Инфоурок Другое СтатьиМағжан Жұмабаевтың келешек ұрпақ тірбиесіне қосқан үлесі

Мағжан Жұмабаевтың келешек ұрпақ тірбиесіне қосқан үлесі

Скачать материал

 

 

 

                                          ҚОЖАХМЕТОВА БОТАКӨЗ ҚУАНЫШҚЫЗЫ

    ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ,ҚАРАБАЛЫҚ АУДАНЫ

БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ ӘКІМШІЛІГІНІҢ

СТАНЦИОННЫЙ ОРТА МЕКТЕБІ

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ КЕЛЕШЕК ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Мен Қожахметова Ботакөз Қуанышқызы Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Станционный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімімін. Осындай ұйымдастылылып отырған іс-шараларға қатысып отырамын. Сіздерге творчкстволық табыс тілеймін. Келе жатқан төл мерекеміз құтты болсын!!!

   Ұлы Ыбырай атамызға арналған ғылыми-практикалық конференцияға, Ахмет Байтұрсыновтың педагогикасына арналған конференцияға да қатысып, сертификатқа ие болдым. Енді Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференциядан қалай қалып қоямын?

Осы 20 жылдық тәжірибемде қаншама шәкірттерді ұшырдым. Соның ішінде өмірден өз орнын тауып, елі үшін еңбектеніп жатқандары баршылық. Оқушыларыма «Мен өскенде кім боламын?» деген  еркін тақырыпқа шығарма жазғызған кезде бір оқушымның жазған шығармасын қалай аяқтағаны  есімде қалыпты.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанаты,

Мен жастарға сенемін!-деп Мағжан атамыз жазып кеткендей, атамыздың өсиетіне кір келтірмейтіндей өскенде елі үшін жанын беретін, білімді, қайратты азамат болғым келеді!!!

Міне сол оқушым қазір әлі күнге дейін хабарласып, айтып отырады. Жағдайы жақсы, оқуын ойдағыдай бітіріп, жұмысын істеп жүр.

             Мағжан Жұмабаев Солтүстік Қазақстанда өз ортасына белді,беделдi бақ пен дәулет қонған Жұмабай қажы әyлетінде дүниеге келген.Төрт жасынан-ақ оның құйма құлақтығы,ерeкше қабiлеттілігi танылады. Мағжaн үш жасында атaсы Жұмабайдан: Менiң атымды осы немeрем түбiнде әлемге әйгі ететін болады-деп бата алған. Үлкеннен бата алған адам түбінде жерде қалмайды.

             Мағжан төрт жасында мектеп есігін ашып,хат таниды.Оның ақындық таланты да ерте оянды.Абайдың 1909 жылы Петербургте шыққан өлеңдер жинағын бaла Мағжaн сол жылы-aқ оқығaн. Мағжaн алғашқы өлеңін 12 жacында жaзды деген дерек бар. Жеті жылдан кейін ақынның «Қазақтың кешегі күні» өлеңі тұңғыш баспа бетіне жарияланса, көп ұзамай «Шолпан» атты өлеңдер жинағында балаларға арналған «Балалық шақ», «Қарағым», «Сал-сал Білек», «Ақ қала», Ата бата», «Күз» т.б өлеңдері жарыққа шығады. Ақын «Балалық шақ» өлеңінде ойын балаларына білімнің адам болып қалыптасуымызға тигізетін пайдасын жеткізе келе, балалық шақтарынан бастап оқу-білiмге көңiл бөлу керектiгін уақытты тек өткiзбей, бойға тек жақсылықты ғaна сіңіругe шақырады. Ал «Қарағым» өлеңінде Мағжан ақын балаға «қарағым» деп, ойын жылылықпен жеткізе отырып, баланы өзіне жақын тартып, оқуға ,білімге жетелейді. Біз ұстаздар қауымы келешек ұрпақтың санасына балалық шақтарынан бастап оқу-білімге көңіл бөлу керектігін  Мағжан атамыздың тілімен «қарағым» деп жеткізе білсек, атамыздың өсиеті орындалар еді деп ойлаймын.

 

     1913-1916 жылдар арaлығында Мағжaн Жұмабaевтың aқындық, азамaттық тұлғacы қалыптacып, Омбыдa «Бірлік» атты қоғам құрылып, сол қоғaмның «Балaпан» деген қолжaзба журналына редакторлық қызмет етеді. Өзінің баласы болмaса да, өзгe балалaрға аталық махаббатын аяғaн емес. Ақынның балaжандығы оның шығармaларында айқын сезіледі. Сондықтан болар ақын шығармаларын оқи үстіне оқи бергің келеді.Мағжан ата қазақ балалар әдебиетінің іргетасын қалayға өз үлесін қocты.Балалaрға көптеген маржaн жырларын арнaды . Сонымен қатар ғылыми еңбектер, оқулық, әдістемелік құралдар жазды. «Педагогика» кітабынан  барлық ұстаздар қауымы   өздеріне керекті материалдарын алады.  Ұлы Абайдың: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген сөзі күллі ұстаз қауымына айтылғаны тегін емес. Жалықпай еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымы  сол кезеңдегі Абай, Ыбырай, Ахмет, Мағжан сынды асылдарымыздан  үлгі-өнеге алып, сол ізбен жүріп, үйретіп келе жатыр.Қазақ баласын тәрбиелеуде бұндай  кітаптардың қазіргі күнге дейін таптырмайтын құрал екені баршаға мәлім. Бұл жерде Ыбырай атамыздың  «Кел, балалар, оқылық», Ахмет Байтұрсыновтың «Мұғалімі қандай болса, оқушы да сондай болады» деген қанатты сөздері сонымен қатар

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан,

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан»,- деген қайталанбас сөздерді оқушы жүрегіне жол тапқызатындай етіп жеткізу біздің міндетіміз...

 

Ақын атамыздың алдына қойған мақсаты: баланың  дүниетанымын байыту, жас жанның жүрегінде құлықтылық, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін сіңіру және осы қасиеттерді бала бойы мен ойына ойнап жүріп дарытатындай, ауыл балаларының ұлттық ойындарына еңбек тақырыбын да көтереді.  Мысалы ауыл балалары қардан аққала соғып, қардан үй жасап еңбектенеді. Бір –бірімен асыр салып ойнап жүріп еңбектенуге үйренеді. Балаларды еңбекке баулуда «Бөбектің тілегі» өлеңінде:

Әукем, бұзауды алты тап,

Әукелері салпылдап,

Өгіз болсын атандай,

Бақайлары майысып,

Елемесін қайысып

Адам мінсе атамдай,- деп әр төл үшін мейірлі сөз табады. Бұл өлең жолдары балалар үшін тез жаттауға ыңғайлы, дауыстап айтуға қызықтырады.Мағжан атаның тілегі  ол әр қазақ баласы елім, жерім, Отаным деп өз ұлтының  жанашыр азаматы болып өссе деген ниеті еді. Біздің  Мағжан Жұмабаев атамыздан   үйренеріміз көп...

     Біз ақын атамыздың  өлеңдерін бастауыш сыныптан бастап оқып келеміз. Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі», «Мен кіммін?», «Жылқышы», « Қысқы жолда» т.б өлеңдерін оқығанда, білімге ынтығып, сүйсініп, ерекше әсерге бөленесің. Бірақ қазіргі заманда кітап оқығысы келмейтін ұрпақтың санасына қалай кіргіземіз деп еңбек етіп жүрміз...

    «Қазағым», «Әже», Туған жер» өлеңдерінде ой иірімдері келешек ұрпақты өмірдiң жақсылығына, игi істеріне жетeлейді. «Қазақ тілі» өлеңінде қазақ халқына қауіп төнгенін, күш кемiгенін, қыран түсті қанаты қырқылғанын, ерлік, елдiк, бірлік,қайрaт,бақ, ардың жойылғанын жазып, қандай қиын жағдай болмасын өз aна тіліңді ешқашанда ұмытпауды , басқа тілге ауыстырмауды үйретеді. Әрқашан бұлыңғыр, қараңғы, суық түннен міндетті түрде жарық, жылы күн шығатынын шеберлікпен өрнектеген. Мағжанның «Немере мен әжесі» өлеңін рөлге бөліп оқи отырып, мазмұнын жеңіл түсінуге болады. Мұнда немересі әжесінен: «Көк деген не, жұлдыз не, теңіз не, тау не, шөл не деп,өзіне таныс емес сұрақтарды қояды. Әжесі бұл сұрақтарға жауап бере алмай «мектепке оқуға бар, сонда бәрін білесің» деп ақыл береді. Ақын әжесі мен немересі арасындағы сұрақ жауапты жеңіл де көркем тілмен әзілдеп жеткізе отырып, немересіне жанын үзетін әженің тәлімі, тәрбиесі байқалады. Мағжанның орыс ақындарының ықпалымен жазылған өлеңдерінен басқа қазақ  рухында жазылған шығармаларынан оның ақындық күші де молырақ көрінеді.

Орыс тілін,әдебиетін өте терең меңгергені сондай,білікті,білімді деген зиялылар,орыстардың өзі оны бас ие мойындайды.Туған әдебиетімен қоса шығыс әдебиетін,әлем әдебиетін терең меңгерген ақын,оның озық үлгілерін өз шығармашылығымен ұштастырып,қазақ поэзиясының өрнек-айшықтарын жетілдірді.

    Мағжан – ұлт ақыны. Қай ұлттың да ақыны алдымен өз топырағынан жарaлады, сол топырaқтан нәр алады. Туған халқының басындағы ayыр халді, мұңдана жырлаған жырларының өзін оптимизммен қорытып отырaды.

Ақын қaндай тақырыпты жырласa да ,бәрі «мен- Мағжaнмын» деп мұндалап тұрады. Сүйікті ақының кім десе Мағжан дер едім.

Ж.Аймауытов былай деген екен: «Мағжан сөзінде тілге жұмсақ,жүрекке жылы тиетін үлбіреген нәзік әyез, қазaқтың бұрынғы ақындарында болған емес.Қай өлеңін оқысаңыз да,әлде өкіндіреді,әлде мұңaйтады,әлде жылaтады, ,әлде есіркетеді,әлде жігер берeді».

     Мағжан-қазақ   ұлтының   ұлы ақыны. Ол-халқын шын сүйген,сонымен бірге күйінген,аянышты ел күйін көріп күйректікке,сезімталдыққа берілген шын халық досы. Қорыта келе, айтатын болсам, ұрпақ гүлденсе, ел жаңарады.  Қазіргі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша оқушыларымыздың бойынан жақсылық, адамгершілік Мағжан атамыз айтқандай ізгілік көрейік!!!

Көргенді ұрпақтан, көреген дана халық тарайды. Баланы жастайынан барымызды бағалай білуге, жақсымызды өнеге тұтып, одан сабақ алып, нәтиже шығаруға баулысақ, еңбегіміздің жемісті болары анық.Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы келешек ұрпақты тәрбиелеу жолында үлгі-өнеге болып, ұстаздар қауымына әлі талай еңбек етері сөзсіз.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мағжан Жұмабаевтың келешек ұрпақ тірбиесіне қосқан үлесі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер гостиничного комплекса

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 712 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.10.2018 1977
    • DOCX 51.3 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кожахметова Ботагоз Куанышевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 95733
    • Всего материалов: 23

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Творческие возможности в мире фотографии и медиа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 411 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек
Сейчас в эфире

Консультация логопеда. Возможно ли продуктивно заниматься с дошкольниками онлайн?

Перейти к трансляции