Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Презентации / Материялық нүкте, Қозғалыс траекториясы, Жол және орын ауыстыру. 7 сынып

Материялық нүкте, Қозғалыс траекториясы, Жол және орын ауыстыру. 7 сынып



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Физика
27.10.2015ж Сабақтың тақырыбы: §15,16 Материялық нүкте, Қозғалыс траекториясы...
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға материалдық нүкте,қозғалыс траекториясы жол ж...
Материялық нүкте Механикалық қозғалыс туралы сөз болғанда, кей жағдайда қозға...
Материялық нүкте Материялық нүкте деп қозғалыстың қарастырылып отырған жағдай...
Қозғалыс траекториясы Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салы...
Траектория салыстырмалылығы Қозғалыс пен тыныштық салыстырмалы. Сол секілді қ...
Траектория қозғалысының түрлері
Жол Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы ос...
Орын ауыстыру Дененің (материялық нүктенің) орын ауыстыруы деп дененің бастап...
Сабақты бекіту. 1.Материалдық нүкте дегеніміз не? 2.Қозғалыс траекториясы де...
Тест тапсырмалары I – нұсқа 1. Механикалық қозғалыс –ол А) Денені құрайтын мо...
Тест тапсырмаларының жауаптары № I-нұсқа II-нұсқа 1 В В 2 А А 3 С В 4 А Д 5...
Семантикалық карта № Қозғалыстың түрлері Түзусызықты Қисықсызықты 1 Станция п...
Семантикалық карта № Қозғалыстраекториясыныңтүрлері Түзусызықты Қисықсызықты...
Үй тапсырмасы: §15,16 Материялық нүкте, Қозғалыс траекториясы, Жол және орын...
1.Дененің материалдық нүкте болатын жағдайларына бес мысал келтіріңдер 2.Дене...
1 из 21

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 27.10.2015ж Сабақтың тақырыбы: §15,16 Материялық нүкте, Қозғалыс траекториясы
Описание слайда:

27.10.2015ж Сабақтың тақырыбы: §15,16 Материялық нүкте, Қозғалыс траекториясы, Жол және орын ауыстыру.

№ слайда 2 Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға материалдық нүкте,қозғалыс траекториясы жол ж
Описание слайда:

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға материалдық нүкте,қозғалыс траекториясы жол және орын ауыстыру туралы мәліметтер беру.

№ слайда 3 Материялық нүкте Механикалық қозғалыс туралы сөз болғанда, кей жағдайда қозға
Описание слайда:

Материялық нүкте Механикалық қозғалыс туралы сөз болғанда, кей жағдайда қозғалыстағы денені нүкте ретінде қарастырады. Мәселен, дененің өлшемдері өзінің жүріп өткен қашықтығымен салыстырғанда немесе оның өзінен екінші бір денеге дейінгі арақашықтықпен салыстырғанда тым аз болған кезде, дененің әрбір нүктесінің қозғалысын сипаттаудың қажеті жоқ. Ондай жағдайда дененің өз өлшемдерін ескермесе де болады. Демек, дене қозғалысын сөз еткенде, кейде сол дененің бір нүктесінің қозғалысын сипаттау жеткілікті.

№ слайда 4
Описание слайда:

№ слайда 5 Материялық нүкте Материялық нүкте деп қозғалыстың қарастырылып отырған жағдай
Описание слайда:

Материялық нүкте Материялық нүкте деп қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады. Шындығына келгенде, табиғатта ешқандай материялық нүкте жоқ. Ол нақты дененің ойдан алынған үлгісі болып табылады. Бұл ұғым механикадағы кейбір мәселелерді шешудің ыңғайлы әрі қарапайым болуы үшін енгізілген. Метериялық нүкте ретінде қарастыруға келмейтін жағдайлар: Кеме – жағадан аттанарда немесе жағаға келіп тоқтағанда Бала – таңертеңгілік дене шынықтыру жаттығуларын жасап жатқанда

№ слайда 6
Описание слайда:

№ слайда 7 Қозғалыс траекториясы Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салы
Описание слайда:

Қозғалыс траекториясы Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі қозғалыс траекториясы деп аталады. Пойыз жүретін темір жол – пойыздың, тас жол (шоссе) – автомобильдің, ұшақтың артында қалған тұманды із – ұшақтың, соқпақ жол – жаяу адамның қозғалыс траекториясын көрсетеді.

№ слайда 8
Описание слайда:

№ слайда 9
Описание слайда:

№ слайда 10 Траектория салыстырмалылығы Қозғалыс пен тыныштық салыстырмалы. Сол секілді қ
Описание слайда:

Траектория салыстырмалылығы Қозғалыс пен тыныштық салыстырмалы. Сол секілді қозғалыс траекториясының пішіні де санақ денесіне байланысты әр түрлі болады.

№ слайда 11 Траектория қозғалысының түрлері
Описание слайда:

Траектория қозғалысының түрлері

№ слайда 12 Жол Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы ос
Описание слайда:

Жол Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады. А пунктінен В пунктіне жеткен дененің жүрген жолы суретте S (қызыл)әрпімен белгіленген.

№ слайда 13 Орын ауыстыру Дененің (материялық нүктенің) орын ауыстыруы деп дененің бастап
Описание слайда:

Орын ауыстыру Дененің (материялық нүктенің) орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орнын келесі орнымен қосатын бағытталған кесіндіні, яғни векторды айтады. А пунктінен В пунктіне жеткен дененің жүрген жолы орын ауыстыруы суретте S (көк)әрпімен белгіленген.

№ слайда 14
Описание слайда:

№ слайда 15 Сабақты бекіту. 1.Материалдық нүкте дегеніміз не? 2.Қозғалыс траекториясы де
Описание слайда:

Сабақты бекіту. 1.Материалдық нүкте дегеніміз не? 2.Қозғалыс траекториясы деп нені айтамыз? 3.Траекторияның қанша түрі бар? 4 Жол дегеніміз не? 5. Орын ауыстыру дегеніміз не? 6. Үйлерінен мектепке дейінгі жолдың траекториясын салыңдар? 7. 98 кабинеттен 95 кабинетке дейінгі аралығындағы қозғалыс траекториясын сызыңдар.

№ слайда 16 Тест тапсырмалары I – нұсқа 1. Механикалық қозғалыс –ол А) Денені құрайтын мо
Описание слайда:

Тест тапсырмалары I – нұсқа 1. Механикалық қозғалыс –ол А) Денені құрайтын молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалысы . В) Қозғалмайтын денелермен салыстырғанда дененің бұрынығы орнының өзгеруі. С) Ешқашан тоқтамайтын , әрқашан қозғалыста болатын дененің қозғалысы. Д ) Жауаптар арасында дұрысы жоқ 2. Жүріп келе жатқан поезд вагонында жүк тұр Ол немен салыстырғанда қозғалады? А) Жермен В) Вагонмен С) Вагон еденімен Д) Ештеңемен 3. Буксир өзенде жүк кемені сүйреп келеді . Қандай денемен салыстырғанда буксирдің орны өзгереді? А) Өзенмен В) Кемемен С)Жағамен Д) Сумен 4) Қозғалысты сипаттау үшін санақ денесін қалай таңдап алу керек? А) Қозғалмайтын денені алу керек В) Қозғалыстағы денені алу керек С) Тек жерді алу керек Д) Жауаптар арасында дұрысы жоқ 5. Қозғалыс траекториясы деген не ? А) Жүретін түзу сызық С) Қисық сызық В) Қозғалыс кезінде қалдырған ізі Д) Кезіндегі жолы. 6. Жолдың белгіленуі А. S. В. М. C. L Д.X 7.Орын ауыстыру деп- А. Дененің соңғы орынын қосу. В. Денені құрайтын молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалысы . С. Қозғалмайтын денелермен салыстырғанда дененің бұрынығы орнының өзгеруі. Д. Дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді. 8. Сағат тілінің ұшының қозғалыс траекториясы қандай? А. Қисықсызықты. В. Түзусызықты. С.Көпсызықты. Д. Үшеуі де дұрыс 9.Қозғалыс деп- А. Барлық денелерге, табиғаттағы нәрселердің бәріне, бүкіл материялық дүниеге тән қасиет. В.Қозғалмайтын денелермен салыстырғанда дененің бұрынығы орнының өзгеруі. С. Дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді. Д. Бүкіл материялық дүниеге тән қасиет. 10. Алып планеталарды атаңдар. А. Юпитер, Сатурн, Уран,Нептун В. Сатурн, Уран С. Меркурий, Марс, Шолпан Д. Марс, Уран, Нептун   II- нұсқа .   1. Материялық нүкте дегеніміз? А) Дененің кез-келген нүктесі . С) Жердің Центрі В) Өлшемін ескермеуге болатын дене . Д. Жауаптар арасында дұрысы жоқ 2. Траекториясының түріне қарап қозғалыстың неше түрі? А. 2 В.3 С. 4 Д. 5 3. Жолаушы вагон ішінде жүріп келеді дегенде , санақ денесі ретінде нені таңдап алу керек ? А) Жолаушыны С) Жер шарын В) Вагонның еденін Д) Тысқа қарап 4. Санақ денесі дегеніміз не? А. Өлшемін ескермеуге болатын дене . В. Дененің кез-келген нүктесі . С. Ешқашан тоқтамайтын , әрқашан қозғалыста болатын дененің қозғалысы. Д. Қозғалмайды деп есептелетін басқа дененің қозғалысы соған қарап салыстырып қарастырылатын дене. 5. Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы ------- А. Жол. В. Орын ауыстыру. С. Қозғалыс. Д. Жол және орын ауыстыру. 6. Орын ауыстырудың белгіленуі А. S. В. S. C. L Д.X 7. Орын ауыстыру қандай шама А. Скаляр шама. В. Абсолюттік шама С. Векторлық шама. Д. Үшеуі де дұрыс 8. Қозғалыстағы дене дегеніміз не? А.Санақ денесімен салыстырғанда орнын өзгертетін денені В. Дененің кез-келген нүктесі . С. Өлшемін ескермеуге болатын дене . Д. Орнын өзгертетін дене 9. Күн жүйесінде қанша планета бар А. 8. В. 7. С. 9 Д. 10 10. Трамплиннен секірген шаңғышы траекториясы қандай А. Қисықсызықты. В.Түзусызықты С. Бір сызық бойымен. Д.Үшеуінің жауабы да дұрыс  

№ слайда 17 Тест тапсырмаларының жауаптары № I-нұсқа II-нұсқа 1 В В 2 А А 3 С В 4 А Д 5
Описание слайда:

Тест тапсырмаларының жауаптары № I-нұсқа II-нұсқа 1 В В 2 А А 3 С В 4 А Д 5 В А 6 А В 7 Д С 8 А А 9 А А 10 А А

№ слайда 18 Семантикалық карта № Қозғалыстың түрлері Түзусызықты Қисықсызықты 1 Станция п
Описание слайда:

Семантикалық карта № Қозғалыстың түрлері Түзусызықты Қисықсызықты 1 Станция платформасымен жүрген пойыз 2 Планеталардың қозғалысы 3 Ұшып баражатқан ұшақтың қозғалысы 4 Сағаттың минуттық тілі 5 Жол бұрылысындағы велосипедші 6 Ұзынтрассадағы машинаның журуі 7. Трамплиннен секірген шаңғысы 8. Лифткабинасынантүсіпкележатқанадамныңқозғалысы

№ слайда 19 Семантикалық карта № Қозғалыстраекториясыныңтүрлері Түзусызықты Қисықсызықты
Описание слайда:

Семантикалық карта № Қозғалыстраекториясыныңтүрлері Түзусызықты Қисықсызықты 1 Станция платформасымен жүрген Пойыз 2 Планеталардың қозғалысы 3 Ұшып баражатқан ұшақтың қозғалысы 4 Сағаттың минуттық тілі 5 Жол бұрылысындағы велосипеді 6 Ұзынтрассадағы машинаның журуі 7. Трамплиннен секірген шаңғысы 8. Лифткабинасынантүсіпкележатқанадамныңқозғалысы

№ слайда 20 Үй тапсырмасы: §15,16 Материялық нүкте, Қозғалыс траекториясы, Жол және орын
Описание слайда:

Үй тапсырмасы: §15,16 Материялық нүкте, Қозғалыс траекториясы, Жол және орын ауыстыру.

№ слайда 21 1.Дененің материалдық нүкте болатын жағдайларына бес мысал келтіріңдер 2.Дене
Описание слайда:

1.Дененің материалдық нүкте болатын жағдайларына бес мысал келтіріңдер 2.Дененің қозғалыс траекториясына бес мысал келтіріңдер 3 Жол және орын ауыстыруға бес мысал келтіріңдер.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 09.11.2015
Раздел Физика
Подраздел Презентации
Просмотров2315
Номер материала ДВ-140011
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх