Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Рабочие программы / Мүгедектер қауымдастығы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Мүгедектер қауымдастығы

библиотека
материалов

Тағдырлары жігерін жаныды


І жүргізуші: Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы ҚР Заңына сәйкес мүгедек — тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам. Осындай жарымжан адамдардың құқығын қорғап, олардың өмірге деген құштарлығын ояту мақсатында жұмыс жасайтын Қазақстанда 81 қауымдастық, яғни орталық жұмыс жасайды. Сонымен қатар осы заңда мүгедек балаға да мынадай жеке анықтама беріп өтеді: тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам. Ал мүгедектiк дегеніміз — организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тiршiлiк-тынысының шектелу дәрежесi. Ал халықаралық деңгейде мүгедектер құқығын қорғауға байланысты БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы  2006 жылы 13 желтоқсанда «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын» қабылдады. Бұл конвенция 2008 жылы 3 мамырда өз күшіне енді.


ІІ жүргізуші: Осы Конвенцияда бекітілген адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын іске асыруына немесе жүзеге асыруына кепілдік беру үшін барлық тиісті шараларды қабылдайды».

1. Қатысушы мемлекеттер мүгедек балалардың барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын басқа балалармен тең дәрежеде толық іске асыруы үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

2. Мүгедек балаларға қатысты барлық іс-қимылдарда бірінші кезекте баланың жоғарғы мүдделеріне көңіл бөлінеді.

3. Қатысушы мемлекеттер мүгедек балалардың оларды қозғайтын барлық мәселелер бойынша өздерінің басқа балалармен тең дәрежеде олардың жастары мен кәмелеттілігіне сәйкес келетін тиісті салмаққа ие болатын көзқарастарын еркін білдіру және осы құқықты жүзеге асыруға мүгедектігі мен жасына сәйкес келетін көмекті алуға құқығы болуын қамтамасыз етеді.


І жүргізуші: Осы конвенция қатысушы мемлекеттерге қатысты мынадай жалпы принциптерді бекітеді:

  • адамға тән қадір-қасиетті, оның өз таңдауын жасау еркіндігін қоса алғандағы жеке дербестігін және тәуелсіздігін құрметтеу;

  • кемсітпеу;

  • қоғамға толық және тиімді тарту және қосу;

  • мүгедектердің ерекшеліктерін құрметтеу және оларды адами алуан түрліліктің компоненті және адамзаттың бір бөлшегі ретінде қабылдау;

  • мүмкіндіктер теңдігі;

  • қолжетімділік;

  • еркектер мен әйелдердің теңдігі;

  • мүгедек балалардың даму қабілеттерін құрметтеу және мүгедек балалардың өз жеке қасиетін сақтау құқықтарын құрметтеу болып табылады.

(ВИДЕО)


ІІ жүргізуші: Әр мемлекетте мұндай мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар бар. Қазақстанда тумысынан мүгедек болған немесе өмір барысында әр түрлі жағдайларға байланысты мүгедекке айналған адамдармен қоса Ұлы Отан соғысына, Ауған соғысына қатысқан, полигон зардабын шеккен, т.б. жағдайларда мүгедек болған адамдар бар. 


І жүргізуші: (оқушы) Аяғын ілбіп басып, ойын жинақтай не ойындағысын толық жеткізе алмай, тәнінің мүкістігімен күресіп күн өткізгендерді қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандар деп мүсіркей қарап жатамыз. Сауап алу үшін кейбіреулер жәрдем етеді. Туғанынан сұғанақ көздің сұғынан қымсынып өскен сол жандардың кейбірінен былайғы жұрт үлгі алуға да боларлық. Олардың мүмкіндігі шектеулі болғанымен, өмірге құлшынысы шексіз, көздері сұлулықты көреді, жүректері жылылықты сезеді. Сондықтан болар тағдырдың тас қамытын ерте кигендердің көбі он саусағынан өнер тамған шебер болады не салған суреттері таңданыс тудырар әсерлі келеді. 

Өмір, сен не шыға алмайтын өр ме едің,
Шыңың тұрмақ белесіңді бермедің.
Қиындығың қисапсыз боп келгенмен,
Қызығыңның біреуін де көрмедім.


Күш бер маған, о Аллам, жаныма бір,
Мың тілді құс мен үшін жалына жүр.
Бір қопарып тастайын бөгеттерді,
Қара дауыл қақ жарып қаныма кір!


ІІ жүргізуші:

Өмір толы ащы менен тұщыға да,

Кімдер келіп, кетпес өмір жолында

Ащысы мен тұщысы бірге жүрер,

Қуанып бір қайғырып өз жолында.

Өмір толқын ағып жатыр өзендей боп,

Талмайтын, тоқтамайтын толқындай боп.

Теңіз жатыр арнасынан асып – тасып,

Желменен қашып тұрып, ұшып – қонып.

(ВИДЕО)


АЙНАГҮЛ: Өмірге кімдер келіп, кімдер кетпес! Өмір деген ойлансаң толып жатқан құпия дүние. Өмірдегі тағдырыңнан қанша қашсаң да құтыла алмайсың. Маңдайыңа жазғанын көресің. Ал сол өмірдің ащысын да тұщысын да бірге алып жүру оңай емес. Өмірдің қиыстырған қиын сәттерінде қасыңа жалау болатын дос, ойланып-толғандыратын  ата-ана қажет. Ал қиын кезде сырыңды бөлісетін дос, шеріңді айтатын ата-ана болмаса ше?

Ия ата-ананың жылы құшағын аңсайтын, достық мейірімді қалайтын адамдар көп.

  Жақын-жуығынсыз, әлдилеген ананың үнін, басынан сипап ақыл айтқан әкенің ыстық алақанын аңсайтын жандар жетерлік. Жастайынан қиыншылық көріп ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар аянышты.

Өкініштісі, сені туған анаңмен  қанынан жаралған әкеңнің болмағаны қандай жаман. Қазіргі кезде жағдайы жоқ деп немесе мүгедек деп өз балаларынан бас тартып жатқандар көп. Өмірге әкелген соң өз балаларының кемдігін көріп аяусыз жүрекпен бас тартқаны күнә. Бауыр еті баласын ішінен анасын жарып шыққан баланың не күнәсі бар? Әлпештеудің орнына тастап кетіп талай қара көз қыздарымыз жер басып жүр.


АЯУЖАН:  Шыр етіп жерге түскен минутынан өмірдің қасіретін көрген жандар: олар мүгедектер. Жас сәбидің көрмейтінін көріп жүрегің елжіреп қан жылайды. Өмірге келгенімен көзімен көрмесе, білмесе өмірдің мәнісі жоқ сияқты. Бірақ алла тағала бір мүшеңді сау қылмаса да өмірің ауыр болса да өмірден баз кеше алмайсың. Сол өмірге үйренесің. Төзгің келмесе де төзесің, сезгің келмесе де сезесің. Жарқыраған күннің сәулесін көрмеген адам өз түрін де, өзгенің бет-бейнесін де көре алмайды.. Көргісі келсе де көре алмас, барғысы келсе де бара алмаса, өміріңнің қатаң деген қасіреттерінің бірі. Осындай мүгедектердің жүрегі қанжылап үміті үзіліп кімге айтарын, кіммен сырласатынын, кіммен мұңдасатынын білмес. Өмірдің ауыртпалығын, ауыр жүгін көтеріп жүріп, қиындықтарды жеңгендер де көп.


ҚИЫН: Мүгедек жанды көргенде аянышты көзбен қарайсың! Бірақ мүгедек адамның жанына көзбен тұңғиықтанып қарағанда, жаныңа ауыр тиеді. Тұтқынға түскен аңдай мұң шертіп, жанын да, тәнін де ащы у жайлайды. Көңіліне кірбің түсіп, көздеріне жас алатындары бар. Көзінен көрінген жас, жалт қараған өзге адамның қөзқарасынан емес, сол қараған өзге адамдай бола алмағанына өкінеді. Алланың өміріне жазған бірінің екеу болмауында. Бірақ мүгедек адамдар ауыр өмірге тез бейімделгіш болады. Олар төзудің, шыдаудың және түсіне білудің адамдары десек де болады. Бейнесі аянышты адам болғанымен, ішкі жан дүниесімен тәнінің саулығы соншалық, мүгедектер мәрт, пәк жандар.

«Мүгедек» - мүгедек адамдарға бұл сөздің өзі ауыр тиетін шығар. Кейбір жандар олардың жанын түсіне бермейді. Тіпті оларды кемсітіп, кемшілігін бетіне басатындар да бар. Ондай адамдар ішкі жан дүниені түсіне бермейді.


РАУШАН: Мүгедектердің көбі  экология жағдайынан да кемтар болып туылады. Оған көптеген улы ядролы заттар да бар. Таза ауаның болмауы мен техникада қолданылатын түрлі зиянды бөлшектердің әсері де бар. Осындай зиянды, улы заттар адамға тек зиян келтіріп қана қоймай, жас сәбилердің мүгедек болып туылуына әкеліп соғады.

 Мүгедек жандардың қоғамдағы орны ерекше. Олардың жағдайлары ойландыратын, толғандыратын мәселелердің бірі. Оларға арнап үкіметте көптеген істер атқарылып жатыр. Мысалы: оларға арнап қаржы бөлінуде және мүмкіндігін арттыратын түрлі құрал-жабдықтар, мүгедек болса да шеберлікпен атқара алатын жұмыстарға жұмыс орындары ашылуда. Өкініштісі бұлардың барлығы сол кемтар жанның кем жерін қайтарып бере алмас? Бірақ мүгедек екенін ортасындағы адамдармен дәрежесі тең екенін білдіруге үлкен септігін тигізеді.

Мүгедектерге бүкіл халық атынан, әлем атынан үлкен қолдау қажет. Оларға деген сый-құрмет жоғары болғаны жөн. Өйткені олар нағыз өмірдің не екенін және қалай өмір сүру керектігін білетін, түсінетін адал да, ардақты жандар!!!

(ВИДЕО)


Әділет: Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданының тумасы 16 жасар бойжеткен Ләззат МАҚАШтың мына бір туындысын оқып, қатты ойландық…

Өткен күннің елесін сан сұрайды,
Сорлы жүрек әлі де тоймай мұңға.
Жанарымнан мөлдір жас тамшылайды,
Мүгедек қыз, мен сені ойлаймын да.

Лаззат:

Мұңға тастап шаттығым қалды кетіп,
Сен де, мен де бірі едік күші кемнің.
Ботадай көздеріңді жәудіретіп,
Мүгедек қыз, сен бүгін түсіме ендің.

Әділет:

Сол зарлы үн әлі де құлағымда,
Ішіндеміз бейтаныс қырау бақтың.
Сен бір кезде жұре алмай құладың да,
«Мүгедекпін» деп үнсіз жылап жаттың.


Лаззат:
Ерте қақтың ақ қанат қауырсынды,
Бал жүзіңді сағындым жайраңдаған.
Қаршадай боп осынша ауыр сынды,
Көтеріп жүргеніңе қайран қалам.


Әділет:
Бұл сынаққа шыдамас ұл да мына,
Сендік төзім маған жыр маздатады.
Тәңірім ең сүйікті құлдарына,
Ауыр сынды тартады деп жатады.


Лаззат:
Қиналсаң да тағдырмен сыйласа бер,
Шыдамсыздың қашанда сағы сынар.
Жаратушым қаншалық қинаса егер,
Соншалықты жұмақтан бақ ұсынар.


Әділет:
Еркелікпен есірген кезімдей тым,
Түсіресің тәубеге, мүгедек қыз.
Өмір сырын дәл сенше сезінбейтін,
БІРГЕ: Сен емес қой, мына біз мүгедекпіз!


Мұғалім:

ҚОРЫТЫНДЫ:

Біз «Мүгедек» деп мүсіркейміз оларды, бірақ сөзіне құлақ түргіміз келмейді. «Жарымжан» деп жанымыз ашиды, бірақ қол ұшын созып, көмек беруге келгенде, тас жүрек бола қаламыз. 

Қым-қуыт тіршілікке бой алдырып, нарықтың заңына бағынып, күн көріп жүрген жайымыз бар. Жасырып-жауып қайтеміз, мүгедек жан тұрмақ, қол-аяғы балғадай, он екі мүшесі сау адамға бұл күнде өмір сүру қиын. Әйткенмен аяқ-қолымыз бүтін, деніміз сау болғаны үшін Аллаға шүкіршілік айтып, күн кешеміз. Ал олар заманның запыранын жұтып, өмір сүреді, мүгедек болғаны үшін кей кезде кейиді. Кейде іші удай ашып, қан жылайды. Жұрт қатарлы сапқа тұрып, еңбек еткісі-ақ келеді. Бірақ мына заманда мүгедекті жұмысқа алатындарды шаммен іздеп таппайсыз. Екі қолға бір жұмыс таппай, шарасыздан іштен тынып жүре береді. Сондықтан да олар өздерін «шарасыздар» деп атайды...

Тәрбие сағатымызды «Сәт» тобының «Көнеміз ғой, қайтеміз көнбегенде...» әнімен аяқтаймыз.



Краткое описание документа:

Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы ҚР Заңына сәйкес мүгедек — тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам. Осындай жарымжан адамдардың құқығын қорғап, олардың өмірге деген құштарлығын ояту мақсатында жұмыс жасайтын Қазақстанда 81 қауымдастық, яғни орталық жұмыс жасайды. Сонымен қатар осы заңда мүгедек балаға да мынадай жеке анықтама беріп өтеді: тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам.
Автор
Дата добавления 04.05.2014
Раздел Иностранные языки
Подраздел Рабочие программы
Просмотров514
Номер материала 94494050451
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх