Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Материалды қосу 10 сынып

Материалды қосу 10 сынып


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныбы:10 «А» Күні:18.04.2016

Сабақтың тақырыбы: Материалды қосу материал қасиеті

Сабақтың мақсаты:

  • Үшөлшемді графика программасында жасалған нысанға тегістеу жұмысын жүргізудің тәсілдерін үйрету.

  • Қарапайым тапсырмаларды орындату арқылы программада жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.

  • Шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: тұсаукесер, үшөлшемді графика программасы, тапсырма карточкалары.

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сөйлесу , сұрақ жауап, көрнекілік қолдану, тәжірибелік әдіс.

Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Пәнаралық байланыс: геометрия, ағылшын тілі.

Өтілетін орны: информатика сыныбы.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды ұйымдастырып, сыныпта оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпқа кіріспе кезеңі

Теория

Нысанды Blender программасында тегістеу

Өздерің байқағандай Blender-де mesh нысандар – нысанды режімде де, нысанды редакторлау режімінде де тегістелмеген түрде болады. Оны нысанның бөлшектерінің қырларынан көре аламыз. Программада осы тегістеу жұмысын Set Smooth батырмасы арқылы орындаймыз. Нысанды режімде Set Smooth батырмасын бассақ, онда тегістеу жұмысы сахнадағы нысандардың бәріне қолданылады. Ал редакторлау режімінде ол операцияны нысанның өздері қалаған бөліктерін ерекшелеу арқылы керекті бөлікке жасай аламыз.

Ал тегістелген нысанды қайтадан рельефті түрге келтіру үшін Set Solid батырмасын басамыз.

Сонымен қатар нысанды тегістеудің тағы бір тәсілі – SubSurf модификаторы.

Нысанды 3D Max-та тегістеу

3D Max графикасында нысандарды, әсіресе қатты түрдегі нысандарды, модельдеуді жеңілдететін қызметтің түрі тегістеу болып табылады.

Нысанды толығымен тегістеуге немесе оның жекелеген бөліктерін ғана тегістеуге болады. Каркасты примитивтермен жұмыс кезінде Smooth параметрін орнатып немесе алып тастау арқылы нысанға толықтай тегістеуді басқара аласыңдар. Егер редакторланатын нысанда ондай параметр жоқ болса, оған Smooth модификаторын қолдану керек. Мысалы:

  • Каркасты нысанды ерекшелейміз.

  • Smooth модификаторын таңдаймыз (10-сурет).

  • Auto Smooth жалаушасын орнатамыз.

ІV.Бекіту кезеңі

Материалды бекіту мақсатында тәжірибелік тапсырма орындату.

V. Қорытынды кезең

1. Тегістеу қалай жүзеге асады?

2. Тегістеу не үшін керек?

3. Бүгін сабақтан не білдік?

VI. Үйге тапсырма беру кезеңі

  1. Тақырыпты оқу

  2. Параллелипедті тегістеу арқылы шарға айналдырыңдар.

VII. Бағалау кезеңі

Сабақтағы белсенділіктеріне, тақырыпты меңгеру, тапсырманы орындау деңгейлеріне байланысты бағалар қойылады.








Автор
Дата добавления 14.04.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров98
Номер материала ДБ-030782
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх