Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Жобалау технологиясы бойынша студенттермен жұмысты ұйымдастыру тәжірибесінен

Жобалау технологиясы бойынша студенттермен жұмысты ұйымдастыру тәжірибесінен

библиотека
материалов


М. Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжі

hello_html_6b86214d.png














Баяндама тақырыбы: Жобалау технологиясы бойынша студенттермен жұмысты ұйымдастыру тәжірибесінен 



Баяндамашы:: Мухтарханова Багдагуль Диханбаевна









«Жалпы кәсіптік» пәндік

циклдық әдістемелік

комиссиясында құпталды

Хаттама №___

«______»________ 2014 ж.

ПЦӘК төрайымы

______________________ Сәнкібаева А.Ж.




Астана 2014






Күні:

Жобалау технологиясы бойынша студенттермен жұмысты ұйымдастыру тәжірибесінен

Тақырыптың өзектілігі: 

Білім мазмұны да студенттердің өз бетінше білім алуға, оны практикада қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған, яғни студенттерді зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек.Сондықтан да жобалау технологиясын ұйымдастыру тақырыбына арналған бұл жұмыстың өзектілігі осында.

Жұмыс зерттеу мақсаты: информатика сабақтары барысында және сабақтан тыс уақытта студенттердің жоба жұмыстарын ұйымдастыру тәжірбиесін талдау, оның тиімділігін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

1.       Тақырып бойынша ғылыми жұмыстармен танысу.

2.       Жұмыстың теориялық бөлімін жасау.

3.       студенттердің жоба жұмыстарына талдау жасау.

4.       Тақырып бойынша қорытынды жұмыстарды рәсімдеу.

Зерттеу әдістері:

1.Әдебиетке теориялық анализ жасау.

2.       Сауалнама өткізу.

3.       Жоспарлау.

4.       Жеке студенттермен және топ мүшелерімен сұхбат өткізу.

Күтілетін нәтиже:

  1. Жасампаз және өнерпаз тұлғаның қалыптасуы.

  2. Тілдік қорының кеңеюі, жобаны қорытындылай білу

  3. Еңбекті бағалай білетін тұлға 

Ағылшын тілінен аударғанда бірге үйрену деген мағынаны білдіреді.

 Қазақ педагогикасының атасы Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық»  деген өлең жолдарында осы технологияның негізгі ұстанымдары жатыр.

Өйткені, бұл технологиялық оқудағы оқытушы мен студенттің іс- әрекеттері түбегейлі өзгереді.

Салыстырып көрелік:

1 кесте

Студенттің информатика сабағындағы іс-әрекеті:

Оқытушының іс-әрекеті:

-студент-оқыту субъектісі.

-Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы, нақты мақсат қоюшы.

-Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект.

-Бағыт-бағдар беруші, кеңесші.

-Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы.

-Студенттің жетістігін құптаушы.

-Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі.

-Ынталандырушы, мақсат қоюшы.

-Өз ізденісімен табысқа жетуші шығармашылық тұлға.

-Мақсаттарға жетелеуші.



Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсатым – студенттердің қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы студенттің болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.

Студенттердің жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарыда айтылғандай, оны жоспарлай білу қажет.

2 кесте

Жоба жұмысы кезендері

Жұмыстың мазмұны.

Мұғалімнің тәрбиелік мақсатты шешудегі негізгі іс-әрекеттері.

Студенттердің іс-әрекеті.

1.   Дайындық кезеңі

Жоба тақырыбын анықтау.

Бір бағыт төңірегінде студент тақырып таңдауға ынталандырады. Топтағы әрбір студенттің пікірін ескере отырып жұмысты жоспарлауға үйретеді.

Әр студент өмірлік өз тәжірбиесіне (егер ол болса), сүйене отырып, өз ойын ортаға салады, бірігіп жобаның түпкі мақсатын анықтайды.

2.    Жоспарлау.

Топқа бөлу. Ақпарат жинау және талдаудың жолдарын көрсету. Әрбір топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтау.

Студенттерді өз бетімен ақпарат жинауға бағыттайды. Әрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талқылау шешімін тыңдайды, қажет болса өз ойымен бөліседі.

Топ арасында әркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз тақырыптарын анықтау жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлап, бірінші нәтижеге жету уақытын белгілейді.

3. Зерттеу жұмысы.

Ақпарат жинау, аралық нәтижені талдау, зерттеудің негізгі құралдары: сұхбат,

анкета бақылау, алынған түрлі ақпаратты талдау.

Студент күнделігін бақылап, әрбір жетекшісімен және топ мүшелерімен жеке-жеке сөйлесу, талдау, нәтижені салыстыру арқылы алдағы жұмысқа бағыт беру.

Жеке және жұптық жұмыс, анкета сұрақтарын құрастыру. Қажет болса сценарий жазу, қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас қалыптастыру. Білімін әр пәндік салада кеңейтеді, түрлі қоғамдық жұмыстармен танысады, шығармашылық, белсенділік, талаптылық қасиеттерін бойында қалыптастырады.

  1. Нәтиже-

ні талқылау.

Ақпаратты талдау, шешім шығару,тұсау кесердің қандай түрде өтетінін жоспарлау.

Бақылайды, кеңес береді. Топ ішіндегі жеке студенттердің еңбегін бағалай отырып, бірігіп қорғау үшін ынтымаққа бір-біріне деген сыйластыққа шақырады.

Топ арасындағы әркімнің ролін анықтап, алынған ақпараттың арасынан ең негізгіні белгілеп жазады.

5. Жұмыс-

тың тұсау кесері.

 

Тыңдайды, проблемалық сұрақтарды қоя отырып, студент сөйлетуге мүмкіндік жасайды.

Алынған нәтиже туралы есеп береді. Бір-бірін мұқият тыңдайды, сөйлеу мәдениетін ескере отырып бір-бірінің ойларын жалғастырып отырады.

6. Бағалау

және жоспарлау.

 

Шығармашылық жұмысты бағалайды, еңбек иелерін алдағы үлкен мақсаттарға жетелейді.

Ұжымды талқылай отырып бір-біріне, өздеріне баға береді, алдағы жұмыс құрайды.

Технологиядағы жобаның түрлері:

  • Ғылыми жоба;

  • Шығармашылық жоба;

  • Ойын түріндегі жоба;

  • Ақпараттық жоба және т.б. түрлері бар.

Қорыта айтқанда әр бағытқа конференцияларға төмендегідей қызықты тақырыптарды студенттер өз еркімен таңдады және аталған тақырыптар бойынша жүлделерге ие болды. Мысалы:

  • Ақпараттық бағдарламаны қолдану арқылы Астана қаласының экологиясын жақсарту жобасы /Республикалық ғылыми практикалық конференция/

  • «Бірлігі жарасқан Тәуелсіз Қазақстан» /Қалалық ғылыми практикалық конференция/

  • «Компьютерлік вирустар мен биологиялық вирустар айырмашылығы»,

  • «Ел экономикасы халықтың болашағы» / қалалық ғылыми практикалық конференция/

  • «Өнер –туыстықтың, достықтың кепілі»

/Республикалық ғылыми практикалық конференция/

  • «Елордада салауатты өмірді қолдау менің мақсатым» / ІІ қалалық форум/

  • «Менің Қазақстаным, менің жерім!» / қалалық ғылыми практикалық конференция/

Жобалау технологиясын қолдану қиыншылықтары мен шекаралары:
Жобалар әдісі оқу үрдісінде шешімі үшін әр түрлі салалардан білімнің шоғырлануын, және де зерттеу әдістерін қолдануды қажет ететін қандай да бір зерттеушілік, шығармашылық тапсырмалар пайда болған жағдайда қолданылады.  (мысалы мәселелерді зерттеу; белгілі бір тақырыпты: өндірістің әртүрлі салаларының орналасу мәселесі, т.б. ашатын бір мәселеге мемлекеттің әртүрлі аймақтарынан, жер шарының басқа мемлекеттерінен репортаждар сериясын құру).





Пайдаланылған әдебиеттер


  • Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. Учеб.пособие для студ.пед.вузов и системы повыш. пед. кадров.- М.: Издательский центр“Академия”, 2001-272б.

  • www.vkgu.kz сайты;

  • Ұстаздар шығармашылығы сайты


Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Жобалау технологиясы бойынша студенттермен  жұмысты ұйымдастыру тәжірибесінен Тақырыптың өзектілігі:  Білім мазмұны да студенттердің өз бетінше білім алуға, оны практикада қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған, яғни студенттерді зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек.Сондықтан да жобалау технологиясын ұйымдастыру тақырыбына арналған бұл жұмыстың өзектілігі осында. Жұмыс зерттеу мақсаты: информатика  сабақтары барысында және сабақтан тыс уақытта студенттердің  жоба жұмыстарын ұйымдастыру тәжірбиесін талдау, оның тиімділігін анықтау. Зерттеу міндеттері1.       Тақырып бойынша ғылыми жұмыстармен танысу2.       Жұмыстың теориялық бөлімін жасау.3.       студенттердің жоба жұмыстарына талдау жасау.4.       Тақырып бойынша қорытынды жұмыстарды рәсімдеу.

Общая информация

Номер материала: 93510050345

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG