Инфоурок Иностранные языки Рабочие программыЗат есімнің септелуі. 7-ші сынып

Зат есімнің септелуі. 7-ші сынып

Скачать материал

                                                                                                            Астана қаласы

                                                                                                   № 8 орта мектептің

                                                                                      қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

                                                                                          Утепова Салиха Қамбаровна

                                                             Қазақ  тілі    

                                                            ( 7- сынып)

                                                       Зат есімнің септелуі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:оқушылардың септік жалғауы туралы  алған білімдерін  толықтыру, қазақ

тіліндегі басқа жалғаулардан ерекшелігін түсіндіру.

2.Дамытушылық: оқушыларды терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға дағдыландыру,шығармашылық қабілетін шыңдау;

3.Тәрбиелік: ата –баба дәстүрін құрметтейтін,  адал достықтың қадіріне жететін, елін сүйетін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу

Типі : жаңа сабақты  меңгерту

Әдіс –тәсілдері: жаңа білімді меңгерту,  баяндау,сұрақ – жауап,  көрініс, талдау жұмысы

Көрнекілік: интерактивті  тақта, слайдтар

Пәнаралық байланыс: орыс тілі , әдебиет

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру:

1.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын  қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1 Сұрақ – жауап әдісі

а)Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

 ә)Зат есім деп қандай сөздерді айтамыз?

б) Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?

в)Зат есім мағынасына қарай қалай бөлінеді?

г) Зат есімнің қандай жалғаулары бар?

2. Терме диктанты ( Дәптерлеріне зат есімнен болған сөздерді ғана теріп жазады)

   Тапқыр, терезе, кешке, жүгірді, ағаш, мейірім, сүйкімді, алты, жирен сары, қысты-гүні, кітап, ғылым, жетінші, таза, қарлығаш, жайлау, орындады, шапшаң, алтын.

        ( Тапсырманы  дұрыс орындағандарын  интербелсенді тақтадан көрсету)

ІІ. Жаңа сабақ. Мағынаны ашу.

     Қазақ халқы- өз шежіресін, жеті атасын білетін халық. Ол өзінің ата тегін білгенде ғана  тарихын ұмытпайтын, салт -дәстүрін білетін, үлкендерді құрметтейтін, кішіге ізетпен қамқор болатын , елін сүйетін азамат бола алады.

      Біздің халқымыз ғана емес, сөздеріміз де, асыл қазынамыз да өздерінің тегін, мағы-насы мен қызметін жетік біліп, тәрбиеге көп көңіл бөледі екен.

     Соның бірі – сөз таптары. Қазір біз Зат есім патшалығына саяхат жасап, олардың шежіресімен танысамыз.

       Зат есім патшасының  бір – бірінен алғыр, ақылды, көкжалдай өткір төрт ұлы болыпты. Ұлдарының мінезі әр түрлі болса да, олар өз мемлекетіне адал, елін сүйетін,

әкесін ардақ   тұтатын азаматтар  болып өсіпті.

  Үлкен ұлы көпшіл, көптеген адамдармен қарым-қатынас жасайтын, жайдарлы болыпты.

   Екінші ұлы өз перзенттерін аса қадірлеп, тапқан дүниесін  төрт ұлына  ғана бөліп беріп отырар екен.

    Ал үшінші ұлынан жеті немересі болыпты. Зат есімнің жеті немересі барлық жұрт-

пен бірдей қарым – қатынас жасап,  олардың алғысына бөленіп жүрер екен.

   Өздерің  байқағандай Зат есімнің бұл ұрпағы Септік деп аталады екен. Септіктің өзінен өскен, көбейген ұрпақтарын білген жан ешқашан өмірден адаспайды екен.

 Келіңдер ,Септіктің  сұрақтары мен жалғауларымен танысайық.

 ( Интерактивті тақтадан  септік жалғауының  сұрақтары мен жалғауларын көрсету)

Оқушыларға  сөздер айтып, ол сөздерді  септету, қосымшаларын  айту.

      Бүгін ауа райы бұлыңғыр болып, нөсер жауайын деп тұр. Нөсердің астында қалып кетпеу үшін, зат есімге септік жалғауын дұрыс жалғауымыз керек. Сонда күн ашылып кетеді.   Ал ,келіңдер, сөздерді септеп көрейік.

Пузырек для мыслей: облако: -ның
Свиток: горизонтальный:  Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіртіп айтады
 

 


 

 

Свиток: горизонтальный: Досың... пышағымен мүйіз кес,
Дұшпаныңның пышағымен киіз кес.  кескекескес.

Пузырек для мыслей: облако:     -ты
 

 


               

 

Пузырек для мыслей: облако:     -та
 

 

 

 

 

 

 

 

 


Свиток: горизонтальный: Досың...  дос болғанға шаттан,
Дұшпаныңмен  дос болудан  сақтан.
Свиток: горизонтальный: Ақымақ дос...ақылды жау жақсы
Свиток: горизонтальный:  Адал дос... ақың кетпейді.
                                                                                                                                   

 

Пузырек для мыслей: облако:    -мен
Пузырек для мыслей: облако:     -қа
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


  -   Балалар, достық дегеніміз не? Қане, кімнің досы бар қолдарыңды көтеріңдер ше?

   Достықты әрқашан қадірлеп, қастерлеу керек. Себебі, дос- сенің жан серігің, сырла-сың, жаныңнан табылатын мұңдасың.

 

   Келіңдер, достық туралы  Әйтімбет бидің айтқан нақыл сөздеріне көрініс тамашалайық ( Көрініс: «Достық туралы»)

    Сұрақтар:

          Әйтімбет би неліктен достықты: адал достық және амал достық деп ажыратып отыр деп ойлайсыңдар?

         Сендер өздеріңнің достарыңның қандай дос болуын қалар едіңдер?

          Осындай достық туралы және қандай  оқиғалар білесіңдер?

 

        Жеті саны қазақта киелі болып саналады. Жеті санына қатысты көптеген атаулар аталады.  Ал, балалар, сендер осы жеті санына байланысты  халқымыздың  қандай сөздерін білесіңдер?

 Мысалы : 

 

       7 ата                              7  қазына                                    7 септік               

      1. Ата                            1. Ер жігіт                                   1. Атау септік

      2. Әке                            2. Сұлу әйел                               2. Ілік септік      

      3. Бала                           3. Өнер - білім                           3.Барыс септік                     

      4. Немере                      4. Жүйрік ат                               4. Табыс  септік

      5.Шөбере                      5. Қыран бүркіт                          5.Жатыс септік

      6. Шөпшек                    6. Берен мылтық                        6. Шығыс септік 

      7. Немене                      7. Құмай тазы                             7. Көмектес септік             

 

  Оқулықпен жұмыс

       40 – жаттығу . Ұжымдық тапсырма

    Өлеңді оқып, септелген сөздерді анықтап, септік жалғауы мен сұрақтарды ажырату

      Барлығына үлгі болар ,қарақтар,

      Байсалды да, ақылды да Марат бар.

      Жеке басым ең алдымен Мараттың

      Жасы үлкенді сыйлағанын жараттым.

      Сенбейсің бе, күнделікті парақта:

      Талай бестік қойылыпты Маратқа

      Батыл емес дей алмайсың Маратты

      Сол үйретті ауылдағы бар атты.

      Алғыссыз күн болған емес Маратта,

      Жетеді онда ынта, жігер талап та

      Қай өнер де табылады Мараттан,

      Ән салғанда жұртты аузына қаратқан

      Міне, сондай жақсы бала Маратпен

      Дос бола алмай жүргендер де бар, әттең!   

 

     41 - жаттығу  Топтық жұмыс. Оқушыларды екі топқа бөліп, әр топқа  өлеңнің екі шумағын  бөліп беремін.  Әр топ оқушылары өздеріне тиісті шумақты көшіріп жазып,  септік жалғаулы  сөз  қай септікте тұрғанын  талдап көрсетеді

 

 Толқыннан толқын туады,                                    Толқын мен толқын сырласып,

 Толқынды толқын қуады                                      Сырларын ептеп ұрласып,

 Толқын мен толқын жарысад.                              Толқынға толқын еркелеп,

  Күңіренісіп кеңеспен,                                           Меруерт көбікке оранып,

  Бітпейтін бір егеспен                                            Жыландай жүзге бұралып,  

  Жарысып жарға барысад                                     Жарға жетер ентелеп

 

-                     Өлеңді жазған Мағжан аталарың туралы не білесіңдер? Ақынның қандай өлең-  дерін  оқығансыңдар?

Келесі тапсырмамыз : Жеке оқушылармен орындалады

Оқушыларға  қызыл, жасыл, сары түсті қағаз бөліктері таратылады.

 Қызыл түсті алған оқушылар:

 «Елім деп еңіреп өткен ерлер» атты тақырыпта ойтолғау жазады

Жасыл түсті алғандар:

42- жаттығуды көшіріп, септелген сөздерді тауып, қай септікте тұрғанын анықтап көрсетіп жазу

Сары түсті алғандар:

41 – жаттығу  . Берілген сөздерді тақтаға жазып, септеп береді

 Тапсырмаларды тексеріп, оқушылардың  пікірін білу

 

І Ү Жаңа сабақты бекіту

Қай септікте тұрмын?

1. Отан- алтын ұя  ( Атау септік, не? деген сұраққа жауап береді, жалғауы - )

2. Азат  елдің аспаны ашық  ( Ілік септік, сұрағы ненің?  жалғауы- дің)

3. Отанға деген сүйіспеншілік- шексіз сүйіспеншілік( Барыс с. сұрағы неге? жал/уы-ға

4.Отанды сатқан оңбас ( Табыс септік, сұрағы нені? жалғауы –ды)

5. Бағынышты елде бақыт жоқ  ( Жатыс  с, сұрағы қайда? жалғауы – де)

6. Туған жерден өлсең де кетпе ( Шығыс с, сұрағы қайдан? жалғауы – ден)

7. Адам Отанымен, бұлбұл орманымен көрікті ( Көмектес с.  с- несімен? жалғауы-мен

Ү Сабақ қорытындылау Септік жалғауының  қызметі–   зат есімге жалғанып, оған грамматикалық  мағына үстеп ,сөйлемдегі басқа сөздермен  байланыстыру. Сондықтан бұл септік басқалармен тығыз қарым – қатынаста болып,  татулықты , бірлікті, ынтымақты ұнататын септік.  Сол себепті біз бір – бірімізбен тығыз тату болу үшін осы септіктермен достаса білуіміз қажет екен.  Сонда ғана біз өзіміздің салтымызды, дәстүрімізді , тіліміз бен тарихымызды жақсы біле аламыз. Өз тілін, тарихын, салт- дәстүрі мен әдет –ғұрпын білген де ғана өз Отанымызды сүйетін ұлтжанды азамат бола аламыз.

ҮІ. Оқушыларды  бағалау

ҮІІ Үйге тапсырма:

1.Бүгінгі тапсырмаларға ұқсас мақал – мәтелдерді септеп келу

2. М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңінен септелген сөзі бар сөйлемдерді көшіріп жазып келу

 

.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Зат есімнің септелуі. 7-ші сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

    Урок казахского языка для 7-го класса. Склонение существительного. Были приведены в пример стихи, пословицы. Ученики должны самостоятельно писать творчесткую работу. Найти в стихотворениях склонения существительного.      Қазақ тілі пәнінен 7-сыныпқа арналған Зат еімнің септелуі сабағы жаңа, тың тапсырмалармен өтілген. Оқушылар Зат есімнің септіктері мен жалғауларды мақал-мәтелдер, өлең  шумақтары арқылы табуға үйренеді. Шығармашылық тапсырмаларды орындауда оқушылардың қызығушылығын артырудың маңызы көрінеді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 281 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.05.2014 2537
    • DOCX 30.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Утепова Салиха Камбараовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Утепова Салиха Камбараовна
    Утепова Салиха Камбараовна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4977
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (английский язык)

Учитель английского языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Курс повышения квалификации

Английский язык для IT-специалистов

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 146 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек

Курс повышения квалификации

Методы билингвального обучения иностранным языкам

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Мини-курс

Теория и практика инвестиций в контексте устойчивого развития

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек