Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыКритериальное оценивание

Критериальное оценивание

Скачать материал

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІГІ: БАҒАЛАУДАҒЫ ЖАҢА ҚАДАМДАР

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта  білетін мұғалім. 

 

Ахмет Байтұрсынов                                                                                   

  

Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар  еліміздегі  білім  беру  сапасының  әлемдік деңгейге  сәйкес келуін қамтамасыз ету,  сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере  алатын  мамандарды  даярлау  және  бәсекеге  қабілетті  білім   беру болып табылады.  Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде.  Білім сапасын көтеру мақсатында түрлі жаңалықтарды мектеп өміріне енгізіп жүрміз. Жаңа заманның білімді ұрпақтарын тәрбиелеп оқытуда түрлі қиындықтар кездеседі. Соның жолдарын іздеуде көптеген іс- тәжірибелер жасаудамыз.

Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой-талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Балалардың білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы т.б. қадағалап, балалармен жеке - дара жұмыстар жүргізеді. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет-ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі - оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сын тұрғысынан ойлау - өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы балалармен  пікірлесу, топтасу. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі - критериалды бағалау жолдары. Біз бұл бағалау жолын сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы жүзеге  асыра  аламыз.

Оқушының оқу-танымдық әрекетін қалыптастыруды оқытудың жаңа технологияларын оқу үдерісіне еңгізудің маңызы ерекше. Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды. Бұрын оқытуда  оқушылар  тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келген. Ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

            Былтырғы оқу жылынан бастап  педагогика ғылымында мектеп оқушыларының білім жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесі қолданысқа енгізілуде. Кез-келген мұғалім  критериалдық бағалауды қолданбас бұрын оның өзіне тән терминологиясын толық меңгерген жөн. Сондықтан біз  критерий деген сөздің мағынасын өзіміз түсінуіміз қажет.

Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс

Бағалау критерийлері - оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі (сипаттама).  Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі (КБКМ) – бағалау моделі, ол үш түрлі: қалыптастырушы бағалау, ішкі жиынтық бағалау, сыртқы жиынтық бағалау. 

Оқу мақсаты – оқыту курсы барысында пәндердің оқу бағдарламасына сәйкес білімнен, дағдыдан, түсінуден және бейімділіктен күтілетін нәтижелерді тұжырымдайтын пайымдау.

Оқудың міндеті - сыртқы жиынтық бағалаудың тестік спецификациясында берілген  бағалау саласы. 

Дескриптор - жетістік деңгейінің сипаттамасы 

Оқу жылының басында мұғалімдер мен оқушылар бірлесе отыра әрбір пәннің бағалау критерилерін құруы тиіс және ата-аналардың құрылған критерилермен танысып, хабардар болғаны жөн. Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді:

-          Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі  әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;

-          Білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы;

-          Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы. Бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауы;

-          Оқушы білімінің жүйеленуі,тереңдеуі,есте сақтауы.Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі;

-          Білім алу барысындағы қиындықты,қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы;

-          Оқушының білім алу үдерісін  қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы;

-          Оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бақылау, тренинг,үй жұмысы, шығармашылық т.б)

-          Оқушының  білімін ағымдық және қорытыныды бағалау;

-          Баға сапасын арттыру.

Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде  жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.

Тәжірибелік маңыздылығы:

·         жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;

·         оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;

·         бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды,  сондықтан оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады.

·         өзінің  оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды  жеткізу үшін  оқушыға нақты  бағалау алгоритмі белгілі.

·         оқушының оқуға  және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.

 

Критериалды бағалау

Мұғалімдерге:

1.     Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;

2.     Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;

3.     Оқытудың сапасын жақсартуға;

4.     Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;

5.     Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;

6.     Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді

 

Оқушыларға:

1.       Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;

2.       Өз нәтижелерін болжау  арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;          

3.       Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;

4.       Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.    

 

Ата- аналарға:

1.     Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;   

2.     Баланың оқудағы прогресін қадағалауға; 

3.     Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;         

4.     Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;

5.     Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.

 

Мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, білімге және оқуға  деген сенімін нығайту, іскерлік пен дүниетанымын  қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып,  ынтасын арттыру болып табылады. Критериалды бағалау әдісі арқылы бізде оқушының ең алдымен қызығушылығын оята аламыз, белсенділігін арттырамыз, өз ойын ашық айтуға үйретеміз, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырамыз, соңғысы  жинаған түрлі бағалау балдары арқылы өзін-өзі бағалайды. Мұндағы жетістіктің артықшылығы сынып оқушыларын түгел бағалай аламыз . Мұнда біздің оқушыларды бағалау үшін критерийлердің түрлерін ала аламыз. Оларға өздері түсінетіндей, өзін - өзі бағалай алатындай етіп, істеген жұмыстарын оңай  талдай алатындай   дескрипторларды құрамыз.

      Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Оқу формалары заманауи талаптарға лайық болуы, жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру үшін, ұстаз ақпараттық технологияны  өз іс-әрекетінде тиімді, сауатты ұйымдастыруы қажет.

     Критериалды бағалау – бұл оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделіп, нақты белгіленген, ұжымдық жасалған, процесстің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі білім мазмұны мен мақсатына сәйкес критерийлері бар процесс. Критериалды бағалау жүйесін құру үшін қалыптастырып, белгілейтін бағалау жүйесін дайындау қажет. Мұғалімдерге критериалды бағалауды қолдануға әр пәннен нұсқаулық дайындап, бағалау А,В,С,Д  критерийлері арқылы жүргізіледі. Әрбір критерий тапсырмаларды жүйелі бағалауға арналған. Бұл критерийлер  арқылы бағалау үшін әрбір оқушыны жеке және топтық жұмыстарын бағалауға арналған тиімді дескрипторлер құрылады.  Әрбір дескрипторлер арқылы бала өз жұмысын  бағалай алады. 

 

Балдардың  жалпы саны

Бағалау көрсеткіштері

5 балдық шкала бойынша бағалау

54-60

Ең жоғары нәтиже

5

48-53

Жоғары  нәтиже

42-47

Жақсы нәтиже

4

36-41

Жақсы нәтиже

30-35

Қанағаттанарлық нәтиже

3

24-29

Қанағаттанарлық нәтиже

0-23

Қанағаттанарлықсыз нәтиже

2

 

Критериалдық бағалау жүйесінің қызметі:

 

§  балаға оқытудың әр сатысындағы дайындық (меңгеру) деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

§  көп балды шкаланы пайдалануда үлкен саралау мүмкіндігімен ерекшеленеді және мұғалімге бағаның кейбір айырмашылығын көрсетуге мүмкіндік береді;

§  оқушының тек оқу жылындағы ғана емес сонымен қатар оқу барысы кезіндегі білімді қабылдауының объективті динамикасын алуға мүмкіндік береді;

§  ағымдағы және қорытынды бағалар қоры арқылы оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетуге болады;

§  оқушының әртүрлі жұмысты орындағаны үшін алған бағаларының мәнін түсініп, жіберген қателіктерін анықтап, қатемен жұмыс жасауға мүмкіндік береді;

§  ата-ана      мектеп      оқушы арасындағы байланысты нығайта түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Формативті бағалауға арналған тапсырма

Пән: English

Оқушының аты-жөні:

Сынып: 7 «А»

Тараудың тақырыбы: Travelling.

LO1: 7.L2 understand independently specific information and detail in short, simple texts on a limited range of general and curricular topics                                                               

LO2: 7.W3  write with moderate grammatical accuracy on a limited range of  familiar general and curricular topics

Criteria: B (Reading), C (Writing)

Task: 1. Unscramble the words about holiday.

2. Put the unscrambled words into the gaps in the correct place.

3. Write about your favorite country to travel.

Сабақтың мақсаты

Критерий

Дескриптор

Бағалау

Жетті

Талпынуда

LO1

B, C

Саяхаттау мен демалыс тақырыбына қатысты сөздік қорды тани алады

 

 

 

 

Мәтіннің мағынасын ашу үшін қажетті сөздерді қоя алады

 

LO2

Өзінің сүйікті елі жайлы мәліметті ағылшын тілінде жеткізе алады

  1. unoctry                                                    eirrv

            pnets                                                        cra

            reawhte                                                    orestf

            nnuys                                                       iekb

            tho                                                            isonumtan

 

  1. Last year I went to the __________ with my family. We ______ a week there. We travelled by _____ and stayed at our grandparents` house. The __________ was ________ and _______ all the time. We enjoyed swimming in the __________. We lay in the sun. My brother went to the __________ and picked up mushrooms. My parents went climbing up the ____________. Sometimes I rode my grandfather`s _______. We liked our summer holidays very much.

 

                        MY FAVOURITE COUNTRY TO TRAVEL

  1. _________________________________________
  2. _________________________________________
  3. _________________________________________
  4. _________________________________________
  5. _________________________________________

 

Қазіргі жаңашыл ұстаз  жаңа технологияларды өмірге енгізуге дайын, оқу-тәрбие  ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі. Оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыда қарайтын, зерттеушілік ыңғайға бейім, теория мен практика іс-әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалары адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, парасатты мінез - құлық қасиеттерді бойына сіңірген ұстаз. Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзыреттілікке қол жеткізеді. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі - бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ.

Бүгінгі заман талабы - жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері  қалыптасуы қажет.

Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан  көз жеткізуге болады

 

Пайдаланған  әдебиеттер:

1.     Педагогикалық шеберлік орталығы  NIS

2.     http://www.google.kz  Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері  

3.     К.С.Құдайбергенова «Құзырлық табиғаты тұлғаның өздік дамуында» - А: «Принт АСС»

4.     У.Б.Жексенбаева «Компетентностно ориентированное образование в современной школе» - Алматы; 2009 г.

5.     А.А.Жайтапова, Г.А.Рудик, Е.В.Белошниченко, А.С.Сатывалдиева

6.     «ХХІ ғасыр педагогикасы мектеп табалдырығында». Ақпараттық   әдістемелік дайджест. Алматы, 2009 ж.

7.     Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгі критерий – Педагогика, 2009 ж.

 

Тұрғанбаева Ж.А

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

 

     

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Критериальное оценивание"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Одной из составляющих образовательного процесса является система оценивания и регистрации достижений учащихся. Система оценивания является основным средством диагностики проблем обучения и осуществления обратной связи между учеником, учителем и родителем.Традиционно в большинстве отечественных школ сохраняется система оценивания, построенная на системе из четырех баллов: 2 («неудовлетворительно»), 3 («удовлетворительно»), 4 («хорошо»), 5 («отлично») и отношения учителя, потому что учитель при выставлении отметки ориентируется на целый ряд позиций:уровень учащегося относительно определенного эталона,уровень учащегося относительно класса в целом,уровень учащегося относительно его же самого в предшествующий периодПри критериальном оцениванииученик становится настоящим субъектом своего обученияснижается школьная тревожность ученикаучитель от роли “судьи в последней инстанции” переходит к роли консультанта, специалиста, тьютораТаким образом, критериальное оценивание несет в себе потенциал сохранения здоровья учеников и учителей.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 899 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.05.2014 1347
    • DOCX 27.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаркынай Асановна Турганбаева. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жаркынай Асановна Турганбаева
    Жаркынай Асановна Турганбаева
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2045
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Письмо: методика подготовки учащихся к ОГЭ по английскому языку

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 245 человек

Курс повышения квалификации

Теория и методика билингвального обучения иностранным языкам

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 50 человек

Курс повышения квалификации

Повышение мотивации и эффективности обучения иностранному языку с помощью интерактивных тренажеров (на примере английского языка)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 286 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 055 человек

Мини-курс

Планирование проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проектный анализ: стратегии и инструменты управления успешными проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе