Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыӨздігінен білім алу жұмысының жоспары

Өздігінен білім алу жұмысының жоспары

Скачать материал

Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған

мектеп-интернат-кешені

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өздігінен білім алу жұмысының жоспары

Тәрбиеші Ө.Ұ.Рысқазиева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Педагог туралы ақпарат

 

Аты-жөні: Рысқазиева Өтегүл Ұзақбайқызы

 

Туған жылы:1974 жыл 5 желтоқсан

 

Білімі: жоғары педагогикалық, А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты, 1995 жыл

 

Жұмыс өтілі: 15 жыл

Педагогикалық өтілі: 15 жыл; осы мекемеде 1,5 жыл

 

Санаты: ІІ

 

Өздігінен білім алудың жеке тақырыбы: «Ұлттық құндылықтар арқылы оқушылардың рухани жан дүниесін байыту».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.Өздігінен білім алудың жеке тақырыбы:

 

 «Ұлттық құндылықтар арқылы оқушылардың рухани жан дүниесін байыту».

(тақырып бойынша жұмыс 2010-2011 оқу жылында басталды)

 

 

ІІІ.Өздігінен білім алу жұмысының мақсаты:

 

1. Оқу және тәрбие әдістерін жетілдіру және кеңейту мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімді жетілдіру.

2. Өз  саласы бойынша терең білім алу.

3. Озық педагогикалық тәжірибелер мен педагогикалық ғылым жетістіктерін меңгеру.

4. Жалпы біліктілік, білімділік  деңгейін жетілдіру.

5. Балаларды туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуге,  Елінің ар-намысын, еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғауға, өткен тарихын, халқының әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

 

ІV. Тақырып бойынша әдебиеттер.

1.     Наурыз. Жаңарған салт-дәстүрлері. - Алматы, 1990.

2.     М.М.Тілеужанов. Қазақ халықтық педагогикасының кейбір мәселелері. - Орал, 1992.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V.  Тақырып бойынша хабарлама.

 Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты  жаңа ұрпақты  тәрбиелеу қажеттігі  айтылған.

 Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты ұлттық, халықтық және этностық-мәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл мәселенің шешімін табу үшін үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Мұндағы алға қойылып отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашқы ұлттық даму стратегиясын жасап, моделін құру.

Бұл талаптардың жүзеге асырылу бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатыларының бірі – мектеп оқушыларының  білімге деген құштарлығын арттыру, ұлтымызға тән қасиеттерді  бойларына  сіңіру.

 Халқымыз баланың жақсы, жаман болуы оның жаратылысынан дейді. Шындығында бала әке, шешесінің бір-біріне деген таза сезімінен жаралуы, ана құрсағында ортаның, үлкендердің, қоғамның ықпалында дамып жетілуі, ана бауырында уызына тойып, ана сөзінің үніне бағынып өсуі, жаратылысының дұрыстығы.

Ұлттық сана-сезімді балалардың бойына ұялата білудің жолдары көп:

•  Баланың ата-анасымен, өскен ортасымен ана тілінде қарым-қатынасқа түсуі.

•  Бала өзінің әке-шешесі, ата-бабасы өсіп-өнген жерінде өсуі, туған-тұрған жерінің қадір-қасиетін, табиғат сырын терең ұғынып, болашақты жалғастыратын ұрпақ екендігін сезініп өсуі, өз өлкесінің суын, нуын қастерлей білуі, ұғынуы.

•  Баланың туған халқының елдік, ұлттық тарихын білуі, оның ашы-тұщы кезеңдеріне мән беріп өсуі.

Бала – отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі болғандықтан да, тәрбиенің негізі балалық шағынан басталуы керек. Ұлттық тәрбие   бесіктен басталады. Отбасындағы ата мен әженің, әке мен шешенің, апа-қарындас, аға-інінің бір-бірімен күнделікті өмірдегі қарым-қатынасы, мінез-құлқы – ұлттық тәрбиенің бастау бұлағы.

Баланың болашақта қандай адам болатынына тұқымқуалаушылық, орта және тәрбие көп әсерін тигізеді.. Бұқар жырау «Жаманнан жақсы туса да, жақсыдан жаман туса да, адамның ата-тегінен» деген. Қазақ сонау ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан, тұқым қуалайтын барлық жақсы қасиеттердің жиынтығын «тек» деген ұғымға сыйғызып, ондай адамдарды «текті» деп бір ауыз сөзбен сипаттаған. Ұлттық ерекшеліктерін қатаң ұстап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіне осы тектілік негіз болғаны хақ. Тәрбиедегі негізгі түп – тектілік, оның тамырын, өмір тұрғысын дұрыс қалыптастыру - ата-ананың  негізгі міндеті. Ол міндетті дұрыс атқару үшін олардың өздері баласына өнеге болуы тиіс.

Қазақтар «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле», - дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз. «Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр» - деген қазақ халқы озық жұрттардың санатында болашақ қамын қатты ойластырған.

Мектепке қойылатын аса маңызды талап - балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырып, білімдерін жинақтау мен жүйелеу, олардың айналадағы құбылыстар туралы негізгі түсініктері мен қарапайым ұғымдарын қалыптастыру; ұлттық құндылықтарды танып, білу  арқылы ұлттық мінез-құлық, талғампаздық, талғам, ұлттық намыс қасиеттерін оқушылардың бойына сіңіру, баланың ана тілі, ата тегі, төл мәденеті мен тарихы, туған жері, салт-дәстүрлері, ұлттық рәміздер туралы, сонымен қатар жеті атасы, өз жұрты мен нағашылары, туыс атаулары туралы білім беру.

Оқушыларды ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеудің маңызды факторы - тіл. Өзара ана тілінде сөйлейтін  балалар  этникалық тілін сақтай алады. Бабаларымыздың қара сөзінің құдыретін жас ұрпаққа үйрету арқылы олардың сөз қорын байытып, ана тілінің мәртебесін көтеру қажет.

Адамның ана тіліне деген сүйіспеншілігі бала кезінен басталады. Балаларға ана тілін үйрету әр ата-ананың, әр ұстаздың борышы.

Балалардың бойына ұлттық құндылықтарды дарытудың жолдары: ата-анаға, отбасының басқа да мүшелеріне, құрбыларына деген сүйіспеншілікті, сыйластықты тәрбиелеу; туған үйге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, туған үйге дұрыс қатынасты тәрбиелеу, Отан туралы мақал-мәтелдерді үйрету, талдау, тақырыптық көрмелер, халық шығармашылығының музейі, өлкетану музейлеріне бару, мәдени айлықтар, достық күні, мәдени орындар мен тарихи ескерткіштермен таныстыратын экскурсиялар, ұлттық құндылықтарды танып, білуге бағытталған үйірме жұмысы,  ұлттық ертегілерді оқу.

Қазақ халқы - мәдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар, сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие, әдіс-тәсілдері бар халық. Қазақ топырағында туып, білім алған, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған ұлы тұлғалар: Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, М.Сералин, М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Көбеев, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, тағы басқа ойшыл ғалымдар мен ақындар ғылымның әр саласы мен әдебиеттің, мәдениеттің дамуына игі ықпал жасады.

 ХҮП-ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері Ақтамберді Сарыұлы:

Жауға шаптым  ту байлап,      

Шепті бұздым айқайлап

Дұшпаннан көрген қорлықтан   

Жанды жүрек, қан қайнап.,           

Ел-жұртты қорғайлап

Өлімге жүрміз бас байлап,-деп елінің бас бостандығы үшін жаумен жан аямай, кескілесе күресуге шақырады.

Тәлім-тәрбие берудің басты саласының бірі - ұлтжандылық, халқы үшін адал қызмет ету. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын пида етуге, жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлді.

Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» Жолдауында: «...оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет... бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек», - деген болатын. Елбасының бұл сөздері педагогтар үшін негізгі бағыт, бағдарлама болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өздігінен білім алу жұмысының жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Овощевод

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Ұлттық құндылықтар арқылы оқушылардың рухани жан дүниесін байыту».1. Оқу және тәрбие әдістерін жетілдіру және кеңейту мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімді жетілдіру.2. Өз  саласы бойынша терең білім алу. 3. Озық педагогикалық тәжірибелер мен педагогикалық ғылым жетістіктерін меңгеру.4. Жалпы біліктілік, білімділік  деңгейін жетілдіру. 5. Балаларды туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуге,  Елінің ар-намысын, еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғауға, өткен тарихын, халқының әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 765 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.04.2014 5643
    • DOCX 45 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рысказиева Утегуль Узакбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рысказиева Утегуль Узакбаевна
    Рысказиева Утегуль Узакбаевна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8530
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Мини-курс

Волонтерство: сущность, мотивация, и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические исследования и поддержка психического здоровья

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе