Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Материалы на тему "материалы оценивания"

Материалы на тему "материалы оценивания"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:


Кесте 1.

Дәстүрлі мақсатттандыру және заманауи мақсаттандыру айырмашылықтары


Оқушыларды картамен таныстыру.

Оқушыларды картадағы шартты белгілермен таныстыру.

  • Оқушылар картаны оқи алады, шарты белгілерді ажырата алады.

  • Оқушылар бейтаныс жерде картаны пайдаланып, қажетті бағытты анықтай алады.

  • Сын есім туралы білімдерін жүйелеу.

  • Оқушылар сын есімді пайдаланып, сөз тіркестер мен сөйлемдер құрастыра алады.

  • Оқушылар сөйлеу барысында сын есімдерді пайдаланады.

  • Математика бойынша білімдерін жақсарту.

  • Теңдеулер жүйесін екі апта ішінде екі тәсілмен шешуді үйрену.





































Критерийлерге койылатын талаптар

  1. Критерийлер үшеуден кем болмауы керек.

  2. Критерийлер оқушыларға алдын ала белгілі болуы тиіс.

  3. Критерийлердің оқушылармен бірге құрастырылғаны дұрыс.

  4. Мұғалім ұсынған критерийлер оқушылар тарапынан толық қабылдануы керек.

  5. Бағалаудың әрбір түрі мен әрекеті үшін бөлек критерийлер қажет және критерийлер жазбаша түрде келтірілуі керек.

  6. Критерийлер жария түрде болуы тиіс, оны сынып қабырғасына іліп қойған дұрыс.


Критериалды бағалау жүйесін жасаудың сатылары


1-ші саты. Оқу бағдарламасын оқып үйрену, пән бойынша әрбір

тақырыптың мақсаты мен міндетін анықтау.

2-ші саты. Оқушылардың әрбір тақырып бойынша оқу жетістіктерін

бағалаудың жалпы критерийлерін жасау.

3-ші саты. Бағалаудың критериалдық шкаласын (рубрикатор) түзу.



Критерийлерді жасақтау: қалай бастау қажет?

  • Оқудағы күтілетін нәтиже қандай болады?

  • Күтілетін нәтижені өлшеу үшін критерийлерді жасақтап, оларды кестеге түсіру қажет.



  • Әрбір ұпай үшін дескрипторларды сипаттау қажет. Дескрипторлар – бұл күтілетін нәтижеге жетудің түрлі деңгейлері.


Дұрыс жасақталған бағалау критерийлері оқу материалын түсіну тереңдігін жан-жақты өлшеуге мүмкіндік береді. Критерийлер мен дескрипторлар оқушыға оның білімі қалай бағаланатынын және одан не күтілетінін анық көрсетіп береді.





Кесте 2.

Мысал 1.

Тақырып: Қоршаған ортаны қорғау.

Сынып: 6-7 сынып.

Жұмыс түрі: жоба.


Дескрипторлар нақты емес, балалар жұмысын мұндай критерий деңгейлері бойынша сапалы бағалау өте қиын. Критерийлер алдын ала балаға беріледі. Ал терең және жақсы түсіну деген ұғымдардағы айырмашылықтарды олар түсінбеуі мүмкін.







































Кесте 3.


1. Оқушы адамның қоршаған ортаға оң және теріс ықпалының

5 факторын келтіре алады.


2. Оқушы осы

5 фактордың ықпалын нақты мысалдармен көрсете алады.


3. Оқушы осы

5 факторды талдай алады.


4. Оқушы бұл факторларды маңыздылығына қарай ретімен орналастыра алады.

1. Оқушы адамның қоршаған ортаға оң және теріс ықпалының

4 факторын келтіре алады.


2. Оқушы осы

4 фактордың ықпалын нақты мысалдармен көрсете алады.


3. Оқушы осы

4 факторды талдай алады.


1. Оқушы факторларды келтірді.


2. Оқушы мысалдарды жүйесіз келтірген.


3. Оқушы жеке факторларды талдау элементтерін пайдаланған.

1. Оқушы бір фактор келтірген.


2. Оқушы ешқандай талдау жасамаған.

























    1. Топтық жұмысты пайдалануда

оқушылардың жетістіктерін бағалау


Оқытудың топтық формасын пайдаланғанда тек қана түпкі нәтиже емес, сол нәтижеге жету үдерісі де өте маңызды. Сондықтан бұл жерде екеуі де бағаланады: түпкі нәтиже де, нәтижеге жету үдерісі де. Топта жұмыс жасай алу – өте қажетті құзыреттілік, сондықтан оқушының бойында оның қалыптасуына жағдай жасау қажет. Мұндай жағдайда қалыптастырушы бағалау оқыту үдерісінің бір бөлігі болады, өйткені топтық жұмыс талқылауды, сұрақ қоюды, кері байланысты көздейді.


Ұмытпа!

Топтық жұмысты бағалауда баға қою міндетті емес.





Топтық жұмысты бағалау бірнеше бағытта жүргізіледі:

  • мұғалім әрбір топтың жұмысын бағалайды;

  • мұғалім кейбір оқушылардың жұмысын бағалайды;

  • өзін-өзі бағалау/өзара бағалау, топтың жұмысын мұғалім мен оқушылардың бірігіп бағалауы.



Топтық жұмыстың басында мұғалім оқушыларға бірнеше шарттарды түсіндіріп беруі керек:

  • топтық жұмыстың мақсатын және оның өтіліп жатқан тақырыптың мақсаттарына сәйкестігін түсіндіру;

  • жұмысты бағалау критерийлерін анықтау;

  • бағалауды кім жүргізетінін хабарлау (тек мұғалімнің өзі; мұғалім оқушылармен бірігіп; тек оқушылар; арнайы қазылар алқасы);

  • егер топ ұзақмерзімді тапсырманы орындау үшін құрылса, онда мерзімді және топ жұмысын ұсыну формасын анықтау;

  • бағалау принциптерін хабарлау: әрбір оқушының топ жұмысына үлесін және жалпы топ жұмысын бағалау.



Топ жұмысын бағалау


Мұғалім бақылау үлгісін әзірлеп, оны оқушылармен талқылап бекітеді (Кесте 4).







Кесте 4.


Топ жұмысын бағалау формасы



Топ жұмыстарының қорытындысын шығарып, алынған нәтижелер талқыланады. Талқылау барысында келесі сұрақтарды қоюға болады:

  • Әрбір топ жұмысының қандай тиімді жақтарын атап өтуге болады?

  • Тапсырманы орындауда қандай қиындықтар кездесті? Оларды қалай жоюға болады?





























Оқушының жеке қызметін бағалау (топтық жұмыс барысында)

Топтық жұмыс барысында мұғалім жеке оқушылардың қызметін де бағалай алады. Ол үшін мұғалім алдын ала қай оқушының жұмысын бағалайтынын белгілеп алады. Бақылау барысында келесі форманы (Кесте 5) пайдаланады:



Кесте 5.

Оқушының жеке қызметін бағалау формасы


Мұғалім топтарда тапсырманың орындалуын бақылап, сонымен бірге таңдап алынған оқушылардың қызметіне аса назар аударып, кестелерде белгілер қояды. Жұмыстың қорытындысы бойынша бақылау нәтижелерін айтып, міндетті түрде таңдалған әрбір оқушымен кері байланыс жасап, қажетті жағдайда баға қояды.

























    1. Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау


Өзін-өзі бағалау – бұл тұлғаның өзінің мықты және әлсіз жақтары, өз мүмкіндіктері мен проблемалары туралы ақпаратты жинақтау мен талдауға бағытталған үдеріс.

Қалыптастырушы бағалауды пайдалану оқушылардың өзін-өзі бағалау немесе сыныптастардың бағалауы тәсілдерін қолдануды карастырады. Оқушылар өзін-өзі бағалау немесе өзара бағалау дағдыларын меңгерсе, мұндай жағдайда бағалау шынайылығы мен беріктілігі мәселесі көтерілмейді. Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау тәсілдерінің мәнісі келесіде: оқушылар алдында оқу мақсаттары мен түсінікті бағалау критерийлері тұрса ғана олар өздерін бағалай алады.





































Төмендегі форманы (Кесте 6) қолдану барысында мұғалім оқушыға өзінің топтағы жұмысын өз бетінше бағалауын ұсынады. Бұл үлгі оқушыға өзінің жұмысын бағалап, мұғалімнің бағасымен салыстыруға мүмкіндік береді.

Кесте 6.

Топтағы жұмысын өз бетінше бағалау формасы


Аты-жөні

Күні

Сыныбы

Қызмет түрі

Топтағы жұмыс барысында сен келесі әрекеттерді қаншалықты жиі жасадың (қажетті сөзді қорша).

  1. Мен ақпаратты алу немесе нақтылау үшін сұрақтар бердім:

  • ешқашан

  • кей кезде

  • жиі

  1. Мен өз пікірімді білдірдім:

  • ешқашан

  • кей кезде

  • жиі

  1. Мен өз тобымдағы басқа оқушылардың пікірін тыңдадым:

  • ешқашан

  • кей кезде

  • жиі

  1. Мен өз тобымдағы басқа оқушылардың айтқандарына түсініктеме жасап отырдым:

  • ешқашан

  • кей кезде

  • жиі

  1. Мен өз тобымның басқа мүшелерін талқылауға қатысуға тарттым:

  • ешқашан

  • кей кезде

  • жиі

  1. Маған мұғалім немесе топ тапсырған міндеттерді орындадым:

  • ешқашан

  • кей кезде

  • жиі

  1. Топтық жұмыстағы маған ең ұнағаны___________________________

  2. Бұл топтық жұмыстағы ең қиыны _____________________________


  1. Менің келесі топтық жұмысқа қойған мақсатым _________________











Модерацияны өткізу тәртібі


Модерация – оқушылардың бір пән немесе сынып бойынша жинақтаушы бағаларының неғұрлым шынайылығын, ашықтығын, стандартқа сәйкестенуін қамтамасыз ету мақсатындағы мұғалімдердің бірігіп жүргізетін талдау үдерісі. Модерация сонымен қатар бағалау үдерісінің сапалы және нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.

Модерация екі түрде өткізіледі: ішкі және сыртқы. Ішкі модерация кезінде оқушының оқу жетістіктерін сол мектептің өзінде пән мұғалімдері бағалайды. Сыртқы модерацияда оқушының оқу жетістіктерін басқа мектептен немесе арнайы мекемеден келген тексерушілер бағалайды.

Әрбір тоқсан соңында жинақтаушы жұмыстар өткізіледі. Екінші тоқсаннан кейін жинақтаушы жұмыстардың нәтижелері модерациядан өтеді, осының әсерінен жинақтаушы баға артуы да, кемуі де мүмкін. Тоқсандық баға модерацияны есепке алынып қойылады. Жылдық баға төрт жинақтаушы жұмыстардың арифметикалық орта ұпайын модерацияны есепке ала отырып шығарылады.

Модерацияны жүргізу тәртібі:

  1. Оқу жылының басында мектеп директорының бұйрығымен модерацияны өткізудің мерзімі бекітіледі.

  2. Жинақтаушы жұмыстармен модерация жүргізу мерзімдері арасындағы уақыт үш жұмыс күнінен артық болмауы керек.

  3. Модерация жетекшісі әдістемелік бірлестік жетекшісі немесе кез келген пән мұғалімі болуы мүмкін.

  4. Модерацияны өткізу үшін оқушылар жұмыстарының сканерден өткізген көшірмесі (фамилиясы мен аты-жөні көрсетілмеген) алдын ала дайындалады және оларды күтілетін нәтижелері мен бағаларына қарай алдын-ала жинақтап бөлінеді.

  5. Оқушылардың жинақтаушы жұмыстарын тексеру кезінде ұпайлар және бағалар қарындашпен қойылады.

Модерацияға қатысушылардың міндеттері:

  1. Жетістіктердің деңгейін анықтайды, осыған сәйкес жұмыстарды таңдап бөледі.

  2. Қойылған бағаларды талдайды, стандартқа сәйкестендіріп, алдын-ала тағайындалған критерийлерге сәйкес оқушыларға шешуші бағаларын қояды.

  3. Модерация нәтижесі бойынша оқушыларға жинақтаушы бағаны қаламсаппен қояды.

  4. Модерация нәтижесі бойынша жинақтаушы жұмыстардың бағасын арттыру немесе кеміту жағына өзгерту құқығы болады.

  5. Жинақтаушы жұмыстарға арналған құжаттар мен хаттамаларға қол қояды.

(Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесінен)





































Автор
Дата добавления 15.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров43
Номер материала ДБ-352765
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх