Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / Тақырып:Microsoft Word.Microsoft Excel
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Тақырып:Microsoft Word.Microsoft Excel

библиотека
материалов

hello_html_m2a7690f7.gifЗертханалық жұмыс №1.

Тақырыбы: Мәтінді пішімдеу


Қазақстан Респібликасының мемлекеттік рәміздері

Елтаңба. Елтаңбада елдің тарихы, дәстүрі, рухы танулы. Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттік бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақ бейнеленген. Ол – мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлының белгісі. Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өімірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болу керек. Елтаңбаның авторлары – сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов. Ту – ортасында шұғылалы алтын күн астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, сабының тұсінда ұлттық өрнек нақышталған тік жолағы бар көгілдір түсті мата. Тудың біркелкі көгілдір түсі бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Тудан қыранның орын алуы егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған. Ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады. Тудың авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.Әнұран. Белгілі ақындар М.Әлімбаев, Т.Молдағалиев, Қ.Мырзалиев, Ж.Дәрібаева жазған сөз мәтіні таңдап алынды. Айналдырған үш шумақ өлеңде бүкіл қазақ халқы тұрған жоқ па? Мұнда қазақ халқының намысшыл, қаһарман халық екендігі, талай қиындықты бастан кешіргендігі, осы жолда ерлікпен күресіп, өз тәуелсіздігін сақтап қалғандығы туралы айтылады. 2006ж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны өзгертілді.

Музыкасын жазған: Шәмші Қалдаяқов

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов

Нұрсұлтан Назарбаев


  1. Microsoft Word программасын іске қосыңыз.

  2. Жоғарыдағы мәтінді ткріңіз.

  3. Пішім→Азат жол (Формат→Абзац) командасының көмегімен келтірілген тапсырмалар бойынша мәтінді пішімдеңіздер:

    • Мәтіндегі Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов және суретші Шәкен Ниязбеков деген сөздерден кейін Enter батырмасын басып, мәтінді азат жолдарға бөліңіз.

    • 1-ші азат жолды ерекшелеп алып, оны Пішім→Азат жол (Формат→Абзац) командасының көмегімен келесідей пішімдеңіздер:

Туралау (Выравнивание) – ені бойынша, оң жақтан шегіну – 1см, бірінші жолдан шегіну – 1,5см. Аралық (Интервал) бөліміндегі алдыңғы (перед) және кейінгі (после) өрістеріне 18пт. және 12пт. мәндерін, жоларалық интервал – 1,5 параметрлерін енгізіңіз;

  • 2-ші азат жолды ерекшелеп алып, оны Пішім→Азат жол (Формат→Абзац) командасының көмегімен келесідей пішімдеңіздер:

Туралау (Выравнивание) – оң жаққа, сол жағынан – 2см шегіну, Аралық (Интервал) бөліміндегі алдыңғы (перед) және кейінгі (после) өрістеріне 12пт. мәнін, жоларалық интервал – қалыпты (одинарный) параметрлерін енгізіңіз;

  • 3-ші азат жолды ерекшелеп алып, оны Пішім→Азат жол (Формат→Абзац) командасының көмегімен келесідей пішімдеңіздер:

Туралау (Выравнивание) – сол жаққа, Аралық (Интервал) бөліміндегі алдыңғы (перед) және кейінгі (после) өрістеріне 12пт. мәнін, жоларалық интервал – қалыпты (одинарный) параметрлерін енгізіңіз;

  1. Пішім→Қаріп (Формат→Шрифт) командасының көмегімен келтірілген мәтінді пішімдеңіздер:

    • Мәтіннің тақырыбына келесі параметрлерді тағайындаңыздар:Қаріп (Шрифт) – KZ Arial, Мөлшері (Размер) – 18пт. Түсі (Цвет) – қызыл түс, ортада орналасқан, анимация – фейерверк(Формат→Шрифт→Анимация).

    • Негізгі мәтінге келесі параметрлерді тағайындаңыздар: Қаріп (Шрифт) – KZ Times Roman, мөлшері (Размер) – 14пт, Түсі (Цвет) – қара түс, Аралық (Интервал) – тығыздалған (минимум).

    • Әр азат жолдың басындағы Елтаңба, Ту, Әнұран деген сөздерге келесі параметрлерді тағайындаңыз: Қаріп(Шрифт) - KZ Arial, асты сызылған, Мөлшері (Размер) – 16пт. Түсі (Цвет) – көк түс, Аралық (Интервал) – қалыпты(одинарный).

  2. Дайын болған құжатты \Менің құжаттарым қаптамасында сақтаңыз.

(үлгісі төменде көрсетілген)

Қазақстан Респібликасының мемлекеттік рәміздері

Елтаңба. Елтаңбада елдің тарихы, дәстүрі, рухы танулы. Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттік бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақ бейнеленген. Ол – мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлының белгісі. Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өімірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болу керек. Елтаңбаның авторлары – сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.

Ту – ортасында шұғылалы алтын күн астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, сабының тұсінда ұлттық өрнек нақышталған тік жолағы бар көгілдір түсті мата. Тудың біркелкі көгілдір түсі бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Тудан қыранның орын алуы егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған. Ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады. Тудың авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.

Әнұран. Белгілі ақындар М.Әлімбаев, Т.Молдағалиев, Қ.Мырзалиев, Ж.Дәрібаева жазған сөз мәтіні таңдап алынды. Айналдырған үш шумақ өлеңде бүкіл қазақ халқы тұрған жоқ па? Мұнда қазақ халқының намысшыл, қаһарман халық екендігі, талай қиындықты бастан кешіргендігі, осы жолда ерлікпен күресіп, өз тәуелсіздігін сақтап қалғандығы туралы айтылады. 2006ж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны өзгертілді.
















Зертханалық жұмыс №2.

Тақырыбы: Тізімдерді нөмірлеу және маркерлеу. Мәтінді бағандарға бөлу


Қазақ халқының жазу тарихы


Қазақ халқы - әліміздің ежелгі ұлттарының бірі. Қазақ халқы – ерте заманда Алтай, Тянь-Шань таулары мен Жоңғар ойпатын, Жетісу өңірі мен Сырдария алқабын мекен еткен. Ежелгі түркі тілдес тайпалардыңғ атап айтқанда Сақ, Қаңлы, Албан, Қыпшақ, Оғыз, Арғын, Найман, Қарлық тайпаларының тарихы даму дәуірлерін басынан кеше отырып, бірте-бірте бірігуі арқылы халық болып қалыптасқан.

Түркі тілдерінің даму дәуірлерін түрколог ғалым Н.А.Баскаков алты кезеңге бөліп көрсетті:

Алтай дәуірі;

Хун дәуірі /V ғасыр/;

Көне түркі дәуірі /V-X ғасыр/;

Орта түркі дәуірі /Х-ХV ғасыр/;

Жаңа түркі дәуірі /ХV-XX ғасыр/;

Ең жаңа дәуір /ХХ ғасыр/.

Осы кезеңдерде қазақ халқы басқа туыстас түркі тілдерімен бірге дамыды, қалыптасу барыснда қазақ тілі басынан төрт түрлі жазу түрін кешірді: руна таңбасы, ұйғыр, араб, латын алфавиттері.

  1. Microsoft Word программасын іске қосыңыз.

  2. Жоғарыда келтірілген мәтінді теріңіз.

  3. Келтірілген мәтінді Пішім→Тізім (Формат→Список) командасының көмегімен пішімдеңіздер.

  4. Ол үшін Сақ, Үйсін, Қаңлы, Албан, Қыпшақ, Оғыз, Арғын, Найман, Қарлық мәтін бөлігіндегі әр сөзді жеке жол басына орналастырыңыз (көрсетілген әр сөздің алдынан Enter батырмасын басыңыз).

  5. Сонан соң осы сөздерді ерекшелеп алып, ашылған Тізім (Список) сұхбат терезесінен Маркіленген (Маркированный) бөлімін ашыңыз. Осы терезеден үлгіде көрсетілген маркердің түрін таңдап, ОК батырмасын шертіңіз.

  6. Жоғарыда 3-5 бөлімдерінде келтірілген амалдарды мәтіннің үлгіде бейнеленген бөліктеріне қайта қолданыңыз.

  7. Мәтіннің Түркі тілдерінің даму дәуірлерін деген бөлігінен бастап соңына дейін ерекшелеп алып, Пішім→Бағандар (Формат→Колонки) командасын орындаңыз. Ашылған Бағандар (Колонки) сұхбат терезесіндегі Бағандар саны (Число колонок) өрісіне 2 мәнін, қалған өрістерге екі бағанның ені үлгіге сай болатындай етіп мәндерді таңдап алыңыз. ОК батырмасын шертіп, Бағандар (Колонки) сұхбат терезесін жабыңыз.

  8. Екі бағанға бөлінген мәтіннің арасын түзу сызықпен бөліңіз. Ол үшін қосымша Сурет салу (Рисование) аспаптар панеліндегі hello_html_5fdc8f83.png батырманы пайдаланамыз (Түр→Аспаптар панелі→Сурет салу (Вид→Панель инструментов→Рисование) командасының көмегімен ашылады).

  9. Дайын болған құжатты \Менің құжаттарым (Мои документі) қаптамасында сақтаңыз.

(үлгісі төменде көрсетілген)

Қазақ халқының жазу тарихы

Қазақ халқы - әліміздің ежелгі ұлттарының бірі. Қазақ халқы – ерте заманда Алтай, Тянь-Шань таулары мен Жоңғар ойпатын, Жетісу өңірі мен Сырдария алқабын мекен еткен. Ежелгі түркі тілдес тайпалардың атап айтқанда

  • Сақ

  • Қаңлы

  • Албан

  • Қыпшақ

  • Оғыз

  • Арғын

  • Найман

  • Қарлық

тайпаларының тарихы даму дәуірлерін басынан кеше отырып, бірте-бірте бірігуі арқылы халық болып қалыптасқан.


Түркі тілдерінің даму дәуірлерін түрколог ғалым Н.А.Баскаков алты кезеңге бөліп көрсетті:

  1. Алтай дәуірі;

  2. Хун дәуірі /V ғасыр/;

  3. Көне түркі дәуірі /V-X ғасыр/;

  4. Орта түркі дәуірі /Х-ХV ғасыр/;

  5. Жаңа түркі дәуірі /ХV-XX ғасыр/;

  6. Ең жаңа дәуір /ХХ ғасыр/.

Осы кезеңдерде қазақ халқы басқа туыстас түркі тілдерімен бірге дамыды, қалыптасу барыснда қазақ тілі басынан төрт түрлі жазу түрін кешірді:

  • руна таңбасы

  • ұйғыр

  • араб

  • латын алфавиттері.











































Зертханалық жұмыс №3.

Тақырыбы: Алмасу буферін қолдану

Ана тілі.

Ақындардың өлеңін

Жүрегінде түнетіп

Көтеріпті ұлы елім

Ана тілін ту етіп



Ана тілің, біліп қой

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің, біліп қой

Мақтанышың, елдігің.



Ана тілің – арың бұл

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте!



  1. Microsoft Word программасын іске қосыңыз.

  2. Жоғарыда келтірілген өлең шумақтарын теріңіз (қаріп мөлшері – 14пт.)

  3. Өлеңнің тақырыбын ерекшелеп алып, оны жанама менюіндегі Көшіру (Копировать) командасының немесе аспаптар панеліндегі Көшіру hello_html_507aaecf.png батырмасының көмегімен алмасу буферіндегі Ана тілі сөзін алып қойыңыз. Ол үшін сол орынға тышқанның оң жақ батырмасын басып, жанама менюдегі Кірістіру (Вставка) командасын орындаңыз.

  4. Бірінші шумақты теріңіз. Оның бірінші жолын алмасу буферіне орналастырыңыз. Екінші жолды қолмен теріп, ал үшінші жолға алмасу буферіндегі мәтінді қойыңыз.

2-ші шумақ: Ана тілің, біліп қой

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің, біліп қой

Мақтанышың, елдігің.

  1. Осылай екінші шумақтағы Ана тілің сөзін алмасу буферіне көшіріп алып, үшінші шумақты тергенде оны пайдаланыңыз.

  2. Барлық терілген өлеңді ерекшелеп алып, Пішім→Шекаралар мен бояу (Формат→Границы и заливка) командасын орындаңыз.

  3. Ашылған терезенің Бет (Страница) қыстырмасында терілген өлеңге безендіру суретін таңдап алыңыз.

  4. Дайын болған құжатты \Менің құжаттарым (Мои документы) қаптамасында сақтаңыз.

(үлгісі төменде көрсетілген)

Ана тілі

Ақындардың өлеңін

Жүрегінде түнетіп

Көтеріпті ұлы елім

Ана тілін ту етіп


Ана тілің, біліп қой

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің, біліп қой

Мақтанышың, елдігің.


Ана тілің – арың бұл

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте!

(Қ.Мырзалиев)









Зертханалық жұмыс № 4.

Тақырыбы: Мәтіннің қатесін түзету. Арнаулы символдарды енгізу. Мәтіннің объектімен қарым-қатынасы


Астана қаласы

Astana – біздің республикамыздың тек әкімшілік-саяси орталығы ғана емес, сонымен қатар мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, озық технологиясы заман талабына сай дамыған орталық. Бас қаланың тарихын қысқаша қайырып айтсақ, былай болып шығады.

1832 жылы Есіл өзенінің жағалауында Akmola сыртқы округінің негізі қаланды. Содан 1961 жылға дейін қала Akmola, одан кейін – Целиноград аталды. Ал 1992 жылы Akmola атауы қайтарылып, Президентіміздің 1998 жылғы 6 мамырдағы жарлығымен Astana қаласы деген атауға ие болды.

Astana қаласы бүгінгі таңда да республикалық автомобиль және темір жол салалары мен әуе желілерін байланыстырып тұрған ірі тасымал торабы. Қаланың аумағы 200 мың шаршы километрден асады, халқы 300 мың шамасында. Алайда қазірдің өзінде оның өсіп даму қарқынына қарағанда таяудағы 5 жылдың ішінде халқы 500 мыңға жететіндігін айқындайды.

Astana қаласында экономиканың мына салалары бойынша 75 кәсіпорын жұмыс істейді.

  • машина және ауыл шаруашылық машиналары;

  • құрылыс материалдары өнеркәсібі;

  • энергетика;

  • полиграфия өнеркәсібі.

  1. Microsoft Word программасын іске қосыңыз.

  2. Жоғарыда келтірілген мәтінді теріңіз.

  3. Түзету→Ауыстыру (Правка→Заменить) командасын орындап, пайда болған Іздеу және Ауыстыру (Найти и заменить) терезесінің Ауыстыру (Заменить) қыстырмасына өтіңіз.

  4. Осы терезенің Іздеу (Найти) өрісіне Astana сөзін, ал Ауыстырылады (Заменить на) өрісіне Астана сөзін енгізу қажет. Сонан соң Барлығы ауыстырылсын (Заменить все) батырмасын басыңыз. Ауыстыру нәтижесін хабарлайтын терезе ашылады. Осы амалдарды қайталап мәтіндегі Akmola сөзін Ақмола сөзіне ауыстырыңыз.

  5. Көрсетілген мәтін бөлігіне Кірістіру (Вставка) →Символ командасының көмегімен ашылған Символ терезесінен қажетті белгілерді іздеп тауып, құжатқа қойыңыздар.

  6. Кірістіру→Сурет→Көркемсурет (Вставка→Рисунок→Картинки) командасының көмегімен Microsoft Clip Gallery жинағынан сурет орнатыңыз (үлгі бойынша).

  7. Құжаттағы суретті ерекшелеп алып, суреттің жанама менюінен Суретті пішімдеу сұхбат терезесінің Мөлшері (Размер) қыстырмасынан масштабты 55% - ке түсіріңіз, яғни суреттің көлемі екі есе кішірейеді.

  8. Суретті пішімдеу сұхбат терезесінде ЖағдайҚоршаудың айналасында(Положение→Вокруг рамки) командасын орындау арқылы суретті құжат мәтініне апарып қойыңыз.

  9. Дайын болған құжатты \ Менің құжатттарым (Мой документы) қаптамасында сақтаңыз.

(үлгісі төменде көрсетілген)


Астана қаласы

Астана – біздің республикамыздың тек әкімшілік-саяси орталығы ғана емес, сонымен қатар мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, озық технологиясы заман талабына сай дамыған орталық. Бас қаланың тарихын қысқаша қайырып айтсақ, былай болып шығады.

1832 жылы Есіл өзенінің жағалауында Ақмола сыртқы округінің негізі қаланды. Содан 1961 жылға дейін қала Ақмола, одан кейін – Целиноград аталды. Ал 1992 жылы Ақмола атауы қайтарылып, Президентіміздің 1998 жылғы 6 мамырдағы жарлығымен Астана қаласы деген атауға ие болды.

Астана қаласы бүгінгі таңда да республикалық автомобиль және темір жол салалары мен әуе желілерін байланыстырып тұрған ірі тасымал торабы. Қаланың аумағы 200 мың шаршы километрден асады, халқы 300 мың шамасында. Алайда қазірдің өзінде оның өсіп даму қарқынына қарағанда таяудағы 5 жылдың ішінде халқы 500 мыңға жететіндігін айқындайды.

Астана қаласында экономиканың мына салалары бойынша 75 кәсіпорын жұмыс істейді.

машина және ауыл шаруашылық машиналары;

  • құрылыс материалдары өнеркәсібі;

энергетика;

  • полиграфия өнеркәсібі.












































Зертханалық жұмыс № 5.

Тақырыбы: Кесте және диаграмма тұрғызу




Пәннің аты

Сынып

11

10

9

8

7

6

Тарих

97

85

92

98

84

93

Информатика

85

90

91

85

92

88

Қазақ тілі

92

87

88

93

86

95

Шет тілі

93

89

84

80

82

85

Жоғарыдағы кестеде мектептегі оқушылардың 2- тоқсандағы сабақ үлгерімі (пайызбен алынған) келтірілген. Осы зертханалық жұмыста берілген кестені және оның негізінде диаграмма тұрғызу қажет.

  1. Microsoft Word программасын іске қосыңыз.

  2. Кәдімгі (Обычный) үлгі негізінде жаңа құжат құрыңыз.

  3. Кесте→Кірістіру→Кесте (Таблица→Вставка→Таблица) командасымен 6 жолдан және 7 бағаннан тұратын негізгі кестені тұрғызыңыз.

  4. Бірінші бағанның жоғарғы екі ұяшығын ерекшелеп алып, Кесте→ Ұяшықтарды біріктіру (Таблица→объединить ячейки) командасымен оларды біріктіріңіз. Екінші бағаннан жетінші бағанға дейінгі ұяшықтардың бірінші жолдарын да осылай біріктіріңіз.

  5. Тышқан нұсқағышының көмегімен бағандардың енін суретте көрсетілгендей етіп өзгертіңіз. Тышқан нұсқағышын қажетті түзуге тақаған кезде ол пішінін өзгертеді, сол мезетте оны қалауыңыша оңға немесе солға жылжытасыз.

  6. Көрсетілген үлгі бойынша кестені толтырыңыз.

  7. Топ атаулары енгізілген ұяшықтарды ерекшелеп алып, оның жанама менюінен Мәтіннің бағыты (Направление текста) командасын орындаңыз. Пайда болған Мәтіннің бағыты (Направление текста) сұхбат терезесінен үлгідегідей тік бағытты таңдап алыңыз.

  8. Кесте→Ерекшелеу→Кесте (Таблица→Выделить→Таблица) командасының көмегімен кестені ерекшелеп, алмасу буферіне орналастырыңыз.

  9. Кірістіру (Вставка)→Объект→Диаграмма Microsoft Graph 2000 командасымен негізгі диаграмманы құжатқа апарып қойыңыз.

  10. Диаграмманың негізгі кестесін ерекшелеп алып, Түзету→Кірістіру (Правка→Вставка) командасының көмегімен негізгі кестедегі мәліметтерді өз кестеңіздегі мәліметтермен ауыстырыңыз.

  11. Мәліметтерді ауыстырғаннан соң диаграммадағы өзгерістерді көруге болады.

  12. Диаграмманы ерекшелеп алып, оның жанама менюінен Диаграмма типі бөлімін таңдап алыңыз. Осы терезедегі құралдарды пайдалана отырып, диаграмманың басқа типтерін тұрғызып көріңіз.

  13. Ашылған терезелерді жауып, дайын болған құжатты \Менің құжаттарым (Мои документы) қаптамасында сақтап қойыңыз.









Зертханалық жұмыс № 6.

Тақырыбы: Графиктік тақырыптарды дайындау.


Көркемделген графиктік жазуларды даярлау үшін, мысалы тақырыптарды, Microsoft Word 2000 мәтіндік процессорында арнайы WordArt программалық құралы бар. Оған кірудің екі әдісі бар: біріншісі - WordArt аспаптар панелі арқылы, екіншісі – Сурет салу аспаптар панеліндегі WordArt объектісін қосу батырмасының көмегімен.

WordArt құралының көмегімен мәтіндік құжатқа енгізілген графиктік объектілер құжатпен бірге баспа құрылғысында бірге басылып, электрондық құжаттың құрамында бейнеленіп, Web-беттерде көріне алады.

Бірақ та құжаттарды өңдеуге арналған басқа программа пішіміне құжатты экспорттаған кезде WordArt объектісі әрқашан дұрыс шығарыла бермейді, яғни тақырыптың безендірілуінен гөрі құжат мазмұны үлкен рөл атқаратын кейбір құжаттарда WordArt құралын қолдану қолайсыз.

  1. Microsoft Word программасын іске қосыңыз.

  2. Кәдімгі (Обычный) үлгі негізінде жаңа құжат құрыңыз.

  3. Шекара сызықтарының жиынтығын анық көру үшін құжаттың көрсетілу режімі ретінде Ентаңбалау режімін қосыңыз (Вид→Разметка страницы).

  4. Еркіңізше бірнеше мәтін жолдарын енгізіңіз.

  5. Түр→Аспаптар панелі→ WordArt командасы бойынша WordArt аспаптар панелін қосыңыз.

  6. WordArt объектісін қосу батырмасын шертіңіз WordArt объектісін даярлау шебері іске қосылады.

  7. WordArt жиынтығы (Коллекция WordArt) терезесінен өзіңізге ұнаған жазбаны безендіру стилін таңдаңыз.

  8. WordArt мәтінін өзгерту (Изменение текста WordArt) сұхбат терезесінен өзіңізге ұнаған қаріпті, оның өлшемін таңдап алып, құрылатын тақырыптың мәтінін енгізіңіз.

  9. ОК батырмасын басқаннан соң ағымдағы Microsoft Word құжатына дайындалған объект қойылады.

  10. Бұдан былай құрылған объектінің пішіні мен орналасуын басқаруды WordArt аспаптар панелінің басқару элементтері орындайды. Келесі амалдардың қалай жүргізілетіндігін тексеріңіз (Әрбір командадан кейін Ctrl+Z пернелер комбинациясының көмегімен бастапқы күйге оралыңыз):

    • Жазба мазмұнын өзгерту (Изменить текст);

    • Безендіру стилін өзгерту (Коллекция WordArt);

    • Негізгі мәтінмен қарым-қатынас сипатының өзгеруі (Формат объекта WordArt→Положение);

    • Жазба пішініңі өзгеруі(Форма→WordArt);

    • Жазбаны маркердің бір бұрышы бойынша айналдыру (Свободные вращение);

    • Жазба әріптерінің биіктігін туралау (Выровнять буквы WordArt по высоте);

    • Жазба мәтінін көлденең орналастыру (Вертикальный текст WordArt);

    • Символдар арасындағы интервалды басқару (Межсимвольный интервал WordArt).

  11. Жұмысты аяқтаған соң, өзіңізге қалауыңыз бойынша тақырып құрыңыз, дайын болған құжатты \Менің құжаттарым (Мои документы) қаптамасында сақтаңыз.










Зертханалық жұмыс № 7.

Тақырыбы: Графиктік объектілермен жұмыс істеудің әдістерін үйрену.


  1. Microsoft Word программасын іске қосыңыз.

  2. Кәдімгі (Обычный) үлгі негізінде жаңа құжат құрыңыз.

  3. Шекара сызықтарының жиынтығын анық көру үшін құжаттың көрсетілу режімі ретінде Ентаңбалау режімін қосыңыз (Вид→Разметка страницы).

  4. Еркіңізше бірнеше мәтін жолдарын енгізіңіз.

  5. Кірістіру→Сурет→Файлдан(Вставка→Рисунок→Из файла) командасының көмегімен мәтіннің төменгі жағына сурет қойыңыз. Мысалы: С:/Windows/Лес.bmp файлынан.

  6. Тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы суретті ерекшелеңіз, сонда Кескіндерді баптау аспаптар панелі ашылады. Суретті пішімдеу батырмасын басып, сол аттас сұхбат терезе ашыңыз.

  7. Суретті пішімдеу (Формат объекта) сұхбат терезесінің Жағдай (Положение) қыстырмасынан Мәтін ішінде (В тексте) нұсқасын таңдаңыз. Тасу әдісі арқылы кескінді жылжытыңыз, мәтін мен суреттің өзара қарым-қатынасын бақылаңыз.

  8. Суретті пішімдеу (Форма объекта) сұхбат терезесінің Жағдай (Положение) қыстырмасынан Контурды бойлай (По контуру) нұсқасын таңдаңыз. Кескінді жылжытқан кезде мәтінмен қарым-қатынасы қалай жүзеге асатындығын тексеріңіз.

  9. Кескінді ерекшелеңіз, оны алмасу буферіне көшіріңіз (Ctrl+C) және жанына көшірмесін құрыңыз (Ctrl+V)

  10. Екі кескінді жоғарғы жақтарын туралай отырып, қатар орналастырыңыз.

  11. Alt пернесін басып тұрып, кескінді туралап орналастыруды қайталаңыз.

  12. Кескіндердің біреуін ерекшелеңіз. Бұрыштық маркерді пайдалана отырып, оның өлшемін тасу әдісі арқылы өзгертіңіз.

  13. Кескіннің бастапқы өлшемін қалпына келтіріңіз.

  14. Ctrl пернесін басып тұрып, бұрыштық маркерді жылжытуды қайталаңыз. Кескіннің өлшемінің өзгергендігіне назар аударыңыз. Осы жағдайда ол «орталықтан» қайта масштабталады.

  15. Дайын болған құжатты \Менің құжаттарым (Мои документы) қаптамасында сақтаңыз.


Тапсырма

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАБИҒАТЫ


Қазақстан территориясы батысында Волганың төменгі ағысынан, шығысында Алтайға дейін 300 км созылып жатыр. Ал солтүстік Батыс Сібір жазығынан оңтүстікте Тянь-Шаньға дейін 2000 км-ге жуық қашықтыққа созылады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында биіктігі 7000 м жететін Хан-Тәңірі тау массиві бар. Қазақстан Республикасы Еуразия материгінің ортасында орналасқан.

Қазақстанның жер беті әр алуан. Онда басын мұз басқан биік таулар да, биіктігі орташа таулы қыраттар да, кең-байтақ жазықтар мен ойпаттар да бар.

Республиканың оңтүстік-батысында Маңғыстау тізбегі орналасқан. Маңғыстаудың шығысында үстірт қыраты (340 м) бар. Каспий маңы ойпатының солтүстік-шығысында Торғай қыраты (200-400 м) бар, бұл қырат оңтүстікте Тұран ойпатына (53-332 м) ұласады.

Арал теңізінен солтүстікке қарай үлкен жіне Кіші Борсыққұм массивтері және Арал маңы Қарақұмы жатыр.

Қазақстанның орталық бөлігін Сарыарқа алып жатыр. Ол ескі таулардың жұрнағы сияқты. Сарыарқаның оңтүстік бөлігі бірте-бірте сусыз шөл Бетпақдалаға ұласады. Оның оңтүстігінде Мойынқұм жатыр. Бетпақдаланың шығысында үлкен аймақ бар. Ол аймақ Балқаш көліне құятын 7 өзенге байланысты Жетісу аталады.

Республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында Алтай тауларының сілімдері, Тарбағатай және Жоңғар Алатауының (4463 м) жоталары орналасқан. Сонымен бірге, Тянь-Шаньнің жоталары: Кетпек (3638 м), Шу-Іле таулары (1520 м), Іле Алатауы (7973 м), Қырғыз жотасы (3817 м), Талас Алатауы (4488 м) және Қаратау (2176 м) орналасқан.



  1. Microsoft Word программасын іске қосыңыз.

  2. Кәдімгі (Обычный) үлгі негізінде жаңа құжат құрыңыз.

  3. Жоғарыда келтірілген мәтінді енгізіңіз.

  4. Тақырыбын майлы қаріппен белгілеңіз.

  5. Бірінші жолдың шегінісін 1,5 см деп, жолдарының арасындағы интервалды 1,5 етіп қойыңыз.

  6. Бірінші азат жолды ортада, екінші және үшінші азат жолдарды оң жаққа орналастырыңыз.

  7. Әр азат жолдың басына арнаулы символдарды енгізіңіз. Мысалы: тәріздес белгілер.

  8. Соңғы азат жолға дейінгі барлық мәтінді ерекшелеп алып, ендері әр түрлі болатын екі бағанға бөліңіз.

  9. Соңғы азат Жолдағы Тянь-Шаньның жоталарын маркерленген тізім түрінде көрсетіңіз.

  10. Түр (Вид) менюінен Колонтитул командасын таңдаңыз. Оң жақтағы жоғарғы колонтитулдың ортасына бетті нөмірлеңіз. Төменгі колонтитулға №54 жалпы білім беру орта мектебі мәтінін енгізіңіз.

  11. Құжаттың екінші бетіне суреттер жинағынан екі суретті орнатыңыз.

  12. Құжатттың үшінші бетіне осы мәтін негізінде кесте құрыңыз. Ол кестенің жолдары Қазақстанның аймақтарынан, сол аймақтардағы жота немесе қырат атауларынан тұрсын. Ал бағандарында олардың биіктіктері көрсетілсін. Алмасу буферін пайдаланып мәтіндегі сөздерді кестеге кірістіріңіз. Үлгісі келесідей:


Тау, жота, қырат немесе ойпат атаулары

Биіктігі (метрмен)

Оңтүстік – батыс

Торғай қыраты

200-400

Тұран ойпаты

53-332

Оңтүстік-шығыс

Жоңғар Алатауы

4463

Іле алатауы

7973

Қаратау

2176











Краткое описание документа:

Тақырыбы: Мәтінді пішімдеу     Қазақстан Респібликасының мемлекеттік рәміздері Елтаңба. Елтаңбада елдің тарихы, дәстүрі, рухы танулы. Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттік бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақ бейнеленген. Ол – мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлының белгісі. Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр  адамның өімірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болу керек. Елтаңбаның авторлары – сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов. Ту – ортасында шұғылалы алтын күн астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, сабының тұсінда ұлттық өрнек нақышталған тік жолағы бар көгілдір түсті мата. Тудың біркелкі көгілдір түсі бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Тудан қыранның орын алуы егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған. Ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады. Тудың авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.Әнұран. Белгілі ақындар М.Әлімбаев, Т.Молдағалиев, Қ.Мырзалиев,   Музыкасын жазған: Шәмші Қалдаяқов Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов                         Нұрсұлтан Назарбаев  Microsoft Word программасын іске қосыңыз. Жоғарыдағы мәтінді ткріңіз. Пішім→Азат жол (Формат→Абзац) командасының көмегімен келтірілген тапсырмалар бойынша мәтінді пішімдеңіздер:   Мәтіндегі Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов және суретші Шәкен Ниязбеков деген сөздерден кейін Enter батырмасын басып, мәтінді азат жолдарға бөліңіз.   1-ші азат жолды ерекшелеп алып, оны Пішім→Азат жол (Формат→Абзац) командасының көмегімен келесідей пішімдеңіздер: Туралау (Выравнивание) – ені бойынша, оң жақтан шегіну –     2-ші азат жолды ерекшелеп алып, оны Пішім→Азат жол (Формат→Абзац) командасының көмегімен келесідей пішімдеңіздер: Туралау (Выравнивание) – оң жаққа, сол жағынан – 2см шегіну, Аралық (Интервал) бөліміндегі алдыңғы (перед) және кейінгі (после) өрістеріне 12пт. мәнін, жоларалық интервал – қалыпты (одинарный) параметрлерін енгізіңіз;   3-ші азат жолды ерекшелеп алып, оны Пішім→Азат жол (Формат→Абзац) командасының көмегімен келесідей пішімдеңіздер: Туралау (Выравнивание) – сол жаққа, Аралық (Интервал) бөліміндегі алдыңғы (перед) және кейінгі (после) өрістеріне 12пт. мәнін, жоларалық интервал – қалыпты (одинарный) параметрлерін енгізіңіз; Пішім→Қаріп (Формат→Шрифт) командасының көмегімен келтірілген мәтінді пішімдеңіздер:   Мәтіннің тақырыбына келесі параметрлерді тағайындаңыздар:Қаріп (Шрифт) – KZ Arial, Мөлшері (Размер) – 18пт. Түсі (Цвет) – қызыл түс, ортада орналасқан, анимация – фейерверк(Формат→Шрифт→Анимация).   Негізгі мәтінге келесі параметрлерді тағайындаңыздар: Қаріп (Шрифт) – KZ Times Roman, мөлшері (Размер) – 14пт, Түсі (Цвет) – қара түс, Аралық (Интервал) – тығыздалған (минимум).   Әр азат жолдың басындағы Елтаңба, Ту, Әнұран деген сөздерге келесі параметрлерді тағайындаңыз: Қаріп(Шрифт) - KZ Arial, асты сызылған, Мөлшері (Размер) – 16пт. Түсі (Цвет) – көк түс,  Аралық (Интервал) – қалыпты(одинарный).  Дайын болған құжатты \Менің құжаттарым қаптамасында сақтаңыз. (үлгісі төменде көрсетілген)    Қазақстан Респібликасының мемлекеттік рәміздері Елтаңба. Елтаңбада елдің тарихы, дәстүрі, рухы танулы. Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттік бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақ бейнеленген. Ол – мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлының белгісі. Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр  адамның өімірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болу керек. Елтаңбаның авторлары – сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов. Ту – ортасында шұғылалы алтын күн астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, сабының тұсінда ұлттық өрнек нақышталған тік жолағы бар көгілдір түсті мата. Тудың біркелкі көгілдір түсі бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Тудан қыранның орын алуы егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған. Ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады. Тудың авторы – суретші Шәкен Ниязбеков. Әнұран. Белгілі ақындар М.Әлімбаев, Т.Молдағалиев, Қ.Мырзалиев, Ж.Дәрібаева жазған сөз мәтіні таңдап алынды. Айналдырған үш шумақ өлеңде бүкіл қазақ халқы тұрған жоқ па? Мұнда қазақ халқының намысшыл, қаһарман халық екендігі, талай қиындықты бастан кешіргендігі, осы жолда ерлікпен күресіп, өз тәуелсіздігін сақтап қалғандығы туралы айтылады. 2006ж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны өзгертілді.                                 
Автор
Дата добавления 08.05.2014
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров573
Номер материала 98489050817
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх