Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыОқу іс-әрекеті «Мейірімділік»

Оқу іс-әрекеті «Мейірімділік»

Скачать материал

«Айгөлек» балабақшасы МКҚК «26» қараша 2013 ж.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы №

2 -ші кіші «Ә» тобы Тәрбиешісі _Жумабекова С.Б. _________

Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта .

Кіші сала: Тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру _____

Тақырыбы: Мейірімділік ағашы .

Мақсаты: Балаларға мейірімділік туралы түсінік беру, адамдардың іс-әрекеттерін бағалау, сөздік қорын молайту. Мейірімділік істерді жасауды тәрбиелеу .

Көрнекі құралдар: Күннің көзі, гүлдер, түрлі-түсті түймелер, ойыншық қоян мен аю, сәбіз, мейірімділік ағашы, жемістер

Билингвалдық компонент: мейірімділік-доброта, ағаш-дерево

Қызмет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті


Ынталандыру-оятушы кезең.


Тосын сый:

Тәрбиеші балаларды қуанаш шеңберіне шақырады.

Үлкен де Сіз.

Кішіге де Сіз.

Бәріне де ізетпен.

Біздер сәлем береміз.

Балалар қайталайды.













Ұйымдас-тырушы-ізденуші кезең.































































































Рефлексивті-түзетуші кезең.


Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде оқу іс-әрекет ерекше болмақ. Бізді ғажайыптар күтіп отыр. Қонаққа ағаш келеді: Мен мейірімділік ағашымын. Жақсы сөздерден гүлдер пайда болады, ал жақсы істер жасасаңдар ғажайып жемістер өседі.

Маған көмек керек, менің гүлдерім мен ғажайып жемістерімді сиқыршы алдап алып кетті. Егерде оның тапсырмаларын орындасаңдар, менің гүлдерім мен ғажайып жемістерімді қайтарасыңдар. Ағаш жылап кетіп қалады.

Тәрбиеші: Көмек береміз бе? Ағашты тауып алып, оның гүлдері мен жемістерін қайтарайық. Жолға шығар алдын да мейірімділік ережелерін еске түсірейік:

Мейірімділік ережелері:

-Бір-бірлеріңді есімдерінен атаңдар.

-Мейірімді болыңдар, дос болыңдар.

-Бір-біріңді мұқият тыңдаңдар, сөздеріңді бөлмеңдер.

Жолға шығайық. Қараңдар, 1.Біздің күніміз көңілсіз; оның шуақтарында жаман сөздер жазылған. Біз осы сөздерді жақсы сөздермен ауыстырайық. Тәрбиеші оқиды, балалар жақсы сөйлемдер айтады. (10 гүл)

2.Сәлемдесу көлден өту үшін амандасатын сөздерді есімізге түсірейік: Сәлеметсіз бе, қайырлы таң, күн, кеш, сәлем, привет. (6 гүл)

Бізге Әдептілік көпірден өту керек. Егерде сұраққа дұрыс жауап берсеңдер, сонда ғана өтуге болады.

1.Әдепті адамдар кездескенде бір-біріне қандай сөздер айтады?(сәлеметсіз бе)

2.Ал қоштасқанда не дейді?

(сау болыңыз)

3.Егерде, байқаусызда біреуді итеріп қалсаң не деу керек?

(кешіріңіз)

4.Өтініш айтқанда не деу керек?

(мархаббат)

5.Көмек үшін қалай алғыс айтады? (рахмет) (5 гүл)

Сәлемдесу көлден өту үшін біз Әдептілік көпірдің тапсырмасын орындадық.

3.Қараңдар, Көңілді алаңқайындағы гүлдерге не болды? Гүлдер ханзадасы көңілсіз, оның достарының жапырақтары қарайып кетіпті. Ханзада көңілді түстерді жақсы көреді, оған көмекке кемпірқосақ түрлі—түсті шықтар беріп жіберіпті. Біз жапырақтарды шықпен безендірейік. Гүлдер хазандасы күлімдеп, гүл ашылады. (жеміс) Жолымызды жалғастырайық. 4.Қараңдар, Қамқор тоғайы. Тыңдаршы, біреу жылап жатыр. Бұл қоян ғой. Біз оған арнап көңілін көтеру үшін тақпақ оқып берейік. Біздің қоян жаңбырдың астында қалып қойыпты: қане, орамалмен сүртіп, сәбіз берейік ауырып қалмасын.(1 жеміс) Қоян балаларға ойын ұсынады. Жақсы істер айтса: алақай! – деп шапалақтаймыз; жаман істер болса: фу! Деп аяқтарымызбен топылдатамыз.

-үлкендерге көмек беру;

-кішкентайларды ренжіту;

-қыздарды қорғау;

-ойыншықтарды алып қою;

- итті тамақтандыру;

-мысықтың құйрығынан тарту;

-гүлдерді суару.

Қоян көңілденді және жылынды.

Қараңдар, көңілсізденіп аю отыр. Оған да арнап тақтап оқып берейік. Аюдың бізге тапсырмалары бар: қане, үстелге назар аударыңдар. Осы заттармен қандай мейірімді істер жасауға болады? (4 жеміс)

Қараңдар Мейірімділік ағашы қарсы алып тұр бізді. Қане, біз ағашқа гүлдері мен ғажайып жемістерін жапсырайық. Есімізге түсірейік қандай мейірімді сөздер айттық, жақсы істер жасадық:

-Күнге мейірімді сөздер айттық.

-Сәлемдесу көпірмен амандастық.

- Әдептілік көпірдің тапсырма сын орындадық.

