Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • География

Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері

библиотека
материалов

Сыныбы:7 күні

Сабақтың тақырыбы Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері:

Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Оқушыларға материктер мен мұхиттардың зерттелуін, ашылған жаңалықтар мен заңдылықатары жөнінде түсіндіру. Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыра отырып,топтық жұмысқа бейімдеу..

Күтілетін нәтиже: Оқушыларға материктер мен мұхиттардың зерттелуін, ашылған жаңалықтар мен заңдылықатары жөнінде түсінеді Жан-жақты, ізденімпаз бола отырып, тыңдай және сөйлей білу белсенділігі артады,топтық жұмысқа бейімделеді..

Түйінді идеясы: Ұлы географиялық ашылулар.

Сабақтың әдіс-тәсілдер:, карта құрау тапсырмасы,сәйкестендіру

Ресурстар :Интерактивті тақта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірме қағазы т.б.

Бағалау:Жұптардың өзара бағалауы,дескрипторлар арқылы бағалау.

Сабақтың барысы:

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Кіріспе

1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп, карта қиындыларын таратады топқа бөледі.

2. Үй тапсырмасына шолу жасау.

1.Оқушылар амандасады,топтарға бөлінеді. Топтағы міндеттерін бөліседі.

2. Оқушылар құраған карта қиындыларындағы,құрлықты,

мұхитты картадан көрсете отырып сипаттайды.

Тұсаукеср

1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

2.Ұлы саяхатшылар бейнебаян көрсетіліп,мәтінмен танысады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтады.


Негізгі

бөлім


1.Мен саған,сен маған сұрақ-жауап әдісімен бейнебаянмен ,мәтінді салыстыра отырып сұрақтарға жауап береді.

2.Сәйкестендіру тапсырмасын жұп болып орындауға береді.Тексерілген тапсырмаларды салыстырады ,жақсы жұмыс атқарған жұптарды мадақтайды.

Сергіту сәті

1. Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.

3.Оқушылар жұптасып сәйкестендіру тапсырмасын орындап,келесі топқа тексеруге береді.

Қорытынды

Мұғалім сабақты қорытындылайды.

Кері байланыс парақтарын оқушыларға береді.

Үйге тапсырма:Тақырыпты оқу және саяхатшылардың суреттерін салып келу,немесе саяхат жолдарының картасын сызып келу.


Блоб сыныпта кері байланыс парағын орындайды.



Сәйкестендіру кестесі

1.

hello_html_41f65d3b.gifhello_html_2ce83b7f.gif1819-1821


Семен Дежнев Беринг бұғазы арқылы Солтүстік мұзды мұхиттан Тынық мұхитқа өтті;

2.

hello_html_m7bcb3fff.gifhello_html_m26bba853.gif1803-1806


Колумб ашқан жаңа жерлерге Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады;

3.

hello_html_m72a25c08.gif1519-1522


Ф.Беллинсгаузен мен М.Лазарев басқарған экспедиция Антарктика материгін ашты;

4.

1499-1503


И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянскийдің Тынық, Үнді,Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты;

5.

1648


Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет Жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты;





















Сыныбы:7 күні

Сабақтың тақырыбы : Материктер мен мұхиттардың карталары. №1 практикалық жұмыс жоспар бойынша «Атлас карталарына сипаттама беру»

Оқып-үйренудің негізгі мақсаты:Оқушылардың картографиялық проекция ұғымын білуге., қорытынды жасауға дағдыландыру,топтық жұмысқа бейімдеу..

Күтілетін нәтиже:.. Оқушылардың картографиялық проекцияұғымымен танысып, жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыланып ,топтық жұмысқа бейімделеді.

Түйінді идеясы: Географияның басты құралы карта.

Сабақтың әдіс-тәсілдер:, Сурет галериясы,Мағынаны таны,топтастыру тапсырмасы,топтық жұмыс.

Ресурстар :Интерактивті тақта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірме қағазы т.б.

Бағалау:Жұптардың өзара бағалауы,дескрипторлар арқылы бағалау.

Сабақтың барысы:

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Кіріспе

1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп, смайликтер арқылы көңіл-күйін біледі.

2. Үй тапсырмасы Сурет галериясын ұйымдастыру,стикер арқылы бағалауларға коментарий алу.

1.Оқушылар амандасады,топтарға бөлінеді. Топтағы міндеттерін бөліседі.

2. Үйден салып келген суреттерін,портреттерін тақтаға іліп галерия ұйымдастырып ,стикер арқылы бағалайды.

Тұсаукеср

1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбын жұмбақтар арқылы анықтайды, мақсатын айқындайды.

Жер көрдім қаласы бар, Үйлері жоқ мекендейтін.

Көл көрдім, өзен көрдім, Сулары жоқ тереңдейтін.
2 Кестемен жұмыс жасайды

Мағынаны таны жұмысын жүргізеді.

Сергіту сәті.

1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтады.

2.Мәтінмен ,кестемен танысып,практикалық жұмыс дәптеріне картографиялық, цилиндірлік,конустық, азимуттық проекция,бұрмалану,т.б сөздерді жазып алып мағынасын тауып жазады.

Негізгі

бөлім


Топтық жұмыс:

1 топ Картадан масштабты пайдаланып Еуразия құрлығының орталық бөлігінің шығыстан батысқа дейінгі ұзындық өлшемін табады.Сол өлшемді глобустан тауып ,қорытынды жасайды.

2 топ Картадан масштабты пайдаланып Африка құрлығының орталық бөлігінің солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындық өлшемін табады. Сол өлшемді глобустан тауып ,қорытынды жасайды.

3 топ Картадан масштабты пайдаланып Аустралияның құрлығының орталық бөлігінің солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындық өлшемін табады. Сол өлшемді глобустан тауып ,қорытынды жасайды.

1. Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.

3. Оқушылар жұптасып атлас немесе карта пайдалана отырып,сәйкестендіру тапсырмасын орындап,келесі топқа тексеруге береді.

Қорытынды

Мұғалім сабақты қорытындылайды.

Үйге тапсырма береді :Өтілген тақырыпты оқуға және картаны сипаттаудың жоспары қосымшадағы тапсырма беріледі.





Топтастыру арқылы оқушыларға картографиялық проекциялардың түрлері түсіндіріледі.hello_html_m4a17ce14.gif

hello_html_m6a27daed.gifhello_html_mb312265.gif

hello_html_353dff75.gif

hello_html_7e3581f5.gifhello_html_2f3d2304.gifhello_html_19a14e1f.gif

hello_html_m41d9ad0f.gif



hello_html_m6c086f41.gifhello_html_5dedd5.gifhello_html_6469a5ec.gifhello_html_57aed7ff.gif

hello_html_56461d14.gifhello_html_m364d00e5.gif



3. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы карталардың қандай белгілеріне қарай жіктелетініне сипатталады.

Карталардың белгілеріне қарай жіктелуі



Қамтитын аумағына

Мазмұнына

Масштабына

Қолданылу сипатына

hello_html_bd91d0a.gifhello_html_7488a81e.gifhello_html_m8de550a.gifhello_html_m8de550a.gifhello_html_m8de550a.gifhello_html_m8de550a.gifhello_html_m8de550a.gifhello_html_m8de550a.gifhello_html_m8de550a.gif

Жарты шарлар, д.ж. карталары, д.ж. мұхит картасы, материктер мен олардың бөліктерінің кртасы, топографиялық карталар.





Жалпы географиялық және тақырыптық карталар.



Ұсақ, орта және ірі масштабты карталар.



hello_html_m2f958d5.gif

Ғылыми-анықтамалық, оқу карталары мен мәдени-ағарту, техникалық және туристік карталар.











Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Материктік және мұхиттық жер қыртысы, геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте

Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Оқушыларға жер қыртысының құрылымы, платформалар, геохронологиялық кесте жөнінде түсіндіру.Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру

Күтілетін нәтиже: Оқушыларға жер қыртысының құрылымы, платформалар, геохронологиялық кесте жөнінде түсінеді.Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеу, ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттері арттады.

Түйінді идеясы: Геохронология -тарихи кезең

Сабақтың әдісі:Электронды оқулықпен жұмыс,ортақ талқылау жұмысы,түсінікке жеңіл тірек-сызба,топтастыру.

Ресурстар :Интерактивті тақта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірме қағазы т.б.

Бағалау:Формативті бағалаудың 12 стратегиясын қолдану

Сабақтың барысы:

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Кіріспе

1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп, сабаққа назарын аударады,топтық міндетті қайта бөлісуін қадағалайды,бағалау парағын береді.

2.Картаны сипаттаудың жоспары қосымшадағы тапсырмабойынша топаралық сұрақ-жауап әдісін ұйымдастырады ,оқушыларға сұрақтар қояды.

1.Оқушылар амандасады,сабаққа араласады.. Топтағы міндеттерін қайта бөліседі,хатшы бағалау парағын толтырады.

2.Топ болып сұрақтарға жауап береді,басқа топтарға сұрақ қояды

Тұсаукеср

1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. 2.Электронды оқулық арқылы түсінік береді,мәтінмен танысып ,оқушылар сұрақтарына жауап береді

1.Оқушылар жаңа сабақпен танысып,мұғалімге,сыныптастарына сұрақтар қойып ортақ талқылау жасайды.2.Дәптерге геохронологиялық кестені түсіреді,.

Негізгі

бөлім


Интерактивті тақтадан берілген тірек сызбамен топтатыру тапсырмасына түсінік береді.10 кестемен жұмыс береді.

1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, тапсырманың негізгі идеясын айтады.

2.Жеке жұмыс: оқушылар жаңа ұғымдар мен терминдерді анықтайды.


Қорытынды

Бағалауды ұйымдастырады,Қорытындылайды.

Үйге тапсырма:Өтілген тақырыпты оқу және қосымша мәліметтер жинау

Бағалау парағы арқылы топбасшылар есеп береді.

Үй тапсырмасын жазып алады.




. Тірек-сызбамен жұмыс. Тірек-сызба арқылы платформалардың жіктелуі түсіндіреді

Пhello_html_3d77e8c0.gifhello_html_193a987f.gifлатформалар

hello_html_160f8d5c.gifhello_html_57aed7ff.gifЕжелгі Жас

hello_html_4641c3ba.gifАрхей-протерезой Палеозой эрасында

hello_html_4641c3ba.gifэраларында қалыптасқан



Шығыс Еуропа, Сібір, Арабия, Батыс Еуропа, Батыс

Солтүстік Америка, Аустралия т.б. Сібір, Тұран т.б.

4. Топтастыру.Топтастыру арқылы қалқандар, геосинклиналдар түсіндіріледі.

hello_html_m718d54dc.gifhello_html_m1af4cee1.gifhello_html_6704108f.gifhello_html_m36b68a8b.gifhello_html_m72d5ba3b.gifhello_html_6b35bea3.gifhello_html_m7148e890.gifhello_html_6e68da8.gifhello_html_638da207.gifhello_html_331789a2.gifhello_html_36ba64a1.gifhello_html_4cf6781d.gif









































Сыныбы:7 күні

Сабақтың тақырыбы : Атмосфераның жердегі тіршілік үшін маңызы, ауа температурасының таралуы

Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Оқушыларға атмосфераның маңызы ,ауа температурасының таралуы, климаттық карталар жөнінде ұғындыру,топтық жұмыста жолдастық көмекке баулу.

Күтілетін нәтиже: Оқушыларға атмосфераның маңызы ,ауа температурасының таралуы, климаттық карталар жөнінде ұғынады,топтық жұмыста жолдастық көмектің маңызын түсінеді

Түйінді идеясы: Атмосфера жердің қорғаныс қабаты.

Сабақтың әдіс-тәсілдер,жұмыс түрі:Ыстық орындық,Мағынаны таны,электронды оқулық,Бес жолды өлең.

Ресурстар :Интерактивті тақта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірме қағазы т.б.

Бағалау:Жұптардың өзара бағалауы,топтық бағалау.

Сабақтың барысы:

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Кіріспе

1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп, сиқырлы микрофон арқылы сабаққа ізгі тілек айтқызады

2. Үй тапсырмасы "Ыстық орындық"әдісі арқылы сұрақ -жауап ұйымдастырады.

3 Рефератпен жұмыс жүргізеді.

1.Оқушылар амандасады,ізгі тілек білдіреді

2. Ыстық орындық әдісімен топтар сұрақ қою арқылы үй тапсырмасына шолу жасайды.

3 Үйге орындауға берілген рефераттарың тексеріп маңыздылығын тоқталады

Тұсаукеср

1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбын"Мағынанытаны стратегиясы" бойынша мақал-мәтел арқылы анықтайды , мен мақсатын айқындайды.

Бөрі айтып келмес ,боран айтып соқпас .
Жақсы туса ,елдің ырысы жаңбыр жауса жердің ырысы.

Қазанда соққан дауылда не пайда ,қарашада соққан жауыннан не пайда ?
Қарылғаш төмен ұшса күн жауады, аяз ұзаққа созылса аң   ауады .
желкенді жел көтереді

2.Электронды оқулықпен ,оқулықтан ,мәтінмен танысуға мүмкіндік жасайды

Қосымша мәлімет береді


1.Оқушылар мақал-мәтелдің ағынасын танып, жауап беріп, бүгінгі сабақтың тақырыбын негізгі түйінді идеясын айтады.







2.Электронды оқулықтан ,жаңа сабақты танысады,мәтінмен жұмыс жасайды.

Негізгі

бөлім


  1. Атмосфера бес жолды өлең

  1. Атмосфераның маңызы:

  1. ________________________түсіреді.

  2. __________________ қорғайды.

  3. ___________________пайда болады.

  4. ______________________білдіреді.

  5. ______________________тұрады.

2.Зерттеу жұмысын тындайды,пікір білдіріп,қорытындылайды.

Оқушылар тапсырманы орындап,алғашқы болғандар оқып түсінік береді,оқушылардың қосымша сұрақтарна жауап береді

2 Мектеп оқушысының "Қазақ халқының ауа-райын болжау негіздері"ғылыми жұмысынан негізгі бөлімімен танысады.Талқылайды,пікір білдіреді,қорытындылайды,

Қорытынды

Мұғалім сабақты қорытындылайды.

Бүкіл әлем тыныс алар ауамын

Менсіз ешкім шыдай алмас, дауамын.

«Ауадай қажет» деген сөз осы емес пе?

Пайдасы көп адамзатқа ауаның.

Тропосфера, стротосфера қабаттар,

Ауасыз еш өтпейді әр бір сағаттар.

Болмаса ауа минутта шыдамай

Сондықтан да ластануда ағат бар.

Қорғаңыздар ауа атты қабатын,

Боласың сен осыдан пайда табатын.

Жануар да, өсімдік те, адам да

Тыныс алар ауа деген затымен.


Үйге тапсырма береді :

Өтілген тақырыпты оқуға және картаны сипаттаудың жоспары қосымшадағы тапсырма беріледі.


Оқушылар осы өлеі жолдарынан және осы сабақтан ұққандарын айтып бірге қорытынадылайды.



Қосымша мәлімет

Изобара «Қысымы бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»

Изотаха «Желдің жылдамдығы бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»

Изогиета «Жауын-шашын түсуі бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»

Изотерма  «Температуралары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»





















Сыныбы:7 күні

Сабақтың тақырыбы : Жер бетіндегі атмосфералық қысым, басым желдер және ауа массалары

Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Оқушыларды ауа температурасы мен қысымен таныстыра отырып түсінік беру, Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Күтілетін нәтиж: Оқушыларды ауа температурасы мен қысымның таралуы жайында түсінік алып, өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыланады.

Түйінді идеясы: Атмосфера жердің қорғаныс қабаты.

Сабақтың әдіс-тәсілдер: Кезбе тілші,Зейінді дамыту жаттығуы,Геодиктант,сұрақтары бар қорап

Ресурстар :Интерактивті тақта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірме қағазы т.б.

Бағалау:Жұптардың өзара бағалауы,топтық бағалау.

Сабақтың барысы:

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Кіріспе

1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп,сыныпта психологиялық ахуал туғызады,стикерлер түсіне қарай топқа бөлінеді.

2. Үй тапсырмасын тұйық оқушыларды сабаққа тарту мақсатында "Кезбе тілші"ойыны арқылы сұралады.Мұғалім жақсы жауап берген оқушыларды мадақтау арқылы ,тілші мен репортер жұмысына қол шапалақтау арқылы қорытындылайды.

1.Оқушылар амандасады, оқушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында стикерге өзіне арнап ізгі тілек жазып,оны сыныптасына сыйлайды,қолындағы стикер түсіне қарай топқа бөлінеді.

2. 1Тұйық оқушы микрофон алып тілші болып сұрақтар қояды,2 тұйық оқушы камера ұстап репортер болады.

Тұсаукеср

1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбын мен мақсатын айқындайды.

6 сыныпта өтілген қысым ,ауа массалары тақырыптарын сұрақтар арқылы еске түсіріп,жаңа сабақ мақсатын айқындайды.


2.Мәтінмен танысқан оқушыларға,22-23-24 суреттер бойынша сұрақтар қойып түсінік береді.

1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың тақырыбын негізгі түйінді идеясын айтады.



2 Оқушылар мәтінмен танысады,суреттер бойынша сұрақтар қойып жаңа сабақты талқылайды.

Негізгі

бөлім


1.Сергіту сәті,"Зейінді дамыту "суреті.

2.Геодиктант тапсырмасын орындатады.

Суретте неше аң орналасқанын тапқан топ мадақталады.

2Оқушылар дәптерлеріне орындап,жұпболып тексереді,бағалайды.

Қорытынды

Мұғалім сабақты қорытындылайды.

"Сұрақтары бар қорап"ойының жүргізеді.

Үйге тапсырма береді :

Өтілген тақырыпты оқуға және тақырып соныңдағы тапсырманы 3 топқа бөліп береді.


Оқушылар өзіне қиындық келтірген жаңа сабақ барысындағы сұрақтарды қорапқа жазып салып кетеді,келесі сабақта ол талқыланады.



Сергіту сәті,"Зейінді дамыту "суреті.



hello_html_2331079e.jpg



Географиялық диктант (климаттық белдеулер бойынша):

1 Бұл климаттық белдеу тропиктік және қоңыржай ауа массаларының әсер етуі нәтижесінде қалыптасады.

2 Ұзақ әрі қатал қыс қоныржай ауа массасының енуіне байланысты қысқа әрі салқын жазға ауысады.

3 Бұл белдеуде жыл бойы тропиктік ауа массасы басым болады, оның жазғы температурасы өте жоғары, ал қыста сәл төмендеу болады.

4 Бұл климаттық белдеуде жыл мезгілдері айқын ажыратылады, бүкіл жыл бойы бір ғана ауа массасы әсер етеді.

5 Бұл белдеуде ауа температурасы жыл бойы жоғары, жауын-шашынның жылдық мөлшері өте мол және біркелкі түседі.







Сыныбы:7 күні

Сабақтың тақырыбы : Жауын-шашынның таралуы, климаттық белдеулер және климат қалыптастырушы факторлар

Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Жер ғаламшарындағы жауын-шашынның таралуы,климаттық белдеулер жайында мағлұмат беру,оның өмірдегі маңызына тоқталу.Топтық жұмыстағы жолдастық көмекті үлгі ету.

Күтілетін нәтиже:Жер ғаламшарындағы жауын-шашынның таралуы,климаттық белдеулер ,оның маңызы жайында білетін болады..Топтық жұмыстағы жолдастық көмекті үлгі ету арқылы топтық жұмысқа бейімделеді.

Түйінді идеясы: Климаттың адам өміріне маңызы зор.

Сабақтың әдіс-тәсілдер,жұмыс түрі: Қораптағы сұрақ,біз бәріміз біргеміз,сәйкесін тап,картамен жұмыс

Ресурстар :Интерактивті тақта,атлас карта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірме қағазы т.б.

Бағалау:Жұптардың өзара бағалауы,топтық бағалау.

Сабақтың барысы:

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Кіріспе

1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп, психологиялық жақсы ахуал туғызады.

2. Қораптағы сұрақтармен жұмыс ұйымдастырады

3."Біз бәріміз біргеміз"әдісі бойынша топтарға берілген тақырып соңындағы тапсырмаларды сұрайды.

1.Оқушылар амандасады, басбармақ арқылы көңіл-күйін білдіреді.

2. Үй тапсырмасы өткен сабақтағы салынған қораптағы сұрақтарға жауап тапқанын көрсетеді,түсінік береді.

3Біз бәріміз біргеміз әдісі бойынша топмүшелері тақта алдына шығып үйге берілген қосымша тапсырмаға ауызша түсінік беріп,бір-бірін толықтыру арқылы жұмыс жасайды,қарсы топтар сұрақтар қояды.Қарсы топтарды басбармақ арқылы бағалайды.

Тұсаукеср

1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбын жауын-шашын жайында қандай мақал-мәтел білетінін сұрай отырып жаңа тақырыпты анықтайды , мақсатын айқындайды.

2Мәтінмен танысады,климат картасымен таныстырады,сұрақтар қойып талқылау ұйымдастырады.Мадақтау арқылы бағалайды.

1.Оқушылар мақал-мәтелдер айтып, жауап беріп, бүгінгі сабақтың тақырыбын негізгі түйінді идеясын айтады.

2.Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп,талқылайды.

Негізгі

бөлім


Атмосфера және климат бөлімін қорытындылау үшін "Сәйкесін тап" деңгейлік тапсырмасын орындайды.


Оқушылар тапсырманы орындап,алғашқы болғандар оқып түсінік береді.Мадақтау арқылы бағаланады.

,

Қорытынды

Мұғалім сабақты қорытындылайды.

Климаттың адам өміріне маңызы жайында ой бөліседі.


Үйге тапсырма береді :

Өтілген тақырыпты оқуға және картаны пайдаланып қосымшадағы тапсырманы орындауға топтарға бөліп беріледі.


Оқушылар сабақтан ұққандарын айтып бірге қорытынадылайды.

Сәйкесін тап тапсырмасы

Атмосфера

  1. Жер шарын жан- жағынан қоршаған ауа қабығы.

  2. Атмосфера құрамында ең көп мөлшерде кездесетін газ.

  3. Атмосфера қабаттары.

  4. Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы.

  5. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал.

  6. Тәулік ішінде ең жоғарғы ең төменгі температуралар айырмашылығы.

  7. 1 м3 ауадағы су буының нақты мөлшері.

  8. Белгілі бір жағдайда су буларының сұйық күйге айналуы.

  9. Ауаның жер бетіне іргелес қабатында өте майда су тамшыларының жинақталуы.

  10. Жер бетінен біраз биікте атмосферада жинақталған ұсақ су тамшылары мен мұз түйіршіктерінің шоғыры.

  11. Ауаның ылғалдығын өлшейтін құрал.

  12. Атмосферадағы 50- 55 км биіктіктегі қабат.

  13. Ауаның жер бетінде горизонталь бағытта қозғалуы.

  14. Тәулігіне бағытын 2 рет ауыстыратын жел.

  15. Жылына бағытын 2 рет ауыстыратын жел.

  16. Атмосфераның қысқа мерзімдегі жай- күйі.

  17. Тропосфераның бір – бірінен температурасы, мөлдірлігі, ылғалдығы жөнінен ерекшелік жасайтын үлкен бөліктері .

  18. Белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық орташа жай- күйі.

  19. Жер шарындағы 23,5 солтүстік пен оңтүстік ендіктер арқылы жүргізілген параллельдер.

  20. Атмосфералық құбылыстар жайындағы ғылым.

Жауаптың нұсқалары:

1. Температураның тәуліктік амплитудасы

2. Барометр

3. Конденсация

4. Атмосфера

5. Атмосфералық қысым

6. Азот

7. Бұлт

8. Тропосфера, стратосфера, атмосфераның жоғарғы қабаты

9. Абсолюттік ылғалдылық

10.Тұман

11. Тропиктер

12. Муссон

13. Гигрометр

14. Климат

15.Стратосфера

16. Бриз

17. Метеорология

18. Ауа - райы

19. Жел

20. Ауа массалары

Дұрыс жауабы: 1-4; 2-6; 3-8; 4-5; 5-2; 6-1; 7-9; 8-3; 9-10; 10-7; 11-13; 12-15; 13-19; 14-16; 15-12; 16-18; 17-20; 18-14; 19-11; 20-17.




































Сыныбы:7 күні

Сабақтың тақырыбы : Дүниежүзілік мұхит суы

Оқып-үйренудің негізгі мақсаты:Оқушыларға д.ж. мұхит суының қасиеттері,,маңызы жайында түсіндіру. Оқушыларға уақыты тиімді пайдаланып, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту

Күтілетін нәтиже:Оқушыларға д.ж. мұхит, қасиеттері,,маңызы жайында түсініп. Оқушылар уақыты тиімді пайдаланып, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.

Түйінді идеясы: Гидросфераның негізгі бөлігі -дүниежүзілік мұхит.

Сабақтың әдіс-тәсілдері,жұмыс түрі:, Асоцассия құру,тест ,серпілген сауал,біз бәріміз біргеміз

Ресурстар :Интерактивті тақта,атлас карта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірме қағазы т.б.

Бағалау:Жұптардың өзара бағалауы,топтық бағалау.

Сабақтың барысы:

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Кіріспе

1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп, психологиялық жақсы ахуал туғызады.

2. "Біз бәріміз біргеміз"әдісі бойынша топтарға берілген кітап соңындағықосымша тапсырмаларды сұрайды.

3 Серпілген сауал әдісі бойынша оқушылар арасында сұрақ -жауап ұйымдастырады.

Сергіту сәті"Капитан" ойының жүргізеді,сол арқылы топқа бөледі.

1.Оқушылар амандасады, сабаққа назарын аударады

2.Біз бәріміз біргеміз әдісі бойынша топмүшелері тақта алдына шығып үйге берілген қосымша тапсырманы,картадан көрсетіп сипатайды бір-бірін толықтыру арқылы жұмыс жасайды,қарсы топтар сұрақтар қояды.Топтар 2 жұлдыз,1 ұсыныс арқылы бағалайды.

3.Сұрақтарға жауап беріп,өзге оқушыларға сұрақ қояды.Сергіту сәтін жасап,топқа бөлінеді.

Тұсаукеср

1. Мұғалім оқушыларға Гидросфера бейнебаянын көрсетеді. Сұрақтар қойып мұхит жайында не білетін анықтайды?

2Мәтінмен танысады,мұхиттар картасымен таныстырады,сұрақтар қойып талқылау ұйымдастырады.Мадақтау арқылы бағалайды.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп,талқылайды.

Негізгі

бөлім


1.Топтар мұхит сөзіне ассоцасия құрады.Су айналымына түсінік береді.

2.Жеке тест жұмысын орындатады.жауабын экранан көрсетіп өзін-өзі тексереді,мұғалім жинап бағалайды.


1.Оқушылар тапсырманы орындап,алғашқы болған топтар оқып түсінік береді,басқа топтар қайталамауы тиіс.Бағалау сэндвичі арқылы бағалайды.

2Тест тапсырмасын орындап,өзін-өзі тексереді.

Қорытынды

Мұғалім сабақты қорытындылайды.

Мұхиттың адам өміріне,шаруашылыққа маңызы жайында ой бөліседі.


Үйге тапсырма береді :

Өтілген тақырыпты оқуға және реферат орындауға береді.

Оқушылар сабақтан ұққандарын айтып бірге қорытынадылайды.

Тест

Жер бетіндегі Дүниежүзілік мұхиттағы ең терең шұңғыма

Ява

Мариан

Алеут

Филиппин

Курил-Камчат

Жер бетінің қанша пайызын Дүниежүзілік мұхит сулары алып жатыр?

60%-ын

40%-ын

71%-ын

26%-ын

29%-ын

Дүние жүзін алғашқы болып жүзіп шыққан адам?

Д.Ж.Кук

Ф.Магеллан

М.Поло

Х.Колумб

А.Веспуччи

Африка қанша мұхитпен шектеседі?

5;

3;

4;

2;

1;

Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы қанша млн км²?

320 млн км²

316 млн км²

361 млн км²

313 млн км²

363 млн км²

Тереңдеген сайын мұхит суы ... түседі?

Ауытқи түседі;

Қозғалады;

Төмендей түседі;

Арта түседі;

Температурасы өзгермейді;

Дүние жүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық қай теңізде?

Қара теңізде;

hello_html_m6ee9b46c.jpgАқ теңізде;

Қызыл теңізде;

Жерорта теңізінде;














Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 28.01.2016
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров415
Номер материала ДВ-388819
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх