- 04.05.2014
- 681
- 0
Бұл жұмыс парағы «Натурал сандарды бөлу» тақырыбына арналға.
7 тапсырмадан тұрады. Соңғы бетте жауаптары бар.
Тапсырмалардың мазмұны:
Бөлуді орындап, жауабын жаз.
Сөйлемді аяқта
Теңдеулерді шеш.
Есепті шеш.
Тізбекті аяқта.
Кестені толтыр.
Есепті теңдеу құру арқылы шеш.
Жұмыс парағы жарқын, креативті және қызықты тапсырмалармен толтырылған. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі және шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді.
Курс повышения квалификации
Курс повышения квалификации
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Сыныбы: 5 сынып Тақырыбы: Ондық бөлшекті натурал санға бөлу Мақсаты: Білімділік: оқушыларды ондық бөлшекті натурал санға бөлу алгоритмін айта білуге үйрету және оны есептеуде пайдалана білуге дағдыландыру, ондық бөлшекті разряд бірліктеріне бөле білуге үйрету. Дамытушылық: практикада білімдерін нақты қолдана білу дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін шыңдай отырып шығармашылық қабілеттерін, білім мен білік дағдыларын шыңдау. Тәрбиелік: Оқушыларды еркін ойын жеткізе білу мәдениетіне, жұмыстың орындалу деңгейі мен сапасына орай жауапкершілікке, тапсырмаларды орындау барысында ұқыптылыққа тәрбиелеу. Типі: Жаңа білімді игеру сабағы. Түрі: Дәстүрлі емес сабақ (Дидактикалық ойын) Көрнекілігі: түрлі түсті жетондар,интерактивті тақта. Сабақтың жүру жоспары: І. Үйымдастыру: Оқушыларды сабақ тақырыбымен, мақсатымен, жүру барысымен таныстыру. ІІ. Білімді жинақтау. Ауызша анықтамаларға шолу, сабақ алдында қыздыру. ІІІ. Негізгі бөлім. Жаңа тақырып, жаңа білімді бекіту,қызғылықты оқиғалар топтамасы, деңгейлік тапсырмалар ІУ. Сабақты қорытындылау, әр оқушының өз еңбегін бағалауы. У. Үй жұмысы. Денгейлік тапсырмалар. Сабақтың жүру барысы: І.Ұйымдастыру, оқушыларды сабақ барысымен, мақсатымен таныстыру. ІІ. Өтілген тақырыптарға шолу 1. Жолға дайындық тапырмалары. а)Қатарды жалғастыр 1) 1,2 ; 1,8; 2,4; 3;….. 2)9,6; 8,9; 8,2;7,5;….. ә)Жаңғалақтың жеделхаты 1. Ондық бөлшектерді көбейту үшін: 1) үтірге назар аударып, натурал сандарды көбейтуді орындаймыз. 2)көбейткіштердің біреуінде неше ондық таңба болса, көбейтіндіде ескермей цифрды үтірмен ажырату қажет 2. Ондық бөлшекті 0,1; 0,01; 0,001;... разряд бірліктеріне көбейту үшін, осы бөлшектегі үтірді разряд бірліктерінде неше бір болса, сонша цифрға солға қарай жылжыту керек. 3. Белгісіз көбейткішті табу үшін бөліндінің мәнін белгілі көбейткішке бөлеміз. 4. Белгісіз бөлгішті табу үшін көбейткіштің мәнін бөліндінің мәніне бөлеміз ІІІ. Жаңа сабақ 1. Мұғалім тақтаға бормен жаза отырып мысалдардың шығарылуын көрсетеді, тақырып түсіндіріліп болған сәтте, оқушылар, тақырып бойынша ережелерді тұжырымдайды. талдау жасалған мысал бойынша оқушыларға өз еріктерімен жаңа тақырып бойынша ереже құрауға мүмкіндік жасау. Ой түйін ережелерін дәптер бетіне түсіртіп, 2-3 оқушыға оқыту. Кітапта келтірілген мысалдарды тақтада оқушылармен бірлесе отырып талдап шығару. 2. Жаңа тақырып бойынша ережелерді пысықтау, жинақтау, бекіту. а) «Кім шапшаң?» ойыны. ә) Айдаһар тапсырмалары.( кітаппен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар топтамасы) б) Интерактивті тақтамен жұмыс. ( шапшаңдыққа берілген есептер топтамасы) в) Тест жұмысы(жасырын сөзді табу) г) Логикалық ертегі есеп Ү.Бағалау, қорытындылау Рефлексия Жолда бір ақсақал келе жатады. Оған қарсы құрылысқа қажет тасты тасып жүрген 3 адам кездеседі. Сонда ақсақал олардың әрқайсысынан «Күніңді қалай өткіздің ?» деп сұрайды. Алғашқы адам, текке өткізгенін айтады, екіншісі жауапкершілікпен өткізгенін, үшіншісі өзгеге де, өзіне де пайдалы әрі керемет өткізгендігін айтады. Сұрақ оқушыларға: «Сіз осы жолаушылардың қайсысы боласыз?» ҮІ. Үйге тапсырма: №1112(3;4) №1124(4-9) №1137(3-6) ҮІІ. Ондық бөлшектер тарихына шолу.
7 366 193 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Амирова Айнагуль Тасбулатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВам будут доступны для скачивания все 358 988 материалов из нашего маркетплейса.
Мини-курс
3 ч.
Мини-курс
2 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.