-Гүлдер ханзадасына көмек бердік (түймелермен гүлдерді безендірді)

-қоянға көмек бердік

-аюға тақпақ айтып, тапсырмасын орындадық

Қараңдаршы, қандай әдемі мейірімді ағаш. Ағаш балаларға ғажайып жемістерін береді. Бұл жемістерді үйдегі жақын адамдармен бірге жеу керек, сонда ғана оның тәттісің сезесіңдер.

Гүлдерім мен жемістерімді қайтарған үшін рахмет. Енді сендер мынау жолмен барсаңдар бақшаларыңа тез жетесіндер.

Қорытындылау

Ағаштың тамырлары – мейірімді ойларың, гүлдері – мейірімді сөздерің, жемістері – мейірімді істерің. Ал, енді біз қысқа жолмен балабақшаға қайтайық.

«Что такое доброта?» әні орындалады.








Балалардың жауаптары.






Балалар назар аударады,



Балалар келіседі












Балалардың жауаптары

- Күлімдеген күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
- Таза мөлдір су мейірімді!
- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
- Тату-тәтті достарым мейірімді!


Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бір жандарға,

Ертеменен, ақ пейілмен:

«Қайырлы таң!» - деймін мен.

Күндіз де елді елеймін:

«Қайырлы күн!» - тілеймін.

Үйге кешке келемін,

Не дерімді білемін:

«Кеш жарық!» - деп кіремін.






















Балалар түймелермен гүлдерді берендіреді.



Балалар тақпақ оқиды:

Қатты жаңбыр астында

Қоян иесіз қалыпты.

Орындықтан түсе алмай,

Бас-аяғы суға малыныпты









Қызыға қатысады



Қонжығым жерге құлады,

Жұлынып қалды аяғы.

Сақтаймын енді биікте,

Мен үшін қымбат тұрады.


дәндермен құстарды тамақтандаруға, гүлді суаруға немесе сыйлауға, ойыншықты жөндеуге, қағазға сурет салып жақын адамға сыйлауға









Ағашқа гүл жапсырады

Жеміс жапсырады





Күтілетін нәтиже:


БІЛУ КЕРЕК: Мейірімді сөздерді білу .


БОЛУЫ КЕРЕК: Балалар мейірімділік туралы түсінік .

ІСТЕЙ БІЛУІ КЕРЕК: мейірімді істер жасауды .







Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқу іс-әрекеті «Мейірімділік»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по оценке имущества

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мейірімділік – жаратылысты уыздай ұйытқан ең басты құндылық. Мейірімділік болмаса, күллі әлем мағынасыз маңып, хаос белең алар еді. Өйткені, ғаламдағы барлық нәрсе мейіріммен жаратылған, мейірім саясында белгілі бір тәртіп пен үйлесім арқылы мән табады. Ғайыптан келген мейірім шуағы арқылы жер мен көкті жарастырған тәртіп пен жүйе орнады. Алып ғаламнан ұсақ бөлшектерге дейінгі күллі жаратылыс адам ақылы жетпейтін осынау ғажап үйлесімділікке, сағаттың тіліндей мінсіз айналған керемет жүйелілікке мейірім арқылы қауышты. Адам бойында қалыптасқан, халқымыздың асыл, абыройлы қасиеттерін көрсететін әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық іспеттес небір құндылықтары бар. Осындай асыл құндылықтар адам баласының тегіне байланысты десек, қателеспейміз. Бала дүние есігін ашқаннан бастап, өмірге деген қызығушылығы артып, көп нәрсені тани бастайды. Жүрген ортасына қарай баланың мінез - құлқы қалыптасып, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Адам бойындағы небір сезімдер мен адами қасиеттер нақ осы кезде көрініс табады.          «Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» - деген екен данышпан халқымыз. Қазіргі жастар тәрбиесінде жүректі ізгілендіру, жүректі нұрландыру арқылы адам жанына әсер ету үрдісі кең қолданылып келеді. Кезінде Абай атамыз да өзінің қара сөздерінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» - деген. Адамшылық, мейірбандық қасиетті бойына сіңіріп, әрбір адам баласын «өз бауырым» деп ойлауы керек. Мейірімділік дегеніміз не? Мейірімділік – ол басқалардың игіліг үшін қамқор болу. Мейірімділік адамдармен,  жануарлармен, табиғат пен қарым-қатынаста байқалады. Шынайы мейірімді болу-өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор болу дегенді білдіреді. Ол рақымшылдық пен аяушылық. Мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұрады. Ботаснан айрылған аруана сай-сүйегіңді сырқыратып, төбе құйқаңды шымырлатып боздағанын естідіңдер ме? Бір сәт елестетіп көріңіздерші. Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады. Қыз баланың адамгершілігі, тәрбиелілігі, сұлулығы сыртқы көрінісінен ғана емес, ішкі көрінісімен тең болу керек. Қазақ қыздарының нәзік жаны мейірімділік, қамқорлық аясында өсіп, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу мінезі қалыптасуы керек. Бала кезінен-ақ ата-анасын, бауырларын, ұстаздарын сыйлай білу, халқын, жерін, тілін, салтын қадірлеу өз шаңырағын ардақтай білу. Сонымен мейірімділік деген не? Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. “ Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкерім). Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн “кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген. Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. Мейірімді болсаңыз ғана мейірімге бөленесіз. Кез келген жаратылысқа мейірімділік танытып, меселін қайтармаған жан мәңгілік әлемінен сол сәтте қарша бораған мыңдаған сүйіншінің астында қалады.   

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 063 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.05.2014 2552
    • DOCX 53 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумабекова Сагыныш Багитжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26146
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Судебные процессы и их особенности

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Эффективные практики по работе с тревожностью

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 112 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 51 человек