Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Материктер мен мұхиттар географиясынан қысқа мерзімді жоспар . § 53. Аустралия . Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • География

Материктер мен мұхиттар географиясынан қысқа мерзімді жоспар . § 53. Аустралия . Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары

библиотека
материалов

Пән мұғалімі: Паттеева Мақпал

Сыныбы : 7 «ә»

Күні: 14.04. 2015 ж

Сабақтың тақырыбы

§ 53. Аустралия . Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары

Сабақтың оқытудағы мақсаты

Оқушылар Аустралия материгінің географиялық орны, жер бедері мен пайдалы қазбалары туралы оқып үйренеді.

Оқып үйренудің нәтижесі

Оқушылар Аустралия материгінің географиялық орны мен табиғатының өзіндік ерекшеліктері туралы біледі. Жер бедерінің ерекшелктері мен пайдалы қазбаларын атай алады және карадан көрсете біледі

Тілдік мақсаттар

Үлкен Тосқауыл Рифі , Үлкен Суайрық жотасы , Аустралия Альпісі т.б.

Аустралия . Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары тақырыбында мәтінмен жұмыс жасайды. (оқылым дағдысы) Сыныпта талқылау жүргізеді (айтылым мен тыңдалым дағдысы)

Барлығын қосқанда

Тапсырмаларды деңгейіне қарай 1.Дарынды окушыларға (тақырыпқа байланысты өмірмен байланыс тұстары туралы проблемелық мәселелерге талдау жасайды). 2.Оқу үлгерімі орташа оқушыларға (ұсынылған дидактикалық тапсырмаларға өз пікірін түсіндіру жұмысы жасайды). 3.Үлгерімі төмен оқушыларға (топтастыру жұмыс)

Оқытуда қолданылатын

әдіс -тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндірілім , оқулықпен , тірек сызбамен , картамен жұмыс

Негізгі дерек көздер

Материктер мен мұхиттар географиясы . Авторлары: Ә. Бейсенова , С.Әбілмәжінова , К.Каймулдинова «Атамұра» баспасы. 2012 ж. §53.

184-200 бет. "География «Шың»баспасы

Ресурстар

электронды оқулық , Аустралияның картасы , оқулық , атлас, кескін карта

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа деген назарын аударту. Сабақтың мақсаты мен қойылатын тапсырмалармен таныстыру.

Алдыңғы білім

§52. Батыс , Шығыс және Оңтүстік Африка елдері

Кезең

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту



10 минут


Үй тапсырмасын сұралады. Сұрақ-жауап арқылы қорытындыланады. - Африка халқының нәсілдік және ұлттық құрамының қандай ерекшеліктері бар?

- Африканың байырғы халықтарын атаңдар. Олар бір-бірінен қандай белгілері арқылы ажыратылады?

- Африка елдері қандай аймақтарға топтастырылған?

- Солтүстік Африка елдерінің табиғаты қандай ?

- Батыс Африка елдерінің ішіндегі ең ірісі қай ел ?

- Халқының саны жағынан үлкен елді ата

- Кофе , қара бидай , тарының отаны болып саналатын аймақ

- Кофе атауы қалай шықты ?

- Монархиялы елдерді атаңдар

- Оңтүстік Африка Республикада Африка халқының қанша пайызы тұрады ?

- Олардың өнеркәсіп өнімдерін өндірудегі үлесі қандай ?


Жаңа сабақтың тақырыбымен , мақсатымен және күтілетін нәтижесімен таныстыру.

Жаңа сабақты меңгеру жоспары :

  1. Географиялық орны

  2. Жер бедері мен пайдалы қазбалары

  3. Табиғатының өзіндік ерекшеліктері


Мағынаны тану



20

минут


Мұғалім:Оқушылар дүние жүзінде 6 материк бар екенін жақсы білесіңдер, яғни әр материк өзіне тән қайталанбас табиғат жағдайларымен ерекшеленетінін айтып өттіңдер.Бүгін өтейін деп отырған материк «Үлкен жүректі кішкентай материк». Ол жақта бақтар қазан айында гүлдейді,өзендері сусыз ағады,кейбір жануарлар жұмыртқадан шығады.Сонымен қатар ,бұл материкте дүние жүзінің барлық елінен жиналған ұлт өкілдері тату- тәтті өмір сүріп жатыр.Сонымен біздің бүгінгі өтейін деп отырған жаңа тақырыбымыз: «Аустралия материгінің географиялық орны . Жер бедері мен пайдалы қазбалары»


«Менің білетін деректерім»

Сұрақ:Аустралия материгі туралы кім не біледі ?


Оқушы жауаптары :

  • Ең кішкентай материк.

  • Ең оңтүстікте орналасқан материк.

  • 2000 жылы Аустралия материгіндегі Сидней қаласында өткен олимпиада ойындарында ,қазақтың біртуар ұлдарының бірі Б Саттарханов алтын иеленді.

  • Бұл материкте қалталы жануарлар қөп. Соның бірі кенгуру .Оның баласы туғанда жаңғақтың үлкендігіндей ғана болады екен.Содан ол үлкен болғанша анасының қалтасында жүреді .

  • Бұл материкте өмір сүретін коала да ерекше жануар. Ол бейбіт сүйгіш аң.Ол еш ызылынбайды.Егер ренжісе алдыңғы аяғымен көзін басып «жылай салады».Бір зоопаркте мынадай қызық жағдай болған.Бір коаланың баласы өліп қалыпты.Ол қатты қайғырып екіші коаланың баласын ұрлауға әрекет жасаған.Ақыр соңында зоопарк директоры оған ойыншық аюдың баласын бергенде ғана тынышталған екен. Олар өте балажан, баласын қолына алып,тербетеді де.

  • Елтаңбасында Эму құсы мен кенгуру бейнеленген.

«Менің мұны білгенім жөн»

Бұл бөлімде тақырыпқа сай жаңа мәліметтермен танысамыз . Алдымен электронды оқулық бойынша бейнебаянмен танысайық . Содан кейін төмендегі жоспар бойынша жұмыс жасаймыз.

Жоспар :

Материктің экваторға,бастапқы меридианға ,тропик шеңберіне қатысты орны.

  1. Шеткі нүктелері ,координатасын анықтау.

  2. солтүстіктен оңтүстікке ,батыстан шығысқа км мен алғандағы қашықтығы.

  3. Материктің мұхиттарға қатысты орны , жағалық сызығы .

  4. жер бедері .

  5. Пайдалы қазбасы .


Күтілетін жауап:

  1. Материк түгелімен оңтүстік жарты шарда ,түгелімен бастапқы меридианның шығысында орналасқан,оңтүстік тропик шеңбері оңтүстігінен кесіп өтеді.

  2. Шеткі нүктелері:Солтүстік -Иорк

Оңтүстік-Саут-Ист-Пойнт

Батыс-Стип Пойнт

Шығыста –Байрон

3. Батыстан шығысқа-

1)а) 153°–113°=40°

б) 100 км Х 40* =4000 км;

2) Солтүстіктен оңтүстікке-

а) 39°–10°=29°;

б) 111 км Х 29* = 3219 км.

4. Материктің мұхиттарға қатысты орны , жағалық сызығы,теңіздерімен шығанақтарын анықтап ,кескін картаға түсіреді.








Аустралия – Жер шарындағы ең кіші материк. Оның ауданы маңындағы аралдармен қоса есептегенде 7,6 млн км². Материк атауының өзі латыншадан аударғанда «оңтүстік» деген мағына береді. Өйткені Аустралия түгелімен оңтүстік жарты шарда жатыр, оңтүстік тропик шеңбері оны дәл ортасынан кесіп өтеді. Ауданының кіші болуына қарамастан, материк табиғатының өзіндік ерекшеліктері бар:

  • - Аустралия – Жер шарындағы ең аласа материк, орташа биіктігі – 215 м.

  • - Аустралия – сөнбеген жанартаулары жоқ бірден-бір материк.

  • - Аустралия  - Жер шарындағы ең құрғақ материк: оның 2/3 бөлігін шөлді аймақтар алып жатыр.

  • - Материктің басқа құрлықтардан ертерек бөлініп қалуына байланысты мұнда алғашқы сүт қоректілер (жұмыртқа салушылар мен қалталылар) мен биік ағаштар эвкалипттер (биіктігі 100 м-ден асады) сақталып қалған

  • - Материк жағалауындағы ұзындығы 2300 км, ені 2 км-ден 150 км-ге дейін жететін Жер шарындағы ең ірі маржандық құрылым – Үлкен Тосқауыл рифі орналасқан.

  • - Аустралия материгінің жерін бір ғана ел – Аустралия Одағы алып жатыр.

  • - Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі – Үлкен Суайрық жотасының оңтүстігіндегі биіктігі 2228 м Косцюшко тауы, теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Эйр көлінің деңгейі (-16м).




Географиялық орны. Аустралия оңтүстік жарты шардың басқа материктерінен оқшау орналасқан. Тек солтүстігінде Азияның аралдарымен жалғасады. Материктің жағалауындағы нашар тілімденген, материктің оңтүстік-шығысында ғана бірнеше қолайлы қойнаулар кездеседі. Аустралия жағалауларын Тынық және Үнді мұхиттарының жылы сулары шайып жатыр. Мұхиттағы судың беткі температурасы жазда +28ºС-қа жетсе, қыста +20ºС-тан төмен түспейді. Сондықтан материк жағалауларын бойлай, әр түрлі пішіндегі маржандық құрылымдар көптеп кездеседі. Толысу кезінде ғана кемелер олардың арасымен ашық мұхитқа шыға алады. Аустралияны жан-жағынан мұхит сулары шайып жатқанымен , оның көпшілік бөлігіне жауын-шашын өте аз түседі. Бұл жағалау бойымен суық ағыстардың өтуімен және материктің оңтүстік тропик үстіндегі орнымен байланысты. Ал жылы ағыстар өтетін солтүстік және шығыс жағалауларында ылғал біршама мол түседі.

Жер бедері мен пайдалы қазбалары. Аустралияның жер бедері онша күрделі емес. Африкадағы тәрізді, материктің негізгі бөлігін гондваналық ежелгі платформа алып жатыр. Тек шығыстағы Үлкен Суайрық жотасына сәйкес келетін бөлікке ғана палеозойлық қатпарлық құрылым тән болады. Көршілес орналасқан Тынық мұхит литосфералық плитасындағы қозғалыстарға байланысты материк бірнеше рет тұтастай көтерілді және төмен түсіп, майысуларға ұшырады. Соның әсерінен одан Жаңа Гвинея аралының Оңтүстігін құрайтын бөлік пен Тасман аралы бөлініп, бұғаздар мен шығанақтар жүйесі қалыптасты.

Платформа фундаментін құрайтын кристалды жыныстар оның батысы мен орталық бөлігінде жер бетіне шығып жатыр. Мұнда орташа биіктігі 400-600 м-лік аласа таулы үстірттер мен жекелеген күмбезді таулар таралған. Таулардың кейбір бөліктерінің биіктігі 1000-1500 м-га жетеді. Құрғақ климат жағдайында жүретін физикалық үгілу әсерінен тауларда сан алуан таңғажайып пішіндер қалыптасқан. Тау етектерін қиыршық тастар мен құмды жалдар көмкеріп жатыр. Платформаның шеткі және қатпарлы құрылымдарымен шектескен бөліктеріне ойпаттар сәйкес келеді.

Аустралия материгі пайдалы қазбаларға бай. Олардың қалыптасу жағдайлары мен құрамы Оңтүстік Африкаға ұқсас келеді. Материк алтын, алюминий, мыс, никель, марганец, темір мен уран, цирконий (алмастың түрі) кендеріне бай. Аустралияның оңтүстік-шығысында тас көмірдің ірі кен орындары шоғырланған. Орталық жазықтарда мұнай мен газ мол қоры бар.




Мұғалім: Оқушылар, мәтінді және «Жер қыртысының құрылысы» картасын пайдалана отырып жер бедеріне сипаттама бересіңдер.Сонымен қатар Аустралия мен Африка жер бедерін салыстыра отырып оқып үйренесіңдер.

Мәтінді оқып,картадан тауып, төмендегі кестені толтырады :


Африка

Ұқсастығы

Аустралия







Бекіту тапсырмалары

15 минут

1.Бекіту сұрақтары :

1. Аустралия географиялық орны жағынан Африканың қандай бөлігіне ұқсас болып келеді ?

2. Аустралияның жер бедері қандай ?

3. Физикалық картаны пайдалана отырып , материкте кең таралған пайдалы қазбаларды атаңдар

























2. Картамен жұмыс .

Кескін картаға материктің шеткі нүктелерін , жағалауындағы ірі түбектерді , шығанақтар мен бұғаздарды белгілеңдер

3. «Аустралия» сөзіне ассосация құрастырыңдар

Бағалау

3 минут

Табыс критерий арқылы оқушыны үнемі бағалау Аустралия . Географиялық орны . Жер бедері мен пайдалы қазбалары жайлы айта аламын;

1.Тақырыптың мазмұнды баяндауына қарай бағалау;

2.Тақырыптың нәтижесінің нақтылығына қарай бағалау.

3. Дидактикалық материалдарды сапалы орындауларына қарай бағалау.

Үйге тапсырма

2 минут

Үйге тапсырма беру. 1.§ 53. Аустралия . Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары (оқу , мазмұндау) . Кескін картамен жұмысты аяқтау.









Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 27.11.2015
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров441
Номер материала ДВ-199734
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх