Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Материктер мен мұхиттар географиясынан қысқа мерзімді жоспар . §8. Климат қалыптастырушы факторлар . Жер шарындағы климаттық белдеулер

Материктер мен мұхиттар географиясынан қысқа мерзімді жоспар . §8. Климат қалыптастырушы факторлар . Жер шарындағы климаттық белдеулер

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Пән мұғалімі: Паттеева Мақпал

Сыныбы : 7 «ә»

Күні: 27.01. 2015 ж

Сабақтың тақырыбы

Оңтүстік Америка. §37. Материк жағалауындағы мұхиттар . Ашылу және зерттелу тарихы .

Сабақтың оқытудағы мақсаты

Оңтүстік Америка материгінің ашылу және зерттелу тарихымен және жағалауындағы мұхиттармен оқып танысады.

Оқып үйренудің нәтижесі

Оңтүстік Америка материгінің жағалауындағы мұхиттарды біледі және картадан көрсете алады. Материктің ашылу және зерттелу тарихы туралы айта алады.

Тілдік мақсаттар

Латын Америкасы , Отты Жер аралы , шұңғымалар , Кариб теңізі , Перуана суық ағысы , Атакама шөлі , Эль-Ниньо жылы ағысы , гуано , Х.Колумб , «Кіші Венеция» , «Қаңтар өзені» , т.б. Оңтүстік Америка. Материк жағалауындағы мұхиттар . Ашылу және зерттелу тарихы тақырыбында мәтінмен жұмыс жасайды. (оқылым дағдысы) Сыныпта талқылау жүргізеді (айтылым мен тыңдалым дағдысы)

Барлығын қосқанда

Тапсырмаларды деңгейіне қарай 1.Дарынды окушыларға (тақырыпқа байланысты өмірмен байланыс тұстары туралы проблемелық мәселелерге талдау жасайды). 2.Оқу үлгерімі орташа оқушыларға (ұсынылған дидактикалық тапсырмаларға өз пікірін түсіндіру жұмысы жасайды). 3.Үлгерімі төмен оқушыларға (топтастыру жұмыс)

Оқытуда қолданылатын

әдіс -тәсілдер

«Зымыран сұрақтар», түсіндіру, картамен жеке жұмыс, семантикалық карта , сандар сөйлейді , «ең , ең , ең» ойыны , жаңа сөздер

Негізгі дерек көздер

Материктер мен мұхиттар географиясы . Авторлары: Ә. Бейсенова , С.Әбілмәжінова , К.Каймулдинова «Атамұра» баспасы. 2012 ж. §37.

146-149 бет. "География «Шың»баспасы

Ресурстар

Дүние жүзінің физикалық картасы , «Ежелгі материктердің пішіндері» , «Гондвана материгінің бөлшектенуі» карталары , оқулық , атлас , кескін карта

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа деген назарын аударту. Сабақтың мақсаты мен қойылатын тапсырмалармен таныстыру.

Алдыңғы білім

§36. Оңтүстік жарты шар материктері табиғатының ортақ белгілері мен өзіндік ерекшеліктері

Кезең

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту

7 минут

«Зымыран сұрақтар»
1. Гректің «барлық құрлық» деген сөзінен шыққан ежелгі біртұтас құрлық қалай аталады? (Пангея)

2. Пангея құрлығы қандай бөліктерге ажырады ? (Лавразия , Гондвана)

3. Оңтүстік жарты шар материктері ұзақ уақыт бойы қандай материктің құрамында болды?(Гондвана)

4. Тақталардың ажырауына байланысты қандай мұхиттардың табаны ашылды? (Атлант және Үнді мұхиттары)
5. Кейіннен қандай тақталар Еуразияға келіп қосылды? (Арабия , Үндістан)
6. Оңтүстік Америка не арқылы Солтүстік Америкаға жалғасады? (Панама каналы )

Мағынаны тану

24 минут

Жаңа сабақ жоспары : (электронды оқулық арқылы түсіндірме жұмысын жасаймын )

  1. Географиялық орны

  2. Материк жағалауындағы мұхиттар

  3. Ашылу және зерттелу тарихы

S= 18,3 млн км² (аралдарымен қоса есептегенде) . Үлкендігі жөнінен – 4 орын .

Табиғатының ерекшеліктері :

  • Жер шарындағы ең суы мол өзен – Амазонка (жылдық ағыны – 7000 км³ , су жинау алабының ауданы – 7млн км² асады)

  • Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама – Анхель (1054 м)

  • Дүние жүзіндегі биік тау көлдерінің ең ірісі - Титикака (теңіз деңгейінен 3812м биіктікте , ауданы – 8300 км² , тереңдігі 304 м. )

  • Оңтүстік Америка – дүние жүзіндегі ең ылғалды және ең жасыл материк

  • Дүние жүзіндегі ең ұзын тау жүйесі - Анд (ұзындығы 9000 м-ден асады)

  • Дүние жүзіндегі ең ірі эстуарийлік өзен сағасы – Ла-Плата (ұзындығы -320 км , ені - 220 км)

  • Оңтүстік Американың теңіз деңгейінен ең биік нүктесі - Аконкагуа (6960 м)

  • Ең төмен нүктесі – Вальдес түбегінде (- 40 м)




Географиялық орны .Солт Америка материгімен бірге Америка дүние бөлігін құрайды. Ал тілдік ерекшелігіне қарай материкті Орталық Америкамен қосып, Латын Америкасы деп те атайды.
Оңтүстік Американың шеткі нүктелері
1. Солтүстік нүктесі-Гальинас 12°с.е 72°б.б
2. Оңтүстік нүктесі –Фроуэрд 54°о.е-71°б.б
3. Батыс нүктесі-Париньяс 5°о.е.-82°б.б.
4. Шығыс нүктесі-Кабу-Бранку 7°о.е. 34°б.б.



Жыл

Зерттеді

Жаңалығы

1498 жыл

тамыз айы

Христафор Колумб Америкаға 4 рет саяхат жасады

Орталық Американың аралдарын, Саргасс теңізін ашты, Ориноко өзенінің саясына жетті

1499 - 1501жыл

Америго Веспучи

Гвиана және Венесуэла жағалауларымен жүзіп , Амазонка сағасына дейін барған. Үлкен шығанаққа «Кіші Венеция» (Венесуэла) деген ат берді. «Қаңтар өзені» (Рио - де Жанейро) деген ат берді.

ХVI - ғасыр

Фернан Мегаллан

Оңтүстік Американың оңтүстігіндегі Мегаллан бұғазын ашты

ХVІІI – ғ.с.-
ХІХ - ғ. басы

Александр Гумбольдт

Оңтүстік Американың табиғатын зерттеп, алғашқы геологиялық картасын жасады.

1874ж

А. И. Войеков

Оңтүстік Американың климатын зерттеді

1932 - 33жж

Н. И. Вавилов

Егіншілік орталықтарынанықтап картоп, жүгері, қызанақтыңотаны Оңтүстік Америка екенін дәлелдеді.


Мұхиттары
Солтүстік Кариб теңізімен шектеседі
Батысында Тынық мұхит жағалауында терең шұңғымалар бар
Шығысында Атлант Мұхитымен шектеседі

Бекіту тапсырмалары

10 минут


  1. Семантикалық карта

Атауы

Арал

Бұғаз

Ғалым

Тау

Саяхатшы

Ойпат

Ағыс

Өзен

Отты жер

+








Аконкагуа




+





Анд




+





Амазонка






+


+

Перу









Н. И. Вавилов



+






Веспучи





+




Эл - Нинью







+


Магеллан


+













2.Сандар сөйлейді
•1498жыл (Х.Колумб үшінші саяхаты барысында тұңғыш рет ОА-ғы Ориноко өзенінің сағасына жетті. )

•6990 м (Ең биік нүктесі - Аконкагуа)
•8300км² (Титикака көлінің ауданы)
•1501ж (А.Веспучидің екінші саяхаты Бразилия жағалауларына жетті)
•ХVІІІ – ХІХ (немістің географ-ғалымы А.Гумбольдт табиғатын зерттеп , алғашқы геологиялық картасын жасады)
•9000 (Анд тауының ұзындығы)
•1932 - 33 жыл(орыс ботанигі Н.И.Вавилов ежелгі егіншілік орталықтарын ашты)
3.ЕҢ, ЕҢ, ЕҢ... ойыны
•Ең ұзын тау тізбегі? (Анд)
•Ең биік тау көлдерінің ірісі? (Титикака)
•Еі суы мол өзені? (Амазонка)
•Ең төмен нүктесі? (Вальдес)
•Ең ірі сарқырамасы? (Анхель)
•Ең ірі өзен сағасы? (Ла-Плата)
•Ең биік нүктесі? (Аконкагуа)
•Ең биік сөнбеген жанартау?


  1. Жаңа саөздерді дәптерге түсіру

Бағалау

2 минут

Табыс критерий арқылы оқушыны үнемі бағалау Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылу және зерттелу тарихы жайлы айта аламын;

1.Тақырыптың мазмұнды баяндауына қарай бағалау;

2.Зерттеуде өзіндік үлесін бағалау;

3.Тақырыптың нәтижесінің нақтылығына қарай бағалау.

4. Дидактикалық материалдарды сапалы орындауларына қарай бағалау.

Үйге тапсырма

2 минут

Үйге тапсырма беру. 1.§ 37. Оңтүстік Америка . Материк жағалауындағы мұхиттар . Ашылу және зерттелу тарихы (оқу , мазмұндау) . 2.Оңтүстік Американың шеткі нүктелері мен жағалауындағы ірі шығанақтарды , бұғаздарды кескін картаға белгілеңдер .





























Пән мұғалімі: Паттеева Мақпал

Сыныбы : 7 «ә»

Күні: 10.02. 2015 ж

Сабақтың тақырыбы

§41-42. Табиғат зоналары

Сабақтың оқытудағы мақсаты

Оңтүстік Америка материгінің табиғат кешендерінің ерекшеліктерін мен табиғат зоналарын оқып үйренеді.

Оқып үйренудің нәтижесі

Оқушылар Оңтүстік Америка табиғат кешендерінің ерекшеліктерін біледі. Табиғат зоналарын атай алады және орналасуы мен ерекшеліктерін атап отырып , картадан көрсете біледі.

Тілдік мақсаттар

Гилея , саванна , пампа , сельвас , льянос , кампос т.б. Табиғат зоналары тақырыбында мәтінмен жұмыс жасайды. (оқылым дағдысы) Сыныпта талқылау жүргізеді (айтылым мен тыңдалым дағдысы)

Барлығын қосқанда

Тапсырмаларды деңгейіне қарай 1.Дарынды окушыларға (тақырыпқа байланысты өмірмен байланыс тұстары туралы проблемелық мәселелерге талдау жасайды). 2.Оқу үлгерімі орташа оқушыларға (ұсынылған дидактикалық тапсырмаларға өз пікірін түсіндіру жұмысы жасайды). 3.Үлгерімі төмен оқушыларға (топтастыру жұмыс)

Оқытуда қолданылатын

әдіс -тәсілдер

Географиялық диктант , тест , терминмен жұмыс , түсіндірме жұмысы , электронды оқулықпен жұмыс , картамен, дәптермен жұмыс

Негізгі дерек көздер

Материктер мен мұхиттар географиясы . Авторлары: Ә. Бейсенова , С.Әбілмәжінова , К.Каймулдинова «Атамұра» баспасы. 2012 ж. §41-42.

157-162 бет. "География «Шың»баспасы

Ресурстар

Дүние жүзінің физикалық картасы , электронды оқулық , «Оңтүстік Американың климаттық картасы » , оқулық , атлас , кескін карта

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа деген назарын аударту. Сабақтың мақсаты мен қойылатын тапсырмалармен таныстыру.

Алдыңғы білім

§40. Өзендері мен көлдері

Кезең

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту



10 минут

































  • Мұғалім: Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

  • Балалар:  Оңтүстік Американың өзендері мен көлдерін оқу , кескін картаға материктің өзендері мен көлдерін белгілеу. - Оқушылар үй тапсырмасы бойынша пысықтау тапсырмаларымен жұмыс жасаймыз. (географиялық диктант , тест , терминдермен жұмыс)

1. Географиялық диктант.

1.     Оңтүстік Американың негізгі суайрығы  –  … тауы. (Анд)

2.     Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама – Анхель  …  таулы үстіртінде орналасқан.(Гвиан)

3.     Түбінен мұнай өндірілетін көл – … (Маракайбо)

4.     …  су жинау алабы Аустралия материгінің ауданымен пара-пар. (Амазонка)

5.     Титикака көлі үндістер тілінен аударғанда  …  деп аталады. (Қалайы алаңы)

6.     300 тармаққа бөлініп, биік жартастардан құлап ағатын, табиғаты ең әсем сарқырама – …   (Игуасу)

7.     Жазда кеуіп қалатын тұзды көл – … деп аталады.  (Поопо)



Бағалау шкаласы:

0-1 – «2»

2-3 – «3»

4-5 – «4»

    1. «5»




2.Тест тапсырмалары

 1. Тынық мұхиты мен Атлант мұхиты арасындағы суайырық жотасы.                                

А) Гвиан таулы қырыты                      С) Анд тауы                                                               

В) Бразилия таулы қырыты                Д) Патогония үстірті 

   2. Игуасу сарқырамасы қай өзенде.                                                                              

А) Парана өзені                          С) Ориноко өзені                                                                    В) Амазонка өзені                      Д) Магдалена өзені 

3. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама.                                                                                                 

А) Игуасу                                    С) Ниагара                                                                        

В) Виктория                               Д) Анхель 

4.Титикака бұл ..?                                                                                                                      

 А) Ең тұзды көл.  С) Ең биікте орналасқан    көл                                                                      В) Ең терең көл.     Д) Ең үлкен көл   

5.Су жинау алабы ең үлкені                                                                                                                    

  А)Магдалена өзені.                          С) Амазонка өзені                                                                        

  В) Ориноко өзені.                             Д) Парана озені   

3.Терминмен жұмыс

Амазуну-

Виктория –регия –

Арапаима -

Пиранья-

Иния -


Мағынаны тану

20

минут

Жаңа сабақ жоспары : (электронды оқулық арқылы таныстырылым)

Оңтүстік Америка жерінде мынадай табиғат зоналары  ажыратылады:

1.     Ылғалды экваторлық ормандар (гилея);

2.     Ауыспалы ылғалды (муссонды)  ормандар;

3.     Саванналар мен сирек ормандар;

4.     Субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар;

5.     Жалпақ жапырақты ормандар;

6.     Субтропиктік дала (пампа);

7.     Шөлейт және шөл;

8.     Анд тауларындағы биіктік белдеулер.

      

Экватордың екі жағын Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары (гилея) алып жатыр. Олар түр құрамы онша өзгермей-ақ солтүстік пен оңтүстікке қарай ауыспалы ылғалды ормандарға ұласады. Мұндағы қызыл-сары ферролитті топырақтарда тек қана ағаштардың екі мыңнан астам түрі өседі. сондықтан бұл аймақты «ғаламшардың өкпесі» деп те атайды. Ал жергілікті халық ит тұмсығы батпайтын бұл қалың орманды «сельвас» дейді.  Ағаштардың аса бағалы түлеріне табиғи каучук алынатын гевея, ең жеңіл бальс ағакшы, дәрілік шикізат беретін хина ағашы, какао, сейба, қауын ағашы және т.б. жатады.

Жануарлар дүниесі шағын денелі бақырауық және ілмекқұйрық маймылдар, жалқауаң, тапир, опоссум, құмырсқа жегіш, қан сорғыш жарқанаттар, пекари шошқасы мен ең ірі су шошқасы – капибарадан және т.б. тұрады, ал жыртқыштардан ягуар, пума кездеседі. Ормандарда қауырсындары алуан түске құбылатын тотықұстар мен  туканлдар, гаоциндер, әлемдегі ең кішкентай тқұс – колибри мекендейді. Ұзындығы 12 м-ге жететін әлемдегі ең ұзын жылан – анаконда да кездеседі.

Ауыспалы ылғалды ормандар Атлант мұхитының әсері күшті болатын Бразилияның шығыс жағалауында да таралған. Бұл ормандардың ерекшелігі мұнда қылқан жапырақты араукария ағашы және парагвай шайы өседі. Араукария ормандары кесудің нәтижесінде жойылу алдында тұр.

Саванналар мен сирек ормандар материкте Ориноко саваннасы –льянос және Бразилия саваннасы – кампос деп ажыратыладжы. Топырақ жамылғысы ферролитті қызыл топырақтан қызыл-қоңыр топыраққа ауысады.




Солтүстік жарты шар саваннасы –льяноста пальмалар мен акация, биік шөптесін өсімдіктерн таралған. Оңтүстік жарты шар саваннасы- кампоста ағаштар аз, көбінесе тікенекті кактус, мимоза, суттіген бұталары өседі. Әр жерде бөтелке тәріздес діңіне су жиналатын бөтелке ағаштары кездеседі. Алуан түрлі ағаш тәріздес кактустар өсетін Мексика таулы қыратын «кактсутың екінші отаны»  деп атайды.

Жануарлар дүниесінен пекари, ергежейлі, бұғылар, тапир, жалды қасқыр, сауыттылардың бірнеше түрлері, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсы кездеседі. Топырағы құнарлы болғандықтан саванна мен сирек орман зонасы какао мен Африкадан әкелініп жерсіндірілген кофе ағашы өсірілетін плантацияларға айналдырылған.

Субтропиктік дала зонасы Ла-Плата жазығын алып жатыр. Құнарлы шымды қызғылт топырақта таралған бұл зонаны жергілікті халық пампа деп атайды. Ол «жазық дала» деген ұғымды білдіреді. Жазы ыстық, қыста оңтүстіктен ауа температурасын төмендететін желдер соғып тұрады. Зона бойынша жылдық жауын-шашынның мөлшері әркелкі таралады. Жаңбыр жыл бойы жауатын  шығыс бөлікте биік әрі бітік астық тұқымдас пампа шөбі, қоңырбас өседі. Жануарлардан кішігірім пампа бұғысы, пампа мысығы, пампа түлкісі, оцелот, кеміргіштер өте көп. Өзен жағаларында теңіз шошқасы мен тернісі бағалы саз құндызы мекендейді. Құнарлы қызғылт-қара топырақ алып жатқан Пампа жері түгелге жуық жыртылып, материктегі аса ірі егіншілік жақсы дамыған аудандарына айналған. Ал құрғақ далалар жайылым ретінде пайдаланылады. Табиғи өсімдіктері мен жануарлар дүниесі қорықтарда ғана сақталып қалған.

Шөлейт зонасы материктің қиыр оңтүстігінде Патагония жерін қамтиды. Қоңыржай континенттік климат жағдайында шөлейттің сұр және қоңыр топырақтары таралған. Мұнда сирек шөптер мен аласа кактусты тікенекті бұталар алмасып отырады. Кейбір бөліктерінде аласа және қатты, жатаған жастық тәріздес өсімдіктер тығыз өсіп,  киіздей тұтасқан жамылғысы құрайды. Климатының қолайсыздығына байланысты нашар игерілген бұл зонада жануарлар дүниесі біршама жақсы дамыған. Сауыттылардың бірнеше түрі кемірушілермен қатар, пампа бұғысы мен пампа мысығы , магеллан түлкісі және ірі құстар мекендейді. Ірі жануарлар  гуанако ламасы мен пума кездеседі.

Материктің Тынық мұхит жағалауындағы жіңішек алқапта, экавтор маңында ылғалды мәңгі жасыл ормандар зонасы орналасса, экватордан 30º о.е.дейінгі аралықты тропиктік шөл зонасы, субтропиктік жағалық бөлікті қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар зонасы, ал қоңыржай белдеуге сәйкес келетін жағалық бөлікті оңтүстік жалпақ жапырақты ормандар зонасы алып жатыр.

Анд тауларының жанартаулар дүниесі эндемиктерге бай. Анд тауларының барлық бөлігінде дерлік түйе тұқымдасына жататын ламаның екі жабайы түрі- викунья және гуанако мекендейді. Қазіргі кезде жергілікті халық ламаның екі түрін – альпака мен кәдімгі ламаны қолда ұстайды.

 Анд тауларында тау тапиры, көзілдірікті аю, пума, терісі өте бағалы кеміргіш- шиншилла таралған. Ал аса ірі жыртқыш құс- кондор мен ламаны Анд тауының символы деуге болады. Кондордың салмағы  9-12 кг, ал қанаты жайылғандағы ұзындығы 3 м-ге дейін жетеді. Таудың оңтүстігінде магеллан пингвині кездеседі.  

 

 Атакама жағалық шөлінде тәулік ішінде  температура 25-30°С-қа ауытқиды. Соның әсерінен мамыр мен қараша аралығында бриз желдері салқын, «соқыр» тұмандарды – гаруаны қалыптастырады. Осы мол ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін  тамыржемісті және түйнекті өсімдіктердің ерекше тобы ломас деп аталады. Анд тауында ламаның жабайы түрі – викунья мен гуанако мекендейді. Ал жергілікті халық – альпако мен кәдімгі ламаны қолда ұстайды.

3500-3900 м биіктікте биік таулы шөптесін өсімдіктерден тұратын пуна белдеуі басталады. Бұл белдеуде аласа ағаштар мен жастық тәрізді бұталар, селеу, бетеге, ерекше әсем өсімдік – Раймонд пуйясы өседі.Кактустың шыққан жері – Бразилия таулы үстірті.


Бекіту тапсырмалары

15 минут

Бекіту тапсырмалары :

1.Термин сөздер. Дәптермен жұмыс . Гилея – Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары

Сельвас – ауыспалы ылғалды Амазония  ну орманы

Льянос – Ориноко саваннасы

Кампос – Бразилия саваннасы

Пампа – Ла-Плата жазығын алып жатқан жазық дала

Гаруа – Атакама шөлінде мамыр мен қараша айларында қалыптасатын «соқыр тұмандар»

Ломас – ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және түйнекті өсімдік.

Гуано – құстың саңғырығы, аса бағалы азотты тыңайтқыш

2. Ашық сұрақтар

1.     Оңтүстік Американың жазық бөлігінде қандай табиғат зоналары орналасқан?

2.     «Ғаламшардың өкпесі» деп қай аймақты айтады?

3.     Льянос пен кампостың қандай айырмашылықтары бар?

4.     Анд тауының символы деп қандай жануарларды атайды?

5.     Амазония ормандарының қазіргі экологиясы туралы не айта аласың?


3.Семантикалық карта


Ылғалды экваторлық ормандар

Ориноко саваннасы

Бразилия саваннасы

«Ғаламшардың өкпесі»

Субтропиктік дала


Сельвас







Гилея







Льянос







Кампос







Пампа




































+

 4.Электронды оқулық тапсырмалары:

1.Оңтүстік Американың өсімдіктері мен жануарларының аттарын жазып шығыңыз.

2.Оңтүстік Американың картасын құрастыр.

3.Оңтүстік Американың ойпаттарын көрсет.

4.Оңтүстік Американың  таулы қыраттарын белгіле.

5.Оңтүстік Американың  шеткі нүктелерін тауып, картадан белгілеңіз.



Бағалау

3 минут

Табыс критерий арқылы оқушыны үнемі бағалау Табиғат зоналары жайлы айта аламын;

1.Тақырыптың мазмұнды баяндауына қарай бағалау;

2.Зерттеуде өзіндік үлесін бағалау;

3.Тақырыптың нәтижесінің нақтылығына қарай бағалау.

4. Дидактикалық материалдарды сапалы орындауларына қарай бағалау.

Үйге тапсырма

2 минут

Үйге тапсырма беру. 1.§ 41-42. Табиғат зоналаары (оқу , мазмұндау) .

2. Кескін картаға Оңтүстік Американың табиғат зоналарын белгілеу.

Төменде берілген үлгі бойынша кесте толтырып келу.

Табиғат зонасы

Табиғат жағдайы

Топырағы

Өсімдігі

Жануарлары














Пән мұғалімі: Паттеева Мақпал

Сыныбы : 7 «ә»

Күні: 16.03. 2015 ж

Сабақтың тақырыбы

§49-50. Табиғат зоналары

Сабақтың оқытудағы мақсаты

Африка материгінің экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай ендік бағытта ауысатын табиғат зоналары туралы оқып үйрену.

Оқып үйренудің нәтижесі

Оқушылар Африка материгінің табиғат зоналарының түрлерін біледі. Табиғат зоналарының алып жатқан орны мен ерекшеліктерін атап, картадан көрсете біледі.

Тілдік мақсаттар

Ылғалды экваторлық ормандар , ауыспалы ылғалды ормандар , саванналар мен сирек ормандар , тропиктік шөл зонасы , субтропиктік жерортатеңіздік ормандар , т.б. Табиғат зоналары тақырыбында мәтінмен жұмыс жасайды. (оқылым дағдысы) Сыныпта талқылау жүргізеді (айтылым мен тыңдалым дағдысы)

Барлығын қосқанда

Тапсырмаларды деңгейіне қарай 1.Дарынды окушыларға (тақырыпқа байланысты өмірмен байланыс тұстары туралы проблемелық мәселелерге талдау жасайды). 2.Оқу үлгерімі орташа оқушыларға (ұсынылған дидактикалық тапсырмаларға өз пікірін түсіндіру жұмысы жасайды). 3.Үлгерімі төмен оқушыларға (топтастыру жұмыс)

Оқытуда қолданылатын

әдіс -тәсілдер

«Сиқырлы мозайка» , электронды оқулықпен , слайдпен түсіндірілім , постермен топтық жұмыс , картамен жұмыс , сұрақ жауап , тест

Негізгі дерек көздер

Материктер мен мұхиттар географиясы . Авторлары: Ә. Бейсенова , С.Әбілмәжінова , К.Каймулдинова «Атамұра» баспасы. 2012 ж. §49-50.

183-189 бет. "География «Шың»баспасы

Ресурстар

электронды оқулық , Африканың климаттық , табиғат зоналары картасы , оқулық , атлас, кескін карта

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа деген назарын аударту. Сабақтың мақсаты мен қойылатын тапсырмалармен таныстыру.

Алдыңғы білім

§48. Өзендері мен көлдері

Кезең

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту



10 минут


Үй тапсырмасын «Сиқырлы мозайка» ойыны арқылы қорытындылап , жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

1-сұрақ: Африканың суы мол өзені (Конго (Заир) )

2-сұрақ : Дүние жүзіндегі ең қзын өзен (Ніл – 6671 м)

3-сұрақ : Экваторды екі жерден кесіп өтіп, жинаған суын Атлант мұхитына құятын өзен (Конго)

4-сұрақ : Африка материгіндегі өзендер қандай алаптарға жатады? (Атлант мұхиты , Үнді мұхиты , ішкі тұйық алап)

5-сұрақ : Эфиопия таулы қыратында лава тасқындарының өзен аңғарын бөгеуінен пайда болған көл (Тана көлі)

6-сұрақ : Ніл өзені қайдан бастау алады? (Шығыс Африка таулы үстіртінен Кагера өзені болып басталады.)

7-сұрақ : Виктория сарқырамасы орналасқан өзен (Замбези өзені)

8-сұрақ : Жағалауы жартасты, Байкалдың сіңілісі, өте терең, суы тұщы көл (Танганьика көлі - 1470 м)

9-сұрақ : Виктория сарқырамасын ашқан саяхатшы (Дэвид Ливингстон)

10-сұрақ : Нигер өзені қай алапқа жатады? (Атлант мұхитының алабы)

11-сұрақ: Африканың басым өзені немен қоректенеді? (жаңбыр суымен)



Мағынаны тану



20

минут


Жаңа сабақ : (алдымен электронды оқулық арқылы таныстыра отырып , қысқаша түсіндірме жұмысын жасаймын)


«Сиқырлы мозайка» ойыны арқылы жаңа тақырыпты ашқан соң , сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижесін оушыларға таныстырамын. Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп , «ЖИГСО» әдісі арқылы тақырыппен жұмыс жасауға тапсырма беремін. Оқушылар тақырыпқа сай постермен жұмыс жасайды.


     Африканың табиғат зоналары экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай ендік бағытта ауысады. Олар :

  • ылғалды экваторлық ормандар

  • ауыспалы ылғалды ормандардан

  • саванналар мен сирек ормандардан

  • тропиктік шөл зонасы

  • субтропиктік жерортатеңіздік ормандар

Постер қорғауға тапсырмалар :

1-топ : Ылғалды экваторлық ормандар

2-топ : Саванналар мен сирек ормандар

3-топ : Троипиктік шөлдер  

    1-топ мәтіні : Ылғалды экваторлық ормандар Конго қазаншұңқыры мен Гвинея шығанағы жағалауын алып жатыр. Бұл орман зонасы табиғат жағдайлары жөнінен Оңтүстік Америкадағы Амазония ормандарына ұқсайды.  Биік ағаштар орманның ең жоғарғы қабатын құрайды. Мұнда биіктігі 80 м-ге жететін алып фикустар, сейба ағашы, майлы пальма мен шарап пальмасы – рафия, эбен және қауын ағашы өседі. Орманның банан, ағаш тәрізді папортник, либериялық кофе ағашы, лианалардан тұратын төменгі қабаты адам өте алмайтын қалың ну (джунгли) құрайды. Жануарлар дүниесі бай, Амазония ормандарынан басты айырмашылығ,ы мұнда жануарлар орманның төменгі қабатында да кездеседі. Ормандарда шашақ құлақ шошқа, ергежейлі бегемот, жираф тұқымдас окапи, ергежейлі антилопа, маймылдардан мартышка, шимпанзе, мандрил, павиан, адам тәріздес ең ірі горилла маймылы, жыртқыштардан қабылан, қауырсындары түрлі түсті, денелері ірі құстар мекендейді.


    2-топ мәтіні :  Ылғалды экваторлық ормандар жауын-шашынның азаюына байланысты біртіндеп ауыспалы ылғалды ормандарға, одан кейін саванналар мен сирек ормандарға ауысады.

     Саванналар мен сирек ормандар Африка жерінің 40%-на жуығын алып жатыр. Ешбір материкте саванналар мұндай үлкен аудандарды алып жатқан жоқ. Африка саванналары жалпы көрінісі, тіршілік дүниесінің құрамы мен құрылымы жағынан да басқа материктердегі саванналарға ұқсамайды. Мұнда тығыз өскен биік шөптесін өсімдіктер арасында сирек ағаштар кездеседі. Саваннада топырақ-өсімдік жамылғысының таралуы жаңбырлы кезеңнің ұзақтығы мен мөлшеріне тікелей байланысты. Жаңбырлы кезеңде саванна түрленіп, қызу тіршілік ортасына айналады. Ал құрғақ кезең басталысымен-ақ өсімдіктер тез арада қурап, ағаштар жапырағын түсіреді.  Бұл мезгілде саванна сүреңсіз сарғыш түске енеді.

Ылғалды кезең 8-9 айға созылып, жауын-шашын мол түсетін жерлерде қызыл ферралитті топырақтарда паркті саванналар таралған. Мұнда биіктігі 3 м-ге жететін піл шөбінің арасында алып баобабтар, дум пальмасы мен майлы пальма өседі. Жаңбырлы кезең 6 айға дейін созылатын жерлердегі қызыл-қоңыр топырақ жамылғысында онша биік емес шөптерден тұратын нағыз саванналар таралған. Шөптердің арасында қолшатыр тәрізді акациялар өседі. Шөлейт зонасына жақындаған сайын жаңбыр өте аз, әрі 2-3 ай ғана түсетін жерлерге құрғақ саванналар тән.






      Саванналарда шөптесін өсімдіктер басым болғандықтан ірі тұяқты жануарлар кең таралған. Мұнда тек бөкендердің (антилопа) 40-тан аса түрі, зебра, ұзын мойын керіктер (жираф), буйволдар бар. Мадагаскарда шағын денелі маймылдардың ерекше тобын құрайтын лемурлардың 26 түрі мекендейді. Топталып тіршілік ететін Африкалық сурикат кездеседі. Лемур мен саяхатшылар ағашы Мадагаскар аралының символы болып табылады. Саванналар шөп қоректі ірі жануарлар Африка пілі, мүйізтұмсықтарымен және өзен-көл бойында тіршілі ететін бегемоттарымен де әйгілі. Бұл жануарлардың көпшілігі негізінен саваннада кең таралған жыртқыштарға қорек болады. Жыртқыштардан арыстан, гепард, қабылан, шиебөрі, қорқау қасқырларкездеседі. Өзендерде қолтырауындар тіршілік етеді. Ніл қолтырауынының ұзындығы 5-6 м-ге жетеді. Африка саванналарында құстар өте көп. Мұнда жер бетіндегі ең ірі құс Африка түйеқұсы, жыландар мен кемірушілерді аулайтын ірі құс секретарь, өте әдемі кішкентай шырын сорғыштар мекендейді. Көлдер мен өзен жағалауларында қоқиқаздар, тырна, көкқұтан, бірқазандар, Африкада ғана кездесетін марабу тіршілік етеді. Жәндіктерден, әсіресе ауыл шаруашылығына үлкен зиян тигізетін Марокко шегірткесі кең таралған.


    3-топ мәтіні :  Саванналардан екі жаққа қарай тропиктік шөлдер орналасқан. Олар әсіресе, Солтүстік Африкада үлкен ауданды алып жатыр. Сондықтан тропиктік шөлдерді Сахараның мысалында сипаттайық.

    Сахарада жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден аз, ішкі бөліктерінде кейде бірнеше жылдар бойы жаңбыр жаумайды. Бұлт болмайтындықтан күн сәулесі жер бетін қатты қыздырады. Жазда көлеңкенің өзінде ауа температурасы +40º, +50ºС болады, әсіресе шаң мен құмды боратып, аңызақ құрғақ самум желі соққан кезде ыстықтан қорғану үшін жергілікті халық кең, ұзын киім киіп, бетін тұмшаланып жүреді. Ал түнге қарай күрт төмендеген температурадан адамдар қалтырап тоңады. 

    Жануарлар дүниесі де шөл климатына бейімделген. Көптеген жануарлар су іздеп алысқа бара алады, кейбіреулері ұзақ уақыт сусыз тіршілік етуге бейімделген. Сахарада бір өркешті жабайы түйелер (дромедар), бөкендер, қорқау қасқырлар мен шиебөрілер, фенек түлкісі, шағыл мысығы мекендейді. 

Кемірушілер, улы жыландар, үлкен сұр келес (варан), ұсақ улы жәндіктер көп. 

   Шығысқа және солтүстікке қарай Оңтүстік Африка шөлдері шөлейт зонасына ауысады. Мұнда тікенекті, жастық тәрізді бұталар мен сүттіген, алоэ өседі.

   Субтропиктік қатты жапырақты ормандар мен бұталар Жерорта теңізі жағалауы мен Оңтүстік Африканың жағалау бөлігіне тән өсімдіктер. Жерорта теңізі жағалауында тас емен мен тоз емені, зәйтүн ағашы, олеандр, фисташка, мәңгі жасыл кипарис, атлас самырсыны, жабайы алмұрт пен жүзім, ал Канар аралдарында бүлдірген және айдаһар ағаштары өседі. Оңтүстіктегі Кап тауларында ылғалдың көбірек түсуіне байланысты кап шамшаты, күміс ағаш, лавр жапырақты зәйтүн ағашы, түйнекті және тамыржемісті әдемі өсімдіктер, кап орхидеясы өседі. Субтропиктік климат бұл зонада цитрустарды өсіруге мүмкіндік береді.

 






Бекіту тапсырмалары

10 минут

Бекіту сұрақтары :

























1.Ылғалды экваторлық ормандар Африканың қай бөлігінде ?

2.Саванна туралы не білесің ?

3.Тропиктік шөлдер қай бөлікте?

4. Хамада туралы сипатта?

5. Субтропикті қатты жапырақты ормандар мен бұталар туралы не білесің?

6. Вельвичия,варан,маниок,марабу дегеніміз не?

7.Секретарь құс,дум пальмасы,сурикат ,фикус дегеніміз не?

1.Ылғалды экваторлық ормандар Африканың қай бөлігінде ?

2.Саванна туралы не білесің ?

3.Тропиктік шөлдер қай бөлікте?

4. Хамада туралы сипатта?

5. Субтропикті қатты жапырақты ормандар мен бұталар туралы не білесің?

6. Вельвичия,варан,маниок,марабу дегеніміз не?

7.Секретарь құс,дум пальмасы,сурикат ,фикус дегеніміз не?


2. Картамен, қосарбеттегі табиғат зоналарымен танысу. Оқулықпен жұмыс.

Кестемен жұмыс жасау


Реті

Табиғат зонасы

климаты

өсімдіктер

жануарлары

1

Ылғалды экваторлық орман




2

Саванналар мен сирек ормандар




3

Тропиктік шөлдер




4

Субтропиктік қатты жапырақты ормандар мен бұталар






Бағалау

3 минут

Табыс критерий арқылы оқушыны үнемі бағалау Табиғат зоналары жайлы айта аламын;

1.Тақырыптың мазмұнды баяндауына қарай бағалау;

2.Тақырыптың нәтижесінің нақтылығына қарай бағалау.

3. Дидактикалық материалдарды сапалы орындауларына қарай бағалау.

Үйге тапсырма

2 минут

Үйге тапсырма беру. 1.§ 49-50. Табиғат зоналары (оқу , мазмұндау) .
2.Кескін картаға табиғат зоналарын түсіру



























Пән мұғалімі: Паттеева Мақпал

Сыныбы : 7 «ә»

Күні: 14.04. 2015 ж

Сабақтың тақырыбы

§ 53. Аустралия . Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары

Сабақтың оқытудағы мақсаты

Оқушылар Аустралия материгінің географиялық орны, жер бедері мен пайдалы қазбалары туралы оқып үйренеді.

Оқып үйренудің нәтижесі

Оқушылар Аустралия материгінің географиялық орны мен табиғатының өзіндік ерекшеліктері туралы біледі. Жер бедерінің ерекшелктері мен пайдалы қазбаларын атай алады және карадан көрсете біледі

Тілдік мақсаттар

Үлкен Тосқауыл Рифі , Үлкен Суайрық жотасы , Аустралия Альпісі т.б.

Аустралия . Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары тақырыбында мәтінмен жұмыс жасайды. (оқылым дағдысы) Сыныпта талқылау жүргізеді (айтылым мен тыңдалым дағдысы)

Барлығын қосқанда

Тапсырмаларды деңгейіне қарай 1.Дарынды окушыларға (тақырыпқа байланысты өмірмен байланыс тұстары туралы проблемелық мәселелерге талдау жасайды). 2.Оқу үлгерімі орташа оқушыларға (ұсынылған дидактикалық тапсырмаларға өз пікірін түсіндіру жұмысы жасайды). 3.Үлгерімі төмен оқушыларға (топтастыру жұмыс)

Оқытуда қолданылатын

әдіс -тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндірілім , оқулықпен , тірек сызбамен , картамен жұмыс

Негізгі дерек көздер

Материктер мен мұхиттар географиясы . Авторлары: Ә. Бейсенова , С.Әбілмәжінова , К.Каймулдинова «Атамұра» баспасы. 2012 ж. §53.

184-200 бет. "География «Шың»баспасы

Ресурстар

электронды оқулық , Аустралияның картасы , оқулық , атлас, кескін карта

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа деген назарын аударту. Сабақтың мақсаты мен қойылатын тапсырмалармен таныстыру.

Алдыңғы білім

§52. Батыс , Шығыс және Оңтүстік Африка елдері

Кезең

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту



10 минут


Үй тапсырмасын сұралады. Сұрақ-жауап арқылы қорытындыланады. - Африка халқының нәсілдік және ұлттық құрамының қандай ерекшеліктері бар?

- Африканың байырғы халықтарын атаңдар. Олар бір-бірінен қандай белгілері арқылы ажыратылады?

- Африка елдері қандай аймақтарға топтастырылған?

- Солтүстік Африка елдерінің табиғаты қандай ?

- Батыс Африка елдерінің ішіндегі ең ірісі қай ел ?

- Халқының саны жағынан үлкен елді ата

- Кофе , қара бидай , тарының отаны болып саналатын аймақ

- Кофе атауы қалай шықты ?

- Монархиялы елдерді атаңдар

- Оңтүстік Африка Республикада Африка халқының қанша пайызы тұрады ?

- Олардың өнеркәсіп өнімдерін өндірудегі үлесі қандай ?


Жаңа сабақтың тақырыбымен , мақсатымен және күтілетін нәтижесімен таныстыру.

Жаңа сабақты меңгеру жоспары :

  1. Географиялық орны

  2. Жер бедері мен пайдалы қазбалары

  3. Табиғатының өзіндік ерекшеліктері


Мағынаны тану



20

минут


Мұғалім:Оқушылар дүние жүзінде 6 материк бар екенін жақсы білесіңдер, яғни әр материк өзіне тән қайталанбас табиғат жағдайларымен ерекшеленетінін айтып өттіңдер.Бүгін өтейін деп отырған материк «Үлкен жүректі кішкентай материк». Ол жақта бақтар қазан айында гүлдейді,өзендері сусыз ағады,кейбір жануарлар жұмыртқадан шығады.Сонымен қатар ,бұл материкте дүние жүзінің барлық елінен жиналған ұлт өкілдері тату- тәтті өмір сүріп жатыр.Сонымен біздің бүгінгі өтейін деп отырған жаңа тақырыбымыз: «Аустралия материгінің географиялық орны . Жер бедері мен пайдалы қазбалары»


«Менің білетін деректерім»

Сұрақ:Аустралия материгі туралы кім не біледі ?


Оқушы жауаптары :

  • Ең кішкентай материк.

  • Ең оңтүстікте орналасқан материк.

  • 2000 жылы Аустралия материгіндегі Сидней қаласында өткен олимпиада ойындарында ,қазақтың біртуар ұлдарының бірі Б Саттарханов алтын иеленді.

  • Бұл материкте қалталы жануарлар қөп. Соның бірі кенгуру .Оның баласы туғанда жаңғақтың үлкендігіндей ғана болады екен.Содан ол үлкен болғанша анасының қалтасында жүреді .

  • Бұл материкте өмір сүретін коала да ерекше жануар. Ол бейбіт сүйгіш аң.Ол еш ызылынбайды.Егер ренжісе алдыңғы аяғымен көзін басып «жылай салады».Бір зоопаркте мынадай қызық жағдай болған.Бір коаланың баласы өліп қалыпты.Ол қатты қайғырып екіші коаланың баласын ұрлауға әрекет жасаған.Ақыр соңында зоопарк директоры оған ойыншық аюдың баласын бергенде ғана тынышталған екен. Олар өте балажан, баласын қолына алып,тербетеді де.

  • Елтаңбасында Эму құсы мен кенгуру бейнеленген.

«Менің мұны білгенім жөн»

Бұл бөлімде тақырыпқа сай жаңа мәліметтермен танысамыз . Алдымен электронды оқулық бойынша бейнебаянмен танысайық . Содан кейін төмендегі жоспар бойынша жұмыс жасаймыз.

Жоспар :

Материктің экваторға,бастапқы меридианға ,тропик шеңберіне қатысты орны.

  1. Шеткі нүктелері ,координатасын анықтау.

  2. солтүстіктен оңтүстікке ,батыстан шығысқа км мен алғандағы қашықтығы.

  3. Материктің мұхиттарға қатысты орны , жағалық сызығы .

  4. жер бедері .

  5. Пайдалы қазбасы .


Күтілетін жауап:

  1. Материк түгелімен оңтүстік жарты шарда ,түгелімен бастапқы меридианның шығысында орналасқан,оңтүстік тропик шеңбері оңтүстігінен кесіп өтеді.

  2. Шеткі нүктелері:Солтүстік -Иорк

Оңтүстік-Саут-Ист-Пойнт

Батыс-Стип Пойнт

Шығыста –Байрон

3. Батыстан шығысқа-

1)а) 153°–113°=40°

б) 100 км Х 40* =4000 км;

2) Солтүстіктен оңтүстікке-

а) 39°–10°=29°;

б) 111 км Х 29* = 3219 км.

4. Материктің мұхиттарға қатысты орны , жағалық сызығы,теңіздерімен шығанақтарын анықтап ,кескін картаға түсіреді.








Аустралия – Жер шарындағы ең кіші материк. Оның ауданы маңындағы аралдармен қоса есептегенде 7,6 млн км². Материк атауының өзі латыншадан аударғанда «оңтүстік» деген мағына береді. Өйткені Аустралия түгелімен оңтүстік жарты шарда жатыр, оңтүстік тропик шеңбері оны дәл ортасынан кесіп өтеді. Ауданының кіші болуына қарамастан, материк табиғатының өзіндік ерекшеліктері бар:

  • - Аустралия – Жер шарындағы ең аласа материк, орташа биіктігі – 215 м.

  • - Аустралия – сөнбеген жанартаулары жоқ бірден-бір материк.

  • - Аустралия  - Жер шарындағы ең құрғақ материк: оның 2/3 бөлігін шөлді аймақтар алып жатыр.

  • - Материктің басқа құрлықтардан ертерек бөлініп қалуына байланысты мұнда алғашқы сүт қоректілер (жұмыртқа салушылар мен қалталылар) мен биік ағаштар эвкалипттер (биіктігі 100 м-ден асады) сақталып қалған

  • - Материк жағалауындағы ұзындығы 2300 км, ені 2 км-ден 150 км-ге дейін жететін Жер шарындағы ең ірі маржандық құрылым – Үлкен Тосқауыл рифі орналасқан.

  • - Аустралия материгінің жерін бір ғана ел – Аустралия Одағы алып жатыр.

  • - Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі – Үлкен Суайрық жотасының оңтүстігіндегі биіктігі 2228 м Косцюшко тауы, теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Эйр көлінің деңгейі (-16м).




Географиялық орны. Аустралия оңтүстік жарты шардың басқа материктерінен оқшау орналасқан. Тек солтүстігінде Азияның аралдарымен жалғасады. Материктің жағалауындағы нашар тілімденген, материктің оңтүстік-шығысында ғана бірнеше қолайлы қойнаулар кездеседі. Аустралия жағалауларын Тынық және Үнді мұхиттарының жылы сулары шайып жатыр. Мұхиттағы судың беткі температурасы жазда +28ºС-қа жетсе, қыста +20ºС-тан төмен түспейді. Сондықтан материк жағалауларын бойлай, әр түрлі пішіндегі маржандық құрылымдар көптеп кездеседі. Толысу кезінде ғана кемелер олардың арасымен ашық мұхитқа шыға алады. Аустралияны жан-жағынан мұхит сулары шайып жатқанымен , оның көпшілік бөлігіне жауын-шашын өте аз түседі. Бұл жағалау бойымен суық ағыстардың өтуімен және материктің оңтүстік тропик үстіндегі орнымен байланысты. Ал жылы ағыстар өтетін солтүстік және шығыс жағалауларында ылғал біршама мол түседі.

Жер бедері мен пайдалы қазбалары. Аустралияның жер бедері онша күрделі емес. Африкадағы тәрізді, материктің негізгі бөлігін гондваналық ежелгі платформа алып жатыр. Тек шығыстағы Үлкен Суайрық жотасына сәйкес келетін бөлікке ғана палеозойлық қатпарлық құрылым тән болады. Көршілес орналасқан Тынық мұхит литосфералық плитасындағы қозғалыстарға байланысты материк бірнеше рет тұтастай көтерілді және төмен түсіп, майысуларға ұшырады. Соның әсерінен одан Жаңа Гвинея аралының Оңтүстігін құрайтын бөлік пен Тасман аралы бөлініп, бұғаздар мен шығанақтар жүйесі қалыптасты.

Платформа фундаментін құрайтын кристалды жыныстар оның батысы мен орталық бөлігінде жер бетіне шығып жатыр. Мұнда орташа биіктігі 400-600 м-лік аласа таулы үстірттер мен жекелеген күмбезді таулар таралған. Таулардың кейбір бөліктерінің биіктігі 1000-1500 м-га жетеді. Құрғақ климат жағдайында жүретін физикалық үгілу әсерінен тауларда сан алуан таңғажайып пішіндер қалыптасқан. Тау етектерін қиыршық тастар мен құмды жалдар көмкеріп жатыр. Платформаның шеткі және қатпарлы құрылымдарымен шектескен бөліктеріне ойпаттар сәйкес келеді.

Аустралия материгі пайдалы қазбаларға бай. Олардың қалыптасу жағдайлары мен құрамы Оңтүстік Африкаға ұқсас келеді. Материк алтын, алюминий, мыс, никель, марганец, темір мен уран, цирконий (алмастың түрі) кендеріне бай. Аустралияның оңтүстік-шығысында тас көмірдің ірі кен орындары шоғырланған. Орталық жазықтарда мұнай мен газ мол қоры бар.




Мұғалім: Оқушылар, мәтінді және «Жер қыртысының құрылысы» картасын пайдалана отырып жер бедеріне сипаттама бересіңдер.Сонымен қатар Аустралия мен Африка жер бедерін салыстыра отырып оқып үйренесіңдер.

Мәтінді оқып,картадан тауып, төмендегі кестені толтырады :


Африка

Ұқсастығы

Аустралия







Бекіту тапсырмалары

15 минут

1.Бекіту сұрақтары :

1. Аустралия географиялық орны жағынан Африканың қандай бөлігіне ұқсас болып келеді ?

2. Аустралияның жер бедері қандай ?

3. Физикалық картаны пайдалана отырып , материкте кең таралған пайдалы қазбаларды атаңдар

























2. Картамен жұмыс .

Кескін картаға материктің шеткі нүктелерін , жағалауындағы ірі түбектерді , шығанақтар мен бұғаздарды белгілеңдер

3. «Аустралия» сөзіне ассосация құрастырыңдар

Бағалау

3 минут

Табыс критерий арқылы оқушыны үнемі бағалау Аустралия . Географиялық орны . Жер бедері мен пайдалы қазбалары жайлы айта аламын;

1.Тақырыптың мазмұнды баяндауына қарай бағалау;

2.Тақырыптың нәтижесінің нақтылығына қарай бағалау.

3. Дидактикалық материалдарды сапалы орындауларына қарай бағалау.

Үйге тапсырма

2 минут

Үйге тапсырма беру. 1.§ 53. Аустралия . Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары (оқу , мазмұндау) . Кескін картамен жұмысты аяқтау.








































Пән мұғалімі: Паттеева Мақпал

Сыныбы : 7 «ә» Күні: 10. 09. 2015 жыл

Сабақтың тақырыбы

§3. Материктер мен мұхиттар карталары

Сабақтың оқытудағы

мақсаты

Оқушылар материктер мен мұхиттар карталарының түрлері және белгілеріне қарай топтастырылуы, картографиялық проекция туралы оқып үйренеді.

Оқып үйренудің нәтижесі

Оқушылар материктер мен мұхиттар карталарының түрлерін біледі және картографиялық проекциялардың түрлері туралы айта алады. Карталармен жұмыс жасай алады.

Оқытуда қолданылатын

әдіс -тәсілдер

Сәйкестендіру кестесі , жедел сұрақтар , әңгіме-дәріс , топтастыру , тірек-сызбамен , картамен жұмыс , сұрақ-жауап , дәптермен жұмыс

Негізгі дерек көздер

География . Материктер мен мұхиттар оқулығы. Авторлары: Ә.Бейсенова, С.Әбілмәжінова , К.Каймулдинова «Атамұра» баспасы. 2012 ж . §3. 14-18 бет." География «Шың»баспасы.

Ресурстар

Материктер мен мұхиттар картасы, атлас , оқулық , электронды оқулық.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа деген назарын аударту. Сабақтың мақсаты мен қойылатын тапсырмалармен таныстыру.


Алдыңғы білім

§2. Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері

Кезең

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту



10 минут

Жедел сұрақтар :

  • Ерте кезеңдегі зерттеулер

  • Орта ғасырлардағы зерттеулер

  • Ұлы географиялық ашулар кезеңі

  • ХІХ ғасырдағы географиялық жаңалықтар

  • ХХ ғасырдағы географиялық жаңалықтар

Сәйкестендіру кестесі :

1

1819-1821

А

Семен Дежнев Беринг бұғазы арқылы Солтүстік мұзды мұхиттан Тынық мұхитқа өтті;

2

1803-1806

В

Колумб ашқан жаңа жерлерге Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады;

3

1519-1522

С

Ф.Беллинсгаузен мен М.Лазарев басқарған экспедиция Антарктика материгін ашты;

4

1499-1503

Д

И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянскийдің Тынық, Үнді,Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты;

5

1648

Е

Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет Жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты;

Жауабы : 1-С 2- Д 3- Е 4-В 5- А


Электронды оқулықтан 3,4,6 – тапсырмаларды орындатылады.

3-тапсырма. Атақты саяхатшылардың есімдерін атаңыз (берілген сурет бойынша )

4-тапсырма. Ваксо да Гаманыың экспедициясы қай елге жол тартты?

6-тапсырма. Географиялық ашылуларды енгізген зерттеушілерді сәйкестендіріңіз.

Мағынаны тану

20

минут

І. Жаңа сабақ .

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы карталардың қандай белгілеріне қарай жіктелетініне сипатталады.

Карталар мынадай 4 белгісіне бөлінеді:

А) Қамтылатын аумағына (жарты шарлар немесе дүние жүзі карталары, Дүниежүзілік мұхит картасы, материктер мен олардың бөліктерінің картасы, топографиялық карталар);

Ә) Мазмұнына (жалпы географиялық және тақырыптық);

Б) Масштабына (ұсақ, орта және ірі масштабты карталар);

В) Қолданылу сипатына (ғылыми-анықтамалық, оқу карталары мен мәдени-ағарту, техникалық және туристік карталар);


Топтастыру.

Топтастыру арқылы оқушыларға картографиялық проекциялардың түрлері түсіндіріледі.


Карта-математикалық заңдылыққа негізделе отырып (масштаб және проекция бойынша) жасалатын Жер шарының, Күн жүесіндегі басқа ғаламшарлардың және т.б кішірейтіліп әрі жинақталып, шартты белгілермен бейнеленген кескіні.

Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі глобус деп аталатыны белгілі. Глобустағы Жер бетінің дәл бейнесін картаға көшіру үшін картографиялық проекциялар қолданылады.

Картографиялық проекция (кескін) – Жер шарының бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу. Жердің шар тәрізді болуына байланысты оны жазық карта бетінде бейнелеу барысында әр түрлі дәрежеде бұрмалану болады.


Тең бұрышты проекция қолданылған картада бұрыштар мен шағын географиялық нысандардың пішіндері нақты сақталады.

Тең ауданды проекция қолданылған карталарда аудан дәл беріледі. Мұндай проекция қолданылған карталардан материктер мен елдердің мұхиттардың ауданын нақты анықтауға болады.


Еркін алынған проекциялар негізінде жасалған карталарда бұрмаланулардың барлық түрлері кездескенімен, олар карта бетінде ұтымды бейнеленеді.

Проекциялар жазықтық бетіне көшірілуіне қарай да жікеледі: цилиндрлік , конустық , көп конусты , азимуттық.

Цилиндрлік проекция көбінесе Жер шары толық бейнеленген карталарда пайдаланылады. Мұнда бұрмаланулар экватор маңында мүлде байқалмайды да , ал полюстерге қарай артады.





Конустық проекциялар солтүстік полюске жақын орналасқан Еуразия мен Солтүстік Америка материктерін карта бетінде бейнелеу барысында кеңінен қолданылады. Бұл проекция бойынша материктердің пішіндері мен аудандары біршама жақы сақталғанымен , жоғары ендіктерде жатқан полюс аймақтары күшті бұрмалануға ұшырайды.

Көп конусты проекция дүниежүзілік карталарда көп пайдаланылады. Онда материктердің пішіні жақсы сақталғанымен , орталық бөліктерінің ауданы бұрмалануға ұшырайды.

Азимуттық проекция белгілі бір нүктеден жан-жаққа бағытталатын кеңістікті дәл бейнелеу үшін қолданылады. Әсіресе полюстер маңындағы аймақтарды карта бетінде бейнелеу үшін өте қолайлы проекция болып табылады.

Карталардағы шартты белгілер жүйесі картаны оқып үйренудің ең басты құралы болып табылады. Шартты белгілер жүйесі қарталарда қолданылуына қарай бірнеше түрге бөлінеді:

  • Масштабтық немесе кескіндік шартты белгілер

  • Масштабсыз шартты белгілер

  • Сызықтық белгілер

  • Түсіндірме белгілер

  • Жазба белгілер

Жаңа сабақты бекіту


10

минут

Сұрақ: Карталар қанша түрге топтастырылады?

Жауап: 4; қамтылытын аумағына, мазмұнына, масштабына, қолдану сипатына қарай топтастырылады

Сұрақ: Кешенді карталар дегеніміз не?

Жауап:  Көп жағдайда тақырыптық крталар бірнеше компоненттерді және олардың өзара байланысын көрсетеді. Мұндай карталар кешенді карталар деп аталады.

Сұрақ: Глобус дегеніміз не?

Жауап: Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі глобус деп аталады.

Сұрақ: Картографиялық проекция дегеніміз не?

Жауап: Жер шарының бетін малематикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу.

Сұрақ: Дүниежүзілік карталарда көп пайдаланылатын проекция-

Жауап: Көп конусты проекция.

Сұрақ: Жер шары толық бейнеленген карталарда пайдаланылатын проекция-

Жауап: Цилиндрлік проекция.

Сұрақ: Азимуттық прекция  қандай мақсатта қолданылады-

Жауап: Белгілі бір нүктеден жан-жаққа бағытталатын кеңістікті дәл       бейнелеу үшін  қолданылады.

Қорытынды. Бүгінгі сабақта, материктер мен мұхиттар карталарын,  шартты белгілер жүйесін, проекциялардың түрлерін айтып түсіндірдім

Бағалау

3 минут

Табыс критерий арқылы оқушыны үнемі бағалау Материктер мен мұхиттар карталары тақырыбы жайлы айта аламын;

1.Тақырыптың мазмұнды баяндауына қарай бағалау;

2.Тақырыптың нәтижесіннің нақтылығына қарай бағалау.

Үйге тап-сыр-ма

2 минут

Үйге тапсырма беру

1.§3. Материктер мен мұхиттар карталары ( оқу,мазмұндау)

2. Кескін картаға географиялық ашылулар, зерттеулерді түсіру.





Пән мұғалімі: Паттеева Мақпал

Сыныбы : 7 «б» Күні: 2 . 09. 2015 жыл

Сабақтың тақырыбы

§8. Климат қалыптастырушы факторлар . Жер шарындағы климаттық белдеулер

Сабақтың оқытудағы

мақсаты

Оқушылар климат қалыптастырушы факторлар мен жер шарындағы климаттық белдеулер туралы оқып үйренеді. Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыланады.

Оқып үйренудің нәтижесі

Оқушылар климат қалыптастырушы факторларды біледі. Климаттық белдеулері атай алады және картадан көрсете біледі.

Оқытуда қолданылатын

әдіс -тәсілдер

Сұрақ-жауап , түсіндірме , электронды оқулықпен таныстырылм , мәтінмен жеке жұмыс ,толықтыру , сәйкестендіру тесттері , картамен жұмыс ,

Негізгі дерек көздер

География . Материктер мен мұхиттар оқулығы. Авторлары: Ә.Бейсенова, С.Әбілмәжінова , К.Каймулдинова «Атамұра» баспасы. 2012 ж . §8. 36-40 бет." География «Шың»баспасы.

Ресурстар

Материктер мен мұхиттар картасы, атлас , оқулық , электронды оқулық.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа деген назарын аударту. Сабақтың мақсаты мен қойылатын тапсырмалармен таныстыру.


Алдыңғы білім

§7. Ауа массалары мен басым желдер қозғалысы . Жауын-шашынның

Кезең

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту



10 минут

Үй тапсырмасы сұралып, кескін карталары тексеріледі.

Сұрақ: Ауа массалары дегеніміз не?

Жауап: Белгілі бір жерде ұзақ тұрақтаған ауа сол жерге тән өзіндік қасиеттерге (температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі) ие болады. Осындай біртекті қасиеттері бар, үлкен көлемдегі ауаның жиынтығын ауа массалары деп атайды.

Сұрақ: Ауа массаларының қандай түрлері бар?

Жауап: Экваторлық, тропиктік, қоңыржай, арктикалық , (антарктикалық)                     

Мағынаны тану

20

минут

І. Жаңа сабақ .

Жер шарының климаты алуан түрлі. Ол Жер бетінде Күннің жылуы  мен  атмосфералық жауын-шашынның әркелкі таралуына байланысты болады. Белгілі климат зерттеуші ғалым Б.П. Алисов Жер шарында бір-бірінен температуралық жағдайлары және ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын  13 климаттық белдеуді  ажыратқан.

Климаттық белдеулер негізгі және өтпелі болып бөлінеді. Негізгі климаттық белдеулер төрт ауа массаларына бөлінеді:

1. Экваторлық белдеу – қысым төмен, жыл бойы экваторлық ауа массалары әсер етеді. Күн сәулесінің мол түсуіне байланысты бұл белдеуде бүкіл жыл бойы ауа температурасы жоғары болады. Жауын-шашщын мол түседі, ауа райы ыстық, ылғалды әрі қапырық болады.

2. Тропиктік белдеу – жыл бойы тропиктік ауа массаларының ықпалында болады. Сондықтан бұл белдеуде тұрақты жоғарғы қысым мен төмен бағытталған ауа қозғалысы басым. Жазда температурасы өте жоғары, ал қыста салқын болып келеді. Тропиктік ауа массалары әдетте өте құрғақ.



3. Қоңыржай белдеу – жыл бойы қоңыржай ауа массалары мен батыс желдері басым болады. Мұнда едәуір салқын, жыл мезгілдері айқын байқалады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері жалпы алғада біршама мол болғанымен, белдеу ішінде әркелкі таралады.

4. Арктикалық және антарктикалық белдеу – жыл бойы арктикалық ауа массалары әсер етеді. Жыл бойы ауа температурасы төмен болады. Полюске жақындаған сайын табиғат жағдайы қолайсыз сипат алады.

Өтпелі климаттық белдеулер негізгі белдеулердің аралығында орналасқан. Олардың аттарындағы «суб» сөзі латынның «таяу, маңы» деген мағынаны білдіреді.

Өтпелі климаттық белдеулер: 

  • Субэкваторлық

  • Субтропиктік

  • Субарктикалық және субантарктикалық .


Климат қалыптастырушы факторлар



hello_html_m3ac78923.gifhello_html_7584da03.gifhello_html_4abf3d29.gifhello_html_4abf3d29.gif

hello_html_5fa3d734.gifhello_html_m5579c541.gif



hello_html_55d052e7.gifhello_html_m7e517d71.gif





Жаңа сабақты бекіту


10

минут

1. Толықтыру тесті .

1. Белгілі климат зерттеуші .................................(Б.П.Алисов)

2. Аса ірі континенттік шөлдер: .......... (Сахара , Арабия , Калахари, Виктория)

3. Климат қалыптастырушы факторлар .......................(географиялық ендік, ауа массаларының қозғалысы , жер бедерінің сипаты , мұхиттардың ықпалы)

4. Негізгі климаттық белдеулер..............(экваторлық , тропиктік , қоңыржай , арктикалық және антарктикалық).. ауа массаларының жыл бойы басым әсер ететін аудандарына сәйкес келеді.


2.Сәйкестендіру тесті

Сұрақтары

Жауаптары

1

Тропиктік белдеулер

Қысым төмен, жыл бойы ауа температурасы жоғары болады. (4)

2

Қоңыржай белдеулер

Тұрақты жоғары қысым мен төмендеген ауа қозғалысы басым. Жазда ауа массаларының температурасы өте жоғары. (1)

3

Субэкваторлық белдеу

Ауа массалары мен батыс желдері басым болады, салқын, жыл мезгілдері айқын байқалады.(2)

4

Экваторлық белдеу

Жаз экваторлық белдеуге, ал қысы тропиктік белдеуге ұқсас. (3)





3.Картамен жұмыс

1.Жер шарындағы климаттық белдеулерді көрсетіңдер

2.Олардың қайсылары солтүстік және оңтүстік жарты шарларда қайталанып отырады.

3.Өздерің тұрған жерде қандай ауа массалары, желдердің басым болатынын, ауа райы сипатының белгілерін және оның қандай климаттық белдеуге сәйкес келетінін анықтаңдар.

Қорытынды:      Қорытындылай келе, бүгінгі сабағымызда, климат қалыптастырушы факторлар және Жер шарындағы климаттық белдеулер туралы таныстық, білдік.

Бағалау

3 минут

Табыс критерий арқылы оқушыны үнемі бағалау Климат қалыптастырушы факторлар . Жер шарындағы климаттық белдеулер тақырыбы жайлы:

1.Тақырыптың мазмұнды баяндауына қарай бағалау;

2.Тақырыптың нәтижесіннің нақтылығына қарай бағалау.

Үйге тап-сыр-ма

2 минут

Үйге тапсырма беру

1.§8. Климат қалыптастырушы факторлар . Жер шарындағы климаттық белдеулер ( оқу,мазмұндау) Жер шары картасынан 13 климаттық белдеуді салып келу


Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 27.11.2015
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров357
Номер материала ДВ-199751
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх