Инфоурок Русский язык Другие методич. материалыҚадыр Мырза Әли «Кәрі қыран» сабағы туралы ой түйін

Қадыр Мырза Әли «Кәрі қыран» сабағы туралы ой түйін

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Kari Kyran 7 synyp. sabak zhospary.docx

Карменова Бахытжамал Базылрахмановна

 

Жұмыс орны (толығымен):    ШҚО   Көкпекті ауданы Самар ауылы

                                                  Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектебі

 

Лауазымы :                               қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім

 

Ғылыми атақ , дәрежесі :        жоғарғы санатты мұғалім

 

Мекенжайы (индексті көрсету):        ШҚО Көкпекті  ауданы Самар  ауылы

                                                               Пионер көлденең көшесі 20/2  0710

 

Телефон (кодын көрсету)         8777 9873718

Факс                                            8-72333-21-558

Е-mail(міндетті түрде)              karmenova61b@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     ШҚО Көкпекті ауданы Самар ауылы

                                               Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектебі

                                               Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

                                               Карменова Бахытжамал Базылрахмановна

 

 

Қадыр Мырза Әли  "Кәрі Қыран" 7 сынып

 

Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетте бағыттаушы, ұйымдастырушы.

Белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы осы орайда былай депті: «Шеберліктің белгісі - түрлі әдісті болу» Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға болатындығын атап өтсем, оқушылардың  ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйренетіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығы байқалады.

Сын тұрғысынан ойла стратегияларын  қолданудағы менің міндетім – баланың шығармашылық қабілетін дамыту, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу. Өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады деп ойлаймын.

   Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданып жүргізген бір сабағымды ұсынамын

 

Сабақтың тақырыбы:  Қ. Мырза Әли  «Кәрі қыран»

Сабақтың мақсаты: Ақын өмірі мен шығармашылығына жан-жақты шолу, өлеңнің көркемдік мазмұнын ашу, қыран құстың қасиеттерін танытып,оқушының сөйлеу дағдысын, өзіндік көзқарасын, қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер: Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толық мағлұматтар алады, өлеңге композициялық талдау жасайды, көркемдік мазмұнын, идеясын ашады.

Берілген материалды жұптаса, топтаса өз беттерімен меңгереді. Бірін-бірі тыңдауға, бағалауға үйренеді.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Тапсырмалар: Сұрақ-жауап, ой қозғау, салыстыру, еркін жазу, БҮҮ кестесі, оқулықпен , топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері.

Сабақтың көрнекілігі: Қадыр Мырза Әли туралы бейнежазба, ақын портреті, шығармалар жинағы, слайдтар, оқулық

Қолданылған әдіс-тәсілдер:  түсіндіру, сұрақ -жауап, АКТ қолдану, Венн диаграммасы, Инсерт кестесі. 5 жолды өлең

Пәнаралық байланыс: Биология, География, музыка, бейнелеу өнері, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері    Мұғалім әрекеті  Оқушы әрекеті

1.       Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу.2. Шаттық шеңбері («Ұшты-ұшты» ойыны ) 3. Топқа бөлу (оқушылар қыран құстардың суреттерін таңдаулары бойынша 4 топқа бөлінеді. Топтар: сұңқар, лашын, қаршыға, бүркіт). 5. Бағалау парақтары (Бағалау өлшемдерімен)таратылады

2.       Кіріспе. Үй тапсырмасын тексеру

«Блиц-сұрақтар»

- Қалихан  Ысқақтың туған жері?

- Шығармалары?

- «Қоңыр күз еді» повесінің кейіпкерлері?

- «Маймұрынды » қандай кейіпкеллердің қатарына жатқызар едің? Неліктен?

- «Жарықжұлдызды» қандай кейіпкер деп ойлайсың?

- Алтынға деген Қасымның балалық  ғашық сезімі қалай көрінеді?

-Алматай мұғалімнің «...ешкім сұраса да берме, ешбір жанға көрсетпей оқы» дегені несі?

- Қасымның жазушымен кездессем деген үміті Алматыға келгенде неге үзілді?

 

І. Қызығушылықты ояту. Ой қозғау

Бейне жазба. «Қазақтың қадыры». Оқушылар бейне жазбадан Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығынан үзінді  көріп, өздерінің ақын өмірбаянынан бұрын білгендері мен қазіргі көргендерін салыстыра ой қозғайды. Әр топ өзінің постерін жасайды. (Постер құру кезінде тақтада ақын өмірінен сыр шертетін слайдтар жүріп жатады)

ІІ. Жаңа сабақ. Мәтінмен жұмыс. 

«Миға шабуыл»

-Балалар, біз бүгін балалық шағы Ұлы Отан соғысының қасіретті жылдарымен тұспа-тұс келген Қалихан Ысқақтың құрдасы , барлық бала сүйіп оқитын ,жаңа ғана өздерің  тамсана,сүйсіне әңгімелеп кеткен қазақтың ақыны, қадірлі ұлы – Қадыр Мырза Әли аталарыңның  «Кәрі қыран» атты өлеңімен танысамыз.

Қадыр Ғинаятұлы –ақын, жазушы. Ол 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы Жымпиты аулында дүниеге келген. Елуден аса кітаптың авторы. 200-дей өлеңіне ән жазылған.қазақ тілінің қадірін, қасиетін айтудан шаршамаған, туған жерге, ата қонысқа деген сүйіспеншілікті білдіретін «Атамекен» әнімен әр қазақтың жүрегінде еркіндік пен өрліктің символы болып қалған қыран-ақын Қадыр Ғинаятұлы Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың, Махамбет атындағы сыйлықтың, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері. Талантты ақын 2011 жылы қаңтардың 22-інде көз жұмды.

Қадыр Мырза Әлидің ойнақы жаңылтпаштары мен жұмбақтары, мысалдары мен санамақтары, ертегілері мен балладалары қазақ балалар әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосып келеді.

2.1. Оқулықпен жұмыс. Топпен жұмыс. «Кәрі қыран» өлеңін мәнерлеп оқып, тақырыбын, идеясын ашу (Әр топ бөлімдер бойынша)

2.2. «Ақылыңа ақыл қос»                                  

І топ. Өлеңнің композициялық құрамына талдау жасайды

ІІ топ. Өлең құрылысына талдау

ІІІ топ. Өлеңнің поэтикалық тіліне (көркемдеу тәсілі) талдау

ІҮ топ. Өлеңдегі «Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өтті» жолдарына түсінік беру. Баллада жанрына жатқызуға бола ма? Болса неліктен?

2.3.  «Қырағы-көшбасшы» Зерттеу.       

- Қыран қандай құс? Қыранның бейнесін ашу.  Қыранға тән қасиеттер.(Әр топтың көшбасшысы өздеріндегі қыран құстың суретімен байланыстырады)

І топ.  Қыран құстар туралы түсінік бере кету.

Қыран құстар табиғи туыстығы, қабілеті, түс өзгешелігі жағынан 4-4-тен 16-ға бөлінеді екен.
Бүркіттер тобы: байқасқа, ақиық, қараша, көнтабан шөгел
Қаршыға тобы: тұйғын, қаршыға, шәулі, қырғи
Ителгі тобы: сұңқар, ителгі, пәрім, күйкентай
Лашын тобы: бидайық, лашын, жағалтай, тұрымтай

ІІ топ.  Қыран қандай құс? Қазақстанның қай жерлерін мекен етеді?

- Жыртқыш құс, тыныс алу мүшесі жақсы дамығандықтан биікте ұша алады, көзі өткір.

- Таулы аймақта, таудың ұшар биігіне ұя салады.

ІІІ топ.  Халқымыз не себепті қыранды қасиетті құс санған?

- Жеті қазынаның бірі, Ерлерді қыранға теңеген, себебі тек биікте ұшады, өлексе жемейді, адамға жаманшылығы жоқ.

ІҮ топ.  Мемлекеттік рәмізіміз-туда қыран не себепті бейнеленген?

Венн диаграммасы. Қазақ халқы мен Қыран құсты салыстыру.

 - Еліміз әрқашан тек биіктен көрінсін, Қырандай тәуелсіз, намысшыл, адал болайық деген ұғым бар.

2.4. «Символ» түсінік  беру. Слайд.

  Еркіндік, тәуелсіздік, бейбіт өмірдің символы -қыран құс.

 

ІІІ  Ой түйін.

3.1. Бес жолды өлең

3.2. Инсерт кестесі. Не білдік? Не таңқалдырды? Не білгім келеді?

 

 

Бағалау өлшемі:  

Тапсырмалар

Ұпай

1

2

3

4

5

6

«Блиц-сұрақтар»

Ой қозғау

Миға шабуыл

«Ақылыңа ақыл қос»

«Қырағы Көшбасшы»

5 жолды өлең

10 балл

5 балл

5 балл

5 балл

5 балл

10 балл

 

Бағалау шкаласы:   35-40 балл-«5», 25-30 балл-«4»,   15-25 балл- «3», 

                                    10-0 балл-«2»

Рефлексия.  Бүгін сабақ ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар? Егер сабақ ұнаса қызыл стикерге жазып іліңдер. Егер сәл түсінбесеңдер сары стикерге жазып іліңдер.

Үйге тапсырма:

1) «Қыранша өмір сүргенің – Қандай бақыт!»  Эссе жазу

2) Ақын туралы ізденіп келу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қадыр Мырза Әли «Кәрі қыран» сабағы туралы ой түйін"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

7 сыныпта өткен Қадыр Мырза Әли «Кәрі қыран» сабағы туралы ой түйін Ой түйінді жасаған:  Карменова Бахытжамал Базылрахмановна Қадыр Мырза Әлидің «Кәрі қыран»  өлеңі мазмұны мен идеясы жағынан 7 сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай, адами қасиеттерге тәрбиелейтін, патриоттық рух беретін кесек те сыршыл шығарма. Баллада жанрындағы бұл туындыны оқыту, «Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өткен» қыранның бейнесін шәкірттеріммен сабақта талдау өзіме де шалқар шабыт, таусылмас ләззәт сыйлады. Ақын өлеңдеріндегі рухани кеңдік, көркем суреттер, символдық мәнге айналған қыран құстың қайтпас қайсар өр мінезі, оның  биіктік пен еркіндікте ғана өмір сүруге бейімделген қасиеті оқушыларымды ерекше әсерге бөледі.      «Символ» ұғымы түсіндіріліп, қазақ халқына тән рухты қасиетпен салыстыра отырып, қыран құстың мықтылық, қайсарлық, еркіндік, тәуелсіздіктің «символы» екендігіне көздері жетті. Қазақ – қыраннан қырағылық пен ептілікті, өрлік пен намысшылдықты бойына сіңірген халық. Қазақстан Республикасының Туындағы қыран бейнесі азаттық айбыны ретінде бейнеленген.     Сабақтың жоспарын құрғанда «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын басшылыққа алдым. Топпен, жұппен, ұжымда жұмыс түрлерін ұйымдастыру  арқылы оқушыларыма өлеңнің танымдық сипатын, құрылымын өздері байқап, түсіне алатындай нәтижеге жеткізуге тырыстым. Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Бір-бірінің пікірін мұқият тыңдауға үйренді. Оқушыларды топқа бөлу барысында мынандай жетістіктерге жетуге болады: 1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады. 2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды. 3. Топтарының сұрақтарына жауап береді. 4. Барлық оқушылар жұмыс істей бастайды. 5. Қорытынды шығарады. Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады. Оқушылар жұмыс жасау барысында бір- біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш-қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушы өз пікірлерін еркін жеткізуіне жағдайлар жасайды. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» бағдарламасының қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан-жақты дамытатынын байқадым. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетте бағыттаушы, ұйымдастырушы. Белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлының  «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу» деген тамаша сөздері бар. Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады. “Қызығушылығын ояту” кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында “Блиц-сұрақтар” стратегиясын жүргізіп, негізгі ойды шапшаң, дәл айтып беру арқылы  оқушының білім деңгейін қадағаладым. Жаңа сабақты бастар алдында ”Қазақтың Қадыры” атты бейнефильммен  қызығушылықтарын арттырып, жаңа сабаққа көпір жасап, тақырыппен байланыстыра  жаңа сабақтың атауын өздеріне шығарттым. Сабақтың қай құрылымында болмасын оқытушы осындай стратегияларды қолданғанда “Мен не ұтам?” және “Оқушы не ұтады?” деген сұрақтарды есінен шығармауы керек.  “Мағынаны тану” кезеңінде “Миға шабуыл” стратегиясымен  шығарманың идеясы мен көркемдік маңызын ашуды  әр топқа постерлер қорғату арқылы жүзеге асырдым. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындалған сұрақтарға оқушылар өз ойларымен жауап бере отырып, (бұл сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай топтастырылған). “Түртіп алу кестесі” бойынша да жұмыстану арқылы қорытынды шығарды. Бұл технологияның келесі бір кезеңі – салыстыру. Мұнда “Венн” диаграммасының көмегімен оқушылар қазақ халқы мен қыран құстың  ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге талпынады. “Ой түйін” кезеңінде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты “5 жолды өлең” немес “5 минуттық эссе” жаздыруға болады. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Сол эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың өзі 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз.     Әдебиет сабағының күре тамыры – көркем мәтінмен жұмыс жасау. Оның ерекшелігі сол – ол оқушының жүрегіне, сезім қылына әсер етуі. Оқушылармен бірге көркем шығармамен жұмыс істей отырып, олардың ойлануына, толғануына, пікір айтуына ықпал жасадым. Сөз құдіретін баяндау, түсіндіру жолымен емес, ондай інжу-маржанды оқушының өзіне таптыру, сөзбен жұмыс істей алуға, мазмұнын игерту барысында жанды байланыста болу, логикалық ойын жеткізуде ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру сияқты жұмыстарға баса назар аудардым. Шығармашылық жұмыстарды (пікір алмасу, кейіпкерге өзінше сипаттама беру, екі бейнені салыстырып пікір айту) орындатып, ой қорытындыларын жасаттым. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 274 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.05.2014 5335
    • ZIP 25.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Карменова Бахытжамал Базылрахмановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17626
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Лингвокультурологический подход в обучении русскому языку как обеспечение принципов и требований ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 92 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по русскому языку в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 338 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 708 человек

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык как иностранный: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель, преподаватель русского языка как иностранного

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 545 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 639 человек

Мини-курс

Figma: продвинутый дизайн

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 24 регионов

Мини-курс

Психологические аспекты развития и состояния личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции