Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Мәдени өсімдіктер. Мәдени өсімдіктердің көбеюі және оған қажетті жағдайлар.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Мәдени өсімдіктер. Мәдени өсімдіктердің көбеюі және оған қажетті жағдайлар.

библиотека
материалов

hello_html_m6c39fc93.gifhello_html_218483a.gif
hello_html_13e14e7e.gifCабақтың тақырыбы: Мәдени өсімдіктер. Мәдени өсімдіктердің көбеюі және оған қажетті жағдайлар.

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Оқушыларға мәдени өсімдіктер туралы түсінік қалыптастыру. Жабайы өсімдіктерден айырмашылығы және шыққан орталықтары жайында білім беру. Дамытушылық: Мәдени өсімдіктер түрлерін меңгерту, есте сақтау қабілетін, ой-өрісін дамыту. Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Сабақтың  көрнекілігі: Кесте, тірек-сызбалар,тақырыптық суреттер. Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі.

Сабақтың  барысы:

І.Ұйымдастыру  бөлімі:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі дүниетану сабағын мен өткіземін, аты-жөнім- Әйкен Гүлжанат Мұғалімбекқызы.

Оқушылар  назарын  сабаққа  аудару. 

Психологиялық дайындық:

- Балалар, сабағымызды бастамас бұрын сендердің бүгінгі сабаққа деген дайындықтарыңды тексергім келіп тұр.

- Бүгінгі күнге деген көңіл-күйлерің қандай? (1рет шапалақтау)

- Сабаққа дайынсыңдар ма? (2рет шапалақтау)

- Өте керемет! Ал,енді балалар мына әріптерден сөздер құрастырайық. Әрбір сөз 4әріптен құралады.


Б





Л





І





Р



Й



С



Қ












ІІ.Өткенді  қайталау: Алма ағашында ілулі тұрған алмалар артындағы тапсырмаларды орындау.

hello_html_3fd473b7.pnghello_html_3ee9f6ec.pnghello_html_3ee9f6ec.pnghello_html_3ee9f6ec.pnghello_html_3ee9f6ec.png hello_html_3ee9f6ec.png - Балалар, өткен сабақта қандай тақырып өттіңдер?

- Жемістің ішінде не болады?

- Тұқымның қандай түрлері болады?

- Құрғақ жемістерді атаңдар?

- Шырынды жемістерді атаңдар?

- Алма жемісінің тұқымы қандай?

- Неліктен шырынды жеміс?

- Жарайсыңдар! Бүгінгі сабаққа жақсы дайындалып келіпсіңдер.

Үй тапсырмасы: «Тұқым және жеміс» мәтінін әңгімелеу.

III. Жаңа сабақты түсіндіру: - Балалар, сендер өткен сабақтарда өсімдік және оның мүшелері туралы өттіңдер? - Олай болса, өсімдік тіршілігіне не қажет екен? «Өсімдік тіршілігі» атты кластерді құрастырту: шашылған қима қағаздардағы сөздерді топтастырып, кластерді құрау.

Өсімдік тіршілігі

жарық

жылу

су

ауа

қорек

Көктем

Күз мезгілі

жаңбыр

Жаз мезгілі

суару

тыңайтқыш

Қопсыту

топырақ





- Балалар, енді біз өсімдік түрлерімен танысамыз? Өсімдіктердің түрлері өте көп. Біз бүгін «Мәдени өсімдіктер. Мәдени өсімдіктердің көбеюі және оған қажетті жағдайлар» туралы өтеміз. - Мәдени өсімдіктер дегеніміз не? Ерте кезден-ақ адамдар жабайы өсімдіктерді баптап, суарып қолда өсірген. Сондықтан мұндай өсімдіктерді мәдени өсімдіктер деп атайды. - Мәдени өсімдіктердің қандай түрлерін білесіңдер?

Мәдени өсімдіктер

Дәрілік

Май





Тағамдық




Көкөністік






Астық






ұлсы

ыарт

үеріжг

қабұрш

нүзәйт

атақм

япиз

токарп

зісәб

Астықтар қатарына: бидай, сұлы, жүгері, тары Көкөністер қатарына: сәбіз, орамжапырақ, қызанақ, қияр, пияз, картоп Май алынатындар қатарына: күнбағыс, ас бұршағы, зәйтүн, мақта жатады. Сыныпты 3топқа бөлемін. Әр топқа мәдени өсімдіктерге байланысты ат қойылады және әрбір топқа қима қағаздар таратылады. Қима қағаздарда ретсіз орналасқан әріптерден құралған мәдени өсімдіктердің түрлері жазылады. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындап, өсімдік түрлерін топтастырады. I топ- Бидай:

II топ- Күнбағыс:

III топ-Қияр:

-Жарайсыңдар! (жеңіске жеткен топты марапаттау) IV.Оқулықпен жұмыс: Оқулықтағы мәтінді оқыту; Сурет бойынша әңгімелеу.Тізбектетіп оқыту. - Өсімдіктер не арқылы көбейеді?

Тұқым

түйнек

Тамыр

Мұртша

м

Өсімдіктердің көбеюі



Сергіту сәті. Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай теректер, Үлкен болып өседі. V. Ой қозғау. Жұмбақ шешу: Ұзын мұртты сарылар. Қойнында наны бар. (бидай) Көк лағым көгенде тұрып семірген. (қарбыз) Әрі қызыл, әрі тәтті, Татқан жанды таңырқатты. (алма) Жер астында темір қазық. (сәбіз) Аласа ғана тойы бар, Қабат-қабат тоны бар. (орамжапырақ) Күннің нұрын сүйемін, Күнге басымды иемін. Моншағым жоқ мойнымда, Үлкен қалпақ киемін. (күнбағыс)

Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады. (пияз) Үлкендігі алмадай, Сырты жанған қызыл от, Ішін жарып қарасаң- Майда,майда қызыл шоқ. (Анар) VI. Дәптермен жұмыс: Кесте толтыру.Әр партадағы оқушыларға кестелер таратылып беріледі. Бірлесіп жұмыс жасайды.

Сипаттап жазу

Көлемін сипаттау

Жемістің қай түріне жатады?

Қарбыз

Сырты қатты, іші жұмсақ. Түсі жасыл

Домалақ, үлкен

Шырынды

VII. Бекіту: «Кім жылдам?» Көкөніс аттарын тақтаға іліп. Сөздер құрастыру. «Орамжапырақ» - жапырақ, ақ,ора,ор, арық, жарық, қар т.б. «Күнбағыс» - күн, үн, бас, нас, сан, ағыс, ас т.б. VIII.Үй тапсырмасы: Оқулықта берілген мәтінді оқу. Қыс мезгіліне байланысты сурет салу. IX.Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды стикерлер арқылы бағалау.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 15.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров611
Номер материала ДВ-341473
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх