449068
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Манифест «Инфоурок»
ИнфоурокНачальные классыРабочие программыАна тілің -арың бұл Сыныптан тыс іс -шара

Ана тілің -арың бұл Сыныптан тыс іс -шара

библиотека
материалов



«Тайынша қаласы №2 орта мектебі»КММ

бастауыш сынып мұғалімі Куандык Арай

Сыныптан тыс шара :Ана тілің- арың бұл

Сабақтың мақсаты: оқушыларды ана тілін сүюге, ардақтауға, қадірлеуге және тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсунуге шақыру, елжандылық, патриоттық сезіммен өз ана тілін сүюге, құрметтеуге оның құдіретін білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Мұқағали Мақатаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Абай Құнанбаев, және т.б. Ақын-жазушылардың тіл туралы айтқан пікірлерін, суреттерімен үлкен стенд етіп іліп қою. Күй жай ғана ойнап тұрады.

Бастаушы: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! « Ана тілің-арың бұл» атты сыныптан тыс шараны қазақ халқының салт -дәстүрі бойынша шашу шашып бастаймыз!!!


Бастаушы: Қазақ тіліміз – ана тіліміз. Қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде. Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін ана тіліміз- қазақ тілі мемлекеттік тіл деп бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңы» күшіне енді. Ана тілінсіз іс өрге баспайды. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз- тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.

1. Тіл туралы өлеңдер:

Данияр:

Тілім менің - тірегім, дінім менің,
Тілсіз қандай болады күнім менің?!
Өз халқыма жетеді өз мәнінде
Өз тілімде оқылса жырым менің.
Гүлзада:
Тілім менің – қуатым, күшім менің,
Күшім кетсе не болар ісім менің.
Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,
Тілімменен тірлікті мүсіндедім.
Виктория:

Тілім менің - асылым, арым менің,
Арым кетсе не пайда барым менің.
Бас кескендер тілімді кесе алмаған,
Тілден бұрын кетеді жалын демім.
Санжар:

Тілім менің - қазынам, қасиетім,
Қасиетім бар әлем бас иетін.
Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ,
Бола көрме, Ана тіл, қасіретім.
Ділназ:
Тілі өлсе болмайды тірі халық,
Бірі өліп, тұра алмас бірі қалып.
Басқа емес өз Ана тілінде тек
Тіршілігін білдірер ұлы халық.


2.Тіл туралы мақал-мәтелдерді жалғастыр:


1.Ана тілің алпыс тілге татиды.

2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.  

3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.

4. Тіл - достықтың алтын көпірі.

5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі.

6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.

7. Тілі өлген ел - тірі өлген ел.

8. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.

9. Тіл ақылдың - өлшемі.

10. Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.


3.Тіл туралы қанатты сөздер

  • Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.
    Ғабит Мүсірепов
    ***************

  • Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт.
    Халел Досмұхамедұлы


  • .Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
    Ғабит Мүсірепов


  • Тіліңді жоғалту,су қараңғы көзсіз қалғаныңнан да өткен қасірет.
    Жалау Мыңбаев
    ************

  • Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?”
    Мұхтар Әуезов
    ************

4.Кім алғыр?

  • Дыбыс деген не?

  • Дыбыстың түрлерін ата.

  • Сөз неден құралады?

  • Сөз таптарын ата.

  • Сөйлем неден құралады?


Ділназ-Данияр

Өте ертеде бір қадірлі шешен қария келте дүниеден көз жұмарында қасына ұлын шақырып алып:
- Балам, мен ұзамай дүние салам. Әкем қазына қалдырмады деп қамықпа. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле дейді. Сонда баласы аманатының орындайтындығын айтады, бірақ ол көп іздеп ештеңе таппайды. Сосын ол Абзал атаға келеді. Абзал ата оның әбден шаршап, шалдыққандығын көріп, не іздеп жүргендігін сұрайды. Сонда бала:
- Әкемнің аманат еткен асыл мұрасын іздеп таппадым. Ол сонда қандай мұра болды екен? – деп сұрайды. Абзал ата оған:
- Әй, балам – ай, әкеңнің сөзіне еш шүбә келтірме! Оның саған қалдырған мұрасы - тіл! Ол шешен адам еді ғой. Бәріміз де сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік. Тілден қымбат қазына жоқ, балам! Әкеңнің саған қалдырған қазынасы – сол! – дейді. Осы қымбат қазынамыз ғасырлардан ғасырларға жетіп, толығып келеді. «Тіл – уақыт өзеннің өткелі», ол бізді өткен бабаларымыздың мекеніне бастап әкеледі.

Бастаушы: Ашық іс-шарамызды ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың өлеңі «Үш бақытым» өлеңімен аяқтайық.




Мұқағали Мақатаевтың өлеңі «Үш бақытым»

Ең бірінші бақытым -Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым-тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші-Отан деген,

Кім мықты?-десе біреу,- Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.


Хор: «Анамның тілі –аяулы үні »ән











Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:
Это мероприятие предназначено для учащихся начальных классов с казахским языком обучения.Цель разработки расширение и углубление знаний родного языка,.Задачи:развивать мышление,речь.Воспитывать любовь к родному языку,родине и народу.Воспитание чувства патриотизма казахское культурное наследие, осознания необходимости преемственности поколений, любви к родному языку;             развивающая: развитие речи, навыков работы в группе, творческих способностей, мыслительной деятельности, внимания.акцентировать внимание  учеников на необходимости  говорить и писать грамотно.
Общая информация
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Благодарность за вклад в методическое обеспечение учебного процесса по преподаваемой дисциплине

Опубликуйте 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Добавить материал
Сертификат о создании персонального учительского сайта

Опубликуйте 5 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить сертификат о создании сайта

Добавить материал
Грамота за высокий уровень сформированности информационно-коммуникационной компетентности

Опубликуйте 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Добавить материал
Свидетельство за транслирование результатов своей профессиональной деятельности

Опубликуйте 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Добавить материал
Грамота за личный вклад в повышение качества образования

Опубликуйте 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Добавить материал
Почётная грамота за высокий уровень профессионализма

Опубликуйте 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Добавить материал
Золотая грамота за современный подход к преподаванию и повышение качества педагогического труда

Опубликуйте 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную золотую грамоту

Добавить материал
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.