Инфоурок Классному руководителю Конспекты«Аялай біл, сен деп соққан жүректі»

«Аялай біл, сен деп соққан жүректі»

Скачать материал

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Сатанова Айнур Ракимжановна

№1 жалпы білім беретін орта мектебі. Қаражал қаласы

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Аялай біл, сен деп соққан жүректі.

Мақсаты:

Жаныңда жүрген жақын адамдарды (отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достар) сыйлауға, құрметтеуге үйрету.

Міндеттері:

-          адамдардың бір-біріне деген мейірім-шапағатының мән-мағынасын түсіндіру;

-          жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;

-          жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлап, қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта, музыка, слайд, карточкалық сұрақтар, жүрекшелер, видео клип.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, ой қозғау .

 Шаттық шеңбері

            Сәлеметсіңдерме оқушылар! Бүгін мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Біз бүгін «Аялай біл сен деп соққан жүректі» тақырыбы аясында жаныңда жүрген жақын адамдарды, отбасындағы ата-анаңды, туған-туысқандарыңды сыйлауды, құрметтеуді үйренеміз.

            Балалар, өмірде біз үшін ерекше жүрек соғысы бар адам кім деп ойлайсыңдар?

            -Ана.-

            -Әрине ана. Олай болса, балалар мен сендерді Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнімен шаттық шеңберіне шақырамын.

Енді орнымызға отырып жайғасайық.

Сабақ барысы: Әңгімелесу

Слайд: «Ой қозғау»

            Ал енді балалар, «Ойланайық, пікірлесейік» айдарына назар аударып, мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейік:

 -«Аялау», «қадіріне жету», «қадірін білу» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

-Айналаңдағы адамдардың жақсылығын, мейірімін сезіп, байқап, бағалайсыңдар ма? Қалай?

-Өзің жақсы көрген адамың саған немқұрайдылық танытқан кездері болды ма? Сол кезде не сезіндің?

-Өзіңе « мейірім-шапағатын аямаған адамдар үшін мен не істедім?» – деген сұрақ қойып көрдің бе?

-Адамдар саған «рақмет» айта ма? Ал өзің ше?

Енді сендердің берген жауаптарыңды тереңірек қарастыру мақсатында «Жаңа ақпаратқа» көңіл бөлейік:

Слайд: Жаңа ақпарат

(Мұғалім оқып береді)

Жаныңда жүрген жақын адамдарға жүрек жылуын жеткізе білу. Айнала қоршаған адамдар, отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достар арасындағы сыйластық, құрмет.

Адамдардың бір-біріне мейірім-шапағаты.

Жаныңдағы жақын адамдарды сезіне білу, оларды аялай білу. Әрбір қарым-қатынасты ізгі ниетке құрған жағдайда ауызбіршілік сақталып, жүректер үйлесімділік табатыны сөзсіз.

-Сендердің берген жауаптарыңмен жаңа ақпаратты түйіндей келе толық келісемін.

Оқушыларды үш топқа бөліп, топтарын таныстыру. «Арман» тобы. «Шаттық» тобы. «Балалық» тобы.

Слайд:  Мәтінмен жұмыс 

(Оқушыларға оқытып, 3 бөлімге бөліп, мәтіннің қалай жалғасатынын сұрау)

            Олай болса, енді Разы Акдемірдің «Ана махаббаты» атты әңгімесін тыңдайық.

Ана махаббаты

Үйдің ең әдемі жері үстіңгі қабаттағы бөлменің терезесі еді. Ол жерден бүкіл көше және қаланы қоршаған таулар тамаша көрінетін.

Ана күнде кешке қарай балалары мен күні ұзақ жұмыста жүрген ерін де әдетінше сол жерде қарсы алатын. Алыстан олардың төбелері көрініп, үйге жетер-жетпестен қуанышпен амандасатын. Ана кемтар еді. Көп жылдардан бері аяқтары сал болып, науқастан жүре алмай қалған-ды. Бірақ сонда да көзі балаларының үстінен түспейтін, киімдерінен кішкене бір дақ немесе аяқ киімдерінен батпақ ізін көрсе шыр-пыр болатын.

Балаларының оған ықылас бөліп, бірге кезген серуендерін, тыңдаған әуендерін және оқу жағдайларынан естіген сайын көздері жанып, оларды шын көңілімен тыңдайтын. Әсіресе балалары өрісте жайылған сиырларды және бір күні күтпеген жерден алдарынан шыққан қоянды көргендерін түсіндірген кезде ана өзін сондай бақытты сезінетін…

Бір күні әкесі балаларына: «Келесі жексенбіде бір қалашыққа кетеміз. Ол жерде біраз жұмыстарым бар. Таңға жуық пойызбен жолға шығып, кеште қайтып ораламыз», – дейді. Балалар қуанғандарынан қолдарын шапалақтап жібереді. Бұл өзен жағасында демалып, көңіл көтеру. Бірден нелер алатындарын ойланды… Арқаға асатын сөмке, құтылар, футбол добы, аспалы тор төсек… Басқа да біраз нәрселер… Балалар өзара қызық әңгімеге кірісіп кетті.

Ана бір күн бойына үйде жалғыз қалатынын ойлағанда көңілі құлазып, мұңайып қалды. Іші пысқаннан өзін алдаусыратып терезе жанына отырып, қанша кітап оқыса да, уақытын өткізе алмайтынын түсінді… Шіркін, балаларының бірі жанында қалса ғой. Бірақ, ана ешнәрсе демеді. Себебі балаларының көңіл күйін бұзуға хақы жоқ еді.

Түстен кейін анасының жанында отырған кіші ұлы бір кітап оқып берді. Анасы да ұлының қате оқыған сөздерін қайталап, көмегін тигізуде.

Біраздан кейін кіші ұлы оқып отырған кітабын қоя салып, кенеттен есіне бір нәрсе түскендей анасының кеудесіне басын қойды, кішкене қолдарын мойнына асып:

– Анашым, – деп сыбырлады. – Мен жексенбі күні сенің қасыңда қалғым келеді. Бірақ ешкімге айтпай-ақ қойшы, жарай ма.

Анасы ұлын аймалап:

– Жарайды, ұлым. Сенің бұл шешіміңе ризамын, жексенбі күні ішім пыспайтын болды, – деді.

Келесі күні таңертең кішкене қызы ас үйде жұмыс істеп жүргенде қолайсыз бір жағдай болды. Айша жуған табағын сүртемін дегенде, жерге түсіріп, сындырып алды. Өзі де қатты қобалжыды, бұны анасы да көріп тұр еді, қызына жақындап:

– Жаның аман болсын, қызым. Шкафта басқа да табақтарымыз бар, – деп күлімсірей сөйледі.

Кішкене қыз анасының бұл сөзіне қатты қуанды. Үйінен оқуға шығар алдында:

– Анашым, білесің бе, жексенбі күні мен үйде қаламын. Бірге болайықшы. Бір-ақ ешкімге айтпа, – деді.Ана кешке қарай бөлмесіне барып, тігін тігіп жатқан. Үлкен ұлы ішке кірді. Жан-жағына қарап, ұялып әрлі-берлі жүрді. Бір нәрсе айтқысы келген сияқты. Бірақ ешнәрсе айтпады.

Анасының:

– Балам, бір жағдай болды ма? – деп сұрауына тура келді.

– Не ғой… Бір ойыншық ұшақ жасап жатыр едім… Мен жексенбі күні үйде қалып, соны бітірсем бола ма? Басқалары барсын. Мен үйде сенің жаныңда қалсам. Қалай қарайсың? Бірақ мұны әкем де, бауырларым да білмей-ақ қойсын-шы.

Осындай мейірбан және түсінігі мол балаларының барлығына қуанған ананың көздеріне жас толды. Кешке барлық болған жағдайды балаларынан құпия түсіндірген кезде, әкесі:

– Жексенбіде басқаша демалармыз. Фабриканың иесімен сөйлесіп, жолға бір машина алармын. Отыратын төрт кісілік орын бар. Үлкен ұлына қарап, сен жүргізушінің қасына отырсаң, бәріміз де сиямыз. Сен де барасың біздің ұсынысымызға не дейсің? – дейді.

Ана қол шапалақтап қуана келісім берді. Олар сол жексенбіні шынында да өте тамаша өткізді. Олар осы бір демалыс күнін жылдар бойы ұмытпады.

Сендерге мәтін түсінікті болды ма? Түсінікті болса төмендегі сұрақтарға жауап берейік.

Сұрақтар:

- Балалардың саяхаттан бас тартуының себебін қалай түсіндірер едіңдер?

- Егер сен осы балалардың орнында болсаң не істер едің?

- Отбасындағы жарасымдылық сыры неде?

Балалар, Абай атамыз айтқандай  «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік», - дейді.

            Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек.  Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың.  Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады. Сондықтан әрқашан мейірімді болуға талпынайық.

  Бүгінгі сабақта игерген құндылықтарды қортындылау мақсатында Альфред Адлердің төмендегідей қанатты сөзін талқылайық.

Слайд: Дәйексөз

Өзінің айналасындағы жора-жолдастарының, бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам өмірде үлкен қиыншылықтарға кезігеді және айналасына зиянын тигізеді.

 - Балалар, осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Өз пікірлеріңді білдіріңдер.

Слайд: Өзіммен-өзім

-Балалар, өз жүректеріңді алақандарыңмен баса отырып, көздеріңді жұмып, ұлы педагог Сухомлинский айтқан мына бір тамаша сөздерді  жүрек лүпілінің соғысымен  тыңдаңдар:

            «Ата-ана жүрегінің лүпілін сезе біл, олардың жанарынан көңіл хошы мен тыныштықты, бақыт пен қуаныш сәулесін, беймазасыздығы мен әбігерленуін, қиналысы мен кейістігін көре біл. Ата-ананың көзінен оның жан-дүниесін көре білуге жастайыңнан үйрен»

Ал енді балалар, көздеріңді ашып, бүгінгі сабақта қандай көңіл-күйде, қандай сезімде отырғандарыңды айтыңдар.

Оқушылар жауабы:

 Жағдаяттарды шешу. Сұрақтарға жауап беру.

1.Саят өз ата-анасын басқа балалардың ата-анасымен көп салыстырады. Кейде Саяттың өз ата-анасы басқалардыкіндей емес сияқты болып, оларға ренішпен қарайтын болды.

Саяттың іс-әрекеті дұрыс па ?

Саятқа қандай кеңес берер едіңдер?

2. Сыныптағы досыңның анасы қатты ауырып қалды, ал сендер болсаңдар, қала сыртына саяхатқа билет алып қойғансыңдар. Не істер едіңдер?

Саяхаттан бас тартасыңдар ма?

Достарыңа қандай көмек ұсынасыңдар?

3.«Жалғыз көзді ана» видео клип көрсету.

Жағдаятты талқылаудың мақсаты- оқушылардың айнала қоршаған ортаға, адамдарға түсіністікпен қарауға, өздерін өзгелердің орнына қоя білуге үйрету. Жақындарына құрмет, жанашырлық сезімдерін туғызып қана қоймай оның бекуіне жағдай жасау. 

Шығармашылық тапсырма:

Сен өз жақындарыңды қалай қуантар едің? Тізбектеп жаз. 

Шығармашылық жұмыс
а) Құндылық құнын ұғындар. (карточкамен жұмыс)

Отбасымда ең сыйлы ______________________________________
Ең қымбатты _____________________________________________
Ең ақылды _______________________________________________
Ең сүйкімді ______________________________________________
Ең құрметті ______________________________________________
Ең құнды ________________________________________________
Ең бағалы ________________________________________________
Ең қажетті _______________________________________________

Жүректен-жүрекке.

 -Балалар, менің қолымда кішкентай ал қызыл жүрек бар.

Бұл жүрек мейірім мен шаттыққа толы. Осы мейірімге және шаттыққа толы жүрекпен  бір-бірімізге арнап тілек тілейік.

Бүгінгі сабағымызды Қайрат Нұртастың «Әкелер» әнімен  аяқтайық.

Отқа түстің,суға түстің мен үшін

Енді міне бағың берді жемісің

Бала қыран шыңға шықса бұл күнде,

Мұның бәрі әке сенің жемісің

            Анашымды отырғызып жаныңа,

            Той берейін салып алақаныма

            Әй адамдар шүкіршілік етіңдер

            Мына өмірде әкелерің барына

            Тек әкелер сендер ғана ылайықсың

            Хан сарайы патша тағына

Алатаудай қадірін білесің бе?

Арманыңмен ұлдарың жүр өсуде

Алтын шапан кигізсем де-ақ саған

Айтшы әке не істей алам сен үшін?

Балалар, бүгінгі сабаққа атсалысып қатысқандарың үшін барлықтарыңа көп-көп рахмет.

 VІ. Үйге тапсырма: 69 бет «Әке арманы» жаттау.

Түйіндеме.

Мұғалім: Сонымен сабақты қортындылай келе дүниедегі ең сұлу адам кім жоқ десек, әрине, АНА»-деп жауап береміз. Аналар баланы бесіктен бастап баулиды, өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады.

Ана-аққу, Ана-ару, Ана-нұр,

Уа аналар, бауыр етің, балаң-гүл…

Дүниені таң қалдырғың келсе егер,

Анаға деген құрметіңмен таң қалдыр-деп сабағымызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Аялай біл, сен деп соққан жүректі»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по благоустройству

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты: Жаныңда жүрген жақын адамдарды (отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достар) сыйлауға, құрметтеуге үйрету. Міндеттері: -          адамдардың бір-біріне деген мейірім-шапағатының мән-мағынасын түсіндіру; -          жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту; -          жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлап, қадірлей білуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, музыка, слайд, карточкалық сұрақтар, жүрекшелер, видео клип. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, ой қозғау .  Шаттық шеңбері             Сәлеметсіңдерме оқушылар! Бүгін мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Біз бүгін «Аялай біл сен деп соққан жүректі» тақырыбы аясында жаныңда жүрген жақын адамдарды, отбасындағы ата-анаңды, туған-туысқандарыңды сыйлауды, құрметтеуді үйренеміз.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 060 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.04.2014 2261
    • DOCX 58 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шамова Елена Юрьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шамова Елена Юрьевна
    Шамова Елена Юрьевна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 35284
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 413 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 528 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 794 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 967 человек

Мини-курс

Основы финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 163 человека из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 86 человек