Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Мағжан Жұмабаев "Сүйемін" ашық сабақ

Мағжан Жұмабаев "Сүйемін" ашық сабақ


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:









Қазақ әдебиеті пәнінен жаңа тақырыпты меңгерту

сабағы

Тақырыбы:

Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»

hello_html_52df6cd3.png



Өткізген: Абдрахманова Айгүл Ертайқызы

Сыныбы: 7 «Ә» сыныбы








Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»

Сабақтың мақсаты: білімділік – ақынның өмір жолы мен шығармашылығын түсіндіре отырып, өлеңнің көркемдік ерекшелігін таныту, білімді дамыта отырып, танымдық қабілетін арттыру;

дамытушылық – өлеңді теориялық талдауға машықтандыру, шығармашылық жұмысқа үйрету.

тәрбиелік – елін, халқын, анасын қастерлеуге, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: шығармашылық зерттеу сабағы.

Қолданылатын әдістер: сұрақ – жауап, оқыта үйрету, мәнерлеп оқу, жатқа оқу, жартылай іздендіру, салыстыру.

Көрнекілігі: ақын шығармалары, тірек сызба, талдау жүйесі, ақын суреттері, бүктемелер-слайдтар

Сабақтың эпиграфы:

Не көрсем де, Алаш үшін көргенім,

Маған атақ – ұлтым үшін өлгенім.

Мағжан

  • Ұйымдастыру.

  1. Амандасу

  2. Оқуға зейін аудару

  3. Оқу құралдар дайындығы

Үй тапсырмасы. «Туған жердің табиғаты» суреттеме, ой толғау, суреттерін тексеру.

Жаңа сабақ

Ақын туралы мәлімет

Мағжан Жұмабаев (1893 - 1938)

Қазақтың танымал ақыны – ұлттың ақыны, халық ақаны, сыршыл ақын.

Туған жері – Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы.

Ата-анасы – беделді, дәулетті Жұмабай қажы.

Білімі – 4 жасында ауыл молдасы, «Ғалия» медресесі, Омбы мұғалімдер семинариясы

Ұстаздары – Ғалымжан Ибрагимов, Міржақып Дулатов

Қызметі – мектеп мұғалімі, газет редакторы

Ақындығы – «Мен жастарға сенемін», «Сағындым», «Қорқыт», «Батыр Баян», «Толқын», «Шолпы».

Мағжан туралы айтылғандар:

«Мен Мағжанды сүйемін!Оның Еуропалығын, әшекейін сүйемін...» М.Әуезов

«Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Қай өлеңін оқысаңыз да, әлде мұңайтады, әлде өкіндіреді, әлде оятқызады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді» Ж.Аймауытов.

«Сүйемін» өлеңін мәнерлеп оқу (мұғалім).

Оқушыларға 1 шумақтан оқыту, өлеңді талдау, сызба түрінде мазмұнын меңгерту, оқушыларға мәтін бойынша жұмыс жасату.

«Сүйемін»

Сөздік жұмысы

Тасбиық – діни адамдардың сиыну үшін қолданылатын моншақ тізбектері.

Алаш – ежелгі қазақ тайпаларының ең алғаш қауым болып біріккен одағы

Кебін – өмірден өткен адамды орайтын ақ матадан тігілген киім.

Жұмақ – о дүниедегі жайлы жер.

Салыстыру

Мағжан Мұқағали

«Сүйемін» «Үш бақытым»

Қарт ана Халқы

Адал жары Отаны

Халқы Тілі

Туған жері



Бекіту кезеңі.

Талдау

Сыртқы

  1. М.Жұмабаев кім?

  2. Оның қандай шығармаларын білесіңдер?

  3. Өлең неге сүйемін деп аталған?

  4. Ақын кімді сүйеді?

  5. Сарыарқа қай жерде орналасқан?

Ішкі

  1. Өлеңнің тақырыбы не?

  2. Идеясы қандай?

  3. Шумағы нешеу?

  4. Неше тармақ бар?

  5. Ұйқасы қандай?

  6. Қандай көркемдегіш құралы бар?

  • Шығармашылық жұмыс

«Мағжан және мен сүйетін туған жер»

хат өлең ой толғау

Тірек сөздер: Туған жер, Отан-ана, тәуелсіз ел, егеменді елдің ұланымын.

  • «Жаттап ала қояйық» тапсырмасы

Өлеңнің әр тармағынан 1-2 сөз қалдырып, тақтаға слайд арқылы көрсету. Қалып қойған сөздерді қосып жатқа айтқызу.

Күлдей ............................................. шашы бар,

Тоқсан бесте ..................................................... .

.................................................. – сұп-сұр көр,

Тасбиық санап .................................................

..................................................................үңіліп,

Көрше ...................................................

Менің бір .................................................... бар.

.............................................................................

Сол ..................................................... сүйемін!

Сағымы .................................................құрады,

Бораны ................................................ тұрады,

Қыс - .................., жаз - ....................................

............................. Жоқ, ........................... жоқ,

........................мәңгі өлік .................................

Сарыарқа .........................................................

...........................................................................

Сол ....................................................сүйемін!

  • Қорытындылау: Бүгінгі сабағымызда Мағжанның «Сүйемін» өлеңін талдадық. Енді сабақта бір жүйегі келтіріп ой түйгенде ақынның мына өлеңін айтқанды жөн көрдім.

Жырымменен жанын жұбатам,

Жырымменен жұртымды оятам,

Несіне жас төгейін...

Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім!

Міне, Мағжан - осындай өлеңді өмірім деп түсінетін ақын екен. Оның қиялы бай, қабілеті мол, ешкімге ұқсамайтын өолтаңбасы бар ақын. Мағжан аталарыңның осы өлеңі арқылы сендердің де Отан сүйгіш, елжанды, адал азамат болатындарыңа сенемін!





Автор
Дата добавления 18.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров56
Номер материала ДБ-364331
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх