- 10.05.2014
- 1755
- 8
Курсы
Другое
Мерзімі «___» _____________________
Сабақтың тақырыбы: ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік
техникасының
ережелері.
Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек
көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын
пайдалануды есепке алу журналы.
Программалық Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы. Қауіпсіздік техникасы
дидактикалық бойынша нұсқау алуды тіркеу журналы. Өрт сөндіру құралдары.
қамтылуы: Жұмыс дәптері.
Сабақ мақсаты: 1. Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы
ережелерімен таныстыру. Компьютер сыныбында өзін-зі алып жүру
ережелерімен таныстыру. Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет
ережелерімен таныстыру.
2. Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек
көрсете білу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Практикум элементтері бар көрсетіп түсіндіру сабағы.
Білім мен білікке Оқушы білуі тиіс:
қойылатын талаптар - ЕТ-пен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасының ережелерін;
- компьютер сыныбындағы іс-әрекет ережелерін;
- қауіпті жағдайдағы іс-әрекет ережелерін.
Оқушының меңгеруі тиіс білігі:
- көз талғандағы жаттығуларды жасауды;
- өрт сөндіргішті қолдануды;
- жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналын толтыруды;
- статикалық кернеу әсерін кетіру жаттығуларын орындауды.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақты түсіндіру
1. НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАР
ҚазССР халыққа білім беру министрлігінің 08.02.90 жылғы бұйрығына сәйкес, барлық оқушылар оқу процесінде есептеу техникасын қолдану алдында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алып, апат жағдайдағы әрекеттер ережелерімен, электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерімен және шаршағанда, көз талғанда дем алу үшін орындайтын жаттығулармен танысулары қажет. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау берілгеннен кейін оқушылар сынақ тапсырулары керек. Бұл жөнінде сәйкес үлгідегі (1-қосымшаны қараңыз) журналға тіркеу керек.
ЕТ кабинетінде сабақ өткізу кезіндегі оқушылар білуі тиісті еңбек қауіпсіздігін сақтау талаптарына қауіпсіздік техникасының ережелері, компьютер сыныбындағы тәртіп ережелері, электр тогымен зақымданғанда көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек тәсілдері, жалпы шаршағанда және көз талғанда қолданылатын жаттығулар жатады.
2. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:
1) жалпы;
2) ДК-де жұмысты бастау алдында;
3) жұмыс істеу кезінде
4) авариялық жағдайларда жағдайлардағы,
5) жұмысты аяқтағанда
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары
Дербес пайдаланылатын компьютер жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары
Апат (төтенше ) жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары
3. ТАПСЫРМАНЫ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІНДЕ ОРЫНДАУ КЕРЕК.
Төмендегі әрекеттердің орындауға болатындарын жасыл қарындашпен, ал орындауға болмайтындарын қызыл қарындашпен бояңдар да, сөйлемдердің мағынасына қарай «болады» немесе «болмайды» сөздерін қосып жазыңдар.
Мұғалімнің рұқсатынсыз информатика кабинетіне кіруге болмайды |
Компьютер сыныбына сабырлықпен кіріп өзіңнің жұмыс орнына отыруға болады |
Информатика кабинетінде сырт киіммен жүруге болмайды |
Компьютердің көзге түсерлік ақауы немесе бұзылған жері жоқ екеніне көз жеткізуге болады |
Компьютер сыныбына кірерде бір-біріңді есікте итермелеуге болмайды |
Компьютердің көзге түсетін ақауларын көрсеңдер мұғалімге хабарлауға болады |
Байланыстырушы сымдардың ажыратылатын жеріне тиісуге болмайды |
Компьютерде жұмыс істеуді тек мұғалімнің рұқсатымен бастауға болады |
Электр тогымен жалғанған сымдарға тиісуге болмайды |
Сыныпқа басқа компьютерлерден компакт-диск пен дискет алып келуге болмайды |
Компьютердің ақауларын немесе бұзылған жерін өз беттеріңмен жөндеуге болмайды |
Сабаққа қатысты емес бағдарламаларды немесе ойындарды қосуға болмайды |
Компьютерде кір қолмен жұмыс істеуге болмайды |
Пернетақтаны тоқпақтамай, жай басуға болады |
Экранға және монитордың артқы қабырғасына тиісуге болмайды |
Пернетақта пернелерін кернеу қосылғанда ғана басуға болады |
Компьютерде су киіммен немесе су қолмен жұмыс істеуге болмайды |
Көзден монитор экранының қашықтығы 60-70 сантиметр болуына болады |
Компьютердің құрамдас бөліктеріне заттар қоюға болмайды |
Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын ретке келтіруге болады |
Мұғалімнің рұқсатынсыз қапшықтар мен файлдарды жоюға болмайды |
4. АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
Күйген кезде көмек көрсету
Адам күйікке шалынған жағдайда:
Талып қалғандағы көмек көрсету
Адам талып қалған жағдайда:
Тынысы тоқтап қалғандығы көмек көрсету
Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:
5. ТАПСЫРМАНЫ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІНДЕ ОРЫНДАУ КЕРЕК
Электр тогымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсету әрекеттерінің ретін оларды бірін-біріне қосу арқылы көрсетіңдер.
6. КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ЕСІҢЕ САҚТА ЖӘНЕ
ОЛАРДЫ ОРЫНДА!
1-жаттығу
- Көздеріңнен бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.
- Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.
Бұл кезде бірқалыпты дем алыңдар. 4-5 рет қайталаңдар.
2-жаттығу
- Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар
- Көздеріңді талдырмаңдар
- Алысқа қадалып қараңдар.
3-жаттығу
- Бастарыңды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
- Алысқа қадалып қараңдар
4-жаттығу
- Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
- Алысқа қадалып қараңдар
5-жаттығу
- Бастарыңды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.
- Алысқа қадалып қараңдар
6-жаттығу
- Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.
- Алысқа қадалып қараңдар
7-жаттығу
- Көздеріңді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.
7. ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН БІРГЕ ОРЫНДАП ШЫҒУ
8. СЫНЫП ЖУРНАЛЫНА НЕМЕСЕ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БОЙЫНША НҰСҚАУ БЕРУ (ИНСТРУКТАЖ) ЖУРНАЛЫНА (1-ші қосымшаны қараңыз) ТІРКЕУ
Қосымша 1.
Оқушыларға еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша компьютерлік
сыныпта сабақ ұйымдастыру мен сыныптан немесе мектептен тыс
шаралар өткізгенде нұсқау беру журналы
№ р./р. |
Нұсқау алушының аты-жөні |
Нұсқау беру мерзімі |
Сынып |
Нұсқаудың мазмұны мен нұсқау атауы |
Нұсқау берушінің аты-жөні мен қызметі |
Нұсқау берушінің қолы |
Нұсқау алушының қолы |
Сынақ бағасы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша 2.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу
№ р./р. |
Аты-жөні |
Сабақ № |
Сынып |
Мерзімі |
Қолы |
Басқалар |
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша 3.
Дәрі қобдишасындағылар. Алғашқы көмек
Медициналық құралдар мен дәрі-дәрмектердің аттары |
Арналуы |
Таңатын антисептикалық дара пакеттер |
Таңуға арналған |
Қанның ағуын тоқтатуға арналған резеңке бұрау |
Қанды тоқтату үшін |
Таңғыш бинт 3 дана |
Жараны таңу үшін |
Жабысатын пластырь |
Жараның таңуын бекіту үшін |
Пакеттегі мақта, 3 мақта |
Терідегі көзді жуу мен жараны сүрту үшін |
Йод тұнбасы |
Жараның төңірегін, жарақаттар мен тырналған жерге жағу үшін |
Марганец қышқыл калий (марганцовка) |
Терінің зақымданған жеріне жағу үшін |
Бриллиант көгінің (зеленка) 1%-тік спиртті ерітіндісі |
Терінің жарақатталған жеріне жағу үшін |
Бор қышқылының 2-4%-тік ерітіндісі |
Күйген кезде көзді шаю, көзге тарту үшін |
Мүсәтір спирті |
Адам талып қалған кезде мақтаға 2-3 тамшысын тамызып, зақөымданғанның мұрнына жақындату керек |
Кордиамин |
Орталық жүйке жүйесін, жүрек пен тыныс қызметін: 25 тамшы |
Резеңке қолғап |
Зақымданған адамды электр тогынан ажырату үшін |
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
Қауіпсіздік ережелері бойынша бекіту сұрақтары бойынша, сынақ
V. Қорытындылау
1) Үйге тапсырма
ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы.
2) Оқушыларды бағалау
Настоящий материал опубликован пользователем Тулепов Бауыржан Курасович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалинформатик
Химиялық зертханада қауіпсіз жұмыс істеу үшін арнайы ережелерді сақтау маңызды. Бұл ережелер оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауға, сондай-ақ, зерттеу процесінің тиімді әрі қауіпсіз етуге көмектеседі.
Жадынамада 12 ереже бар.
Негізгі ережелер:
Химиялық заттарды қолмен ұстамаңыз және дәмін тексермеңіз.
Реактивтерді бетіңізден алыс ұстап, құйыңыз.
Белгісіз заттарды араластыру алдында мұғалімнің рұқсатын алу қажет.
Химиялық заттарды тек қасықпен алыңыз.
Қышқылдармен және сілтілермен абай болыңыз.
Тек таза ыдыстарды пайдаланыңыз.
Қалдықтарды таза химиялық заттармен араластырмаңыз.
Ыстық ыдыстармен абай болыңыз және т.б. ережелер бар.
Бұл ережелерді сақтау химиялық зертханада қауіпсіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді және қауіпті жағдайларды болдырмауға көмектеседі.
Курс повышения квалификации
144 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300 ч. — 1200 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Еще материалы по этой теме
Смотреть
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Сабақтың тақырыбы: ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы. Программалық Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы. Қауіпсіздік техникасы дидактикалық бойынша нұсқау алуды тіркеу журналы. Өрт сөндіру құралдары. қамтылуы: Жұмыс дәптері. Сабақ мақсаты: 1. Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру. Компьютер сыныбында өзін-зі алып жүру ережелерімен таныстыру. Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет ережелерімен таныстыру. 2. Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек көрсете білу қабілеттерін дамыту. 3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Сабақтың типі: Практикум элементтері бар көрсетіп түсіндіру сабағы. Білім мен білікке Оқушы білуі тиіс: қойылатын талаптар - ЕТ-пен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасының ережелерін; - компьютер сыныбындағы іс-әрекет ережелерін; - қауіпті жағдайдағы іс-әрекет ережелерін. Оқушының меңгеруі тиіс білігі: - көз талғандағы жаттығуларды жасауды; - өрт сөндіргішті қолдануды; - жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналын толтыруды; - статикалық кернеу әсерін кетіру жаттығуларын орындауды.
7 366 929 материалов в базе
Вам будут доступны для скачивания все 362 447 материалов из нашего маркетплейса.
Мини-курс
6 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.