Инфоурок Иностранные языки КонспектыМағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі.

Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі.

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі.
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңінің идеялық мазмұнын ашу. Сол арқылы алдын ала берілген тапсырма бойынша Түркістан қаласының тарихы туралы оқушылардың әдеби, тарихи тұрғыдағы өзіндік зерттеу жұмыстарына баға беру. Мағжанның ақындығын Түркістан қаласымен байланыстыра отырып, тарихы туралы жан-жақты мағлұмат беру, ұлттық сананы қалыптастыру.

Тәрбиелік: Отанын, туған жерін поэзияны сүюге баулу, сөз өнерінің құдіреттілігін таныту, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамыту: Түркістан тарихына шолу жасай отырып, өлеңді құрылысына қарай талдауға машықтандыру, өз беттерінше өлең құрастыру дағдыларын үйрету, поэзияға қызығушылыққа, сүйіспеншілікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі:   Интербелсенді  тақта,  слайд

Мағжан портреті, ақын лирикасына арналған кесте, тірек-схема, Түркістан кесенесі, Тайқазан суреті  бойынша  бейнетаспа, «Түркістан» өлеңі жазылған аудиотаспа.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі әдіс, мәнерлеп оқу, тірек-схема бойынша практикалық жұмыстар (өлеңдерді талдау).

Сабақтың түрі:  жаңа материалдарды игеру, талдау, ізденіс сабағы,

Сабақтың барысы:

І  Ұйымдастыру  кезеңі.   Психологиялық  дайындық

ІІ  Үй  тапсырмасын  тексеру.

ІІІ Жаңа  сабақ  мазмұны.      

Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың,

Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.

Күл болсын көк, желмірілсін жер, уайым жоқ,

Көз қырымен күліп қана қарармын.

Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,

Надан адам өлім жоғын білмейді.

Өзім-патша, өзім-қазы, өзім-би.

Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?

Бұл  өлеңнің  авторы  кім, ол   қандай ақын?    Бұл  сұрақ  төңірегінде  оқушылар  өзіндік  ізденіс  жұмыстары  бойынша  білімдерін  ортаға  салады. 

 

1. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық еңбектері.

    Поэзия әлемінде айрықша із қалдырған өзіндік үлкен өнерден өрнек тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп, өлмес сөз қалдырған ақын М.Жұмабаев  тіл құнарлылығы мен ой тереңдігі, сөз қолдану шеберлігі ерекше ақын.

Ақынды толғандырған басты мәселе – қазақ елі мен жерінің тағдыры, ұлт болашағы. С.Құдаштың мынандай сөзі бар: «М.Жұмабаевты мен өзіндік ерекше табиғат болмысы бөлек ақын, өлеңнің асқан шебері санағанмын және солай санаймын да». Бұл орайда, оны Абайдың лайықты жолын қуушы, әрі дамытушы деуге болады.

Қазақ поэзиясы философиялық биікке соңына қарай Абай арқылы көтерілсе, XX-шы ғасырдың басында ұлттық әдебиетіміздегі осы Абай шыңына Мағжан да иықтаса қатар қонды. Ақылдың ақыны Абай мен сезімнің жыршысы Мағжан қазақ поэзиясының көгінде қос жұлдыз болып жарқырады.

М.Жұмабаев – әдемдік деңгейге көтерілген ақын. Оны мұндай биікке көтерген – негізінен қазақтың ұлттық поэзиясының нәрлі құнары. Ол өзіне дейінгі қазақ поэзиясын жақсы білген, керегін алған, үздіктерінен үйреніп, оларды әрі қарай дамытқан жаңашыл ақын.

2. «Түркістан» өлеңі

Оқушылар  назары  тақтаға  аударылып,  Түркістан  жайлы бейнетаспа  көрсетіледі.  

Аудиотаспадан  «Түркістан»  өлеңі  тыңдалады.

Сынып  3  топқа  бөлінеді:

 І топ  Әдебиетшілер

ІІ топ  Тарихшылар

ІІІ  топ  Зерттеушілер

Топ  басшысы  сайланып,  білім   парағы  таратылады.

Сонан  соң  оқушыларға  белгілі  уақыт  беріледі. Сол  уақыт  ішінде  әр   топ  өлең  шумақтарын  талдап,  мазмұнын  ашып,  білім  парағына  жазады  және  қорғайды.  

 

« Әдебиетшілер»  тобы  1-8  шумақтар

1-шумақ. Түркістан – екі дүние есігі ғой.

«Түркістан» деген сөз «түріктер мекені», «елі» дегенді білдірді. Өйткені, сол заманда бұл аймақты түркі тілдес халықтар мекендеген. Түркі халықтары үшін Түркістанның орны бөлек. Ежелгі тарихқа жүгінсек те оның орны солай. Бүкіл түркілердің рухани орталығы!  Қожа Ахмет Йасауидің, сонымен қатар қазақ хандары, сұлтандары, қол бастаған батырларының, қысқасы жақсылары мен жайсандарының да сүйегі жатыр. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген қағиданы берік ұстанған халықпыз.

Түркістан шежіре, ескінің көзі, жәдігер, сонау ғасырлар қойнауынан жеткен тірі тарих! Мағжан дәл тауып, бейнелеп айтқандай:

«Түркістан – екі дүние есігі ғой,

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой!»

2-шумақ. Тұран-ер түрік мекені.

3-4-5-6-шумақ. Тұран елінің табиғатын мақтан етеді.

6-7-шумақ. Өзен-көлдері.

Оқыс-Яқсарт, Жейхун-Сейхун, Амудария-Сырдария.

8-шумақ. Тұран таулары.

Тянь-Шаньдай, Хантәңірі, Тарбағатай, Памир, Алтай, Қазықұрт.

«Тарихшылар»  тобы  9-15  шумақтар

9-шумақ. Қазықұрт қасиетті тау болмаса

Топанда Нұқ кемесі тоқтар қалай?-

деген жолдарын ауыз әдебиетімен байланыстырамын. Нұқ пайғамбардың кемесі және төрт түлік мал туралы мына өлең жолдары келтіріліп түсінік беріледі.

Басында Қазықұрттың кеме қалған,

Ол әулие болмаса неге қалған?

Жетім бота түбінде жатып алып,

Ойсыл қара жануар содан қалған.

10-шумақ.

Тұрған жері – ғажайып, сиқыр.

Тұранның жері де жад, елі де жад.

Құйындай бастан кешкен күні де жад.

Жад-жадылап алу, сиқырлап алу сөзіне түсініктеме.

11-шумақ.

Тұранға құмар болғандар-Кей-Қысырау мен Зұлқарнайын.

Олар неге Тұранға құмар болды?

12-шумақ. Ақынның мақтаныш сезімі.

Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?

Түрікке адамзатта ел жеткен бе?

Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял

Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?

Поэтикалық талдау: эпитет

Тұран ерлерінің басқаға қарағанда өзгеше-жай ғана ақылды, қайратты, қиялды емес, кең ақыл, отты қайратты, жүйрік қиял. Ұлы ақын ерлерін басқа ерлерден айырмашылығын ашық, айқын таныту үшін осындай сөздерді қолданып отыр.

Тұран ерлерінің ақылы кең (мол), қайраттылығының оттылығын (күштілігін), қиялының жүйріктігін (шапшандығы) керемет екендігін айқын таныту үшін анықтауыш сөздерді әдейі қолданып тұр.

13-14-шумақ. Хандары – ардақты азаматтары.

15-шумақ. Тарағайдан тараған Темір. Қолбасшысы Ақсақ темір. XIV ғ. (1395ж)

Оның поэмаға қатысы жайлы айтылады.

 

«Зерттеушілер»  тобы  16-24  шумақтар 

16-17-18-шумақ. Данышпандары – Ұлықбек, Ибн-Сина, Фараби.

Ұлықбек (1394ж) – астрономия ғылымы негізін салушы.

Абу Ибн-Сина (980-1037) – философ, математик, астроном, медицина саласында әйгіленді. Ол – Орта Азиялық ғалым дәрігер, философ, астроном.

Әбунасыр Әл Фараби – ұлы ғұлама ғалым. Отырарда туған. Ғылымның барлық түріне дерлік үлес қосқан (математика, астрономия, медицина, музыка, табиғат ғалымдары, тіл)

Ол “Музыканың ұлы кітабы”, “Музыка жайлы талдау”. т.б. кітаптар жазған. Бұл еңбектерінде ән шығаруды, музыкалық аспаптар жасауды, әнді орындауы ғылыми жағынан жетілдіреді. Өзі бірнеше музыкалық аспап жасап шығарады. Солардың ішінде “Қыпшақ” деген де аспап болған. Ол осы күнгі қазақ, өзбек, қырғыз сияқты халықтар арасына кең тараған домбыраға ұқсас болса керек.

19-шумақ. Тұран – қара шаңырақ.

“Қара шаңырақ” – Түркістан. Түркістан қаласы – бүкіл түркі халқы тәу етіп, қасиет тұтқан ұлы бабалардың, барлық алты алаштың алтын бесігі.  Қазақтың қара шаңырағы жеті атасынан бастап, мұра болып келген киелі орда.

Осы шумақты оқыған сайын, тарих қойнауына бойлап, сырын ұққандайсың. Алатау өңірін мекен етіп, елді ел, жерді жер еткен-ау түрік бабаларымыз. Ақын соны бізге ұқ. Түріктей ер бол, ез болма деп әмір еткендей. Түріктің ұлдары Тұранды мекен етіп, кейіннен еншісін алған. Жер шұрайы, мол байлық қазақ халқының еншісіне тиіпті. Бұл – бақыт емес пе? Әрине, бақыт! Осындай қасиетті қара шаңырақтың бүгінгі иесісің! Сол қасиетті ұқ. Ұғын да іске кіріс! Елдің елдігін, әдет-ғұрпын келесі ұрпаққа жеткізер ерісің деп тұрған жоқ па? Иә, ұқ жас, достарым! Елдің ері болсаң, елдігіңді сақта!

20-21-22-шумақ. Хандары. Хандар ұстаған жол.

23-шумақ. Арқаның ардагері – қалың алаш.

Поэмада жалпы Мағжан шығармашылығында Алаш сөзі жиі кездеседі. Тілімізде алты Алаштың балалары деген ұғым бар. Ол туралы былай делінген:

Алаш, алаш болғанда

Туырлығымыз кигіз,

Керегеміз ағаш болғанда,

Бәріміз бір анадан туғандай болайық.

Әйгілі “Алты Алаш” сөзі дәл осы тұста мемлекеттік ішкі құрылымына байланысты айтылған. Олар: Ұлы жүз (Төле би), Орта жүз (Қазыбек би), Кіші жүз (Әйтеке би), Қырғыз (Қоқым би), Қара қалпақ (Сасық би), Құрама (Қиат, Қатаған), Жүз сияқты рулар.

 

24-шумақ. Бабаң бейіті – кие, құт.

Ақынның “Болмаса барсаңшы іздеп бабаң бейітін” деуінде үлкен мәні бар, “баба” деп отырғаны – Қожа Ахмет Иасауи бабамыз. Бүкіл түрік елі Түркістанды киелі жер – екінші Мекке деп түсіндіреді. Бабаның басына барып қайту үлкен сауап саналады.

 

Сабақты  пысықтау:

1.Поэмада қайталанып тұрған қай шумақ?

-соңғы шумақ.

2. Баба дегені кім?

-Қожа Ахмет. Үлкен ойшыл, парасат иесі, ақын, кемеңгер, білгір.

3.Неге шақырады?

-Адалдыққа, Алланың ақ жолына бас иген Қожа Ахмет Иасауи бабаның еңбегін қадірлеуге, басына барып тағзым етуге шақырады.

4.Ақын нені,  түркі азаматының, Алаш азаматының қандай тұлғаларын мақтан етті?

-Тұран елінің табиғатын, жерін, көлін.

-Қолбасшысын, билерін, хандарын, біртуар азаматтары мен ғұлама ғалымдарын.

 

Сабақты  қорытындылау:  

Енді шығарманың тақырыбы мен идеясын табыңдар.

 

Шығатын қорытынды

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.

Тақырыпты ашу.

Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?

Хандар – халық қалаулысы.

Қожа Ахмет баба – қасиетті тұлға.

 

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында өмір сүріп, қазақ әдебиетіне ерекше сәнімен, өлмес әдеби мұрасымен, бай сезімімен, сыршылдығымен келген М.Жұмабаевтың шығармашылығымен танысу, оқып үйрену өте маңызды. Өйткені, Мағжан шығармаларының өнеге-өрнегі сипатқа ие. Жүсіпбек Аймауытов Мағжан ақындығына былай деп баға береді: “Мағжан алдымен сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі. Мағжан не жазса да сырлы, көркем, сәнді жазады”.

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте бұлт, жерде желмін илеген,

Жер еркесі желдің жөнін кім сұрар?-деп поэзия әлемінде ерекше із қалдырған.

Сонымен, қазақ поэзиясының хан тәңірі деген атқа лайық. Мағжан ақынның биік те асқақ рухты, сырлы да сұлу сөздеріне қанығып, әлі де түсіну үшін оның құдіреттілігі мен көркемдігін тану үшін бір өлеңмен шектелу мүмкін емес. Әлі де болса, алдағы уақытта ізденеміз деп ойлаймыз.

Оқушы   еңбегін  бағалау.

 

Үйге тапсырма: Түркістаннан алған әсерім. (эссе)

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

SMM-менеджер

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі.
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңінің идеялық мазмұнын ашу. Сол арқылы алдын ала берілген тапсырма бойынша Түркістан қаласының тарихы туралы оқушылардың әдеби, тарихи тұрғыдағы өзіндік зерттеу жұмыстарына баға беру. Мағжанның ақындығын Түркістан қаласымен байланыстыра отырып, тарихы туралы жан-жақты мағлұмат беру, ұлттық сананы қалыптастыру.

Тәрбиелік: Отанын, туған жерін поэзияны сүюге баулу, сөз өнерінің құдіреттілігін таныту, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамыту: Түркістан тарихына шолу жасай отырып, өлеңді құрылысына қарай талдауға машықтандыру, өз беттерінше өлең құрастыру дағдыларын үйрету, поэзияға қызығушылыққа, сүйіспеншілікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі:   Интербелсенді  тақта,  слайд

Мағжан портреті, ақын лирикасына арналған кесте, тірек-схема, Түркістан кесенесі, Тайқазан суреті  бойынша  бейнетаспа, «Түркістан» өлеңі жазылған аудиотаспа.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі әдіс, мәнерлеп оқу, тірек-схема бойынша практикалық жұмыстар (өлеңдерді талдау).

Сабақтың түрі:  жаңа материалдарды игеру, талдау, ізденіс сабағы,

Сабақтың барысы:

І  Ұйымдастыру  кезеңі.   Психологиялық  дайындық

ІІ  Үй  тапсырмасын  тексеру.

ІІІ Жаңа  сабақ  мазмұны.      

1. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық еңбектері.

    Поэзия әлемінде айрықша із қалдырған өзіндік үлкен өнерден өрнек тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп, өлмес сөз қалдырған ақын М.Жұмабаев  тіл құнарлылығы мен ой тереңдігі, сөз қолдану шеберлігі ерекше ақын.

Ақынды толғандырған басты мәселе – қазақ елі мен жерінің тағдыры, ұлт болашағы. С.Құдаштың мынандай сөзі бар: «М.Жұмабаевты мен өзіндік ерекше табиғат болмысы бөлек ақын, өлеңнің асқан шебері санағанмын және солай санаймын да». Бұл орайда, оны Абайдың лайықты жолын қуушы, әрі дамытушы деуге болады.

Қазақ поэзиясы философиялық биікке соңына қарай Абай арқылы көтерілсе, XX-шы ғасырдың басында ұлттық әдебиетіміздегі осы Абай шыңына Мағжан да иықтаса қатар қонды. Ақылдың ақыны Абай мен сезімнің жыршысы Мағжан қазақ поэзиясының көгінде қос жұлдыз болып жарқырады.

М.Жұмабаев – әдемдік деңгейге көтерілген ақын. Оны мұндай биікке көтерген – негізінен қазақтың ұлттық поэзиясының нәрлі құнары. Ол өзіне дейінгі қазақ поэзиясын жақсы білген, керегін алған, үздіктерінен үйреніп, оларды әрі қарай дамытқан жаңашыл ақын.

2. «Түркістан» өлеңі

Оқушылар  назары  тақтаға  аударылып,  Түркістан  жайлы бейнетаспа  көрсетіледі.  

Аудиотаспадан  «Түркістан»  өлеңі  тыңдалады.

Сынып  3  топқа  бөлінеді:

 І топ  Әдебиетшілер

ІІ топ  Тарихшылар

ІІІ  топ  Зерттеушілер

Топ  басшысы  сайланып,  білім   парағы  таратылады.

Сонан  соң  оқушыларға  белгілі  уақыт  беріледі. Сол  уақыт  ішінде  әр   топ  өлең  шумақтарын  талдап,  мазмұнын  ашып,  білім  парағына  жазады  және  қорғайды.  

 

« Әдебиетшілер»  тобы  1-8  шумақтар

1-шумақ. Түркістан – екі дүние есігі ғой.

 «Түркістан – екі дүние есігі ғой,

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой!»

2-шумақ. Тұран-ер түрік мекені.

3-4-5-6-шумақ. Тұран елінің табиғатын мақтан етеді.

6-7-шумақ. Өзен-көлдері.

Оқыс-Яқсарт, Жейхун-Сейхун, Амудария-Сырдария.

8-шумақ. Тұран таулары.

Тянь-Шаньдай, Хантәңірі, Тарбағатай, Памир, Алтай, Қазықұрт.

«Тарихшылар»  тобы  9-15  шумақтар

9-шумақ. Қазықұрт қасиетті тау болмаса

Топанда Нұқ кемесі тоқтар қалай?-

деген жолдарын ауыз әдебиетімен байланыстырамын. Нұқ пайғамбардың кемесі және төрт түлік мал туралы мына өлең жолдары келтіріліп түсінік беріледі.

10-шумақ.

Тұрған жері – ғажайып, сиқыр.

Тұранның жері де жад, елі де жад.

Құйындай бастан кешкен күні де жад.

Жад-жадылап алу, сиқырлап алу сөзіне түсініктеме.

11-шумақ.

Тұранға құмар болғандар-Кей-Қысырау мен Зұлқарнайын.

Олар неге Тұранға құмар болды?

12-шумақ. Ақынның мақтаныш сезімі.

Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?

Түрікке адамзатта ел жеткен бе?

Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял

Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?

Поэтикалық талдау: эпитет

13-14-шумақ. Хандары – ардақты азаматтары.

15-шумақ. Тарағайдан тараған Темір. Қолбасшысы Ақсақ темір. XIV ғ. (1395ж)

Оның поэмаға қатысы жайлы айтылады.

 

«Зерттеушілер»  тобы  16-24  шумақтар 

16-17-18-шумақ. Данышпандары – Ұлықбек, Ибн-Сина, Фараби.

Ұлықбек (1394ж) – астрономия ғылымы негізін салушы.

Абу Ибн-Сина (980-1037) – философ, математик, астроном, медицина саласында әйгіленді. Ол – Орта Азиялық ғалым дәрігер, философ, астроном.

Әбунасыр Әл Фараби – ұлы ғұлама ғалым.

19-шумақ. Тұран – қара шаңырақ.

“Қара шаңырақ” – Түркістан. Түркістан қаласы – бүкіл түркі халқы тәу етіп, қасиет тұтқан ұлы бабалардың, барлық алты алаштың алтын бесігі.  Қазақтың қара шаңырағы жеті атасынан бастап, мұра болып келген киелі орда.

20-21-22-шумақ. Хандары. Хандар ұстаған жол.

23-шумақ. Арқаның ардагері – қалың алаш.

24-шумақ. Бабаң бейіті – кие, құт.

Ақынның “Болмаса барсаңшы іздеп бабаң бейітін” деуінде үлкен мәні бар, “баба” деп отырғаны – Қожа Ахмет Иасауи бабамыз. Бүкіл түрік елі Түркістанды киелі жер – екінші Мекке деп түсіндіреді. Бабаның басына барып қайту үлкен сауап саналады.

 

Сабақты  пысықтау:

1.Поэмада қайталанып тұрған қай шумақ?

-соңғы шумақ.

2. Баба дегені кім?

-Қожа Ахмет. Үлкен ойшыл, парасат иесі, ақын, кемеңгер, білгір.

3.Неге шақырады?

-Адалдыққа, Алланың ақ жолына бас иген Қожа Ахмет Иасауи бабаның еңбегін қадірлеуге, басына барып тағзым етуге шақырады.

4.Ақын нені,  түркі азаматының, Алаш азаматының қандай тұлғаларын мақтан етті?

-Тұран елінің табиғатын, жерін, көлін.

-Қолбасшысын, билерін, хандарын, біртуар азаматтары мен ғұлама ғалымдарын.

 

Сабақты  қорытындылау:  

Енді шығарманың тақырыбы мен идеясын табыңдар.

 

Шығатын қорытынды

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.

Тақырыпты ашу.

Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?

Хандар – халық қалаулысы.

Қожа Ахмет баба – қасиетті тұлға.

Оқушы   еңбегін  бағалау.

 

Үйге тапсырма: Түркістаннан алған әсерім. (эссе)

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 277 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.04.2015 7362
    • DOCX 26.2 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Doszhanova Rakhiya Kayumovna. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Doszhanova Rakhiya Kayumovna
    Doszhanova Rakhiya Kayumovna
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7434
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основные методики в области преподавания испанского языка

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания немецкого языка в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 68 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель английского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная работа с Wildberries: от создания личного кабинета до выбора продукта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе