Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Нәтижеге бағытталған жаңа білім
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • География

Нәтижеге бағытталған жаңа білім

библиотека
материалов



Алматы облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылы

2 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мемлекеттік мекемесі

Физика-математика пәнінің мұғалімі Әкіштай Ержанат

























Нәтижеге бағытталған

жаңа білім











































Дана халқымыздың «Біліксіз қалар жырақта, білімді жетер мұратқа» - деген өсиетінің өзектілігі күннен күнге өсе түсуде.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық модернизация талаптарына сәйкес қазіргі заманғы білім беру жүйесі керек. Білімді дамыта білмейтін ел XXІ ғасырда сәтсіздікке ұшырайды»- деді. Осыған орай еліміздегі білім саласын дамытуға арналған іс — шаралар мен реформалар жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың инновациялық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді.

Қоғамның қарқынды дамуы негізінен жастардың білімі мен мәдениетінен айқындалады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау-бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет», - деп отандық педагогтар алдына бағдарлы мақсаттар қойып, « Жаңа формация мұғалімі – бұл рухани дамыған ірі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып дамыту үшін жауапты» - деп міндет жүктеді. Сондықтан да қазіргі таңда білім беру салаларына оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, әлемдік коммуникациялық желілерге қосылу, оқу жүйесін жаңа бағытқа алып келу міндеті тұр.

Жалпы орта білім берудің жалпы ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға дайын, құзырлы тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету. Білім берудің әлемдік озық тәжірибелерге сүйеніп әзірленген оқытуда мектеп түлегінен күтілетін нәтиже негізгі құзырлылықтардың қалыптасуымен айқындалады.

Құзырлылық – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі.

Бүгінгі күні көкейкесті болып отырған білімнің құзырлылық ұстанымын жүзеге асыру құралы ретінде педагогикалық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерінің алар орны ерекше.

Сабақта әр түрлі технологияларды жобалау және құру жеңіл іс емес, алайда ол – уақыт талабы. Алдына қойған мақсаттарға жетуде және оқу материалдарының соған қызмет етуін қамтамасыз етуде мұғалім кез келген педагогикалық технологияларды қолдана алады. Жалпы алғанда құзырлылық –оқыту сапасын арттырудың кепілі болып саналады.

Міне, бүгінгі күннің өзінде кең сұранысқа ие болып отырған педагогикалық технологиялар түрін дұрыс таңдап қолдану сабақтың тиімділігін, оқудың 80 % нәтижелілікке жетуін қамтамасыз ете алады. Ал сабақ жетістігінің 20 %-ы ғана мұғалімнің жеке шеберлігіне байланысты екенін ұмытпау керек. Сондықтан жаңа оқыту әдістемелігі оқыту ісінің алдын ала кең де дұрыс жобаланып отыруына мән береді. Осы бағытта қолданылып жүрген кеңінен танымал технология (АКТ) – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар туралы айтып өткім келеді.

Ақпараттық-коммуникативтік технология өміріміздің барлық саласында, оның ішінде білім беру ісінде өте маңызды орын алады. Кейінгі жылдары оқыту процесінде кеңінен қолданыла бастаған компьютерлік технология зор мүмкіндіктерге ие болып отыр. Білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталықтары ұйымдастырған электрондық оқыту (e-leaming) жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат-білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең мүмкіндікте қол жеткізуін қамтамасыз ету болмақ. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқу үрдісін автоматтандыруға жағдай жасау қажет.

«Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялары» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электрондық оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиялық оқу бағдарламалары жасалды және жасалып та жатыр.

Қазіргі оқу орны шығармашылығы, ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан, оқытушыны қажет етеді. Ол - педагог, психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сондықтан, оқытушылар жаңа ақпараттық технологияны өз сабақтарында еркін қолданып, оқыту құралы ретінде пайдалануы керек.

Осы орайда, жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру - қоғамның алдындағы ең басты міндеті болып тұр.

Ақпараттық орта кең ауқымды әрі өте бай. Қазіргі заманда ақпарат көздерінен мына мәліметтерді алуға болады:

  • интернет көздерінен: кітапханалар, энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалар, авторлар, белгілі адамдар, табиғат құбылыстары,т.б. туралы;

  • электронды оқыту бағдарламалары, электронды кітапханалар, сөздіктер,анықтамалар,бейне және DVD фильмдер;

  • кітаптар (әдеби шығармалар, өмірбаяндар, очерктер, мақалалар);

  • музыкалық және бейнелеу өнері шығармалары.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірі –интерактивті тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары.

Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ауқымды ілгерілеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық пәндер бойынша электронды оқулықтар жасалып, кеңінен таралуда. Ақпараттық технология және жүйелік бірігу түрлі мүмкіндіктерге жол ашады. Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үдерісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған.

Интерактивті тақта интернет жүйесіне қосылса, жаңа сабақты бекітуде және сабақ үстінде тақырып бойынша көптеген жаңа ақпараттар алуға да болады.

Сол ақпараттың нәтижесінде, ақпараттық технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.

Оқушыға белгілі бір дәрежеде білім беру мен қатар оқуға, үйренуге деген ынтасын арттыру әр ұстаздың міндеті. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, еңбек етуге баулу, жалпы оқушы бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру, оқытушыға қойылатын басты талап. Осы талапты шешуде электронды оқытудың пайдасы зор.

Қорыта келе, жаңа технологияны меңгеру оқытушының оқу -тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың озық технологиясын меңгеру оқытушының кәсіптік шеберлігіне байланысты. Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деп тұжырым жасайды Сондықтан оқытушы өз пәніне психологиялық тұрғыдан қарап, әдістемелік шеберлікпен келу керек. Сабақ барысында интерактивті технологияларды қолдану - оқытушы жұмысын өнімді, нәтижелі, ал оқушылардың білім алу әрекетін мәнді, қызықты, пайдалы етеді.

Біздің жұмысымыздың басты нәтижесі – тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы болып табылатын жастарды тәрбиелеу.

Білімдегі жетістік – ғылымдағы жетістіктердің, ал ғылымдағы жетістіктер – инновациялық дамудың қайнар көзі.

Сапасы жоғары білімі бар ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана еліміз бәсекеге қабілетті мемлекет бола алатыны – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома.

Зияткерлік ұлт болып қалыптасуымыздың негізі де сапалы білім алған ұрпақ екені даусыз.

Олай болса, әр ұстаз қауымы осы жаңа ақпараттық технологиялардың қыр – сырын жетік игеріп, жеке электорондық оқулықтар шығарып, болашаққа нық қадам басуларыңызды тілеймін!

«Ұстаздан озатын» шәкірттеріңіз көп болсын!

Келе жатқан наурыз мерекесі құтты болсын!

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


































Краткое описание документа:

Дана халқымыздың «Біліксіз қалар жырақта, білімді жетер мұратқа» - деген өсиетінің өзектілігі күннен күнге өсе түсуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық модернизация талаптарына сәйкес қазіргі заманғы білім  беру жүйесі керек. Білімді дамыта білмейтін ел XXІ ғасырда сәтсіздікке ұшырайды»- деді. Осыған орай еліміздегі білім саласын дамытуға арналған іс — шаралар мен реформалар жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың инновациялық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық  ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді. Қоғамның қарқынды дамуы негізінен жастардың білімі мен мәдениетінен айқындалады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау-бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет», - деп отандық педагогтар алдына бағдарлы  мақсаттар қойып, « Жаңа формация мұғалімі – бұл рухани дамыған ірі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып  дамыту үшін жауапты» - деп міндет жүктеді. Сондықтан да қазіргі таңда білім беру салаларына оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, әлемдік коммуникациялық желілерге қосылу, оқу жүйесін жаңа бағытқа алып келу  міндеті тұр. Жалпы орта білім берудің жалпы ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға дайын, құзырлы тұлғаны қалыптастыруға  ықпал ету.  Білім берудің әлемдік озық тәжірибелерге сүйеніп әзірленген оқытуда мектеп түлегінен  күтілетін нәтиже негізгі құзырлылықтардың қалыптасуымен айқындалады. Құзырлылық – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Бүгінгі күні көкейкесті болып отырған білімнің құзырлылық ұстанымын жүзеге асыру құралы ретінде педагогикалық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерінің алар орны ерекше. Сабақта әр түрлі технологияларды жобалау және құру жеңіл іс емес, алайда ол – уақыт талабы.  Алдына қойған мақсаттарға жетуде  және оқу материалдарының  соған қызмет  етуін қамтамасыз етуде мұғалім кез келген педагогикалық технологияларды қолдана алады.  Жалпы алғанда құзырлылық –оқыту сапасын арттырудың кепілі  болып саналады. Міне, бүгінгі күннің өзінде кең сұранысқа ие болып отырған педагогикалық технологиялар түрін дұрыс таңдап қолдану сабақтың тиімділігін, оқудың 80 % нәтижелілікке жетуін қамтамасыз ете алады. Ал сабақ жетістігінің 20 %-ы ғана 
Автор
Дата добавления 05.05.2014
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров524
Номер материала 95506050522
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх