Инфоурок Иностранные языки Рабочие программыМағжан Жұмабаевтың «Түркістан» поэмасы

Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» поэмасы

Скачать материал

9-сынып.

Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» поэмасы

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік.

 М. Жұмабаевтың шығармашылығы жайлы алған теориялық білімдерін оқушы есінде қайта жаңғыртып, өлеңдерінің тақырыптары туралы түсінік беру.

2. Дамытушылық.

«Түркістан» өлеңі туралы алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік.

Оқушының тіл байлығын жетілдіру, М. Жұмабаев секілді өз тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты, аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, мәнерлеп оқу, жаңа технология элементтері арқылы түрлендіріп өткізу.

Сабақтың көрнекілігі: М. Жұмабаев шығармалар жинағы, өлеңдер жинағы, слайдтар.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.       

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Балалар, біз өткен сабақта «Мағжанның барлық өмірі поэзиясында» деген тақырыпқа тоқталғанбыз. Бәріміз тақтаға назар аударайық.

Осы тақырыптар аясында өз ойымызды ортаға салсақ.

1)    Неліктен Мағжан өмірін оның поэзиясымен тоғыстырамыз?

1 – оқушы: Мағжанның барлық өмірі поэзиясында . Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға ақындық үн қосып, өз өлеңдері мен мақалаларын баспасөз беттерінде жиі жариялап отырады. Бірнеше өлең жинақтары жарық көреді. Мысалы, «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел жұртының тағдырына бағышталған. Ақынның еліне, халқына, бүкіл түркі нәсілдес, қандас халықтарға деген сүйіспеншілігі, оның жырларынан анық көрінеді.

2) Неге Мағжанды ұлы ақын дейміз?

2 – оқушы: Мағжан ұлы ақын. Қазақтың кемеңгер жазушысы М.Әуезов: «Абайдан кейін Мағжанды сүйемін...Мағжан культурасы зор ақын...Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай ... бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжанның сөзі» деп, оның ақындығын да, әдебиет тарихындағы орнын да дөп басып айтқан.

3) Мағжанның лирик, сыршыл ақын аталу себебі неде?

3 – оқушы: Мағжан лирик, сыршыл ақын. Оның поэзия – қомақты жағы лирикалары. Ойлары романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жай тербетеді, адамды нәзік, сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары әр алуан: туған жер, атамекен, халық тағдыры, адамгершілік, шынайы махаббат.

Мағжан – сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілген жұмсақ, жүрекке жылы тиетін, үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шертеді, не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады.

Жаралдым топырағыңнан, сен түбім,

Жалғаны жоқ бәрі сенен жан тәнім.

Сенен басқа жерде мәңгі қараңғы

Жарық болар Шолпан, Айым, сен Күнім.

Өлеңді түсініктеме күнделігі бойынша талдау жасату

4 – оқушы: Мағжан эпик ақын. Оның қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан» сияқты поэмалар туған. «Батыр Баян» поэмасында өзінің халқына, Алашына деген перзенттік жүрегінің ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайылықпен түсірген. Ақылгөй, далагөй ақын бабаларымыз бен аты шулы батырларымызды жыр арқауына енгізіп, асқан ілтипатпен бейнеленген.

Мұғалім: Балалар, М. Жұмабаевтың ақындық өнері туралы өте тамаша баяндадыңдар. М.Жұмабаевтың ақындығы, суретшілігі туралы Ж. Аймауытов қандай пікір айтты? Қане, кім айтып жібереді?

5 – оқушы: «Мағжанның ақындық» күші, сөзге еркіндігі, суретшілігі «Баянда» толық көрінеді. Абай айтқан сөз патшасы «Баянда» бар. Адамдардың мінезін дұрыс келтіру, махаббатты, батырды, соғысты, өлімді суреттеуі өмірді түйе білгендігін көрсетеді. «Баян» - қазақ әдебиетінде бола бермеген табыс.

Мұғалім: Өте жақсы. Міне, балалар, ақындық өнердің қыр-сырын жан жүрегімен сезіне білген адамның пікірі осындай болмақ. Мағжан Жұмабаев туралы айтылған пікірлерге назар аударайық.

1. «Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжанның сөзі»

(М.Әуезов)

2. «М.Жұмабаев Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының арасындағы поэтикалық көпір»

(Ғ.Ибрагимов)

3. «Мағжанның ақындығы да, кісілігі де ерекше бөлек еді. Ақындық өміріне, біліміне келсек, алаштың екі күшті адамының бірі, тіпті ең дарындысы, күштісі Мағжан болатын. Бірі біздің осы күнгі М.Әуезов»

(С.Мұқанов)

Халқымыздың осындай адал  азаматтарының пікірлеріне қарап, М.Жұмабаевтың жұлдызы қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жанып, жарқырағанын байқауымызға болады.

М.Жұмабаев өз өлеңдерінде туған жерге деген махаббат тақырыбын айрықша жыр арқауы еткен. Қане, туған жер, атамекен тақырыбына арнаған қандай өлеңдерін білесіңдер?

6 – оқушы: «Сағындым», «Сүйемін», «Туған жер», «Туған жерім Сасықкөл», «Көкшетау», «Орал тауы», «Жел» т.б.

М.Жұмабаев өлеңдерін саралап жазып көрсету.

Ақын өз өлеңдерінде туған жерге деген жүрек жарды жырын Сарыарқасына, дүниеге келген жері Сасықкөліне арнаған. Өлеңнің әрбір жолы перзенттік сүйіспеншілікке толы.

«Сағындым» өлеңі мен «Көкшетау» өлеңін мәнерлеп оқиды.

Мұғалім: Міне, балалар ақын поэзиясында оның мінезі барынша көрініс тапқан. Оның әр сөзінен, әр жолынан, әр шумағынан ақынның өз тынысын, тіршілігін, жан жылуын, жан арпалысын, ыза-кегін, адамға деген сүйіспеншілікке толы жүрек соғысын сезінеміз.

Мағжан бойындағы бүкіл қасиет – оның поэзиясында. Ендеше Еркеш Ибрагимнің мына өлең шумағы арқылы ойымызды түйіндейміз.

Ақын болу дегенің теңіздейін тебірену,

Ақын болу дегенің анадайын емірену.

Ақын болу дегенің арыңа бір шық тұрмау,

Ақын болу дегенің жүректерді тұтқындау.

Ақын айтқан осы қасиеттің бәрі Мағжан бойында бар екеніне көзіміз жетті.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Абзал ақынның сырлы дүниесіне үңілу мақсатында бүгінгі өтетін сабағымыз ақынның «Түркістан» өлеңі.

«Әлемдегі ел өмірі ақ қағаздай байқасаң, - 

Депті бір қарт ақиқаттың құдіретіне бас иген, -

Сол қағазда нақыл сөз бен аты қалған жақсының,

Тауып айтқан сөздеріне адам түгіл тас иген», - деп

Шығыс жұлдызы Әбдірахман Жәми жырлағандай, М.Жұмабаев өлеңдерінің құдіретіне табынбасқа болмайды. Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың қай өлеңін алсақ та, адамның сезімін селт еткізіп, ойлағаныңды дөп басып айтады.

1. Ой қозғау.

«Түркістан» деген өлеңі елім, жерім, ерім деп соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық жырдың шынайы да шебер үлгісі.

Тұран көне мәдениет бесігі, сәулет өнерінің кең сарай көрінісі. Нелер ұлы ақындар ордасы. Қазақ халқының өткендегі тарихы, тағдыры, мәдениеті Тұранмен ұштасып жатыр.

М.Жұмабаев - өз тілін, ел дінін, мәдениетін, тарихын, жер – суын жетік білетін ақын.

Тақтадан көне Түркістан суреттерін көрсету.

«Түркістан» өлеңін мәнерлеп оқып беру, жекелеген шумақтарына түсінік беру.

Түркістан екі дүние есігі ғой,

Түркістан ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған.

Түріктің Тәңірі берген несібі ғой.

 

Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?

Түрікке адамзатта ер жеткен бе?

Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял

Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?

Ақынның еліне, жеріне деген нағыз шынайы перзенттік сезімін осы жолдардан байқауға болады. Түркістанға, Тұранға оқушыны ынталандыру үшін дыбыстардан керемет өрнек, сурет жасаған.

Ол Алашын алаламай, Түркістан, Тұран тұтас түндік, бәрі түрік жері, қазақ жері деп есептеген. Мұнда мекендеген халықтар бір кіндіктен жаралды деп таныған.

Өлеңге жоспар құру.

1.    Қасиетті Түркістан - бабалар мекені.

2.    Тұран жері – түркілер елі.

3.    Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял ер түрік.

4.    Тұран топырағындағы ұлы тұлғалар.

5.    Туған жер – тұғырың.

Ақын тарих қойнауына терең үңіледі. Елім деп еміренген ер азаматтарын, ел зиялыларын асқан сүйіспеншілікпен жыр етеді. Осы жерде Алаштың абзал азаматтары Шыңғыс хан, Асқақ Темір, Ұлықбек, Ибн Сина Әбуғали, Әл Фараби, Қасым хан, Есім хан, Тәуке, Абылай секілді даналарын сүйсіне еске алып, ұрпағына үлгі етеді.

Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер,

Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер.

Шыңғыстай арыстанның құр аты да,

Адамның жүрегіне жігер берер.

 

Бұл Тұран ежелден-ақ Алаш жері,

Тұрансыз тарқамаған алаш шері.

Тұранның топырағында тыныштық тапқан

Алаштың арыстаны Абылай ері.

 

Тұранның билері бар Тарағайдай,

Сол биден Темір туған от боп ойнай.

От шашып жер жүзіне Асқақ Темір,

Жарқ етіп өте шыққан нажағайдай.

 

Түріктің кім кеміткен музыкасын,

Фараби тоғыз шекті домбырасын?

Шерткенде тоқсан тоғыз түрлендіріп,

Жұбанып, кім тыймаған көздің жасын?!

 

Ертеде Оқыс, Яқсарт Жейхун, Сейхун,

Түріктер бұл екеуін дария дейтін.

Киелі сол екі су жағасында

Табасың қасиетті бабаң бейтін.

(Суреттердің жанына жазып қою)

Оқыта отырып, түсінік беру

Мағжан –халқының болашағына сенген, келешектен зор үміт күткен. Кейінгі ұрпақ шуақты күн шапағатына бөленетініне сенім білдірген. Мағжан ұлтжанды ақын. Ол бүкіл ақындық талантын ұлтына, Алашына бағыштаған. Ол әрдайым халқының адал перзенті болған. Алаш жұртын бөлмей, оған өз жүрек жылуын, жан лүпілін білдіре жырлайды. Өлең жолдарындағы әсем сөз маржандары оқушыны сұлулық әлеміне ендіріп, сүйіспеншілік сезімге бөлейді. Ақынның бізге үлгі-өнеге еткен Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланды. Той 2000 жылы 19 қазанда өтті. Осының өзінен-ақ Түркістан жерінің тарихи тамыры тереңде жатқанын байқауымызға болады.

«Түркістан» өлеңін 4 оқушыға мәнерлетіп оқыту, 1 шумақтың өлең құрылысына талдау жасау.

Өлеңде 1 шумақ, 4 тармақ, 12 бунақ бар.Өлең 11 буынды  қара өлең ұйқасымен жазылған.

Өлеңнің көркемдік тіліне талдау жасау.

Эпитет: Ер түрік, кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял.

Метафора: от болып туған, отқа ұқсап, Арқаның ардагері – қалың алаш, Алаштың арыстаны.

IV. Сабақты бекіту.

Дұрыс, енді тақтаға назар аударайық. Осы өтілген тақырып бойынша сұрақтар шығады, сендер соған жауап бересіңдер.

1.    «Түркістан» өлеңі қай тақырыпқа арналып жазылған? (туған жер, атамекен)

2.    Бүкіл түрік елі Түркістанды киелі жер – екінші Мекке деп түсінеді. Себебі неде? («Бабаның  басына барып қайту-үлкен сауап», - деп саналады)

3.    «Ер Түрік» дегенде «ер» деген эпитеттің ақынның қолданысындағы мәні неде деп түсінесіңдер?

4.     «Тұранда түрік ойнаған ұқсап отқа,

Түріктен басқа от болып жан туып па?

Көп түрік енші алысып тарасқанда,

Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?!»

Өлеңнің осы шумағындағы ақынның айтайын деген ойын анықтаңдар.

5. Бұл өлең қандай лирикаға жатады?

Қорытынды:

- Міне, балалар, ақын ағаларыңның туған жеріне деген жан толғанысы кез -келгенімізді бей-жай қалдырмайды деп ойлаймын.

Туған еліміздің жыр маржанын төккен асыл ұлдарын әрқашан ардақтап, жадымыздан шығармауымыз керек.

V. Балаларды бағалау.

VІ. Үйге тапсырма«Түркістан» өлеңін жаттау. «Жыр толғау». «Сыр толғау»

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» поэмасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по оценке имущества

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 684 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.01.2016 1337
    • DOCX 53 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Магзумов Саттар Мубаракович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Магзумов Саттар Мубаракович
    Магзумов Саттар Мубаракович
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20792
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психологические методы развития навыков эффективного общения и чтения на английском языке у младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 180 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 813 человек

Курс повышения квалификации

Английский язык для IT-специалистов

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 145 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по английскому языку в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 208 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 242 человека

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в искусстве: от постмодернизма до поп-культуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе