Сахнада құрған нысандардың
түсі сұр екенін байқаған боларсыңдар. Әрине,
нысанды модельдеуде тек формасын
жасап қана қоймай, оған өзіне тиісті қасиеттерін де берсек, моделіміздің
әсері арта түседі. Сондықтан нысанға материал
баптауын жүргіземіз. Материалды қосу үшін Material buttons панелінен
Shading (F5) батырмасын
қолданамыз (130-сурегп).
Нысанның түсін
екі түрлі әдіспен қоюға болады (131-сурет): біріншісі, Col батырмасын шертіп, сол жерден R (red), G (green) және В (blue) қозғалтқышын
жылжыту арқылы керекті түсті аламыз. Ал екіншісі, Col батырмасының сол жағында орналасқан түс
палитрасына басып, сол жерден керекті түсті таңдаймыз.
Бізді қоршаған
кейбір заттар мен дүниелер түссіз болып та кездеседі. Мысалы,
су, әйнек. Көптеген графикалық программалардағы сияқты Blender-де де нысанның түс- сіздігін көрсететін Alpha қасиеті
бар. Material панеліндегі Alpha
қозғалтқышын қозғалту арқылы
материалдағы түсті азайтамыз. Ал мөлдір түссіз болуын Mirror Transp пане-
ліндегі Ray Transp батырмасы арқылы немесе Links and Pipeline панелінен ZTransp құ- ралын пайдалану арқылы орындаймыз (132-сурет
).
Blender-де айналы көрініс жасай аламыз. Мұны Mirror Transp панелінен Ray
Mirror батырмасын басып, Ray Mir жүгіртпесін үлкен жаққа қозғалту арқылы іске асырамыз (133-сурет)
Текстура дегеніміз - материалды құрайтын
бағдарлы элементтер.
Текстураны, мысалы,
қарапайым тақтадан байқауға болады, ондағы көптеген ұсақ талшықтардан суретке
ұқсас бейнелер құралады. Сонымен қатар металл және керамикалық
материалдарда да текстура болады.
Үшөлшемді графикадағы
текстура - нысанның бетіне өң, түс, түр немесе бедердің
алдамшы көрінісін беру үшін қолданылатын растрлық сурет.
Blender программасындағы текстура
Blender программасында текстураны қолдану
үшін мына батырмалар көмегіне жүгінеміз: Shading (F5) және Texture
Buttons. Модельге бірнеше текстураны
қолдануға болады (олар қабат сияқты орналасады).
Егер қабат текстурадан тұрса, онда Texture
панелінде қабат бағанында «Тех» деген жазу болады. Әрі қарай Texture Type
тізімінен керекті текстураны таңдаймыз (140-сурет ).
Әдетте, нысанға текстураны жай ғана қолдана салу жеткіліксіз болады. Дұрыс
нәтиже алу үшін оның баптауын өзгерту керек. Баптаудың бір бөлігі Texture Buttons батырмасының бұйрығында болса, екінші бөлігі Material Buttons баптауында орналасңан.
Мысалы, 141-суретте
су мен агаш бөлігі бейнеленген. Осындай
нәтиже алу үшін төмендегідей әрекеттерді орындаймыз.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.