334618
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокИностранные языкиДругие методич. материалыНаучная работа «Мақал-мәтелдедің этномәдени сипаты»

Научная работа «Мақал-мәтелдедің этномәдени сипаты»

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «№118 МЕКТЕП – ГИМНАЗИЯ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ








Бағыты: « Қазақстан Республикасының тарихи ескерткіштері мен келешектегі туристік бағыттары »


Секция: «Этномәденитану»


Тақырыбы: МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ЭТНОМӘДЕНИ СИПАТЫ









Орындаушы: Абдикаримова Қ.Т.

Ғылыми жетекшісі: жоғары санатты қазақ тілі пәнінің мұғалімі Төребекова Ұ.Б.

Ғылыми сарапшысы: ф.ғ.к., доцент Асанбаева А.С.
















Алматы, 2013 ж






Аннотация


Жұмыстың өзектілігі: Әр халықтың ұлттық болмысын танытатын бай мұралардың бiрi – мақал-мәтелдердi жан-жақты салыстыра зерттеу.

Жұмыстың нысаны: Тілдік әрі тарихи-мәдени деректерге сүйене отырып, қазақ мақал-мәтелдерінің өзіндік ерекшеліктерін қарастыру.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Мақал-мәтел қоры мен рухани қазынасын молынан пайдалана отырып, олардың жан-жақты қырларын анықтап, таныту.

Жұмыстың зерттеу әдістері:Зерттеудің мақсатына орай, тарихи-этимологиялық талдау, топтау, салыстыру, жүйелеу әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы:Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.






















Аннотация

Особенность работы: Пословицы и поговорки одно из богатых наследий, знакомящих нас с национальным бытом народа, которое требует исследования с разных сторон.

Цель работы: Рассмотр особенности казахских пословиц и поговорок,которые являются языковым и историко-культурным источником и богатством языка.

Научная новость работы: Связать изученные пословицы и поговорки с разносторонней духовной жизнью народа и определить их познавательную сущность.

Способы исследования работы:Для данной работы применялись следующие способы исследования:

-историко-этимологический разбор

-группировка пословиц по семантичческому значению

-сравнительный анализ

Содержание работы:

-предисловие

-теоритическая часть

-практическая часть

-заключение

-список использованной литературы








Annotation


The Peculiarity of the work: Proverbs and sayings are required to be researched thoroughly as the one of the richest heritage of: Kazakh people

The aim of the work: To show the peculiarities of Kazakh proverbs and sayings which were the great and rich source in educating Kazakh people .

Scientific novelty of the work: Through Studying the proverbs and sayings of the Kazakh people to show the prinitual development of people in different aspects .

Methods of investigation of the work : In this work for the following methods of investigation were used :

-historical- ethimological analysis

-the group of proverbs about semantic meaning

-comparison analysis

The contents of the work:

-Introduction

-the theoretical part

-the pracncal part

-Conculusirn

-the list of used literature



























Мазмұны


1.Кіріспе.

2.Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері.


І ТАРАУ

Мақал-мәтелдердің этномәдени сипаты

    1. Мақал-мәтелдердің жинақталуы мен зерттелу тарихы

    2. Мақал-мәтелдер туралы түсінік

    3. Мақал-мәтелдердің сарапталуы


ІІ ТАРАУ

Адам және оның қасиеттері туралы мақал-мәтелдер

2.1. Мақал-мәтелдерінің этномәдени сипаты

2.2. Адам туралы мақал-мәтелдер


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер



























І. Кіріспе


Тiл халықтың қоғамдық, әлеуметтiк өмiрiмен, саяси-экономикалық жағдайымен тығыз байланыста дамиды, кемелденедi. Сондықтан да қоғам өмiрiнiң даму қарқыны түрлi тарихи дәуiрде түрлiше деңгейде көрiнетiнi сияқты, әдеби тiлдiң де даму шеңберi бiрде кеңейiп, бiрде тарылып отырады. Бiрақ қандай өзгерiс болмасын, тiл қалай дамымасын, ол өзiнiң адамдар арасындағы қатынас құралы ретiндегi қызметiн өз дәрежесiнде атқара береді. Халықтардың әдеби тiлдерiнiң бүгiнгi кемелденген кезiнде тiлдiң атқаратын қызметi орасан зор. Әдеби тiлдiң мәдениетiн, байлығын, көркемдiлiгiн, бейнелiлiгiн арттыратын лексикалық категория – мақал-мәтелдерге де байланысты. Тiлдiң лексикалық құрамының бөлiнбес бiр сыңары саналатын мақал-мәтелдер де ұлт тiлiнiң ғана емес, ұлт мәдениетiнiң де көрсеткiшi болып табылады.

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер тек сан жағынан ғана емес, сапа, мазмұн тұрғысынан алғанда да алуан түрлі. Мақал-мәтелдер - қазақ этносына тән дүниетаным мен тарихи сананың айқын айғағы.

Мақал-мәтелдер - сан ғасырлар бойы екшеленіп, қырланған мазмұны түрліше сан түрлі тақырыпты қамтумен қатар, адам өмірінде, тұрмыс-тіршілікте, әр қилы қоғамдық жағдайларды кездесетін құбылыстарға, тарихи мәні бар оқиғаларға берілген даналық баға.

Жұмыстың өзектілігі. Әр халықтың ұлттық болмысын танытатын бай мұралардың бiрi – мақал-мәтелдердi жан-жақты салыстыра зерттеуге бағышталған еңбек.

Түркiтануда, мақал-мәтелдердiң лексикалық, семантикалық және синтаксистiк жақтары ғана емес, сонымен бiрге көркемдiк ерекшелiктерін, олардың тiларалық ұқсастық деңгейлерiн, әр тiлдегi өзiндiк айырмашылықтары да қарастырыла бастады. Олардың iшiнде кандидаттық, докторлық диссертациялармен бiр қатарда монографиялық зерттеулер де, мақал-мәтелдер де, түсіндірме сөздіктері де бар.

Сондай-ақ мақал-мәтелдерді ұлттардың рухани мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен, дүниетанымымен, тілімен сабақтастықта қарастыру. Яғни мақал-мәтелдерді этнолингвистикалық және этномәдени бірлікте қарастыру.

Демек, тіл және ұлттың бірлігін танытатын мақал-мәтелдердің тілдік әрі этнолингвистикалық тұрғыдан қарастыра отырып, олардың астарындағы ұлттық болмысты айқындау, тіл арқылы ұлттың тарихи санасын, мәдениетін таныту жұмысымыздың өзектілігін көрсетеді.

Жұмыстың нысаны. Тілдік әрі тарихи-мәдени деректерге сүйене отырып, қазақ мақал-мәтелдерінің өзіндік ерекшеліктерін қарастыру. Мақал-мәтелдер, адам концептісі жайлы мақалдар негізгі материал болды.

Мақал-мәтелдер туралы зерттеу жұмыстары мен сын-пікір материалдары пайдаланылды. Мақал-мәтелдер халықтар арасындағы этномәдени үрдістердің нәтижелерін тіларалық қарым-қатынастар арқылы анықтаудың сенімді жолдарының бірі болып саналады.







































Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

Мақал-мәтелдердің ұқсастық, ерекшелік, этномәдени және олардың қалыптасуына негіз болған экстралингвистикалық факторлар мен әр алуан уәждерді анықтау – жұмыстың басты мақсаты.

Осы мақсатты орындау үшін жұмыста мынадай міндеттер алға қойылды:

  • Тақырыпты толық ашу, жан-жақты түсіндіру мақсатында талдауға қажетті мақал-мәтелдерді жинақтау;

  • Мақал-мәтелдердің қалыптасу кезеңдеріне шолу жасау;

  • Мақал-мәтелдерге толық түсінік беру;

  • Мақал мен мәтелдердің өзара ерекшеліктерін таныту;

  • Мақал-мәтелдердің сарапталуы;

  • Адамдардың қасиеті туралы мақал-мәтелдерді жинақтап, талдау жасау;

  • «Адам» концептісінің бейнеленуі.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Мақал-мәтел қоры мен рухани қазынасын молынан пайдалана отырып, олардың жан-жақты қырларын анықтап, таныту мақсатында төмендегі нәтижелерге қол жеткізілді:

  • Мақал-мәтелдер этнолингвистикалық, этномәденилік тұрғыда зерттеліп, олардың қолданылу шеңбері, ішінара тақырыптық топтары қарастырылды;

  • Мақал-мәтелдердің құрамы мен құрылымы, мағынасы және тілде қалыптасып, пайда болуы тұрғысынан ұқсастықтары зерделенді;

  • Мақал-мәтелдерде қалыптасқан халық даналығының өзіндік ерекшеліктері де анықталды;

  • Мақал-мәтел құрылымының көркемдік образдылығы, бейнелік көріністері, құрылымы талданды;

  • «Адам» концептісінің құрылымы толық ашылды.

Жұмыстың зерттеу әдістері. Зерттеудің мақсатына орай, тарихи-этимологиялық талдау, топтау, салыстыру, жүйелеу әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.











І Тарау

Мақал-мәтелдердің этномәдени сипаты





1.1. Мақал-мәтелдердің жинақталуы мен зерттелу тарихы



Қазақ мақал-мәтелдері туралы деректер өз бастауын түркі жұртына ортақ V-ХІ ғасырлардан сақталған Орхон-Енисей, Талас жазба ескерткіштерінен, Қорқыт бабамыздан, Қожа Ахмет Яссауи бабамыздан, Жүсіп Баласұғын, Махмуд Қашқаридан қалған еңбектерден алады. Қазақ мақал-мәтелдерінің басым бөлігі ауызша айтылып, халық жадында сақталған. Оларды жинап қағаз бетіне түсіру ХІХ ғасырдан бері басталды. Қазақ мақал-мәтелдерін қағазға түсіруге ат салысқан ғалымдар Ш.Уәлихановтың, В.Радловтың, Ы.Алтынсаринның, В.В.Катаринскийдің, П.Мелиоринскийдің, А.А.Васильевтың, Ө. Тұрманжановтың еңбектерін атап өтуге болады.

Қазақ тіл білімінде мақал-мәтелдерді алғашқы зерттеген ғалымдардың бірі І.Кеңесбаев болды. Ол мақал-мәтелдердің тұрақтылығы мен қолданылатын сипатына қарай фразеология саласына жатқызады. Қазақ тіл білімінде мақал-мәтелдерді зерттеуде елеулі үлес қосқан ғалымдар Р. Сәрсенбаев, Р. Тұрабаева, Ә. Қайдар, Б. Динаева бұл салада тың пікірлер айтты. Ә. Қайдардың «Халық даналығы» еңбегі – қазақ және жалпы түркі паремиологиясында мақал-мәтелдерге этнолингвистикалық түсініктеме берген алғашқы және құнды сөздік.

Тіл білімінде салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы әдістерді қолданып, әр тілдердегі мақал-мәтелдерді зерттеген ғалымдар Г. Хайырова, А. Нұрмаханов, М. Сабитова, Ә. Мукушева, Р. Юсупова, А. Донбаева, Р. Жүнісова елеулі нәтижелерге жетті.

Мақал-мәтелдер – халық шығармашылығының төл жемісі, ауыз әдебиетінің көне жанрларының бірі, ғасырлар қойнауынан бүгінгі күнгі ешбір өзгеріссіз жеткен философиялық ірі шешендік тұжырымдар, тілдік қордың даналық қазынасы болып саналады. Қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелу тарихын негізінен 3кезеңге бөліп қарастыруға болады:

1. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың 40-60 жылдарына дейінгі кезең қазақ мақал-мәтелдерін халық аузынан жинақтау, қағаз бетіне түсіру, жеке басылым ретінде шығару жұмыстарының жүргізілуімен сипатталады ( Ы. Алтынсарин, Ә. Диваев, Ө. Тұрманжанов, Б. Ақмұқанова, М. Аққозин т.б.)

2. Мақал-мәтелдерді зерттеудің ғылыми айналымына түскен кезеңі М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, М. Ғабдуллин, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, Б. Адамбаев, М. Әлімбаев, Н. Төрекулов. Т. Кәкішов, З. Қабдолов, М. Базарбаев, С. Қасқабасов, С. Нұрышов, Б. Ақмұқанова тағы да басқа әдебиетшілер зерттеулерінде қазақ мақал-мәтелдердің әдеби табиғаты, Р. Сәрсенбаев, Ә. Қайдар, Б. Шалабаев, В. Айтбаев, З. Ерназарова, К. Бейсенов, Б. Тұрабаева, А. Нұрмаханов, С. Сәтенова т.б. тілші мамандар зерттеулерінде тілдік ерекшеліктері сөз болды.

Ә.Қайдардың мақал-мәтелдерді этнолингвистикалық аспектіде зерттеуге байланысты ғылыми пікірлері мен тұжырымдарын, сонымен қатар В.Виноградова, А.Амосова, Г.Тагиев, Н.Телия, В.Кунин, Р.Чернышева, И.Ефимов, М.Мокиенка т.б. орыс фразиологтарымен Л.Пермяков, М.Котова, Н.Пантусов, Я.Лютш т.б. паремиологтарының іргелі еңбектерін теориялық-методологиялық тұғыр еткен Д.Бегалықызы, С.Канапина, Р.Атаханова, Ш.Қарсыбекова, М.Мырза, Ж.Исаева, Г.Қалиева, Р.Жүнісова т.б. зерттеулерінде қазақ мақал-мәтелдері танымдық прагматикалық, этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан қарастырылды.

Мақал-мәтелдердің тақырыптық топтары әр халықтың өмір-тіршілігіне, дүниетанымдық қасиеттері мен рухани болмысына байланысты. Бұл топтардың мазмұны Түркі халықтарының, оның ішінде түркі тілдес халықтардың Мақал-мәтелдері уәждік сәйкестік пен айырмашылықтар олардың ұлттық тілдерінің өзіндік айшықтарымен, белгілерімен тығыз байланысты.

Түсінік, таным, ұғым, ойлау, әдетте, тіл арқылы бейнеленіп, көрініс табады. Ұғым мен атаудың арасында табиғи байланыс міндетті түрде болады. Сондықтан атауларда олардың уәжділігі адам танымымен тығыз байланыста қарастырылады. Заттың белгілі бір бастапқы қасиетіне бағытталған сөз уақыт өте келе тілдік эволюция жолында алғашқы мағынасын жоғалтуы мүмкін. Кез келген сөздің атауы адам психологиясында қалай қабылданып, қай жағынан әсер ететіндігіне байланысты. Сондықтан кез келген сөз бен оны тудырған себеп арасындағы мағыналық байланыс үзіле береді. Жоғарыда келтірілген адам психикасының бітімі кейбір түсініксіз сөздерді қайта өңдеу арқылы оның басқа бір баламасын тауып, жаңа уәждеме жасай алады.

Этнолингвистік топтастыру принципі бойынша жіктелетін «Адам», «Қоғам», «Табиғат» топтарына қарай сараланатын Мақал-мәтелдердің басым көпшілігі антропоцентристік принцип негізінде өзінің ауыс мағынасында болса да, адам болмысына қатысты болып келеді. Мақал-мәтелдер әр тілдегі мақал-мәтелдердің баршасы антропоцентристік принцип бойынша қалыптасып, қалай жасалып айтылса да, адам баласының өзіне, яғни әрбір халықтың өкіліне бағышталып, соның бойындағы не жақсы, не жаман қасиеттерін сипаттауға арналады.

Сондықтан Мақал-мәтелдердің уәждік ұқсастықтары мен өзгешеліктерін сараптар алдында «біз барша заттар мен құбылыстарды үлкен үш салаға топтастырып, ішкі жүйесі мен мағынасына қарай шоғырландырып қарағанда көре аламыз. Оларды біз шартты түрде «Адам», «Қоғам» және «Табиғат» деп атауды ұсынамыз», — деп академик Ә.Қайдар көрсеткендей, жұмыста осы ғалым еңбегінің ізімен Мақал-мәтелдер үш топқа бөлініп қарастырылды.

Барлық түркі тілдеріндегі мен уәждік негіздері де әр түрлі.

Еңбекте «Адам» бөліміне әке-шеше, бала тақырыбына қатысты, Адам болмысына қатысты, туған-туысқа қатысты, Ас, тамақ тақырыбына қатысты, туған жер тақырыбына қатысты, т.б. тақырыптарға қатысты мақал-мәтелдер топтастырылды. Ал «Қоғам» тобы өзіне мал шаруашылығы, аңшылық кәсіп, егін шаруашылығы тақырыптарын қамтыды. «Табиғат» деп аталатын салаға табиғи түр-түске, жыл мезгілдеріне, табиғат құбылыстарына қатысты ММ-дер жатқызылды. Бұлардың әрқайсысын талдап көрсету мүмкін болмайтындықтан, кейбіреуін ғана беруге тура келді.




























1.2.Мақал-мәтелдер туралы түсінік


Тіл өз халқының мәдениетін, өркениетін, әлеуметтік құрылысын, дүниетанымын бейнелеп қоймай, келер ұрпақты қалыптастыруға маңызды және шешуші рөл атқарады. Тілдің осы паремиологиялық қорында ұлттың мұңы мен тұрмыстық жағдайы көрініс табады. Себебі мақал-мәтелдер халықтың рухани өмірімен, өткен тарихымен тығыз байланысты және мақалдарсыз тілдегі ұлттың нақышты, дүниенің тілдік ерекшелігін толық сипаттау мүмкін емес.

Белгілі ғалым Ә.Қайдар мақал-мәтел туралы былай дейді: «Қазақ мақал-мәтелдердің халықтың өткен өмірі мен бүгінгі болмысын танып білуде дүниетанымдық, логикалық, этнолингвистикалық жағынан мәні өте зор. Себебі, дүниеде, қоғамда, табиғатта қалыптасқан құбылыстардың бәріне мақал-мәтелдердің қатысы бар. Дүние болмысының өзінде о бастан ақ қалыптасқан табиғи реттілік бар. Ол реттілік барша заттар мен құбылыстарды үлкен үш салаға топтастырып, ішкі жүйесі мен мағынасына қарай шоғырландырып қарағанда ғана көрінеді».

Тіл білімін зерттеуде бір ғылымның құзырында кейде бірнеше ғылымның тоғысу процесін зерттеу мәселесі туындайды. Солардың біріне мақал-мәтелдер категориясы жатады. Оның басты себебі халықтың мәдениеті, өмір-тіршілігі ұқсас, тілі ортақ этностардың болмысында міндетті түрде бір-біріне әсерін тигізу, өз ықпалын жасау процесі байқалып отырады.

Мақал-мәтелдер ғасырлар шежіресі. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады. Халық даналығы үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып, асқан шеберлік танытқан.

«Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын» дегендей, мақал-мәтелдің өн бойынан поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас, ырғақты кездестіреміз. Онда басы артық бір сөз болмайды. Барлығы өз орнында. Мақал-мәтелде бәрі екшелген, сұрыпталған, жымдаса біріккен, ой өрнек ажыраспас туыстық тапқан. Мысалы, «Қой шелді болмай, төлді болмайды». Осындағы сөздердің бірін де өзгерту мүмкін емес. «Шелді мен төлді» ойымен де, үйлесімімен де іштей үндестік тауып тұр. Оның орнына майлы, сезім деген баламаны алсақ, мақал бүкіл шырай — көркінен, мән-мағынасынан айрылады, мақалдық қасиеті жұтаңдайды. Сол сияқты басқа сөздерді де өзгерте алмайсың. Олар осы бітімінде ғана үлкен ой жүгіне ие.

Екінші мысал. «Ер дәулеті - еңбек». Мұндағы негізгі ой - еңбектің құдіретін, бүкіл игіліктің көзі екенін білдіру. Ой қазығы еңбек болған соң, мақалда «е» дыбысы ерекше естіледі. Мақалға саздылық, үнділік беріп тұрған да сол. Дәулет сөзінің мақал бітіміне кіруі де соған байланысты. Оның орнына ырыс, байлық, молшылық тағы да басқа сөздерді ала алмайсың. Онда мақал поэтикалық қасиетінен айрылады. Мақал-мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп қолданған. Кейде, тіпті, сөз тастап та кетіп отырады. Бірақ одан мақал-мәтелдің мазмұнына ешқандай нұқсан келмейді. Мысалы, «Ақыл жастан, асыл тастан» дегенде шығады сөзі қалып қойған, бірақ одан мақал ойсырап тұрған жоқ.

Мақал мен мәтелдердің өзара айырмашылықтары. Мақал-мәтелдер қосарлана айтылып, бір-біріне туыс болғанымен, екеуінің өзара айырмашылықтары да бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады. Мысалы, «Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алсақ, бұл екі жай сөйлемнен тұрады. Мұнан мақалдар көбіне екі бөлімді болатынын білеміз. Оның үстіне мақалдарда ой тиянақты. Алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шартты түрінде келеді. Киіз қазықтың жерге кіруі тоқпағының күшті болуына байланысты. «Мезгіл жетсе, мұз да ерір» деген мақалдан да осыны айқын байқауға болады.

Мақалда бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар мен нәрселерді салыстыру арқылы ой-пікірді айқындай түсу тәсілі басым келеді. Мақал шендестіруге құрылады. Мысалы, «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді», «Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені, еменнің иілгені – сынғаны». Осы келтірілген мақалдардың өзінен өмір құбылыстары типтендіріліп, дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отыратындығын байқаймыз.

Ал мәтел құрылысы жағынан мақалдан өзгешерек. «Әлін білмеген әлек», «Көппен көрген ұлы той» деген мәтелде тұспал ғана бар, мағына ашық емес, қорытынды пікір жоқ. Осы бейнелі сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшылайды, мәтелде дәлелдеу де, тиянақ та тұжырым да болмайды.

Мақал мен мәтел бір-бірінен осындай белгілермен ерекшеленеді.

Мақал-мәтелдің көркемдік ерекшелігі. Мақал-мәтел – сөз мәйегі, асылы, саф алтыны. «Мақал - сөз атасы». Олар сөз дәлдігімен тереңдігімен ықшамдылығымен ерекшеленеді. Мақал-мәтелдер нақыл сөз есебінде қызмет атқарады. Прозалық, поэтикалық құрылымды болып келеді. Олардың қайсысында болсын проза, поэзияға тән ырғақ, үйлесім, саз, интонация – барлығы да бар.

Мақал-мәтелдер дыбыс үндестігіне негізделген. Сондықтан олар музыкалық саздылығымен оқушысына әсер етеді, мақалдағы негізгі ойға жетектейді. Мысалы, «Ердің ісі – келіс, ездің ісі – керіс » деген мақалды алалық. Осында «е,і» дыбыстары бірнеше рет қайталанған. Сол дыбыстар мақалдың саздылығын күшейтумен бірге, құлаққа жатық та әсем үнмен естіледі. Мақалдағы негізгі ой ер мен езге байланысты. Әңгіме солардың бойындағы адамгершілік қасиет туралы. Дыбыстық өрнектер де соған орай. Сонан соң осы мақалдардағы сөздер үйлесе үн тапқан. Негізгі ұйқас жол аяғындағы «келіс» пен «керіс» сөздеріне негізделсе, мақалдағы басқа сөздер іштей үйлескен. «Ердің ісі» мен «ездің ісі» ішкі ұйқасқа сүйенген. Бұл ұйқастар мақалды ажарландырып тұр. Сондай ақ «Түсі игіден түңілме» деген мақалда «Жақсы жамандыққа бармайды, ол жақсылыққа әзір» деген ойды «т, і» дыбысы арқылы өрнектеген. Екіншіден, сол ойды әрі кейіптеу арқылы жақсы білдірген. Мақал-мәтелдерде көп қолданылатын көркем өрнек - синтаксистік параллелизм. Мысалы, «Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді, елін сүйген еріне, ел тілеуін береді», «Жолдасын таппаған ер азады, қордасын таппаған жер азады», «Су кірді тазартса, оқу миді тазартады», «Сүңгінің жарасы бітер, тіл жарасы бітпес».

Айталық, жолдас қадірін білдіру үшін, сол ойын оқушысына жеткізу үшін ер мен жерді қосарлап алып, кесте жасайды. Ал «сүңгінің жарасы бітер, тіл жарасы бітпес» деген өрнектерде «Еттен өтіп, сүйекке жетер» тіл тәңірісін ғаламат өрнектеген.

Мақал-мәтелдерде бейнелі көркем сөз айшықтарының қайсылары көбірек кездеседі. Оларда теңеу арқылы да көркем өрнек жасалынады. Мысалы, «Түсіне қарасаң күндей, ішіне қарасаң түндей». Жүзі күндей күлімдеп, іші мерез, сұм адамдарды «түндей» деген теңеу арқылы қапысыз танытқан.

Мақалдағы көркемдік тәсілдердің бірі – әсірелеу. Мысалы, «Тарыдан тау, тамшыдан көл». Мақал-мәтелдерден көркем сөз айшықтарының бәрін кездестіреміз. «Еңбек - ырыстың бұлағы, еңбек - бақыттың шырағы», «Еңбексіз - өмір тұл, ойсыз - көңіл тұл», «Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы» сияқты метафора, «Талапсыз адам - табансыз, алымсыз адам - шалымсыз», «Өрлеген балық ауға жолығады, өр көкірек жігіт дауға жолығады», «От ауызды, орақ тісті» сияқты эпитет, «Кітап - көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа - маржан» сияқты метонимия мақал-мәтелдерде мол ұшырасады. Жалпы, мақал-мәтелдер бейнелі өрнекке толы.

Мақал-мәтелдер көркемдік бейнелі сөз айшықтарымен әсерлі. Олардың айтуға оралымдылығы, тілге үйіріле кететіндігі, ойдың өткірлігі, ұшқырлығы, тереңдігі мақал-мәтелдердің көркемдік осы сапаларымен байланысты.







    1. Мақал-мәтелдердің сарапталуы


Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Ол халықтың, әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірін түгел қамтиды.

Мақал-мәтелдердің басты-басты тақырыптары: Отан, туған жер, атамекенге байланысты. Елін, Отанын емірене сүйген халық Отанын шексіз сүюді ұрпағына өсиет еткен. «Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Өз елің - алтын бесік», «Өз елім - өлең төсегім», «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» деген мақал-мәтелдерде халықтың туған жеріне, атамекеніне, Отанына, еліне деген сүйіспеншілігі терең түйінделген.

Мақал-мәтелдердің үлкен бір саласы еңбекке арналған. Халық еңбекті әр уақытта ардақтап, бүкіл игіліктің көзі деп білген. Бұл «Еңбек түбі - береке, көптің түбі - мереке», «Еңбек етсең емерсің», «Ер дәулеті - еңбек», «Бейнет, бейнет түбі - зейнет», «Еңбек ет те егін ек - жарымасаң маған кел, белді бу да бейнет қыл - байымасаң маған кел» деген мақалдардан аңғарылады. Халық еңбек пен бақытты егіз деп қараған. Адамды ер атандырып, құрмет-қуанышқа жеткізетін де - еңбек деп білген. «Еңбегіне қарай - құрмет, жасына қарай - ізет», «Еңбек - ерлікке жеткізер, ерлік - елдікке жеткізер», «Еңбек еткен - мұратқа жеткен», «Әрекет болмай - берекет жоқ», «Еңбексіз - рақат жоқ», «Бір еңбектің - бір рақаты бар», «Біткен іс - піскен жеміс», - деп, халық еңбекті мейлінше дәріптеген.

Мақал-мәтелдердің енді бір саласы ерлікке, батырлыққа байланысты туған. Халық ерлік пен елдікті бірдей көрген. «Ел үмітін ер ақтар, ел атағын ел сақтар», «Батыр туса - ел ырысы, жаңбыр жауса - жер ырысы», «Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі», «Ер - елімен жақсы», «Елі жоқ - жер жетім, ері жоқ - ел жетім», - деп халық ел қорғаны батырды мадақтаған. Мақал-мәтелдерде ер мен ез, батыр мен қорқақ қатар айтылады. Сөйтіп, елден туған ерді үлгі-өнеге етеді, қоян жүрек қорқақты сынайды. Жастарды ерлікке баулуды мақсат етеді.

Ынтымақ - бірлік туралы да мақал-мәтелдер көп. «Бірлік болмай - тірлік болмас», - деп, елді бірлікке үндеген. «Бірлігі бар елдің белін ешкім сындырмас», - деп, елді бірлікке, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруға шақырған. «Байлық - байлық емес, бірлік - байлық», «Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді», «Ынтымақтың арты игі», «Ері ынтымақты елде жоқшылық болмайды», - деп, байлық та, ырыс-береке де, елдік те, күш те - бірлік деген үлкен түйін жасаған.

Мақал-мәтелдердің енді бірі алуан достыққа, жолдастыққа арналған. «Досы көпті жау алмайды, ақыл көпті дау алмайды», «Жақсы дос ашып айтар, жаман дос қосып айтар», «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады», «Ағаш тамырымен, адам досымен мықты», «Доссыз көңіл - тұл, махаббатсыз - өмір тұл», «Жолдасы көптің - олжасы көп», «Жолдасы жақсы - жолды болар, жолдасы жаман - қолды болар», - деп, достық пен дұшпандықты, жақсы жолдас пен жаман жолдасты салыстыра отырып, адал досты, жақсы жолдасты үлгі етеді.

Мақал-мәтелдерді кім шығарғанын анықтау қиын. Сондықтан мақал-мәтелді халықтың төл туындысына балап, ауыз әдебиетінің сүбелі жанрларының бірі ретінде зерделеуге болады.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Мұхтар, Сәбит, Ғабит, Ғабиден тағы да басқалардың шығармаларында да мақал-мәтел болып кеткен жолдар аз емес.

Мақал-мәтелдердің тура және ауыспалы мағынасы болады. Мысалы, «Өнер алды - қызыл тіл», «Мал - жанымның садағасы, жан - арымның садағасы», «Ер қанаты - ат», «Елін сүйген ер болар» деген мақалдарда ешқандай астар, тұспал, ауыстырмалы мағына жоқ, ой ашық айтылған, ишаралау жоқ. Ал екінші бір мақал-мәтелдерде ой астарлы беріледі. Мысалы, «Не ексең, соны орарсың». Мұның тура мағынасынан гөрі жанама мағынасы басым. Халық бұл мақал арқылы істеген ісіңнің, берген тәрбиенің жемісі де, нәтижесі де сол ісіңе, тәрбиеңе орай болады дегенді білдірген. Сол сияқты «Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер», «Тай атқа, ат мұратқа жеткізер», «Сабасына қарай піспегі, мұртына қарай іскегі», «Жауырды жаба тоқиды» деген мақалдарда да ишара, астар мол.



















ІІ тарау

Адам және оның қасиеттері туралы мақал-мәтелдер


2.1. Мақал-мәтелдерінің этномәдени сипаты


Ғылымда «этникалық мәдениет» және «этнос мәдениеті» деген түсініктер қалыптасқан. Осыған сәйкес әркімнің ұлттық-этникалық көзқарасын, салт-санасын берік сақтап, атадан-балаға мирас ретінде жеткізетін – халық мақал-мәтелдері.

Кез келген этнолингвистикалық және этномәдени тұрғыдан зерттеу - белгілі бір халыққа тән ерекшеліктерді жан-жақты қарастырады. Ал әр халықтың өзіндік өзгешелігін танытатын тарихы, өмір сүру ортасы, дүниені тану көзқарасы мен наным-сенімі, әдет-ғұрпы, салт-санасы сол халықтың тіліндегі тілдік бірліктерде, оның ішінде мақал мен мәтелдерінде ізін қалдырады. Мысалы,

Асық ойнаған азар,

Доп ойнаған тозар.

Бәрінен де қой бағып

Құйрық жеген озар.

Бірінші мақалды қарастырсақ, қазақ халқының ежелгі шаруашылығы мал бағу болғандықтан, балаларының күні ұзақ асық ойнап, доп теуіп өткізгенін қаламайды. Керісінше, пайдалы іс – қой бағып, тамағын тауып жегенді мақұл көреді. Соны бүкіл жас ұрпаққа уағыздай отырып, уақытты тиімді де пайдалы іске жұмсаңдар дегенді аңғартады.

Қазақ халқы ерте заманнан бері қолөнер кәсібін жетік меңгеріп, тоқымашылық, зергерлік, етікшілік, ұсталық кәсіпті жақсы дамытқан. Қалың бұқара ішінде ежелден «Он саусағынан өнер тамған» адамдар өте қадірлі болған. Халық арасында үлкен беделге, сый-құрметке ие жандар болған. Сондықтан болар, «Өнерлі адам ешқашан да өлмейді» деген дана сөз қалыптасқан.

Мұнда аз ғана сөзге не болмаса бір, бірер сөйлемге қаншама дерек сыйыстырылған. Аз сөзбен көп жайды аңғартатын мақал-мәтелдер бүкіл этностың болмысын көз алдыңа елестете алады екен. Демек, қазақтардың этномәдени сипаты олардың әрбір мақал-мәтелдерінің бойынан көрініс табады деп нық айтуға болады.

Мақал-мәтелдер салыстыра отырып, жинақталған ұқсас мақал-мәтелдердерді зерделей қарастырғанда ұқсастықтың үш түрлі деңгейі болатындығы байқалады.

Бірінші деңгей - мақал-мәтелдердің мағынасы мен құрам-құрылымы жағынан толық сәйкес болып келетін абсолютті (толық) ұқсастық.

Екінші деңгей - компоненттерінде азды-көпті өзгерістер бар, бірақ мазмұны ұқсас мақал-мәтелдер.

Үшінші деңгей - құрылымы толық сәйкес болмаса да, жалпы түрде ұқсастығын сақтаған, бірақ екі тілдің өз логикасы бойынша қалыптасқан, құрамы-құрылымы елеулі өзгеріске түскен мақал-мәтелдер.

Бірінші деңгейдегі мақалдарға мысал:

Адам - адаммен адам.

Асы піспестің қазаны оттан түспес.

Екінші деңгейлі мақал-мәтелдер қазақ және ұйғыр халықтарында молынан кездеседі.

Ат айналып қазығын табар. Су айналып жазығын табар (қазақша)

Ағайын тату болса - ат көп, Абысын тату болса - ас көп (қазақша)

Екінші деңгейге жатқызылған жұп мақал-мәтелдердің бәрі де мағына жағынан ұқсас, бір ғана ұғым-түсінікті білдіретін мақал-мәтелдер.

Үшінші деңгейдегі мақал-мәтелдер, әдетте, құрылымы, құрамы өзгеше, бірақ екі халықта да мазмұны өзара ұқсас келеді . Мысалы: қазақтың «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» деген мақалына ұйғыр мақалы мәндес келеді.

«Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді»-нің беретін мәні бір адамның істеген жаман қылығы көптің, ұжымның атына кір келтіреді - мақалының аудармасы - «Бір жалқау мыңды жалқау етеді». Екі тілдегі мақалдың беретін ортақ мағынасы - бір нәрсенің көпке теріс әсер етуі. Бір қызығы, қазақ халқы өз мақалына негізгі шаруашылық кәсібінде пайдаланылатын «құмалақ», «қарын» сөзін қолдана отырып, қалыптастырған. Ал ұйғыр халқы үнемі еңбек етіп, терлеп-тепшіп жұмыс істеуді қалайтын болғандықтан, өз лексикасындағы «жалқау» сөзін мақалдың тірек сөзі етіп алған. Демек, осы мақалдардың да өн бойынан халықтың тіршілігінің исі аңқып тұр. Сыртқы құрылымы мүлдем бөлек, алайда мазмұндас. Бір түсінікті, бір ұғымды береді.

Түсінік, таным, ұғым, ойлау, әдетте, тіл арқылы бейнеленіп, көрініс табады.

Этнолингвистік топтастыру принципі бойынша жіктелетін «Адам», «Қоғам», «Табиғат» топтарына қарай сараланатын мақал-мәтелдердің басым көпшілігі антропоцентристік принцип негізінде өзінің ауыс мағынасында болса да, адам болмысына қатысты болып келеді. Мақал-мәтелдер жоғарыда көрсетілгендей, әр тілдегі мақал-мәтелдердің баршасы антропоцентристік принцип бойынша қалыптасып, қалай жасалып айтылса да, адам баласының өзіне, яғни әрбір халықтың өкіліне бағышталып, соның бойындағы не жақсы, не жаман қасиеттерін сипаттауға арналады.

Сондықтан мақал-мәтелдерді уәждік ұқсастықтары мен өзгешеліктерін сараптар алдында «біз барлықтағы барша заттар мен құбылыстарды үлкен үш салаға топтастырып, ішкі жүйесі мен мағынасына қарай шоғырландырып қарағанда көре аламыз. Оларды біз шартты түрде «Адам», «Қоғам» және «Табиғат» деп атауды ұсынамыз», — деп академик Ә.Қайдар көрсеткендей, жұмыста осы ғалым еңбегінің ізімен мақал-мәтелдер үш топқа бөлініп қарастырылды.

Барлық түркі тілдеріндегі мақал-мәтелдерді тақырыптық топтары әр халықтың өмір-тіршілігіне, дүниетанымдық қасиеттері мен рухани болмысына байланысты. Бұл топтардың мазмұны мен уәждік негіздері де әр түрлі.

Туыстыққа, шығу тегіне қатысты мақал-мәтелдер. Қазақ халқында көп елдерде бола қоймайтын өзіндік ерекшелік те бар. Жеті атасын білу деген ежелден қалыптасып, қазақ елінде сақталған дәстүр бойынша әрбір жасөспірім, ержеткен азамат өзінің жеті атасын, шыққан тегін білуге тиісті. Өйткені қазақ салты бойынша ұл бала ата-бабаларының ең кем дегенде жеті буынға дейінгі таралуын, өткен-кеткенін, жасаған ерлігін, жайлаған қонысын білуі борышы болып есептелген. Әрбір ата-ана өз баласына соны көзі тірісінде үйретуге тырысқан. Әке-шешесінен ерте қалған бала бұл тағлымды білмей кетуі де мүмкін. Ал жеті атасын білмеу «жетесіздіктің, тексіздіктің» белгісі деп саналған. Соған сәйкес тілде мақал-мәтелдер қалыптасқан.

Жеті атасын білмеген жетесіз,

Арғы тегін білмеген тексіз

Жеті атасын білмеген - жетімдіктің белгісі

Жеті атаның жөнін біл,

Жеті рудың тілін біл

Қазақ елі жеті атаны білуді қатаң қадағалаған. Бұл жерде ел ақсақалдары, қадірлі адамдары қыз алысып, қыз берісуді сегізінші атада жүзеге асырған. Олар қан тазалығын, тек-тұқымның адалдығын қорыған. Осыған байланысты ХІХ ғасырда, тіпті одан да ертеректе сегізінші атаға дейінгі қыз бен жігіт бір-бірін ұнатып, қосыла алмайтын болған. Ел ішінде кездескен ондай бірен-саран оқиғалар болса, қатаң жазаланып отырылған. Өйткені олардың ұрпақтары мүгедек, жарым-жан болып дүниеге келген. Қазіргі күнде де осы дәстүр қатаң сақталып, ел ішінде берік орын алған.

Мақал-мәтелдердің құрамдық-құрылымдық ұқсастықтары мен өзгешеліктері тұрпаттық жағынан ғана емес, мақал-мәтелдер компоненттерінің байланысу тұрғысынан, мағыналық деңгейінен, құрамындағы таған, бөлшек сандарынан тұрғысынан қарастырылуы керек. Олардың құрылымдық ерекшеліктерін мағыналық құрылымының заңдылығына сәйкес зерттеген дұрыс. Мұндай зерттеу жолының теориялық та, практикалық та маңызы бар, себебі тілдер ара мақалдық оралымдардың қолдану ерекшеліктерін анықтауға, олардың тұлғалық сипатын белгілеуге мүмкіндік береді.

Әуел баста мақал-мәтелдер халық аузынан қарапайым сөз түрінде таралса, келе-келе ұйқастырыла, қиыстырыла өлең сөзбен берілетін болды. Себебі заманның дамып, өзгеруіне байланысты мақал-мәтелдер құрылымы да жетіле түседі. Кей жағдайда көпшілік құлағына жағымды да әсерлі естілуі үшін өлең түрінде қалыптасып дамыды. Сондықтан қара сөз ретінде өмірге келіп, бірте-бірте поэтикалық жанр түрінде үздіксіз толыға түсті.

Қара сөз түрінде пайда болған мақал-мәтелдер де көптеп кездеседі.

Алма ағашынан алысқа құламайды.

Саяқ жүрген таяқ жер.

Осы мысалдардан көрініп тұрғандай, бәрі бір жолдан тұратын мақал-мәтелдер. Яғни олардың барлығы қарапайым сөз түрінде қалыптасып қоймай, мағынасы да лексикалық құрамы да бір-бірінің көшірмесі іспетті. Демек, олар абсолютті ұқсастыққа ие.

Ең көп кездесетін өзгешелік мақал-мәтелдердің лексикасына ғана байланысты болып келеді: мақал құрамындағы кейбір сөздер мағыналас басқа сөздермен алмастырылады.

Ат тұяғын тай басар.

Бір әйелдің айласы қырық есекке жүк.

Жаман дос көлеңке.

Бұдан шығатын қорытынды: қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер көбінесе, ықшамдалу құбылысына ұшырап, нақты ойды жеткізуге бейімделсе,

Тілдің динамикалық құбылыс екендігі белгілі. Соған сәйкес мақал-мәтелдер де өзінің тұлғалық, кейде мағыналық тұрақтылығын әрқашан сақтай бермейді. Сондықтан мақалдардың мағыналық тұрақтылық заңдылығы оның құрылымдық өзгерістерінің де заңдылығын қамтамасыз етеді.

















2.2. «Адам» концептісінің құрылымы


Адам және оның қасиеттері туралы мақал-мәтелдер

Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол.


Жақсы адам - елдің ырысы,

Жақсы жер - жанның тынысы.


Бір кісі мың кісіге олжа салар.


Адам аласы ішінде,

Мал аласы сыртында.


Ақ жүрген адам азбас.


Адам болатын бала,

Алысқа қарайды.


Адам жүрген жермен адам жүреді,

Біреу білмегенді, біреу біледі.


Аты-тоны бар кісіде,

Әзіретәлінің күші бар.


Адам сөйлескенше,

Жылқы кісінескенше.


Бұрынғының кісісі -

Бүгінгінің кішісі.


Бізде кісі болармыз,

Атқа кісен салармыз.



Тау тауға қосылмас,

Адам адамға қосылады.


Кісідегінің кілті аспанда.


Болған кісі болдым демес,

Болдым десе болғаны емес.


Білген адам тауып айтады,

Білмеген адам қауып айтады.


Адам құлақтан азады,

Көңілден семіреді.


Адал адамның аты арып,

Тоны тозбас.


Адам деген ардақты ат.


Әдептілік ар-ұят -

адамдықтың белгісі,

Тұрпайы мінез, тағы жат -

Надандықтың белгісі.


Ақылың болса арыңды сақта,

Ар-ұят керек әр уақытта.


Ақылды адам айтқызбай біледі,

Ақ сұңқар қаққызбай іледі.


Адам туралы мақалдар:


Адам - түп ата, Хауа - түп ана.


Адам - ардақты ат.


Адам бір-біріне қонақ.


Адамға адам жат емес.

Адамның күні адаммен.


Адам тастай берік, гүлдей нәзік.


Адам жылқы мінезді.


Адам ұйымшыл, мал үйіршіл.


Адамнан үлкен ат жоқ,

наннан үлкен ас жоқ


Адам көпке, мал шөпке тоқтайды.

ҚОРЫТЫНДЫ


Қандай тарихи дәуiрде болмасын халықтар тiлдерiнiң қоғамдық даму барысындағы атқаратын қызметi өте зор, өйткенi ұлттық мәдени дүниенiң даму деңгейi тiлдiң даму шеңберiмен тығыз байланысты.

Ал осы әдеби тiлдiң байлығын, мәдениетiн, оның көркемдiгiн, бейнелiлiгiн артыратын лексикалық категория - бұл мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдердiң қалыптасуына белгілі бір жағдаяттар негiз болады да, әр халықтың мәдени дәстүрiн, әдет-ғұрпын, мекендеген географиялық ортасын, дiни нанымы мен дүниетанымын, психологиясын көрсетедi. Сондықтан қазақ және ұйғыр халықтарының тарихи, мәдени өмірін салыстыру арқылы олардың қалыптасып, даму жолдарына қысқаша шолу жасалынды. Ұйғыр халқының қалыптасу, даму тарихының бірнеше кезеңдері көрсетіле отырылып, жан-жақты қарастырылды. Әрі әр кезеңде екі тілдегі мақал-мәтелдердің қалыптасуы сөз болды.

Қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің этномәдени сипаты айқындалып, оларға контекстік әрі этнолингвистикалық талдау жасалынды. Сәйкестiк құбылысының себеп-салдарын, заңдылығын дәлелдейтiн қағида баршылық. Ол - халық даналығының қандай да бір дәуiрде барша халықтар үшiн ортақтастығы.

Қазақ халықының мақал-мәтелдердің тақырыптық ұқсастықтары жұмысы академик Ә. Қайдар ізімен «Адам», «Табиғат», «Қоғам» атты микротоптарға бөлініп қарастырылды. Мұндағы тақырыптық топтар әр халықтың өмір-тіршілігіне, дүниетанымы мен рухани болмысына байланысты. Отан, туған жер, ел, жұрт, халық - барша ұлттарға ортақ, мәңгі тақырып. Бұларда отан мейірбан анаға, отанның аялы құшағы алтын бесікке баланады. Сондай-ақ адам болмысына, туған-туысқа, т.б. тақырыптарда мақал-мәтелдерден мысалдар келтіріліп, зерттелді.


















Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Қайдар Ә. Халық даналығы – Алматы: Тоғанай, 2004 –558 б.

  2. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасының дамуының негіздері. Алматы: 1998, -69 б.

  3. Қазақ және ұйғыр мақал-мәтелдерінің ұқсастық деңгейлері // Тілтаным. 2005, № 4. – 6-11 бб.

  4. Тілдерара балама мақал-мәтелдердің тұлғалық дамуы туралы // Тілтаным. 2006, № 4. – 130-135 бб

  5. Қазақ мақал мәтелдерінің мағыналық өзгешеліктеріне қатысты кейбір пікірлер // Хабаршы. 2006, № 6. – 68-72 бб.

  6. Қазақ мақал-мәтелдерінің көркемдік табиғаты // ҚазҰУ-дың Хабаршысы. Филология сериясы – Алматы: 2006, № 96. – 56-58 бб

  7. Қайдар Ә.Т. Халық даналығы. Алматы. 2004,-5656.

  8. Қарсыбекова Ш.П. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді топтастырудың этнолингвистикалық принциптері. Алматы, 2004,– 266.

  9. Лингвистический энциклопедический словарь. Москва, 1990

  10. Жанпейісов Е.Н. Этнокультурная лексика казахского языка. Алматы, 1989.

  11. Энциклопедиялық сөздік. Алматы, 1989.

  12. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. Алматы, 1997.

  13. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 1991.

  14. Қарсыбекова Ш. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді топтастырудың этнолингвистикалық принциптері. Ф.ғ.к. автореф. –Алматы, 2004. 20б































Краткое описание документа:
Пікір Тiл халықтың қоғамдық, әлеуметтiк өмiрiмен, саяси-экономикалық жағдайымен тығыз байланыста дамиды, кемелденедi. Сондықтан да қоғам өмiрiнiң даму қарқыны түрлi тарихи дәуiрде түрлiше деңгейде көрiнетiнi сияқты, әдеби тiлдiң де даму шеңберi бiрде кеңейiп, бiрде тарылып отырады. Бұл заңды өзгерiстер тiлдiң барлық категорияларын өз iшiне алады. Бiрақ қандай өзгерiс болмасын, тiл қалай дамымасын, ол өзiнiң адамдар арасындағы қатынас құралы ретiндегi қызметiн өз дәрежесiнде атқара береді. Әдеби тiлдiң мәдениетiн, байлығын, көркемдiлiгiн, бейнелiлiгiн арттыратын лексикалық категория – мақал-мәтелдерге де байланысты. Басқаша айтқанда, тiлдiң лексикалық құрамының бөлiнбес бiр сыңары саналатын мақал-мәтелдер де ұлт тiлiнiң ғана емес, ұлт мәдениетiнiң де көрсеткiшi болып табылады.             Қазiргi кезде түркi халықтарының тiлдерiнде әлi зерттеле қоймаған мәселелер аз емес. Солардың iшiнде әр халықтың ұлттық болмысын танытатын бай мұралардың бiрi – мақал-мәтелдердi жан-жақты салыстыра зерттеуге бағышталған еңбектер. Сондықтан халықтың мәдени дүниесін дәрiптейтiн бұл тұрақты тiркестердiң тiлдiк табиғатын тану үшiн жүйелi зерттеу жүргiзудiң қажеттiлiгiнде күмән жоқ. Демек, тіл және ұлттың бірлігін танытатын мақал-мәтелдердің тілдік әрі этномәдени тұрғыдан қарастыра отырып, олардың астарындағы ұлттық болмысты айқындау, тіл арқылы ұлттың тарихи санасын, мәдениетін таныту жұмысымыздың өзектілігін көрсетеді. Аталған мәселе бойынша көркем әдебиет пен баспасөз материалдарынан көптеген мысалдар жинастырып, оны өзі келтірген кейбір пікірлерді дәйектеуде тиімді пайдалана білген. Жоба нәтижесін алу үшін зерттеушіге тән табандылық қасиеттері көрсетіліп, тақырыпты терең түсініп, ойларын жеткізу дәрежесіне көтерілген. Зерттеу нысанына сай өз алдына бiрнеше мақсат-мiндеттер қойды. Оны шешуде өзiндiк iзденiс таныта бiлдi зерттеу жұмысы көтеріп отырған проблемасы құнды, оны шешу жолындағы оқушының ізденісі, ұсынған тұжырымдары нақты  болуымен ерекшеленеді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады. Тақырыптың мазмұны талапқа сай ашылған, тілі жатық, ғылыми дәлелдері анық берілген. Еңбекті жоғары бағалауға болады деп ойлаймын.
Общая информация

Номер материала: 96334050624

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Английский язык: лингвистика и межкультурные коммуникации»
Курс профессиональной переподготовки «Испанский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Немецкий язык: теория и методика обучения в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Китайский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации»
Курс «Польский язык»
Курс «Английский язык для начинающих (Beginner)»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания английского языка с учетом требований ФГОС»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания немецкого языка с учетом требований ФГОС»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания испанского языка с учетом требований ФГОС»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания итальянского языка с учетом требований ФГОС»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания китайского языка с учетом требований ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания иностранных языков в профессиональном образовании: английский, немецкий, французский»
Курс повышения квалификации «Организация кросс-культурной адаптации иностранных студентов в образовательных организациях в сфере профессионального образования»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания русского языка как иностранного»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности помощника-референта руководителя со знанием иностранных языков»
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.