Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Физика / Рабочие программы / «Жарықтың таралуы. Күннің және айдың тұтылуы» тақырыбы бойынша сабақ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Физика

«Жарықтың таралуы. Күннің және айдың тұтылуы» тақырыбы бойынша сабақ

библиотека
материалов



Арыс қаласы

С.сейфуллин атындағы жом

Физика пәнінің мұғалімі

Ляззат Құрманалиева

Санаты: І


Сабақтың тақырыбы: Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері . Күн –жұлдыз.
Жарықтың таралуы. Күннің және айдың тұтылуы.
Сабақтың мақсаты: жарық, жарық көздері, жарық жылдамдығы, жарықтың түзу

сызықпен таралуы, Күннің құрылысы, Күннің және Айдың

тұтылуы туралы мағлұмат беру;
Білімділігі: әлемнің тіршілігі үшін жарықтың алатын орны туралы өзіндік ой қорыту,

білімдерін тереңдете түсу;
Дамытушылығы: Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетінше еңбектенуге, жылдам ой

қорыта білуге дағдыландыру, топпен жұмыс істей білуге баулу.
Тәрбиелігі: сыныпта жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының

пікірін тыңдауға тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: жеке , топпен жұмыс
Оқыту әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, танымдық ойындар
Пәнаралық байланыс: геометрия, жаратылыстану, қазақ әдебиеті
Сабақтың көрнекілігі:тест, үлестірмелі карточкалар, дидактикалық
материалдар, компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық «Физика 7-11 сынып».
Қолданылатын технология: Сын тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту технологиясы
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың қатысымын анықтау.

Оқушыларды топқа бөлу. «Күн», «Жер», «Ай», «Жұлдыз» .

Топ басшыларына бағалау парағын үлестіру.

ІІ. «Мен нені үйрендім?» Үй тапсырмасын сұрау.

Тест жұмысын беру
1. Магнит өрісін өзгерткенде, электр тогы пайда болады. Бұл құбылыс қалай аталады?
А) электр өрісі
ә) Электромагниттік индукция құбылысы
б) магнит өрісі
2.
Электромагниттік индукция құбылысын ашқан кім?
А) Андре Мари Ампер
ә) Александро Вольта
б) Майкл Фарадей
3. “Индукция” латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
А) магнит
ә) бағыттау
б) индукция
4. Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыртын машина
А) трансформатор
ә) генератор
б) ротор
5. Кернеуді арттыруға және кемітуге арналған құрал қалай аталады?
А) трансформатор
ә) генератор
б) ротор


ІІІ. «Білім шыңына өрлейік» - Жаңа сабақ

Әр топқа таңдауы бойынша суреті бар карточка таратылады. Сол сурет бойынша электрондық оқулықтан үнсіз тәжірибе көрсетіледі.

Оқушылардың міндеті: тәжірибені түсіндіру, өз ойларын айту, әңгіме құру. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.


hello_html_6608d870.pnghello_html_m6e9aa8d2.pnghello_html_7b9f60e7.pnghello_html_4504a293.png


Сабақтың тақырыбы:

Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері . Күн –жұлдыз.
Жарықтың таралуы. Күннің және айдың тұтылуы.


Сұрақтар:

1) «Жер» тобына – Қандай денелер жарық көздері бола алады? .

2) «Жұлдыз» тобына - Күн қандай химиялық элементтерден тұрады?

Күн жұлдызының өлшемі.
3) «Ай» тобына – Жарықтың таралуы. Жарық жылдамдығы.

4) «Күн» тобына – Күннің ішкі құрылысы қандай?


IV. «Білгенімді зердеме тоқу». Сабақты пысықтау.

Тәжірибе - физика ілімінің атасы

«Физика 7-11 сынып» электронды оқулығы арқылы осы тәжірибелерге сай видеоматериал көрсетіледі.

Тәжірибе көрсету.
1. Жарықтың түзу сызықпен таралуы .

2. Күннің, айдың тұтылуы.


Жарық және жарық құбылыстары туралы ілімді физиканың оптика (грек сөзі, көрінетін, көруге болатын дегенді білдіреді) деп аталатын бөлімі қарастырады.
Жарық нені білдіреді?
Жарық –заттың бөлшектерінің табиғатынан бөлек, табиғаты ерекше бөлшектер ағыны болып табылатын фотондар ағыны.
Фотондар ағыны энергияны жарық көздерінен жарықталған денелерге жеткізеді. Бұл энергияны жарық энергиясы немесе жарықтың сәуле шығару энергиясы деп аталады.
Фотондар жылдамдығы жарықтың таралу жылдамдығы болып табылады. Жарық жылдамдығы әр түрлі заттарда түрліше болады. Тәжірибе арқылы вакуумдегі жарық жылдамдығы с-300 000 км/с-қа тең. Мұндай жылдамдықпен бірде –бір дене, бірде-бір заттың бөлшектері қозғала алмайды.

Вакуумде с=300 000 км/с
Ауада с= 299 711 км/с
Суда с=225 000 км/с
Шыныда с= 200 000 км/с
Вакуумдегі жарық жылдамдығы – табиғатта мүмкін болатын үлкен жылдамдық.
Жарық көздері – жарық шығаратын денелер.

Ғаламдағы негізгі жарық көздері-жұлдыздар. Барлық жұлдыздардың ішінен өзіміз оның дөңгелегін көре алатын Күн-бізге ең жақын жұлдыз. Күн кәдімгі жұлдыз, сондықтан оны жалпылама зерттеу жұлдыздар табиғатын түсінуге көмектеседі. Күннің массасы Жердің массасынан 333000 есе үлкен.
Күн - өздігінен сәуле шығаратын зор энергия көзі. Ол күн жүйесіндегі барлық денелерге сәуле шығару арқылы күшті әсер етеді; оларды қыздырады, планеталар атмосферасына әсер етеді. Жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді, барлық өсімдік пен жануарлар әлемінің өмір сүруін қамтамасыз етеді. Күн энергиясының біраз бөлігі тас көмір, мұнай және басқа пайдалы қазбалар түрінде Жер астында сақталған.
Барлық жұлдыздар сияқты Күн-қызған газ шары негізінен, ол гелий қоспасы (10 пайыз) бар сутектен тұрады.
hello_html_m74462f4a.png

Ядролық белдеу – мұнда қысым мен температура ядролық рекциялардың жүруін қамтамасыз етеді.
2) Сәулелік белдеу - энергия қабаттан қабатқа электромагниттік энергия кванттарын алма кезек жұту және шығару арқылы сырқа береді.
3) Конвекция белдеуі - “сәулелік” белдеудің үстіңгі жағынан Күннін дәл көрінетін шекарасына шейінгі аралық. Мұнда температура Күннің көрінерлік шекарасына жуықтаған сайын тез кемиді де, соның нәтижесінде зат алмасу болып жатады( астынан жылытқан ыдыстағы сұйықтың қайнағаны сияқты)
4) Атмосфера – бұл бірден конвекциялық белдеуден басталады да, Күннің көрінетін дөңгелек жүзінің шегінен аулаққа таралып кетеді. Аьмосфераның төменгі қабатына газдардың жұқа қабаты кіреді, біз оны Күннің беті ретінде қабылдаймыз. Атмосфераның қалыңдығы 200 –300 км, ең терең қабаты-фотосфера. Хромосферадан жоғары Күннің 10 радиусындай аралықта Күн газдарының температурасы өзгермейді. Бұл сиретілген және ыстық қабық күн тәжі деп аталады. Күн тұтылу кезінде көруге болады. Күн тәжінің газы планетааралық кеңістікте таралып, Күннен тұрақты таралатын күн желі деп аталатын ыстық сиретілген плазма ағыны. Күн тәжінде одан да керемет, әрекетті түзілістер протуберанцтер байқалады. Олар тәж затымен салыстырғанда тығыздау газдардың бұлттарының қозғалысы.
Соңғы мәліметтер бойынша Күннің жасы 5 000 000 000 жыл жасында.
Күн Жерде болатын құбылыстарға үлкен ықпалын тигізеді. Ол жер үшін негізгі жылу көзі болып табылады. Күн жерді жарықтандырып және жылытып қана қоймайды, сонымен қатар 11 жыл сайын болып тұратын күн белсенділігі – бірқатар геофизикалық құбылыстардың тууына жол ашады. Мысалы: Күннің қысқа толқынды сәуле шығару радиотолқындардың таралуына күшті әсер етеді, кей кезде радиобайланыс бұзылады.


ІІІ. Егер көз бен жарық көзінің арасына мөлдір емес нәрсе орналастырса, онда жарық көзі көрінбейтін болады. Бұл біртекті ортада жарық сызық бойымен – түзу сызықты тарайтынын түсіндіреді. Жарықтың таралу заңы дегеніміз осы.
Жарық көзінен келген жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық жарық сәулесі деп аталады.
Берілген шектелген бағытта тарайтын жарық сәулелерінің жиынтығы жарық шоқтары деп аталады.
Көлеңкенің пайда болуы – біртекті ортада жарықтың түзусызықты таралуымен түсіндіреді. Жарық көзінен жарық түспейтін мөлдір емес нәрсенің сыртындағы кеңістіктің бөлігін көлеңке деп атайды. Ашық күндері адамдардың, үйлердің, ағаштардың және басқа да нәрселердің көлеңкелері анық көрінеді. Бұл құбылысты толығырақ қарастырйық. Ол үшін кішкене S жарық көзін алайық. Одан біршама қашықтықта Э экранды орналастырайық. Шам экранды жарықтандырады, яғни оның әр нүктесіне жарық түседі. Мөлдір емес кішкене Т шарды экранға түсетін жарық шоғы аймағына, яғни шам мен экранның арасына орналастырайық. Экранда қара дөңгелек түріндегі көлеңке пайда болады. Егер S және А нүктелері арқылы түзу жүргізсе, онда ол В нүктесінде жатады. Бұл жарықтың түзу сызық бойымен таралатынын дәлелдейді.

Егер жарық көзі нүктелік деп есептеуге болмайтын үлкен шам болса, онда экрандағы толық көлеңкенің айналасында өте қараңғы емес екі аймақ – алакөлеңкелер пайда болады. Алакөлеңкенің пайда болуын, жарықтың түзу сызықпен таралу заңын растайды.
Орасан зор масштабтардағы көлеңкелер мен ала көлеңкелер Күн мен Ай тұтылуларында байқалады.
Сурет:Geometry of a Lunar Eclipse.svg


Күннің тұтылуы. Егер Ай өзінің Жер айналасындағы қозғалысында Жер мен Күннің арасына келіп қалса , онда ол Күнді жауып қалса, онда Күн тұтылады. Ай Жерге көлеңке мен ала көлеңке түсіреді. Жерге Ай көлеңкесі түскен нүктелерінде Күн толық тұтылады, Жер бетінің алакөлеңке аймағындағы нүктелерінде ол тұтылу жартылай болады. Күннің тұтылуы таңғаларлық көрініс болып табылады. Аспанда қара дөңгелекті және оның айналасындағы тамаша шұғыла-Күн тәжін көреміз. Ол күннің қатты қызған атмосферасының жарқыраған сыртқы бөліктері. Күннің толық тұтылуы кезінде тез қараңғы түседі. Ауа температурасы төмендейді, тіпті шық пайда болады. Толық тұтылу көбіне 2-3 мин-қа созылады және ұзақтығы 8 мин-та (7 мин 40 с) аспайды. Ол Жерде бір жарым жылда бір рет болады, бірақ Жердің бір орында қайтадан болуы өте сирек: шамамен 200-300 жылда 1 рет болатын құбылыс.

C:\Users\User\Desktop\Ғарыш\күн тәжі.jpg

Күн тәжі

Айдың тұтылуы. Ай Жердің көлеңке аймағына енгенде, Ай тұтылуы басталады. Ай тұтылу тек Айдың толған кезінде, яғни Ай аспанның Күнге қарсы нүктесі маңайында болған кезінде байқалады. Бұл уақытта Ай Жерге өзінің барлық жарықталған жарты шарымен қарайды. Егер толық Ай өзінің Жер айналасындағы қозғалысында толығымен Жердің көлеңкесіне енсе, онда Айдың толық тұтылуы болады. Егер ол көлеңке шетін жанап өтсе, онда тұтылу жартылай болады. Айдың толық тұтылуы ұзаққа созылады, екі сағат дерлік болуы мүмкін.


Ортағасырлық Шығыс ғалымы, Хорезмде туылған Мұхаммед ибн Ахмед әл-Бируни (973-1048 жж) Ай тұтылу кезінде, Ай түсінің өзгеруін, Күннің толық тұтылуы кезіндегі Күн тәжі құбылысын бақылап, суреттеп жазған.



V. «Ой сергіту» кезеңі.

Жаттығу жұмыстары:

1249. Кестеге мына аталған денелердің қайсысы табиғи жарық көздеріне, қайсысы жасанды жарық көздеріне жататынын жазыңдар: Күн, шырақ, теледидар экраны, жұлдыздар, шіріген заттар, күндізгі жарық шамы, найзағай, газ плитасы жанарғысының жалыны, поляр шұғыласы, дисплей экраны.

Жарық көздері

Табиғи

Жасанды







1266. 339-суретте S жарық көзінің және горизонталь орналасқан төрт білте тақтайдың орны көрсетілген. Осы суретті дәптерлеріңе көшіріп салып, АВ қабырғасының қай жерінде жарықтың жіңішке жолақтары пайда болатынын көрсетіңдер.

hello_html_268f59d7.png

1267.Бақылаушының көзі саңылаудың алдындағы А нүктесінде орналасқан. Схемалық түрде суретін сала отырып, мынаны көрсетіңдер: а) бақылаушы ағаштың қай бөлігін көріп тұр; б) бақылаушы саңылау алдындағы нүктенің қайсысында (А1) ағаш бойын толық көре алады?

hello_html_m76661774.png

1272. Сызбаны сызып S1 және S2 жарық көздерінен жарықталған доптың көлеңкесі мен шала көлеңкесін кескіндеңдер.







hello_html_39b86f1d.png




VІ. Жаңа сабақты бекіту.


в) Ш.Құдайбердіұлының «Тау басындағы ой» өлеңінен үзінді оқу арқылы өлең жолдарына назар аударып, оқушылармен ой бөлісе отырып сабақты қорытындылау.


...Күннен неге түсіп тұр мұнша жарық,

Сегіз минут шерікте жерге барып

Әншейін құр жарқырап тұрып алмай,

Жылылық нұрмен бірге жүр қозғалып.

Бұл дүние жылу жоқ нұрсыз болса,

Әлемнен кім жүре алар пайдаланып?

Дүние атаулы теп-тегіс мөлдір болса,

Көлеңке орнығады қайда барып?...


VІІ. «Білгенімді дамыту»

Үйге тапсырма беру


§ 61. Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері
§ 62. Күн –жұлдыз.
§ 63. Жарықтың таралуы. Күннің және айдың тұтылуы.

«Жарық табиғатының адам өміріндегі ролі » (эссе) жазып келу.


VІІІ. Бағалау.

ІХ. «Шығу парағы». Қорытындылау.





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Урок  физики  предоставлен  для  учителей  Казахстана  в школах  с  казахским  языком  обучения.  Урок предусматривает  направляющую  роль  учителя,  при которой  ученики  выполняют  максимум  заданий  самостоятельно  под  руководством  учителя.  На  уроке использованы  различные  виды  работ,  как  парная,  групповая,  творческая, поисковая  и  другие.  На  уроке  использован  материал,  сочетающийся  с  современными исследованиями  и  предположениями  в области использования  энергии  солнца.   Также на уроке учащиеся проводят опыты, доказывающие гипотезы ученых в вопросе светового отражения№
Автор
Дата добавления 09.05.2014
Раздел Физика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров2825
Номер материала 99731050902
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх