Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ПӘНГЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ПӘНГЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

библиотека
материалов

Күдербаева Жұлдыз Сеилкановна

Жанғұлова Айман Ғазизовна

Өскемен қаласы.

Облыстық математика, физика, информатика саласындағы мамандандырылған, дарынды балаларға арналған мектеп – лицей.



ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ПӘНГЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

  Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуі отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етуде. Сондықтан болар бүгін мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жаңаша Кембридж Университетінің оқыту жүйесін негізге ала отырып, білімін көтеру басталды. Білім беру мен оқытудың қазіргі замандағы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланысты. Біз де осы бағдарлама бойынша 3 деңгейлік курсынан өтіп, алған білімдерімізді оқушылардың өз білімдерін мен сенімдері жайында ойландыра, сұрақтар қоя отырып, білімін толықтыруға жұмсауға, яғни біз білім беру және білім алудағы стратегияларды қарастыру (таңдау, зерттеу, танысу т.б.) мүмкіндік алдық. Әр оқушының өз болжамдарына күмәнмен сыни тұрғыдан ойлай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін терендетіп, алған білімдерін сабақтан тыс қолдана білуіне көмегімізді тигізу. Біздің алдымыздағы тұрған міндеттеме – құзырлы мұғалімнің алдында оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу. Біздің түсінігімізше, құзырлы маңызды фактор мұғалімнің оқушының өз бетімен тақырыпты меңгеруін, түсінуі және өз іс- әрекетін, білімін бағалай алуы болып табылады.

Дәстүрлі сабақ беру барысында оқушы сыныпты мұғалімнің территориясы деп таныған. Барлық мұғалім сабақты өзі түсіндіріп, ережені өзі қорытып, қорытынды жасап, оқушыны ойлау қабілетінен айырған. Осындай әдіс – тәсілдің нәтижесінде оқушы сабақта салғырт, немғұрайлылық танытып, білімге деген құштарлығын жоғалтудың аз – ақ алдында қалды. Оқушылар тек баға үшін ғана оқитын болды. Олардың мақсаты -күнделікті азғана жинақтаған білімдері бағаланса болғаны. Күнделікті сабақ алдыңғы сабаққа ұқсас, қызықсыз өтетінін түсіндік. Оқушылар өз ойларын жеткізуге қорқатын, әрі тырыспайтын жағдайға жетті. Кейбір оқушы өз ойын жүйелі түрде жеткізе алмайды. Осыны қорытындылай отыра, біз оқытудың білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдерін, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, білім берудегі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, талантты және дарынды оқушылармен оқыту және жұмыс жасау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту, білім берудегі басқару және көшбасшылық сияқты сабақтарда қарастыратын жеті модульдің идеясын таңдап алдық.

Оқытудың жаңа түрінде оқушы өте маңызды роль атқара алады. Олар достарымен қарым – қатынас арқылы белсенді түрде білімдерін жинақтайды. Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру  әр ұстаздың мақсаты екені анық. Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі,әр түрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді, сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін, мәдениетті тұлға.

Қазақ тілі мұғалімдердің алдында оқушыларды қазақша өз ойын жеткізе білу мақсаты тұр. Осыған орай күнделікті сабақ жоспарын құру барысында жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар таңдап алуда тыңғылықты жауапкершілікпен қарадық. Жаңа форматтағы сабақты өткізу үшін біз алдымыздағы оқушыны сынып жетекшісі, психологтың көмегімен анкета өткізіп, оған сараптама жүргізу арқылы оқушыны жан – жақты зерттедік. Оқушының араласатын достарын, жақтыртпайтын сыныптастарын, әуестігін анықтаған мәліметіміз топпен, жұппен жұмыс істеу барысында көп көмегін тигізді. Кейбір оқушы біз білмейтін жаңа қырыннан ашылды. Үш айлық курстан кейін біздің көзқарасымыз сабақты ұйымдастыру үрдісіне ғана емес өзіміздің кәсіби біліктілігімізді өзгертуге, жетілдіруге ықпалын тигізді. Бұл бойымыздағы өзгерісті балалар ғана емес, әріптестеріміз де сабақ беру барысында да сезінді. Қазір сабақта тіл дамыту мақсатымен Блум таксономиясына сәйкес сұрақ қою түрін өзгерттік. Біз бұрынғыдай сұрағымызға бір текті жауапты қанағаттанбай, оқушыны ойландыруға тырыстыратын күрделі, ахуалды сұрақ қоюға көштік. Осы әрекеттерімізбен біз өзіміздің сабағымызда қазіргі педагогикалық технологияларын әдіс – тәсілдерді қолданып, оқушыны сыни тұрғыдан ойлауын дамытумен қатар, өзіміздің, яғни мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамытып жүрміз. Оқушылар алған ақпараттарын синтездеу қабілетін, ақпараттың шынайлығын салыстырмалы түрде ойлана білу қабілетін дамыту үшін қолданылған әр түрлі Венн диаграммасы, Оқи отырып, түртіп алу, Инсерт, Білемін, білдім, білгім келеді, Рондель, Синквейн, Шығармашылық матрица стратегиялары оқушылардың қазақ тілін үйренуге қызығушылығын арттыруда. Осы арқылы ойды қозғату, ояту жүзеге асады.Тіл үйрету- белсенділікті талап ететін іс-әрекет Топтау, Түртіп алу, Жұпта талқылау, Болжау стратегияларында жинақталып, оқушыға өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, сыныптасымен бөліседі, тобында талқылайды, яғни, айту, өз ойын бөлісу, талқылау, ортаға салу арқылы оның ойлау қабілеті дамиды, өз бетінше ойлауға бірте-бірте жетіле бастайды. Оқушы жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастыруға үйренеді. Оқушылар білетіндерін анықтап, білмейтіндерін сыныптастарынан сұрап алуға үйренеді. Осыған орай, Бес жол өлең, Сематикалық карта, Еркін жазу, Т кестесі сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтап қолдануға тырысып жүрміз. Әр сабақта барлық стратегияларды қолдану мүмкін еместігіне көзіміз жетті, өйткені бұған тілдік кедергі, уақыт факторы кедергі келтіреді. Тілдік кедергіні жою үшін белгілі тақырыпқа диалог, сөздік жұмысын интерактивті тақтада Шымылдық әдісімен тексеру, осы сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құрау, қазақ тіліне тән әріптерді айтып, оларға дыбыстық сипаттама беру сияқты жұмыс түрлерін кеңінен қолданып жүрміз. Рас, жаңа форматты сабақ беру тәжірибеміз бір- ақ жыл, алайда сабағымызды жоспарлау барысында біз оқушының қандай жетістік қол жеткізетінін және сабақ жоспарлау барысындағы кемшілік, олқылықтарды болжап, оларды жоюды қарастыру жолдарын үйреніп жүрміз..

Оқушылар да әрбір сабақтан соң сабаққа талдау жасап, нені үйренгенін, қандай табысқа қол жеткізгенін түсініп, рефлексия жасауға талпынып жүр. Осындай сабақты қызығушылықпен тосып, келесі сабақта немен айналысатынымызды сұрап, қосымша материалдар жинақтап, сабақты қызықты, мәнді өткізуге өз үлестерін қосуда. Осындай сабақ беру барысында оқушылар бір – біріне көмектесіп, үздік оқушы білімін ортаға салып, үлгерімі төмен оқушыға түсіндіріп, көмегін аямайды. Ең бастысы оқушылар сабақта берілген тақырып бойынша әрбір оқушының пікірінің маңыздылығын, қате жауаптың жоқтығын түсінді. Бірақ пікір алмасу, сараптама жасау барысында дұрыс шешім, жауап табуға үйретіп жүрміз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде біздің сабағымызда оқушылар арасында:

-белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды:

- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;

- бір-біріне құрметпен қарауға;

- бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;

- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;

- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;

- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;

- достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге үйренеп жүр.

Сыни ойлау деген, біздің ойымызша, әр жеке тұлғаның кез – келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлауды біз: өзіндік, жеке ойлау түсінеміз. Ол, оқушының өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжербиенің бірлігі. Қазіргі заман форматындағы оқушы біздің ойымызша:

1. Өздерінің түсініктерін құра алатын, өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатын;

2. Өзінің және сыныптасының іс әрекетіне дұрыс әрі нақты баға бере алатын;

3. Белгілі тақырып бойынша сындарлы, жан-жақты терең зерттеп, қолындағы дәлел, дәйектерді орынды пайдаланып, ұтымды сөйлей білетін;

4. Ғаламтор әлемінде өзіне керекті білімді сұрыптай, ақпараттық, баспасөз беттерінде жарияланған материалдарды өз жұыстарында барынша толық қолдана білетін;

5. Инновациялық коммуникативтік технологияларды жетік меңгерген қазіргі заманға сай ойлай білетін оқушыны тәрбиелеу.

Сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды,, сын көзбен қарайды,пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін – өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады, қызығушылықты дамытады, қызығушылықты артырады, кез – келген сабақты меңгертеді, оқушы өзін – өзі тәрбиелейді.

Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.Біздің ойымызша, елімізге заман талабына сай қалыптын тыс ойлай алатын, шұғыл шешім қабылдай алатын, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамыту жолдарын қарастыруымыз керек. Мұғалім бұндай жүиемен жұмыс істегенде, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс.








Краткое описание документа:

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ПӘНГЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН  ҚАЛЫПТАСТЫРУ     Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуі отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етуде. Сондықтан болар бүгін мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жаңаша  Кембридж Университетінің оқыту жүйесін негізге ала отырып, білімін көтеру басталды. Білім беру мен оқытудың қазіргі замандағы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланысты.  Біз де осы бағдарлама бойынша  3 деңгейлік курсынан өтіп, алған білімдерімізді оқушылардың  өз білімдерін мен сенімдері жайында ойландыра, сұрақтар  қоя отырып,  білімін толықтыруға   жұмсауға, яғни біз білім беру және білім алудағы стратегияларды қарастыру (таңдау, зерттеу, танысу т.б.) мүмкіндік алдық. Әр оқушының  өз болжамдарына күмәнмен сыни тұрғыдан ойлай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы  өзінің түсінігін терендетіп, алған білімдерін сабақтан тыс қолдана білуіне көмегімізді тигізу. Біздің алдымыздағы тұрған міндеттеме – құзырлы мұғалімнің алдында оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу. Біздің түсінігімізше, құзырлы маңызды фактор мұғалімнің оқушының өз бетімен тақырыпты меңгеруін, түсінуі және өз іс- әрекетін, білімін бағалай алуы болып табылады.      Дәстүрлі сабақ беру барысында оқушы сыныпты мұғалімнің территориясы деп таныған. Барлық мұғалім  сабақты өзі түсіндіріп, ережені өзі қорытып, қорытынды жасап, оқушыны ойлау қабілетінен айырған. Осындай әдіс – тәсілдің нәтижесінде оқушы сабақта салғырт, немғұрайлылық танытып, білімге деген құштарлығын жоғалтудың  аз – ақ алдында  қалды. Оқушылар тек баға үшін ғана оқитын болды. Олардың мақсаты -күнделікті  азғана жинақтаған білімдері бағаланса болғаны.  Күнделікті сабақ алдыңғы сабаққа ұқсас, қызықсыз өтетінін түсіндік. Оқушылар өз ойларын жеткізуге қорқатын, әрі тырыспайтын жағдайға жетті. Кейбір оқушы өз ойын жүйелі түрде жеткізе алмайды. Осыны қорытындылай отыра, біз оқытудың білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдерін, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, білім берудегі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, талантты  және дарынды оқушылармен оқыту және жұмыс жасау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту, білім берудегі басқару және көшбасшылық сияқты сабақтарда қарастыратын   жеті модульдің идеясын таңдап алдық.           Оқытудың жаңа түрінде оқушы өте маңызды роль атқара алады. Олар достарымен қарым – қатынас арқылы белсенді түрде білімдерін жинақтайды. Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру  әр ұстаздың мақсаты екені анық. Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі,әр түрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді, сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін, мәдениетті тұлға.  Оқушылар алған ақпараттарын синтездеу қабілетін, ақпараттың шынайлығын салыстырмалы түрде ойлана білу қабілетін дамыту үшін қолданылған  әр түрлі Венн диаграммасы, Оқи отырып, түртіп алу, Инсерт, Білемін, білдім, білгім келеді, Рондель, Синквейн, Шығармашылық матрица стратегиялары оқушылардың қазақ тілін үйренуге қызығушылығын арттыруда. Осы арқылы ойды қозғату, ояту жүзеге асады.Тіл үйрету- белсенділікті талап ететін іс-әрекет Топтау, Түртіп алу, Жұпта талқылау, Болжау стратегияларында жинақталып, оқушыға өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, сыныптасымен бөліседі, тобында талқылайды, яғни, айту, өз ойын бөлісу, талқылау, ортаға салу арқылы оның ойлау қабілеті дамиды, өз бетінше ойлауға бірте-бірте жетіле бастайды. Оқушы жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастыруға үйренеді. Оқушылар білетіндерін анықтап, білмейтіндерін сыныптастарынан сұрап алуға үйренеді. Осыған орай, Бес жол өлең, Сематикалық карта, Еркін жазу, Т кестесі сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтап қолдануға тырысып жүрміз.   Әр сабақта барлық стратегияларды қолдану мүмкін еместігіне көзіміз жетті, өйткені бұған тілдік кедергі, уақыт факторы кедергі келтіреді. Тілдік кедергіні жою үшін белгілі тақырыпқа диалог, сөздік жұмысын интерактивті тақтада Шымылдық әдісімен тексеру, осы сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құрау, қазақ тіліне тән әріптерді айтып, оларға дыбыстық сипаттама беру сияқты жұмыс түрлерін кеңінен қолданып жүрміз. Рас, жаңа форматты сабақ беру тәжірибеміз бір- ақ жыл, алайда сабағымызды жоспарлау барысында біз оқушының  қандай жетістік қол жеткізетінін  және сабақ жоспарлау барысындағы кемшілік, олқылықтарды болжап, оларды жоюды қарастыру жолдарын үйреніп жүрміз..                      
Автор
Дата добавления 03.05.2014
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров797
Номер материала 93133050316
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх