Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / Компьютердің көмегімен хабарларды қабылдау және беру. Жергілікті желі.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Компьютердің көмегімен хабарларды қабылдау және беру. Жергілікті желі.

библиотека
материалов

Мерзімі «___» _____________________


Сhello_html_m2f84ec95.gifабақтың тақырыбы: Компьютердің көмегімен хабарларды қабылдау және беру.

Жергілікті желі.

Электронды пошта. Хабарлар құру және хаттармен жұмыс істеу.

Бағдарламалық – ОЕТС, Windows ОЖ.

дидактикалық Оқулық.

қамсыздандыру: Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты: 1. «Электронды хабар», «Компьютерлік желі» ұғымдарымен таныстыру. Электрондық пошта мен электрондық хабарлар туралы түсінік беру. Электрондық адрес туралы түсінік беру. Internet Mail бағдарламасымен жұмыс істеуді үйрету.

2. Оқушылардың компьютерлік желінің не екенін, модем дегеніміз не

және ол не үшін қолданылады, электрондық адрес деген не екенін

білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Көрсете -түсіндіру

Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс:

қойылатын талаптар: - компьютерлік желінің не екенін;

  • компьютерлік желінің арналуын;

  • компьютерлік желінің жіктелуін;

  • жергілікті және жалпы желі не екенін;

  • жергілікті желіні ұйымдастыруды;

  • ДК және компьютерлік желінің ресурстарын;

  • хаттама деген не және қалай қолданылатынын;

  • хаттама деген не және ол қандай құралдың көмегімен хабар жіберуге болады;

  • модем дегеніміз не және ол не үшін қолданылады;

  • жергілікті желі түрлерін;

    • электрондық адрес деген не екенін;

    • электрондық хабар деген не екенін;

    • хабарлар қалай жіберілетінін;

    • электрондық хабарлармен жұмыс істеу ережелерін.

Оқушылар үйренуі тиіс:

  • жергілікті желіні қолдануды;

  • жергілікті желі мысалдарын келтіруді;

  • «Жергілікті орта» қапшығымен жұмыс істеуді;

  • хабарларды құруды, редакциялауды, сақтауды және ашуды;

  • хабарларды жіберуді және қабылдауды.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Жергілікті желі мен хабарлар және оларды жіберуі қабылдау туралы айтпас бұрын, берілген тақырыпты түсінуге қажет негізгі ұғымдарды берейік.

ДК ресурстары - бұл құрал-жабдықтар(аппараттық қамсыздандыру, бағдарламалар(бағдарламалық қамсыздандыру) және ДК-да сақталатын және оқылатын деректер.

Ортақ ресурс-бұл компьютердің немесе жергілікті желінің ресурсы, ол бірнеше қолданбалар немесе пайдаланушылар пайдалана береді(бір уақытта немесе әр уақытта)

Компьютерлік желі (Network) деп ресурстарды бірге қолдану және ақпараттарды алмасу үшін біріктірілген бірнеше компьютерлерді атайды.

Компьютерлерді тікелей қосу-бұл екі компьютердің параллель портқа қосылған кабельдің қиындысымен қосылуы. Мұнда Windows98 ОЖ-дан басқа, ешқандай қосымша аппараттық немесе бағдарламалық жабдықтаманың керегі жоқ. Тікелей қосқанда бір ДК-жетекші, ал екіншісі ілесуші болып табылады.

Жергілікті желі (LAN – Local Area NETwork) - бұл географиялық бір жерде орналасқан желі. Жергілікті желінің арналуы – ресурстарға бірігіп қатынау (ақпараттар мен құрал-жабдықтарды қолдану), сондай-ақ желідегі жұмыстың барысын бақылау (әкімшілік функция).
Бір рангты желі-бұл құқығы бірдей барлық компьютерлері бірдей функциялар орындайтын жергілікті желі. Мұндай желілер арнайы бағдарламалық жабдықтаманы қажет етпейді.

Клиент-сервер типті желі-бұл екіден артық ДК-ден тұратын желі, оның бірі-файл сервер,ал қалғандары жұмыс стансасы болып табылады. Мұндай желіге қосылу әр компьютерге желілік тақша орнатуды компьютердің кабельді жалғануын, олардың біріккен жұмысын басқаратын арнайы бағдарламалық жабдықтаманы талап етеді. Бұл желі табысты жұмыс істеуі үшін жүйелік әкім қажет.

Сервер-бұл компьютер немесе бағдарламалар дестесі,ол басқа компьютерде орындалатын пайдаланушының дестесіне қызмет көрсетудің спецификалық түрі. Бір компьютерде бірнеше сервер болуы мүмкін.

Файылдық сервер-бұл “Клиент-сервер” желісінде жұмысты басқаратын және ақпаратты сақтайтын арнайы компьютер.

Жұмыс стансасы-бұл желідегі кез келген кәдімгі компьютер, оның ішінде “Клиент сервер” желісіндегі де (файлдық серверден басқа.)

Жүйелік әкім-бұл пайдаланушыларға нұсқаулар жүргізетін және ортақ деректерге қатынау режімін басқаратын желідегі жұмысқа жауапты тұлға.

Желілер топографиясы-бұл компьютерлерді бір желіге қосу схемасы (желі конфигурациясы).

Торап-бұл желіге жалғанған кез келген жеке компьютер.

Модем-аналогтық телефон сымдарының көмегімен компьютерлердің арасында цифрлық ақпарат беру құрылғысы.Ақпаратты қабылдау үшін желінің басқа ұшында да модем болуы керек.

Протокол-бұл техникалық құрылғылардың өзара қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін ережелер жиыны.

Желілік протокол-бұл желідегі жұмысты басқаратын бағдарламалар кешені (желідегі біріктірілген компьютерлердің қатынау тілі).

Хабар (Message)-компьютерде жазылған және файл түрінде құрылған, белгілі құрылымы және кеңейтілуі бар, оны компьютерлік желі бойынша басқа компьютерге жіберуге болатын хат.

Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі.

Компьютерлік желілеріді бірқатар белгілері бойынша жіктеуге болады,мысалы, территориялық дәрежесі бойынша, топологиясы бойынша, қолданылатын бағдарламалық жабдықтамасы бойынша (ОЖ немесе желілік қызмет), құрылымы (архитектурасы) бойынша және т.б.

Желінің территориялық таралуының дәрежесі бойынша олар мыналарға бөлінеді:

1. Жергілікті желі (ЭЕМ-дер арасы 10 км, көбінесе ЭЕМ жоғарғы жылдамдықты деректер беру арнасы арқылы байланысады, атап айтқанда:шиырылған жұп, коаксиальді кабель,оптикалық кабель және т.б. радио байланысы да қолданылуы мүмкін);

2. Аймақтық желі (тораптар арасындағы қашықтық 10-1000 км, байланыс арнасы ретінде көбінесе телефон линиялары қолданылады);

3. Дүниежүзілік (жалпы) желі (тораптар арасындағы қашықтық 10-15 мың км, көптеген басқалары мен мен қатар спутниктік байланыс арнасы қолданылады).

Жергілікті желі. Негізгі ұғымдары (түсіндіру).

Бұл желілер кең тараған, оларда ақпараттың 80-90% айналады және олардың тек 10-20% сыртқы қатынастармен байланысты.

Жергілікті желіде жұмыс істеудің артықшылықтары:

1. Ортақ ресурстарды көп қолданушылық режімінде қолданылуы;

2. Барлық пайдаланушылардың ортақ принтерде бір уақытта баспаға шығара алуы;

3. Пайдаланушылардың өзара ақпарат алмасуы, электрондық пошта ұйымдастыру мүмкіндігі;

4. Сыртқы жадты тиімді қолдануы;

5. Пайдаланушының кез келген компьютерден, жалпы желінің коммуникациялық торабы болған жағдайда, жалпы желінің ресурстарына қамтамасыз етуі;

6. Оқу процесін әдістемелік жетілдіру үшін желілік ортаны пайдалану мүмкіндігі (жетекші компьютерден ілесетін компьютерлерге жұмысты көрсету және керісінше).

Топологиясы бойынша жергілікті желілерді мыналарға бөлуге болады:

1. Жекеарналы (шина). Мұндай желі арқылы бір торап берген деректерді, барлық тораптар қабылдайды, бірақ тек оған ғана арналған торап қана, оны таниды және қабылдайды.

2. Сақиналық (тұйық). Мұндай желіде деректер бергенде маркерлер қолданылады.

3. Жұлдыз пішінді. Мұндай желінің барлық компьютерлерін біріктіретін активті орта болады. Деректер бергенде мұнда да маркер қолданылады.

4. Ақшақар. Жұлдыз тәрізді топологияның бір түрі.

5. Ағаш түрінде. Жұлдыз топологияның бір түрі.

Жергілікті желілер, қосу және бағдарламалық жабдықтамасының құрылым бойынша мыналарға бөлінеді:

  1. Бір рангылы;

  2. Тікелей қосу желілері (екі компьютер)

  3. Клиент –сервер

  4. Бірнеше файлдық серверлерді қолданатын желілер

Жергілікті желіде қолданылатын ОЖ немесе желі қызметі бірнеше негігі топқа бөлінеді:

  1. NET WARE 4.1

  2. Windows NT

  3. Vines 6.0

  4. OS 2 Warp.

  5. UNIX


Жергілікті желідегі жұмыс.

Жергілікті желідегі (мысалы, бір рангылы) барлық компьютерлерге берілген желі үшін бірегей ат беріледі. Әрбір желіні пайдаланушының өз аты мен паролі болады. Windows 98-дің құрамдас желілік құралдарымен жұмыс істегенде, ОЖ-ны жүктегеннен кейін бірден клиент терезе ұсынады, пайдаланушы ол арқылы өзінің желілік аты мен паролін көрсетіп, желіде тіркеледі. Жалпы ресурстарға қатынау жұмыс үстеліндегі арнайы «Желілік орта» қапшығы арқылы жүзеге асады. «Желілік орта» серверлер (Netware 4.1, Windows NT) ресурстарын да, бір рангылы желінің компьютерлерінің ресурстарын да көрсете алады. Бұл қапшық арқылы желінің басқа компьютерінің ақпараттарына, егер ол компьютерде бұған алдын-ала рұқсат берілсе, қатынауға болады.


Компьютердің ресурстарын қолдануға рұқсат келесі жолдармен беріледі:

  1. «Менің компьютерім» қапшығына кіру;

  2. арнайы қапшықты –С,А,В,Д,Е дискілерін белгілеу;

  3. Маустың оң жақ батырмасын басу арқылы контексті менюді шақыру;

  4. «Қасиеттер» пункітіне кіру

  5. «Доступ» (Қатынау) бет белгісін таңдау ;

  6. «Ортақ ресурс» деген сөз тіркесінің жанына нүкте қою

  7. «Тек оқу үшін», «Толық» , «Парольмен анықталады» пункттерінің бірін таңдау;

  8. «Парольмен анықтау» пунктін таңдағанда, пароль енгізіледі;

  9. Берілген ресурстарды пайдаланбасын десеңдер, онда «Жергілікті орта» сөз тіркесін белгілеу керек


Бұдан басқа, желілік ресурстарды бағыттаушы арқылы, қолданбалардағы құжаттарды ашу мен жабу терезелерінде арнайы «Желілік орта» қапшығын таңдап, ол арқылы компьютерді (аты бойынша) бұл компьютердің қатынауға мүмкін ресурстарын (қапшықтар-дискілер), содан кейін қажет файлды қолдануға болады.


СЫНЫПТЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІСІ

Компьютерлік желі – бұл бір-бірімен әр түрлі ресурстарды бірге қолдана алатындай жалғасқан компьютерлер тобы, (бағдарламалар, деректер, құжаттар, шалғай құрылғылар)


8.1.1. Тапсырма Өздерің сыныптарыңдағы компьютердің жергілікті желіге біріктірілу схемасын сал.

Тапсырма мұғалімнің басқаруымен орындалады. Егер сыныптарыңда жергілікті желі жоқ болса, онда компьютердің желіге қосу нұсқаларын салыңдар. Бір рангылы жергілікті желінің үлгісі оқулықта келтірілген.


8.1.2. Тапсырма Сұрқтарға жауап бер.

Тапсырма тақырыпты оқулықтан оқумен және мұғалімнің түсіндіруімен қатар орындалуы мүмкін немесе тақырыпты меңгеруін тексеру үшін қолданылады

hello_html_m3a9d6e23.png

Мына белгіше қай жерде орналасқан?

Жұмыс үстелінде

Егер мына белгішені екі рет шертсе не болады?

Жергілікті желімен қамтылған компьютерлерді көрсететін қапшық ашылады

hello_html_7accf200.png

Мына белгіше қай жерде орналасқан?

«Желілік орта» қапшығының терезесінде

Егер мына белгішені екі рет шертсе не болады?

Барлық жұмыс топтарын көрсететін терезе ашылады


ДҮНИЕЖҮЗІЛІК (ЖАЛПЫ) ЖЕЛІ ҰҒЫМЫ


8.1.3.Тапсырма. Қандай компьютердің топтары жергілікті желімен, ал қандай топтары дүниежүзілік желімен біріктірілетінін бағдаршалармен көрсет.

Тапсырма өз бетімен орындауға ұсынылады.


ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Электрондық хабар

Жоғарыда айтылғандай, электрондық хабар немесе файл түріндегі хатты, жергілікті желі арқылыда, дүниежүзілік желі арқылы да жіберуге болады. Жергілікті желі бойынша жібергенде ОЖ-ның құрамдас құралдары немесе қызметтер пайдаланылады, ал дүниежүзілік желі бойынша жібергенде арнайы бағдарламалық жабдықтамалар және белгілі электрондық хабарлармен жұмыс істеу ережелері қолданылады, сонымен қатар қосымша аппараттық жабдықтама – модем қажет болады.

Кез келген электрондық хабар (хат) тақырыптық бөлімімен денесінен құралуы керек. Хаттың тақырыптық бөлігінде пайдаланушының, жіберушінің адресі, жіберу уақыты, хат тақырыбы, оның маңыздылығының дәрежесі міндетті түрде көрсетілуі керек. Хаттың денесінде, мәтіннің өзінен басқа, жіберушінің қолы қойылады.

Электрондық хабарлармен алмасу әдеттегі поштадан әлдеқайда ыңғайлы, өйткені ол сенімді, арзан және уақытты үнемдейді.

Электрондық хабарды дайындау үшін арнайы бағдарламалық құралдар, өзгеше мәтіндік редакторлар қолданылады. Хабарларды жіберуді әдетте басқа бағдарламалар орындайды. Мұның бәрі қандай компьютерлік желіні қолданылуымен байланысты.


Негізгі ұғымдар

Электрондық пошта (Е mail) - бұл желіні пайдаланушылар арасында ақпаратты жіберу мен сақтау жүйесі; компьютердің көмегімен кез келген түрдегі хабарларды немесе баспасөз хабарларын беру.

Internet-те қатынаудың екі режимі болады - Off Line және On Line. Электрондық поштамен жұмыс істегенде Off Line режимін пайдаланады.

Off Line – бұл пайдаланушыны онда Хост – машинамен байланыса алатын, поштаны және жаңалықтарды десте түрінде жіберіп ала алатын жұмыс режімі. Off Line режимінде пайдаланушының қосылуы оның өзін тіркеуі де (пароль мен электрондық адрес берілуі) және сәйкес бағдарламалық жабдықтама орнату.

Электрондық пошта – бұл қазіргі кезде тез, сенімді және үнемді абоненттер арасында құпия сақтау кепілдігімен ақпраттар алмасу құралдарының бірі болып саналады. Электрондық пошта жұмысының принциптері мынадый: Хост машинаға қосылған әрбір абонентке (Интернеттің қандай да бір желіге кіретін машинасына және ол абонентке қызметкөрсететін провайдерге жататын) электрондық адрес және қатқыл дискіде орын – электрондық пошталық «жәшік» беріледі, оған қатынау пайдаланушының паролімен бұғатталады.

Электрондық адрес пайдаланушының желідегі орнын анықтау үшін қолданылады. Хост – машиналар хаттармен алмасуды автоматты режімде орындайды. Хост машиналармен байланысу арқылы пайдаланушылар пошта алады., бұл кезде пайдаланушының компьютерінің қосылып тұруы міндетті емес. Электрондық поштаның көмегімен мәтіндік, графикалық ақпараттарды, кез-келген көлемдегі файлдарды жіберуге болады. Шектеулер тек хост-машинамен пошта алмасу кезінде ғана қойылуы мүмкін. Бірақ отандық телефон желілері айтарлықтай шуыл дәрежесімен айырмашылықты болғандықтан, ақпаратпен алмасудың нақты жылдамдығы 28000 бит/сек аспайды, сондықтан 300К-дан артық хабар жіберудің қажеті жоқ.


8.2.1. Тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

Тапсырма тақырыпты оқумен және мұғалімнің түсіндіруімен қатар орындалуы мүмкін немесе тақырыпты меңгеруін тексеру үшін қолданылады.


Электрондық пошта дегеніміз не ?

Бұл желі арқылы хабар алмасу жүйесі.

Электрондық пошта арқылы не жіберуге болады?

Хат, кесте, графиктер,есептер және т.б.

Internet Mail бағдарламасы желі бойынша Internet-ке қосылған барлық пайдаланушылармен, пошталық хабарларды жіберу мен қабылдауды ұйымдастыруға арналған.

Пошталық сервер дегеніміз не?

Электрондық поштаның жұмысын басқаратын желідегі орталық компьютер, оның сыртқы жадында әрбір тіркелген пошталық жәшік үшін орын беріледі.


8.2.2. Тапсырма Электрондық пошта мен кәдімгі поштаның айырмашылығы неде, соны жаз.

Тапсырма өз бетімен орындау үшін ұсынылады. Жеңілдік үшін суретте кәдімгі және электрондық поштаның әрекеттері схема түрінде бейнеленген. Электрондық поштамен кәдімгі поштаның ұқсастығы мен айырмашылығы туралы әркімнің өз нұсқасы қабылданады.


Айырмашылығы.

1.Желіге қосылған адресаттың компьютерінің болуында.

2.Хабар беру жылдамдығы.

3.Электрондық пошта арқылы посылкалар мен бандерольдар жіберілмейді.



Ұқсастығы.

1.Жіберілген хабарларды бір жерде жинау.

2.Адрестік жеткізу жүйесі.

3.Әлем масштабында хабарлар жіберіледі.


Электрондық поштаның бағдарламалық жабдықтамасы.

Хост – машинамен байланысуға арналған жіберілетін хабарды беруге және келетін хабарды қыабылдауға арналған бағдарламалық жабдықтаманы пошталық бағдарлама деп атау қабылданған. Бұдан басқа, хаттарды дайцындауды, сақтауды және алынған жаңа хаттар мен басқа заттарды өңдейтін бағдарламалар да бар. Windows98 ортасында электрондық поштамен жұмыс істеу талаптарына сәйкес Internet Mail бағдарламасы жатады.

Электрондық поштаны іске қосу үшін келесі әрекеттерді орындау керек:

Пhello_html_m3fb1bc2d.gifhello_html_m3fb1bc2d.gifуск программы Internet Mail .


Internet Mail қолданбасы терезесінің құрылымы:

  1. Тақырып жолы.

  2. Меню.

  3. Құрал – саймандар тақтасы.

  4. Қапшық таңдау тақтасы.

  5. Айналдыру жолағының көмегімен поштаны қарап шығу өрісі.

  6. Айналдыру жолағының көмегімен активті хатты қакрап шығу өрісі.

  7. Қолданбаның ішінде құжаттардың терезесі ашық болуы мүмкін. Хаттар алынған немесе дайындалған болуы мүмкін. Мұнда терезелер әр түрлі менюмен және әр түрлі құрал саймандарымен болады.


8.2.3. Тапсырма. Қапшықтардың арналуын жаз.

Тапсырма тақырыпты оқулықтан оқумен және мұғалімнің түсіндіруімен қатар орындалуы мүмкін немесе тақырыпты меңгеруін тексеру үшін қолданылады.


Входящие – Алынған хабарлар, оларды жойғанша немесе басқа қапшыққа сақтауға жібергенше

болады.

ИсходящиеЖіберуге дайын хабарлар бар.

Отправленные – Мұнда жіберілген хабарлардың көшірмесі бар.

УдаленныеЖойылған хабарлар бар.


Мына қапшықтарда сақталған хабарлармен не істеуге болады?

1. Оқуға

2. Баспаға шығаруға

3. Жоюға

4. Жіберуге


8.2.4. Тапсырма. Internet Mail бағдарламасы терезенің команда / батырмаларын қолдану, кестесін қолдану, кестесін толтыр


Тапсырма – кесте.

Internet Mail бағдарламасының мүмкіндіктері.

Бұл бағдарламаның мүмкіндіктерін атайық:

  1. Пошталық сервермен байланыс орнатылған жағдайда поштаны алу және жіберу.

  2. Пошта барлығы кіретін, шығатын, жіберілетін, жойылатын болып бөлінеді.

  3. Әр бөлімдегі поштаны адресі, мрезімі, тақырыбы бойынша сұрыптауға болады.

  4. Поштаны басқа адрес бойынша автоматты түрде қайта жіберуге болады.

  5. Жіберушіге жауап беруге болады.

  6. Бір немесе бірнеше адресті көрсетіп, жаңа хабар құруға болады.

  7. Құрылған, бірақ әлі жіберілмеген хатты тауып және оны ашып түзетуге болады.

  8. Хатты ашпай-ақ оның мазмұнын Internet Mail қолданбасының терезесінің төменгі бөлігінде көруге болады.

  9. Хатқа файлдарды қосуға болады.

  10. Кез келген хабардың маңыздылық дәрежесін (!) көрсетуге болады.

  11. Кез келген хатты eml кеңейтілуі бар файл түрінде сақтауға болады.

  12. Кез келген хатты баспаға шығаруға болады.

  13. Кез келген хабарға бір немесе бірнеше файлды қосуға болады (жад көлемін байқаңдар!). Бұл жағдайда хабар адресінің жанында «қыстырма » пайда болады.

  14. Жіберуші адресіне адрес кітабын жүргізуге болады.

  15. Қолтаңба жасап, оны автоматты түрде әр хатқа қоюға болады.

  16. Адрестік кітапқа жіберушінің адресін енгізуге болады.

  17. Керек емес хатты жоюға болады.

  18. Хаттардың кез келген санын ашуға болады.

Хабар құру терезесінде міндетті түрде кімге, тақырып жолдары толтырылады. «Кімнен» және «Мерзімі» (Дата) жолдары автоматты түрде толтырылады. Хабарды теру өрісінде аты, фамилиясы және электрондық адресі көрсетілумен, қол қоюмен аяқталатын мәтін теріледі. Егер жіберушіге жауап берілсе, онда алынған хаттың әр жолының алдында «>» белгісі қойылады. Хабар құрғанда қаріптер мен кодтауды өзгертуге, жазылуын тексеруге, мәтіннің белгіленген бөлігін буферге қиып алуға, көшіруге және буферден кірістіріп қоюға болады.

E – mail –де адрестеу.

Электрондық поштаның адресі үш бөлімнен тұрады:

  1. Пайдаланушының аты (Name)

  2. Электрондық адрестің белгісі (@)

  3. Пошталық сервердің адресі, басқаша айтқанда хост-машинаның домендік адресі (Hostname).

Домендік ат екі бөліктен тұрады: хост-машинаның идентификаторы; домен (желі) идентификаторы. Олар нүктемен ажыратылған. Домен идентификаторы бұл алты стандартты домендердің бірі:

  1. Коммерциялық ұйымдар (com)

  2. Білім беру ұйымдары (edu)

  3. Үкімет ұйымдары (gov)

  4. Әскери ұйымдары (mil)

  5. Коммерциялық емес ұйымдар (org)

  6. Желілік ұйымдар (net) немесе елдің екі әріптік белгілеуі.

Хост-машинаның идентификаторы нүктемен бөлінген бірнеше бөліктерден тұруы мүмкін. Бұл қаланың немесе аймақтық орталықтың, ұйымның және осы ұйымдардағы машинаның идентификаторының белгісі болуы мүмкін. Мысалы:

HYPERLINK mailto: sch 90@lorton.almaty.kz

HYPERLINK mailto: sch 90@lorton.almaty.kz

sch 90@lorton.almaty.kz

sch 90@lorton.almaty.Kz


8.2.5.Тапсырма.

Кестеге сәйкес берілген электрондық адрестердің әр түрлі бөліктерін түрлі-түсті қарындашпен жиектеп бөл және оларды кестеге сәйкес сандармен белгіле.

Тапсырманы орындау алдында тақтаға электрондық адрестің бірнеше мысалын талқылау дұрыс. Мүмкін, бұл адрестер өздеріңнің аймақтарыңның нағыз адресі болар.

Тапсырма өз бетімен орындауға ұсынылады. Көрнекілік үшін оқушыларға түрлі-түсті қарындаштарды пайдалану ұсынылады.


  1. Пошталық сервер

  2. Қала

  3. Ел

  4. Пошталық жәшік аты

  5. Бөлу белгілері



MYVirus@mail.ru

4 5 1 5 3

Karp@nursat.kz

4 5 1 5 3


«Компьютерлік желілер. Мультимедиа» тақырыбы бойынша тестік тексеру өткізу ұсынылады.


8.2.6.Тапсырма(Ү). Сөзжұмбақ. Компьютерлік желілер.

Тапсырма өз бетімен орындауға ұсынылады

  1. Дүниежүзілік желі.

  2. Электрондық пошта

  3. Жергілікті желі

  4. Сервер

  5. Жалпы желі

  6. Модем

  7. Бір рангылы желі

  8. Интернет

  9. Барлық желі

  10. Желілік орта

  11. Жұмыс тобы



Д

Ү

Н

И

Е

Ж

Ү

З

І

Л

І

К

1

Ж

Е

Л

І



Э

Л

Е

К

Т

Р

О

Н

Д

Ы

Қ

2

П

О

Ш

Т

А



Ж

Е

Р

Г

І

Л

І

К

Т

І

3

Ж

Е

Л

І








С

Е

Р

В

Е

Р

4













Ж

А

Л

П

Ы

5

Ж

Е

Л

І














6

М

О

Д

Е

М


Б

І

Р


Р

А

Н

Г

Ы

Л

Ы

7

Ж

Е

Л

І






И

Н

Т

Е

Р

Н

Е

Т

8












Б

А

Р

Л

Ы

Қ

9

Ж

Е

Л

І







Ж

Е

Л

І

Л

І

К

10

О

Р

Т

А









Ж

Ұ

М

Ы

С

11

Т

О

Б

Ы



Сөзжұмбақ сұрақтары:

  1. Бір-бірімен өткізгіш сымдармен, кабельмен және телефон арқылы байланыстырылған көптеген компьютерлер.

  2. Компьютерлік желі арқылы алмасу жүйесі

  3. Бір-біріне жақын орналасқан компьютерлерді біріктіретін компьютерлік желі.

  4. Өзіне қосылған желідегі басты компьютерлерге қызмет көрсетеді және басқарады.

  5. Бір-бірінен қашық, түрлі мектептерде, қалаларда, мемлекеттерде орналасқан көптеген компьютерлерді біріктіретін желі.

  6. Компьютерлерді телефон желісі арқылы қатыстыруға мүмкіндік беретін құрылғы

  7. Әрқайсысы басқаларының қорларын қолдана алатын тең құқы бар компьютерлерді біріктіретін компьютерлік желі.

  8. Дүние жүзіндегі ең үлкен компьютерлік желі дамыған мемлекеттің 500 000 компьютерін байланыстырады.

hello_html_6f1651f5.png





hello_html_m3a9d6e23.png


10.




hello_html_m68290029.png

11.




IV. Жаңа тақырыпты бекіту

8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5– тапсырмаларды орындау


V. Қорытындылау

1)Үйге тапсырма

Компьютердің көмегімен хабарларды қабылдау және беру. Жергілікті желі.

Электронды пошта. Хабарлар құру және хаттармен жұмыс істеу.

8.2.6-тапсырма. Сөзжұмбақ

2)Оқушыларды бағалау





Краткое описание документа:

:        Компьютердің көмегімен хабарларды қабылдау және беру.                                                     Жергілікті желі.                                                  Электронды пошта. Хабарлар құру және хаттармен жұмыс істеу.            Бағдарламалық –              ОЕТС, Windows ОЖ. дидактикалық                   Оқулық. қамсыздандыру:               Жұмыс дәптері. Сабақтың  мақсаты:         1. «Электронды хабар», «Компьютерлік желі» ұғымдарымен таныстыру. Электрондық пошта мен электрондық хабарлар туралы түсінік беру. Электрондық адрес туралы түсінік беру. Internet Mail бағдарламасымен жұмыс істеуді үйрету.                                                  2. Оқушылардың компьютерлік желінің не екенін, модем дегеніміз не                                                 және ол  не үшін қолданылады, электрондық адрес деген не екенін                                                   білу қабілеттерін дамыту.                                                  3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.                                                                                                                                                        Сабақтың типі:                 Көрсете -түсіндіру Білім – білікке                    Оқушылар білуі тиіс: қойылатын талаптар:        -     компьютерлік желінің не екенін; -          компьютерлік желінің арналуын; -          компьютерлік желінің жіктелуін; -          жергілікті және жалпы желі не екенін; -          жергілікті желіні ұйымдастыруды; -          ДК және компьютерлік желінің ресурстарын; -          хаттама деген не және қалай қолданылатынын; -          хаттама деген не және ол қандай құралдың көмегімен хабар жіберуге  болады; -          модем дегеніміз не және ол  не үшін қолданылады; -          жергілікті желі түрлерін; -          электрондық адрес деген не екенін; -          электрондық хабар деген не екенін; -          хабарлар қалай жіберілетінін; -          электрондық хабарлармен жұмыс істеу ережелерін.                                            Оқушылар үйренуі тиіс: -          жергілікті желіні қолдануды; -          жергілікті желі мысалдарын келтіруді; -          «Жергілікті орта» қапшығымен жұмыс істеуді; -          хабарларды құруды, редакциялауды, сақтауды және ашуды; -          хабарларды жіберуді және қабылдауды.
Автор
Дата добавления 10.05.2014
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров945
Номер материала 99981051030
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх