ілияс, Бейімбет). Үш жақын (Жан, мал, жер). Үш арсыз (Ұйқы , күлкі , тамақ).

2-топ (5 саны). Бес асыл , бес дұшпан (Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі). Бес қатер (От , жау , борыш, ауру , сөз). Бес жаратылыс (Күн, ай , жұлдыз, күндіз, түн). Бес қару (Садақ, мылтық, найза , қылыш, айбалта).

3-топ (7 саны). Жеті қазына (Ер жігіт. Сұлу әйел. Ақыл. Білім. Жүйрік ат. Қыран бүркіт. Берен мылтық. Жүйрік тазы). Жеті жұт (Құрғақшылық , жұт мал қырылу . Өрт . Оба. Соғыс. Топан су . Зілзала). Жеті ата (бала , әке, ата, арғы ата, баба, Түп ата, Тек ата). Жеті күн(Дүйсенбі , сейсенбі , сәрсенбі , бейсенбі , жұма , сенбі , жексенбі).

Қосымша 3,5,7 санына байланысты тірек сөздер.

Үш жұрт (Ағайын жұрт, Нағашы жұрт, Қайын жұрт)

Үш байлық (Бірінші байлық – денсаулық, Екінші байлық – ақжаулық, Үшінші байлық – қорадағы бес саулық)

Үш би (Үйсін Төле би. Арғын Қаздауысты Қазыбек би. Алшын Әйтеке би)

Үш қат (Жоғарғы қат аспан, Орта қат жер үсті, Төменгі қат жер асты )

Үш қуат (Ақыл, жүрек , тіл)

Үш ғайып (Ажал , Қонақ , Несібе)

Үш дауасыз (Мінез , кәрілік , ажал)

Үш қадірлі (Ырыс , бақ , дәулет)

Үш қадірсіз (Жастық шақ, денсаулық, Жақсы жардың қадірін білмейді)

Үш ақиқат (Қымбат – шындық. Арзан – өтірік . Дауасыз - кәрілік)

Үш қуаныш (Алғыс алу , Өзіңді көптің іздеуі, Ісіңнің өшпеуі)

Үш биік (Билік , дәулет , даналық)

Үш асыл (Көз, тіл, көңіл)

Үш кедейлік (Кежірлік , Еріншектік , Ұйқы)

Үш қасиет (Өліде – аруақ, малда – кие, аста - кепиет).

Бес намаз (Таң, Бесін, Екінді, Ақшам, Жашиақ намазы)

Бес борыш (1. Аллаға , пайғамбарға байланысты борыш. 2. Адамның өзіне байланысты борыш. 3. Мемлекет пен халыққа борыш. 4. Үй – іші , жақындарға борыш. 5. Адамгершілік әлеміне борыш).

Бес ақыл , бес дұшпан (1. Бес нәрседен қашық бол.

Бес нәрсеге асық бол

Адам болам десеңіз...

Еріншек , бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеніз,

Талап , еңбек , терең ой ,

Қанағат , рахым ойлап қой ,

Бес асыл іс көнсеңіз(Абай))

Бес өсиет (Топасқа сенбе , Жауға иілме , Әрқашан сақ жүр, Аш үйге қонба , Жарлыдан сый алма.)

Жеті жарғы (Әз Тәукенің заңдары)

Жеті жетекші (1. Адамның басшысы – ақыл

2. Жетекшісі – талап

3. Жолдаушысы – ой

4. Жолдасы – кәсіп

5. Қорғаны – сабыр

6. Қорғаушысы – мінез

7. Сынаушысы - халық).

Жеті жоқ (1. Жерде өлшеуіш жоқ, 2 . Аспанда тіреуіш жоқ. 3 . Таста тамыр жоқ . 4. Тасбақада талақ жоқ . 5. Аллада бауыр жоқ. 6 . Аққуда сүт жоқ.  7.Жылқыда өт жоқ).

Жеті жетім (Тыңдамаған сөз жетім ,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім ,

Басшысыз жоқ ел жетім,

Аққу – қазсыз көл жетім,

Жерінен айырылған ер жетім,

Замандасы қалмаса –

Бәрінен де сол жетім).

Жеті амал (Күннің тоқырауы , қарашаның қайтуы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матуы, қыс тоқсан, ай тоғамы).

3. Қазақ ырымдары: (Әр топ ырымдарды айтып мағынасын түсіндіреді)

Ит ұлыса, жамандық болады.

Баланың желкесінен сүйсе, қырсық болады.

Қазақ үйіне келген адамға дәм таттырып шығарады.

Түнде үй сыпырмайды, тырнақ алмайды , т.б.

4. Тыйым сөздер: (Әр топ тыйым сөздерді айтып мағынасын ашады)

Босағаны керме , құшақтама.

Жұлдызды , адамды санама .

Тұзды , күлді шашпа.

Бейуақытта жылама, ұйықтама .

Жағыңды таянба т.б.

 

 

Қорытынды: Қазақ халқының әдет – ғұрпын, салт – санасын жақсы біліп, оны іс жүзінде орындау – әр перзенттің борышы. Ендеше , асыл қазынамыздың құндылығын арттыра берейік! деп бүгінгі  сайысымызды аяқтаймыз!

 

 

 

 

 

 

                                       №18 ЖББОМ КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Қазақтың ырым – тыйым сөздері

 

 

 

                                                     8- сынып

Өткізген: Медеубаева М.Қ.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    Қарағанды

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: Қазақтың ырым – тыйым сөздері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: Қазақтың ырым – тыйым сөздері

Мақсаты :

Оқушыларды қазақ халқының салт – дәстүрін сақтауға , ырымдар мен тыйым сөздер

арқылы жаман әдеттен , теріс мінезден сақтануға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Интерактивті тақта, ырым – тыйым сөздер.

Әдісі :

ойын әдісі , топтық жұмыс.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Қазақ

халқы бала тәрбиесіне мән беріп, оның ырым – тыйымдарын , салт – дәстүрін

ерекше сақтаған. Ырым – жақсылықтан өнеге алып, оған жету үшін жасалатын

әрекет. Ал, тыйым рәсімдері жас ұрпақты , аруақты сыйлауға , табиғатты

қорғауға, әдепті болуға , қарапайымдылыққа , инабаттылыққа баулиды. Халқымыздың

әдет – ғұрпын , салт- санасын жақсы біліп, оны іс жүзінде орындай білу – әрбір

перзенттің борышы . Ол – мәдениеттің белгісі.

1. «Құнды

сөз» ойыны

Берілген тыйым

сөздерді толықтыру.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 916 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.04.2014 8968
    • DOCX 18.8 кбайт
    • 51 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Медеубаева Майра Кұттымуратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15611
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Применение математических знаний в повседневной жизни

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Курс повышения квалификации

Педагогическое проектирование как средство оптимизации труда учителя математики в условиях ФГОС второго поколения

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 415 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика и информатика")

Учитель математики и информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 225 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Мини-курс

Преодоление депрессии: путь к психологическому благополучию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека