Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Конспекты / Материалдық жауапкершілік, оның құжаттық рәсімдеу

Материалдық жауапкершілік, оның құжаттық рәсімдеу



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

Пән: Саудалық есептеулер

Тақырыбы: Материалдық жауапкершілік, оның құжаттық рәсімдеу

Сабақ түрі,өткізу үлгісі: Білімді, іскерлікті және дағдыны жетілдіру сабағы

Сабақтың мақсаттары: Білім алушылардың қызығушылығын арттыра отырып, материалдық жауапкершілік, оның құжаттық рәсімдеуге дағдылау. Білім сапасын көтеру мақсатында, білім алушылардың өзіндік жұмыс жасауына жағдай туғызу.

Білімділік: Білім алушылардың білімдерін жүйелеу, оқытылған материалдардың реттеу және пысықтау

Дамытушылық: Психологиялық үрдістерді жаттықтыру, ойды жинақтау, ойлау, өткен тақырыптарды еске түсіру

Тәрбиелілік: Білім алушыларды сабаққа ынталандыру, көңіл аударту, шешім қабылдату, талап қоя білдірту

Әдістері: Дифференциалдық

Сабақ көрнекілігі: Плакаттар

Пәнаралық байланыс: Азық - түлік тауарларын тану. Тағам дайындау технологиясы.

Негізгі әдебиет :

  1. Т.Стасевич, Қ.Байманова "Калькуляция және есеп бойынша практикум."

Қосымша әдебиет :

1. Харченко Н.Э. "Сборник рецептур блюд и кулинарных изделий", - М.,

2012ж.

2. Галиев Н., Смолкина В., Шаймарданова А. "Калькуляция и учет в

общественного питании", 2010ж.

















Сабақтың барысы және уақытының өлшемі


Сабақ кезеңдері

Кезең мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушылардың қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру, сабақ өткізу жоспары

3

2

Білімдерін тексеру





Білім бағалау өлшемі

Жалпы сұрау

1. Баға туралы түсінік. Бағаның түрлері.

2. Бухгалтерлік есеп дегенді қалай түсінесің?

3. Материалдық жауакепршілік шарты.

4. Ас мәзірінің жоспарын жасау тәртібі.

35

3

Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі



Түсіндірілетін сұрақтар тізімі

Қосымша баяндама арқылы,қойылған сұрақтар бойынша тақырыпты өздігінен игеру, рефератифтік

1. Материалды құндылықтар дегеніміз не?

2. Материалдық жауапкершілік, оның құжаттық рәсімдеу

27

4

Студенттердің өздік жұмысы

Схемамен жұмыс

15

5

Тақырыпты бекіту

Жалпы сұрау

1. Материалды құндылықтар дегеніміз не?

2. Материалдық жауапкершілік, оның құжаттық рәсімдеу

5

6

Сабақ қорытындысы

Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, бағалау.

1. Баға туралы түсінік. Бағаның түрлері.

2. Бухгалтерлік есеп дегенді қалай түсінесің?

3. Материалдық жауакепршілік шарты.

4. Ас мәзірінің жоспарын жасау тәртібі.

3

7

Үй тапсырмасы

Т.Стасевич, Қ.Байманова "Калькуляция және есеп бойынша практикум." 29-31 беттер

2











Материалдық жауапкершілік, оның құжаттық рәсімдеу

Материалдық жауапкершілік туралы шарт.

Толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарттар кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен сақтаумен, өңдеумен, сатумен, тасымалдаумен тікелеей байланысты жұмыстарды орындайтын немесе оларға берілген құндылықтарды өндіріс процесінде пайдаланумен айналысатын қызметкерлердің (18 жасқа жеткен) арасында жасалуы мүмкін. Мұндай лауазымдар мен жұмыстардың тізбесі, сондай ақ толық материалдық жауапкершілік туралы шарттардың үлгілері заңмен немесе жұмыс берушінің нормативтік актілерімен белгіленген тәртіппен бекітіледі.

Сақтаумен, өңдеумен, сатумен (жіберумен), тасымалдаумен тікелей байланысты жұмыстарды орындайтын немесе оларға берілген құндылықтарды өндіріс процесінде пайдаланумен байланысты, әрбір қызметкерге материалдық жауапкершілікті бөліп беру немесе олармен материалдық жауапкершілік туралы шартты жасау мүмкін болмағанда, жұмыстардың жекелеген түрлерін қызметкерлер бірлесіп орындаған кезде ұжымдық материалдық жауапкершілік енгізіледі.

Ұжымдық материалдық жауапкершілікті кәсіпорын ұжымының тиісті сайлау органымен келісім бойынша кәсіпорынның әкімшілігі белгілейді. Ұжымдық материалдық жауапкершілік туралы шарт кәсіпорын мен ұжымның сеніп тапсырылған құндылықтарға тікелей қатысы бар барлық мүшелері арасында жасалады.

Өндіріс қорларының шығысы мен түсімі бойынша жасалатын алғашқы құжаттар материалдық есепті ұйымдастырудьң негізі болып табылады. Тікелей алғашқы кұжаттардың көмегімен тауарлы-материалдық қорлардың тиімді пайдалануын және сақталуын, қозғалысын алдын ала, ағымдағы және келешектегі бақылануын жүзеге асырады. Есепті тиімді ұйымдастыру ісінде қорлардың сақталуы мен есепке алынуына қатысы бар барлық тұлғаларға баға көрсеткішінің номенклатурасын жасап, таратудың маңызы зор. Онда субъектінің қолында барлық материалдық қорлар белгілі бір белгілері бойынша әзірленеді.

Әрбір атаулары, сорттары бойынша шартты сандық белгілері -номенклатуралық нөмірі беріледі, содан соң барлық кұжаттарда ТМҚ - дың бары мен қозғалысы бойынша берілген нөмірі қойылады. Номенклатуралық нөмірі: баланс шоттарының нөмірі немесе материалдардың қатар нөмірі бойынша берілуі мүмкін. Материалдардың номенклатурасында есептелінетін материалдардың бірлік бағасы көрсетіледі, яғни ол баға-номенклатурасы деп аталады. Ол жүйеленген материалдар тізімі бойынша жасалады және оны кәсіпорынның барлық бөлімшесі (материалды-техникалық жабдықтау, бухгалтерия, қаржы бөлімдері) анықтама ретінде пайдаланылады. Тауарлы-материалдық қорлардың түсуін құжатпен рәсімдеу. Тауарлы-материалдық қорларды кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, теміржол станциясынан, айлақтардан, аэропорттардан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан. Жабдықтаушылардың қоймаларынан ТМҚ-ды алған кезде алушы - кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырады. Материалдардын қозғалысын есепке алған кезде мынадай типтік құжаттар пайдаланылады: жабдықтаушылардың қоймасынан тауарларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхаты беріледі. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, колхат алу арқылы береді. №М-2а типтік ведомосы аралық нысаны, алдын ала нөмірленген және түптелген журналға тіркеледі. Берілген сенімхатты есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғада сақталады. Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім-шарт жасалады, ондай келісім-шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол койып, мөр басады. Сол сенімхатта алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы жағында жазылады. Бір қоймаға жататын тауарлы-материалдық корлар алынған жағдайда оған бірнеше накладной керек болса, сенім беруші сенімді тұлғаға бір сенім хатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық накладнойдың нөмірі, күні керсетілуі тиіс. Егер де бір ғана сенімді тұлғаның бірнеше қоймадан тауар алуына тура келсе, онда оған әрбір қоймаға ұсыну үшін жеке сенімхат беріледі. Сенімхат, әрекет ететін мерзіміне қарамастан, тауарлы-материалдық қорларды алған кезінен бастап беріледі. Мерзімі өткен сенімхаттары бойынша есеп бермеген лауазымды тұлғаға жаңа сенімхаттар берілмейді. ТМҚ-ды ала салысымен материалды жауапты тұлға тапсырманы орындағаны туралы құжаттарды бухгалтерияға беріп, тауарлы-материалдық қорларды қоймаға өткізу керек, олардың сол қорларды қуаттайтын сенімхаты толық болмаса да. Егер де ТМҚ-ды алу құқығы жойылса, онда одан сенімхаты қайтып алынады, ал жіберушілерге басқа сенімхат беріледі. Пайдаланбаған сенімхаттар мерзімі өткеннен кейін келесі күні сенім білдірушіге қайтарылады. Пайдаланбаған сенімхатты пайдаланбаған кезде оны «Сенімхаттарды есепке алу журналында» тіркейді және оның түбіршегіне «пайдаланбаған» деген белгісін жасайды. Осындай сенімхаттар есеп беру кезеңінің соңына дейін сақталады, сосын есепті кезеңінің соңында жойылады.

Тауарлы-материалдық қорларды кірістеуге мына құжаттар негіз болып табылады:

- шот-фактура, онда: қатар нөмірі мен күні, атауы және жабдықтау мен ТМҚ-ды сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлік нөмірі, әкелінген ТМҚ атаулары мен саны, құны, акцизделетін ТМҚ сомасы т.б.;

- тауарлы-транспорттық накладной;

- тауарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғаның жазған накладнойы мен құжаттары, атап айтқанда:

Кіріс ордері. Жабдықтаушылардан немесе өңдеуден түскен қорларды есепке алу үшін қолданылады. Ол бір ғана данада жазылады және ол жауапты тұлғадан материалдар қоймаға келіп түскен кезде толтырылады.

Материалдарды қабылдау туралы акті. Жабдықтаушылардың леспе кұжаттарындағы мәліметтерді сандық жэне сапалық айырмашылықтары бар қорларды қабылдау кезінде қолданылады; сондай-ақ кұжаттарсыз түскен материалдарды қабылдаған кезде де. Қабылдау комиссиясы міндетті түрде материалдық жауапты түлғаның жіберуші өкілінің немесе мүдделі емес мекеме өкілінің қатысуымен актіні 2 дана етіп жасайды. Қорлар қабылданғаннан кейін қүжаттармен қоса актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, екіншісі - жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін, жабдықтау бөліміне немесе олардың бухгалтериясына жіберіледі.

Тауарлы-материалдық қорлардың өндірісте дайындалған және сақталған кезіндегі жетіспеушілігі мен жоғалуы туралы актісі. Табиғи шығын нормалары айқындалмаған материалдық қорларын дайындау, сақтау немесе өндіру процесінде орын алған жоғалтуды анықтау үшін қолданады. Қорлардың сақталуына жауапты бөлімдердің балансынан шығаруға немесе кінәлі адамдардан өндіріп алуға аталған құжат негіз бола алады. Бұл құжат материалды қабылдау жөніндегі актіге тіркеледі. Екі данасы толтырылып, комиссия мүшелері мен кінәлі кісілер қол қояды. Бірінші данасы бухгалтерияға жіберіледі, ал екіншісі бөлімшеде қалады. Табиғи шығын нормаларына сәйкес материалдардың жоғалуы туралы актісі. Субъектінің қоймасына жабдықтаушылардан келіп түскен кезде табиғи шығын нормаларына сай қорлардың кемігені анықталса немесе өңделгеннен кейін оларға табиғи шығын нормалары қойылған болса, осы акті жасалады. Қорларды қабылдауды жүргізген кезде жасалынған актіге кіріс ордері қосымша қызмет атқарады. Комиссия екі дана етіп жасап қол қойып, 1 - ші данасын бухгалтерияға өткізеді, ал қорлардың жоғалуына материалды жауапты тұлғалар ол сол адамдардың есебіне есептен шығаруға негіз бола алады, ал оның 2-ші данасы қоймада қалады.

Материалдардың бүлінуі, сынуы, қирауы туралы актісі. Кәсіпорында бүлінудің, сынудың, қираудың нәтижесінде арзандатуға және қорларды есептен шығару үшін қолданылады. Ол екі дана етіп жасалынады. 1-ші дана бухгалтерияға жіберіліп, қорлардың жоғалуына себепші болған материалды жауапты тұлғаларға есептен шығаруға негіз болады, 2-ші данасы бөлімшеде қалады.

Тауарлы-материалдық қорларды босатқанда рәсімделетін құжаттар. Кәсіпорынның қоймасынан материалдар өнімді әзірлеуге және басқа да шаруашылық қажеттілігі үшін цехтарға, сондай-ақ сыртқа өңдеуге немесе артығын сатуға босатқан кезде пайдаланылады. Тауарлы-материалдық қорлар цехтан цехқа берілсе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы деп санайды, ал егер де орталық қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс шығыны ретінде танылады.

Материалдың шығысы мынадай құжаттар бойынша рәсімделеді: Лимиттік - жинақтама картасы; материалдарды айырбастауға арналған талап - актісі; материалдарды босатуға (ішкі орын ауыстыруға) арналған талап накладнойы.

Лимиттік - жинақтама картасы - өнімді дайындауда үздіксіз пайдаланылатын қорларды босату, сондай - ақ өндіріс қажеттілігіне керек қорларды босатудың белгіленген лимиттерін (шектерін) сақтауға, ағымдағы және қоймадағы материалдық қорларды бақылауға жэне оларды есептен шығаруға негіз бола алатын кұжат. Лимиттік - жинақтама карталары жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың бір түріне 2 дана етіп дайындалады. Бір данасы ай басталғанша цехқа - қорды пайдаланушыға, 2-шісі - қоймаға немесе цехтың қоймасына беріледі. Өндіріске қорлар қоймалардың, цех өкілдерінің лимиттік - жинақтама картасы ұсынған кезде ғана босатылады. Қоймашы екі данаға да босатылған қорлардың күні мен мөлшерін жазған соң, лимитте қалған қалдығы шығарылады. Қоймашының лимиттік - жинақтама картасын цех өкілі, ал цехтың лимиттік жинақтама картасына қоймашы қол қояды. Өндіріске лимиттен артық жіберу және қорларды ауыстыру арнайы талап- актісімен рәсімделеді. Лимитті өзгертуге тек сондай кұқық берілген тұлғалар ғана жүзеге асыра алады. Материалдық қорларды босату тек лимиттік -жинақтама картасында көрсетілген қоймалардан босатылады. Қоймашы лимиттік жинақтау картасына жіберілген қорлардың күні мен мөлшерін белгілеп, әрбір номенклатуралық нөмір бойынша лимиттің қалдығын анықтап отырады. Лимит пайдаланылып болған соң, лимиттік - жинақтама картасын қоймашы бухгалтерияға өткізеді.

Материалды айырбастауға арналған талап - актісі. Бұл құжат қорлардың белгіленген лимиттен артық босатылуын немесе олардың ауыстырылуын есепке алу үшін қолданылады, сондай - ақ қоймадан қорларды шығаруға негіз болады. Ол екі дана етіп дайындалады: бірі алушыға, екіншісі - қоймаға. Қоймашы актінің екі данасына да босатылған қорлардың күнімен мөлшерін белгілеп, содан соң қалдығын шығарады. Алушының (цехтың, учаскенің) актісіне қойма меңгерушісі, ал қойма актісіне - алушының (цехтың, учаскенің) өкілі қол қояды. Талап - актілерді бухгалтерияға немесе компьютерлік техникаға өңдеуге берместен бұрын талап етілген қорлар түгелдей алынуы керек. Материалдық қорларды лимиттен тыс босату және басқалармен айырбастау тек қана субъект басшысының немесе оған өкілетті тұлғалардың рұқсатымен субъектінің тиісті бөлімдерімен келісілгеннен соң ғана жүзеге асырылады.

Материалдарды босатуға (ішкі орын ауыстыруға) арналған талап накладнойы. Қорларды субъектінің өз ішіндегі козғалысына және олардың кәсіпорынның аумағынаы тыс жердегі шаруашылыктарына, сондай-ақ басқа мекемелерге босатуды есепке алғанда пайдаланылады. Ол екі данада дайындалады. Материалдарды өз кәсіпорынының шаруашылықтарына босатқанда 1 данасын алушыға (цехқа, учаскеге) береді, екіншісін - қоймаға, кейінірек бухгалтерияға өткізеді. Кәсіпорынның аумағынан тыс жерде орналасқан өз шаруашылықтарына немесе басқа мекемелерге материалдық қорларды босатқан кезде талап - накладной келісімдердің, нарядтардың және

баска тиісті құжаттардың негізінде дайындалады. 1-ші данасы коймаға материалдарды босатуға негіз болады, ал екіншісі материалды қабылдап алушыға беріледі. Материалды босатқан кезде өзі алып кететін жағдай туса, алушы кол қойған талап - накладнойды, сондай-ақ егер қорлар кейін төленетін болып босатылып жатса, қоймашы есеп айырысу төлемдік құжаттарын толтыруға бухгалтерияға жіберіледі. Үйлер мен ғимараттарды өңдеу және бөлшектеу кезінде алынған материалдық қорларды кіріске алу туралы актісі. үйлер мен ғимараттарды өңдеу және бөлшектеу кезінде алынған жұмыстарды жүргізуде пайдалануға жарамды материалды кіріске алуда қолданылатын кұжат. Құрамында тапсырыс беруші мен мердігер өкілдері бар комиссия актіні 3 дана етіп жасайды. 1 - ші және 2 - ші данасы тапсырыс берушіде, үшіншісі -мердігерде болады. Тапсырыс беруші 1 - ші данасын мердігердің төлейтін шот-фактурасына тіркейді. Материалдық қорлар цехтармен күн сайын пайдаланбайтын болса, мұндай материалды босату үшін бір реттік «Талап» толтырылады. Тауарлы-материалдық қорларды №6 журнал ордерде толтырады.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 07.10.2016
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров102
Номер материала ДБ-242996
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх