Предпросмотр материала:
Алматы облысы
Балқаш ауданы
«Н.Бозжанов атындағы орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Абылхапова Баян Турсынбаевна
Күні 11-сынып Сабақ №
Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Қойлыбайдың қобызы» поэмасы
Жалпы мақсаттар: М.Жұмабаевтың өмірі, шығармашылығы туралы білімдерін тереңдету, «Қойлыбайдың қобызы» поэмасын талдай отырып кейіпкерлердің бейнесін ашу, сын тұрғысынан ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту. Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру; ұлттық салт-дәстүрді қадірлеп, құрмет тұтуға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері: М.Жұмабаевтың өмірі, шығармашылығы туралы жан-жақты біледі;
Поэманы құрылысына қарай талдауға машықтанады; Өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыланады;Топпен жұмыс істеуде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері артады.
Негізгі идеялар: «Мағжан –ұлт ақыны»
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру /сәлемдесу, түгендеу, сыныптағы психологиялық ахуалды бақылау/ /2 мин/. «Жүректен жүрекке»
Топқа бөлу. Өлең бойынша топқа бөлінеді.
1. «Сағындым»
2. «Сүйемін»
3. «Батыр Баян»
Сабақтың ережесімен таныстыру:
• Белсенді қатысу
• Тыныштық сақтау
• Бірін-бірі тыңдау
• Ойын ашық айту
• Ынтымақтастық
Бағалау парағы таратылады (Критерийлермен таныстыру)
1. «Миға шабуыл»
Білім:
М.Жұмабаевтың өмірі, шығармашылығы бойынша «Мен саған, сен маған» ойыны арқылы сұрақ-жауап (бір-біріне)
Түсіну:
Топтарға тапсырмалар жазылған карточкалар таратады. Үйден танысып келген материалдары бойынша тапсырмалар орындайды. Постер құрады.
І топ: «Мағжан –ұлт ақыны» дегенді қалай түсінесіңдер?
ІІ топ: Мағжан қазақ өлеңіне қандай жаңалық әкелді?
ІІІтоп:Мағжан лирикасының өзгешелігі, романтизмі, өлең өрімдері мен өрнектері қандай?
Дайындаған постерлері бойынша баяндайды.
Сергіту сәті
М.Жұмабаевтың өміріне деректемелер арқылы шолу жасау.
Қолдану:
Поэманың құрылысына талдау жасау
І топ: Поэманың композициялық құрылымы
![]()
1. Поэманың
композициялық құрылысына талдау жасау.
Кіріспе түсінік
Романның негізі
Жалпы жанр ерекшелігі
Оқиға желісі
Оқиғаның даму сатысы
Оқиғаның шиеленісуі
Оқиғаның шарықтау шегі
Оқиғаның аяқталуы
ІІ топ: Поэманың негізгі тақырыбы
ІІІ топ: Поэманың идеясы
Дайындаған постерлері бойынша баяндайды.
Сергіту сәті: (музыкамен)
1.Капитан ( жеке жүру)
2.Юнго ( 2 адам қолдарын ұстау)
3.Құтқарушы ( торға түсіру , 2 адам ортаға бір адамды алады)
4. Түскі ас (4 адам бірлесіп жүру)
Талдау:
І топ: Романның басты кейіпкері туралы
ІІтоп: Топтастыру стратегиясы арқылы поэма кейіперлеріне шолу
ІІІ топ: Поэманың тіл ерекшелігі
Дайындаған постерлері бойынша баяндайды
Сергіту сәті Әріптер бойынша ән айту
Жинақтау:
Топтық жұмысты бақылап, ойларына ой қосу
І топ: «Егер мен автор болсам, поэманы былай аяқтар едім...»
ІІтоп: «Қобыз» тақырыбына Мағжан үлгісімен 5 жол өлең құрастыру.
ІV топ:Поэмадан алған әсерлерін сурет арқылы баяндайды.
Диалогке түсіп, жұппен, топпен орындау.
Бағалау:
1.Тест құрастыру (топтар бір-біріне құрастырған тесттерін қояды)
Рефлексия ИНСЕРТ кестесін толтыру: Не білемін? Не білдім? Нені білгім келеді?
Топтардағы берілген тапсырмалар бойынша топ мүшелері бір-бірлерін бағалайды, қорытынды бағалау.
Келесі оқуға : 1. «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты туған әдебиет, ұлт-азаттық көтеріліс және оның қазақ тарихындағы орны» тақырыбымен танысып, материалдар іздену.
Профессия: Научный сотрудник библиотеки
Профессия: Педагог-библиотекарь
Профессия: Начальник отдела (заведующий отделом) архива
Профессия: Специалист по микрокопированию и оцифровке документов
В каталоге 7 493 курса по разным направлениям