Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Ақыл азбайды, білім тозбайды
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Ақыл азбайды, білім тозбайды

библиотека
материалов


Утепова Салиха Қамбарқызы

Астана қаласы №8 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі



Сыныптан тыс сабақ



Ақыл азбайды, білім тозбайды

Мақсаты: оқушыларды өз ана тілін терең меңгеруге құштарлықтарын ояту, ана

тілінің кең қанат жаюына үлес қосуға, мақтан тұтуға тәрбиелеу;

халық ауыз әдебиетінің асыл мұрасы – мақал –мәтелдерді жатқа білуге , тұрақты сөз тіркестерінің мағыналарын ашып айта білуге , оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, ұлы тұлғалар суреттері

Жүргізуші: Құрметті, ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Ақыл азбайды, білім тоз-

байды» атты сайысымызға қош келіпсіздер. Бүгінгі сынға түсіп өз білімі мен біліктілігін көрсетпек болған шәкірттерімізді ортаға шақырайық.

1 топ «Алғырлар» тобы

2 топ «Жүйріктер» тобы

( Сайысқа қатысатын оқушылармен таныстыру)


Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!


І кезең «Тіл дәлдігі – ой дәлдігі». Бұл тапсырмада қазақ тілі пәніне қатысты сұрақтар қойылады. Қай топ тез, анық жауап берсе ,сол топ жеңімпаз аттанады.


1 топқа қойылатын сұрақтар

1. Тіл ғылымы қандай салалардан тұрады?

2. «ҚР Мемлекттік тілі – қазақ тілі» деп ҚР Конституциясының нешінші

бабында жазылған?

3.Жұрнақ пен жалғаудың айырмашылығын айтып бер.

4.Тұрақты сөз тіркесінің ерекшеліктерін атап бер.

5.Анықтауыш қызметін атқаратын септік жалғауы.

6. Жалғыз ғана жұрнағы бар етістіктің түрі.

7. Жауап алу мақсатында айтылатын есімдіктің түрі.


Жауаптары:

1. Фонетика, лексика, грамматика: морфология, синтаксис

2. 7- бап

3. Жұрнақ: сөздің мағынасын өзгертеді және сөзді түрлендіреді

4.Мағынасы бір тұтас,құрамын өзгертуге, басқа сөзбен алмастыруға болмайтын, бір сөздің орнына ғана жұмсалатын сөздер.

5. Ілік септік

6. Тұйық етістік

7. Сұрау есімдігі



2 топқа қойылатын сұрақтары

1. Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?

2.Қай сөз табы заттың сындық сипатын, қасиетін білдіреді?

3. « ҚР Мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп ҚР «Тіл туралы Заңы» ның нешінші бабында жазылған?

4. Мақал мен мәтелдің ерекшеліктерін атап беріңдер

5. Құрмалас сөйлемнің қай түрінде үтір мен сызықша қатар қойылады??

6.Меншік иесін білдіретін жалғау

7. Көңіл күйді білдіретін сөз табы


Жауаптары:

1. 3-ке: салалас, сабақтас, аралас

2. Сын есім

3. 4- бап

4. Мақалда ой нақты, дәл, анық болып, көбіне екі сөйлемнен құралады,

ал мәтелде ой ишара, сілтеме түрінде болып, жалғыз сөйлем болып келеді.

5. Қарсылықты салалас құрмалас

6. Тәуелдік жалғау

7. Одағай сөз


ІІ кезең. «Мықты болсаң, тауып көр» деп аталады. Бұл тапсырмада аталардың нақыл сөздерін пайдаланамыз. Мақалдың айтылмаған сөзін тауып, толықтырып айту

1 топқа қойылатын сұрақтар

1. Жалғыздың несі шықпас? ( үні)

2.Кім жаныңа жолдас? Кім малыңа жолдас? ( Жақсы, жаман)

3. Талаптыға не жауар? ( нұр)

4. Ат шаппайды, не шабады? (бап)

5.Кімнің ертеңі бітпес? (еріншектің)

6.Аңдымай сөйлеген, қалай өледі? ( ауырмай)


Қосымша тапсырма:

( Мақалдың бөліктерін біріктіру қажет)

hello_html_4cbb7abc.gifhello_html_m129ecac8.gifhello_html_4cbb7abc.gif

Еңбектің Құлақ Ырыс

Шешеннің ортақ Көз Ерлік

Ақынның Бас батыр Бірлік жүректе

Өнердің Аяқ Ынтымақ



1. Шешенің тілі ортақ, шебердің ісі ортақ. 2. Көз- қорқақ, қол – батыр.

3.Ерлік білекте емес, жүректе.


2 топқа қойылатын сұрақтар

1.Болар бала нешесінде бас болар? (он бесінде)

2.Баласыз үй қандай? (мазар)

3.Атаң өлсе өлсін, кім өлмесін? (атаңды көрген)

4. Қандай әйел көрікті (баласын емізіп отырған)

5. Отанды сүю неден басталады? (отбасынан )

6. Ата көрген не жонар? ( оқ)

hello_html_m577bb269.gifhello_html_44ef6128.gif

Хhello_html_50381187.gifалық Үлкен қостар Алып

Жұрт бесік Кең Қорқақ

Ел Ұзын Палуан ана

Ту Қысқа Күшті


1. Ел іші – алтын бесік. 2. Үлкен бастар, кіші қостар. 3. Алып анадан туады.


ІІІ кезең «Ойлы болсаң, озып көр» Тұрақты сөз тіркестері сөздің мағынасын дұрыс таба алатындар үшін қызық та, көңілді шарт. Яғни тұрақты сөз тіркестерінің тура мағынасын табу шартын бастаймыз.



1 топ

Ит терісін басына қаптау – ұрысу

Қыздың жиған жүгіндей – ұқыпты

Ала жіпті аттамау – ұрламау, қиянат жасамау

Қас пен көздің арасында – тез, лезде, шапшаң

Ат төбеліндей – кішкентай, аз

Үріп ауызға салғандай – сүйкімді



2 топ

Төбе шашы тік тұру – шошу, қорқу

Ит басына іркіт төгілу – молшылық

Тайға таңба басқандай – анық, айқын

Ит арқасы қиянда – алыста

Аузын бұған өгіздей – үндемеу

Дүние есігін ашу – өмірге келу



Ана тілім – айбыным,

Сарқылмайтын байлығым.

Осы тілде ұғамын,

Тарихымның барлығын

ІҮ кезең «Таза мінсіз асыл сөз». Оқушыларымыз бұл шартта шешендсөздерді мәнерлеп оқу өнерімен сайысады. Өлеңді сазына, нақышына келтіріп оқу да – өнер.

Ү кезең: Қазақ тілі - қазақ халқының кешегісі мен бүгінгісін бейнелеп көрсететін тіл. Ана тіліміз туралы айтылған ой – пікірлер бәрімізді де ойландырып, толғандыра түседі . Бұл кезеңдегі сайысымыздың шарты – қазақ тілі тілі туралы айтылған ақын –жазушыларымыздың, ғұламаларымыздың қанатты сөздерін айту. Кім көп нақыл сөз айтса, сол осы кезеңнің жеңімпазы болады .


Мысалы:

Қазақ тілі үш тілдің бірі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді.

Н. Ә. Назарбаев


Ұлттың ұлт болуына бірінші шарт- тіл.

М. Жұмабаев


Түркі халықтарының ішіндегі ең суретті, бейнелі тіл – қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты.

С. Е. Малов


ҮІ кезең. Қазақтың біртуар жазушысы Ғ. Мүсірепов «Қазақ тілі – бай тіл, оралымды, ырғақты, теңеу бейнелері ерте туған тіл» деген. Сондықтан қазіргі сайысымыз «Кім шапшаң ?» деп аталады. 1 минуттың ішінде берілген сөзден басқа сөз шығару керек.

Сыйластық


М/ы: сый, сыйла, сыйлас, лас, ас, астық, ластық, лақ, тақ,сыйлық, қал, ал,

тас, қас, салық, сай, ай, айла, лай, тай, тайлы т.б.


ҮІІ кезең . «Мені толғандыратын ойлар » деп аталады. Оқушыларға 15 мин. уақыт беріледі. Осы уақыт аралығында олар қазақ тілінің қазіргі күндегі мәртебесі туралы ойтолғау жазу, өлең шығару, сурет салу керек.


( Қазылар алқасы ұпай санын есептеп, жеңімпаздарды анықтайды)


Жеңімпаздарды атап, марапаттау үшін сөз беріледі.


Қазақ тілім- өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл –қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім – деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.




Краткое описание документа:

   «Ақыл азбайды, білім тозбайды» сабағы - сыныптан тыс іс- шара.  Сабақ қазақ тілінің қоғамдағы рөлі, маңызы туралы түрлі әдістер, ойын түрлері арқылы өткізіледі. Сабақ барысында оқушылардың өздігінше жұмыс істеу дағдылары мен шығармашылық дарыны анықталады. Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау, өз ойын еркін жеткізуге басты назар аударылады. Қазақ тілі  туралы айтылған қанатты сөздерді білу, олардың авторларының айтпақ болған ойын білу арқылы оқушылардың ізденушілік қабілетін дамыта түседі.
Автор
Дата добавления 04.05.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров905
Номер материала 94374050429
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы
КВН
04.05.2014
Просмотров: 337
Комментариев: 0

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх