1615084
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
До повышения цен на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации осталось:
0 дней 0 часов 0 минут 0 секунд
Успейте подать заявку на курсы по минимальной цене!
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 60%
ИнфоурокБиологияКонспекты«Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі» 8-сынып

«Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі» 8-сынып

библиотека
материалов


8-сынып

Тақырыбы: Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі

Мақсаты: Жүйке жүйесінің, жүйке ұлпасының, нейрондардың құрылысы мен

қызметтері туралы түсінік беру

Міндеті:

1. Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметтері туралы білім қалыптастыру;

атқаратын қызметтерінің жүйке жасушаларының ерекшеліктеріне байланысты

екендігін, жүйке жасушасының рефлекстік принципін, жүйкелік реттелу

механизмін түсіндіру.

2.Оқушылардың ақыл-ой еңбегіне үйрену дағдыларын

дамытуды жалғастыру; салыстыру, талдау, қорытындылау; кітаппен жұмыс істеу,

өзін-өзі бақылау, тақырыпта алған білімдерін өмірде пайдалана алуға үйрету

3. Денсаулықты сақтау, кәсіби бағдар беру

Сабақтың көрнекі-құралдары: интерактивті тақта, проектор, электрондық

оқулық, бейнефильм, слайдтар, интерактивті тапсырмалар, резеңке балға,

орындық

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары: топтастыру,проблемалық сұрақтар,

бес жолдық өлең, интерактивті әдістер, зертханалық жұмыс

Сабақтың пәнаралық байланысы: эволюция, цитология

Күтілетін нәтиже:

1.Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі, маңызы туралы түсінік қалыптасады.

2. Оқушыларға жүйелі тапсырма беру арқылы салыстыру, талдау

қорытындылауды үйренеді.

3. Жүйке жүйесінің рефлекстік механизмін зерттеп, анықтай алады.

4. Өзіндік жұмыстар жүргізу арқылы оқушылар өз бетімен жұмыстанады,

бұрынғы білетіндерін салыстырады, қорытынды жасай алады.


Сабақтың барысы:

І. Ой қозғау

IІ. Мағынаны тану

ІІІ.Ой толғаныс

І. Ой қозғау.

Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу.

«Гуморальдық реттелу» тарауын қайталау бойынша интерактивті тапсырмалар

орындау өзіндік жұмыс ретінде беріледі. Әр оқушының компьютеріне алдын-ала

тапсырмалар салынып қояды.

Мұғалімнің іс-әрекеті: жауаптың дұрыстығына көз жеткізеді.

1 слайд тапсырмалары: Секреция бездерін топтастыру.

2 слайд тапсырмалары: Тироксин гормонының әсерінен пайда болатын ауру

түрлерін анықтау

3 слайд тапсырмалары: «Дәрігер эндокринолог» ойыны. Суретке қарап диагноз

қою.

4 слайд тапсырмалары: Перфокарта толтыру, сурет бойынша ішкі секреция

бездерін көрсету

5 слайд тапсырмалары: Проблемалық жағдаятты шешу.


Оқушының іс-әрекеті: слайд арқылы үй тапсырмасын көрсету, интерактивті тақтамен жұмыс істеу. Оқушылардың жауаптарының дұрыстығы слайдтағы шторды ашу арқылы жауапты көрсету нәтижесінде кері байланыспен нақтыланды.

Мұғалімнің іс-әрекеті: тірі организмдердің эволюциялық даму барысында гуморальдық реттеу механизмдері біртіндеп күрделеніп, біршама жетіліп жүйкелік жолмен реттеуге көшті. Гуморальдық және жүйкелік компоненттердің арасындағы байланыс күшейіп, нейрогуморальдық қарым-қатынасқа айналды.

Шөлді жерлерде тұратын адамдардың дене қызуы шамадан тыс жоғарыланбайды.

Проблемалық сұрақ: Қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына организм қалай бейімделеді? слайд №6

Оқушының іс-әрекеті: жауап береді.

Мұғалімнің іс-әрекеті: бұл процесте жүйке жүйесі басты рөл атқарады. Жүйкелік жолмен реттеу тірі организмдердің сыртқы орта жағдайларына бейімделуіндегі ең жоғарғы даму кезеңі деп қарайды.

IІ. Мағынаны тану.

Электрондық оқулықтан модуль №1 «Жүйке жүйесі» көрсетіледі. слайд №8

Оқушының іс-әрекеті:

Жүйке жасушалары –нейрондар туралы қосымша мәлімет береді. Оқушылардың шығармашылық-ізденіс жұмыстары. слайд №9

1 оқушы.

Бас миы қарапайым нәруыздар-нейрондардан тұрады. Нейрондар басқа жасушаға қарағанда ерекше. Әрбір нейрон немесе нейрон тобының өзіне тән биохимиялық куәліктері бар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы құрамындағы нәруыздардың санымен сапасы жағынан және атқаратын қызметіне байланысты. Сондықтан да әрбір нейрон «өз алдына бір тұлға» деп есептеледі. нейрондар тірі организмдер құрамындағы ең бір «еңбекқор», «шаршауды білмейтін» жасушалардың бірі болып есептеледі. Тіпті бас миы нейрондары адам ұйықтап жатқанда да жұмысын атқарып жатады. басқа жасушалардан ерекшелігі нейрондардың мөлшері үлкенірек, түйіршікті эндоплазмалық торлардан тұрады. Пішіндері де әртүрлі болады. Адамның бас миында 10( 12-13 дәрежеде) жасуша бар. Әрбір нейронға мыңдаған басқа нейрондардан ақпараттар келіп жатады.

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Жүйке жасушаларының қысқа өсінділері қосылып, жүйке синапсын түзеді.

Оқушының іс-әрекеті:

Синапстың құрылысы туралы қосымша мәлімет беріледі.

2-оқушы:

Синапстар арқылы медиаторлар бөлініп, жүйке импульстарын тиісті мүшелердің арнаулы рецепторларына жеткізіп, қызметін іске асырып отырады. 1897ж ағылшын физиологі Чарльз Скотт Шеррингтон ең бірінші рет ғылымға «синапс» деген ұғымды енгізді. Бұл гректің «синапс» қосу, байланыстыру деген сөзін білдіреді. Осы синапстар арқылы ақпараттар бір жасушалардан екінші жасушаға беріледі. Синапстарының саныда бас миы мен жұлында 60-80%.

3 оқушы. Синапстік байланыстар аксондар, сома(дене) және дендриттер араларында болады. А-аксон; С-сома (дене); Д-дендрит жүйке жүйесінде синапстардың 7 түрі бар. А-Д; А-С; А-А; Д-Д; Д-С; С-Д; С-С. стрелка синапстың морфологиялық полярлық құрылысын және ақпараттың жүру бағытын көрсетеді. Осылардың арасында ең бір жиі кездесетін түрлері А-Д; А-С. Өткен ғасырдың 60 жылдарынан бастап, морфологиялық және биохимиялық зерттеулер нәтижесінде синапстың ультрақұрылымы айқындала бастады. Мөлшері өте кішкентай, 1 микронға тең. Синапстік байланыста ақпараттар көбіне химиялық жолмен, кейбір жағдайда электрлік импульс түрінде жүреді.

4 оқушы. Синапстың ульрақұрылымы әр түрлі деңгейде орналасқан организмдерде бірдей. Мысалы: адам жүйке жүйесінің синапстік құрылысы, жүзім ұлуының синапсімен бірдей. Әрбір жеке адамның бір-бірінен ерекшелігі сезімталдық, ойлау, еске сақтау қабілеттерінің көрінуі, дамуы осы айтылған синапстік байланыстардың құрылымында, іс-әрекетінде болуында. Синапстер организм дүниеге келгеннен кейін қалыптаса бастайды.

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Организм әртүрлі тітіркендіргіштерге үнемі жауап қайтарады. Организмнің тітіркенгіштікке жауап реакциясы рефлекс деп аталады.

Бейнефильм «Жүйке ұлпасының құрылысы, рефлекстің пайда болуы»

слайд №10

Оқушының іс-әрекеті: бейнефильмдегі сұраққа жауап береді.

Мұғалімнің іс-әрекеті: «Рефлекс және рефлекс доғасы» электрондық оқулықтағы модульден көрсетіледі.

Оқушының іс-әрекеті: №2 зертханалық жұмыс «Адамның тізе рефлексін зерттеу, бақылау» ( тапсырмалар электрондық оқулықтан беріледі.) слайд №11

Мақсаты: Механикалық әсерден адамның тізесінде рефлекстің пайда болуын бақылау, шартсыз рефлекспен танысу.

Зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: резеңке балға, орындық Жұмыс барысы: бір оқушы орындыққа аяғын бірінің үстіне бірін қойып, яғни аяғын айқастырып отырады. Екінші оқушы резеңке балғамен тізенің төменгі бөлігін жайлап ұрады. Осы кезде сіңір жалғамасында пайда болған қозу санның алдыңғы қабырғасының бұлшық етіне беріледі де, аяқ тізе буынынан бүгіліп, алға жоғары қарай тебіледі. Бүгілу сезімтал және қимыл-қозғалыс нейрондар есебінен болады, сондықтан тізе рефлексі деп аталады.

Қорытынды: Тізе рефлексінің орталығы жұлынның бас бөлігінде орналасқан. Тізе рефлексі шартсыз рефлекске жатады. Ол рефлекс доғасы арқылы жүзеге асады.

Рефлекс доғасының суреті салынып немесе түрлі түсті қағаздан апликация түрінде жасалады. ( оқушылардың шығармашылық жұмыстары)

ІІІ. Ой толғау. Интерактивті тапсырмалар орындау. слайд №12

слайд №13 Сілтемелерге нейрон бөлшектерінің атауларын жаз

слайд №14 Рефлекс доғасының қарапайым бөліктерін көрсет.

Тест жұмысы: слайд №15

1.Жүйке жүесінің атқаратын қызметі

А) адам ағзасындағы мүшелерінің қызметін бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді.

В) қорғаныш қызметін атқарады

С) сыртқы, ішкі ортамен байланысын жою

2. Тізе рефлексінің жұлындағы орналасатын орны

А) жұлынның сегізкөз бөлігінде

В) жұлынның жоғары кеуде сегментінде

С) жұлынның бел бөлігінде

3. Нейронның ұзын өсінділерінің атауы

А) аксон В) дендрит С) нейроглея

4. Ақ затты түзеді

А) қысқа өсінділер В) ұзын өсінділер С) нейрон денелері мен қысқа өсінділер

5. Орталыққа тепкіш нейрондар

А) қимыл-қозғалыс В) сезімтал С) аралас

6. Рефлекс доғасы дегеніміз

А) жүйке импульсі өтетін жол

В) тітіркенуді қабылдайтын рецепторлар

С) ішкі тітіркендіргіштерге жауап реакциясы

7. Рефлекс доғасының бөлігіне жатпайды

А) рецепторлар В) жүйке орталығы С) бұлшық ет синапсы

8. Жүйке жасушаларының қызметі

А) ақпаратты қабылдау В) ақпаратты жою С) ақпаратты алмастыру

9. Жүйке импульстерінің жылдамдығы

А) 1-100м/с В) 0,5-120м/с С) 1,5-150м/с

10. Жүйке жүйесінің жасушасы

А) нейрон В) без С) жұлын

Үй тапсырмасы: параграф 14 «Нейрон» сөзіне бес жолдық өлең жазу, оқулықтағы кестені толтыру. слайд №16

Оқушыларды бағалау.

Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:
Синапстар арқылы медиаторлар бөлініп, жүйке импульстарын тиісті мүшелердің арнаулы рецепторларына жеткізіп, қызметін іске асырып отырады. 1897ж ағылшын физиологі Чарльз Скотт Шеррингтон ең бірінші рет ғылымға «синапс» деген ұғымды енгізді. Бұл гректің «синапс» қосу, байланыстыру деген сөзін білдіреді. Осы синапстар арқылы ақпараттар бір жасушалардан екінші жасушаға беріледі. Синапстарының саныда бас миы мен жұлында 60-80%. 3 оқушы. Синапстік байланыстар аксондар, сома(дене) және дендриттер араларында болады.  А-аксон;    С-сома (дене);  Д-дендрит  жүйке жүйесінде синапстардың 7 түрі бар. А-Д; А-С; А-А; Д-Д; Д-С; С-Д; С-С. стрелка синапстың морфологиялық полярлық құрылысын және ақпараттың жүру бағытын көрсетеді.  Осылардың арасында ең бір жиі кездесетін түрлері  А-Д; А-С. Өткен ғасырдың 60 жылдарынан бастап, морфологиялық және биохимиялық зерттеулер нәтижесінде синапстың ультрақұрылымы айқындала бастады. Мөлшері өте кішкентай, 1 микронға тең. Синапстік байланыста ақпараттар көбіне химиялық жолмен, кейбір жағдайда электрлік импульс түрінде жүреді.  4 оқушы. Синапстың ульрақұрылымы әр түрлі деңгейде орналасқан организмдерде бірдей. Мысалы: адам жүйке жүйесінің синапстік құрылысы, жүзім ұлуының синапсімен бірдей. Әрбір жеке адамның бір-бірінен ерекшелігі сезімталдық, ойлау, еске сақтау қабілеттерінің көрінуі, дамуы осы айтылған синапстік байланыстардың құрылымында, іс-әрекетінде болуында. Синапстер организм дүниеге келгеннен кейін қалыптаса бастайды. 
Общая информация

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Организация и руководство учебно-исследовательскими проектами учащихся по предмету «Биология» в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «ФГОС общего образования: формирование универсальных учебных действий на уроке биологии»
Курс профессиональной переподготовки «Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Медико-биологические основы безопасности жизнедеятельности»
Курс повышения квалификации «Государственная итоговая аттестация как средство проверки и оценки компетенций учащихся по биологии»
Курс повышения квалификации «Нанотехнологии и наноматериалы в биологии. Нанобиотехнологическая продукция»
Курс «Общее садоводство: Стилистика садов. Создание различных стилей с использованием местных и интродуцированных растений»
Курс профессиональной переподготовки «Анатомия и физиология: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс «Общее садоводство: Травянистые растения для садов средней полосы»
Курс повышения квалификации «Гендерные особенности воспитания мальчиков и девочек в рамках образовательных организаций и семейного воспитания»
Курс профессиональной переподготовки «Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Организация производственно-технологической деятельности в области декоративного садоводства»
Курс повышения квалификации «Составление и использование педагогических тестов при обучении биологии»
Курс повышения квалификации «Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и выполнение работ по производству продукции растениеводства»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.