Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / МДругие методич. материал "Қыз сыны"

МДругие методич. материал "Қыз сыны"


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы:«Ажарлы сұлу ғажап тым, қыздары қандай қазақтың?!»

Мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай қасиеттерге бағыт- бағдар бере отырып, олардың бойында қарапайымдылық, әсемділік, өнерге қызығушылық, сахна мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, салт-дәстүрімізді ары қарай жалғастыруға себепші болуға баулу.

Көрнекілігі: күйтаспа, қанатты сөздер, қабырға газеттері, сахна шармен, гүлдермен безендіріледі.

Төмендегі номинациялар бойынша өнер көрсетеді:

  1. Мен қазақтың қызымын! (Таныстыру)

  2. Өнерліге өріс кең

  3. Мақал-мәтел

  4. Ас мәзірі

  5. Жағдаят


1- Жүргізуші: Армысыздар, оқушылармен ұстаздар! Қыз сыны байқауына қош келдіңіздер!

Осы байқау 7 а,б- сынып оқушы қыздары арасында: Көктем аруын анықтау мақсатында қыз сыны байқауын өткізгелі отырмыз. Бұл байқау қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады. Сондықтан ибалы, инабатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен бастауға рұқсат етіңіздер.


2-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті көрермендер, ұстаздар!


1-жүргізуші: Бүгінгі «Ажарлы сұлу ғажап тым, қыздары қандай қазақтың?!» атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!


1-жүргізуші:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе,елдің көркі» деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,


2-жүргізуші:

Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,

Көркімен таң қалдырған талай жұртты.

Қыздардың қылығымен өмір қызық,

Қыздардың ғұмырымен заман тәтті.


1-жүргізуші:

Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,

Еңбектегі әріптестер мақтаны.

Өнеріңді ортаға сал, сайысқа

Өнер көрсет, құрбылармен жарыста.



2-жүргізуші:

Мың бұралған арулар билей басып,

Келеді міне, ортаға толқып-тасып,

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!



  1. Жүргізуші:

Ал енді, бүгінгі байқауымызға қатысатын аруларымызды қарсы алайық.

Ән салуға жалықпайды

Шаршамайды, сірә бір

________________сан өнері бар,

Сырын терең ұға біл.

1 – ші талапкеріміз 7 «а» сынып оқушысы ________________________


2-Жүргізуші:Ұстазын анасындай құрметтеген

Жаны мөлдір, ісі жоқ дүрмекпенен.

____________ қыз ұстазының айнасы ғой

Сегіз қырлы, бір сырлы болсам деген.

2– ші талапкеріміз 7 «б» сынып оқушысы ________________________


1-Жүргізуші: Сыпайы оның мінезі,

Күліп жүрер ақырын

Қыз сынына кеп қапты

Жүрек жұтқан _______________қыз.

3 – ші талапкеріміз 7 «а» сынып оқушысы ________________________


2-Жүргізуші: Алайық қарсы ______________

Үлгілі қыз бұл ибалы

Мерекеге бүгінгі

Әкелген көп бар сыйлары.

4– ші талапкеріміз 7 «б» сынып оқушысы __________________________


1-Жүргізуші:Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,

Бір жұмысты екі істеп сабылмас.

Ашық қабақ, торсық шеке, томпақ бет,

_______________ер жүрек қыз табылмас

5– ші талапкеріміз 7 «а» сынып оқушысы ___________________________


2-Жүргізуші:_______________ өнерлі

Күліп жүрер ақырын,

Жолың болсын Самал

Өнеріңді төк енді.

6– ші талапкер іміз 7 «б» сынып оқушысы _________________________


1-жүргізуші:

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,

Әділқазы алқасымен танысайық.







2- Жүргізуші

Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші

Аруы деп мектептің жүрейікші

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал аруларға тек сәттілік тілейікші!

1-жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне _________________________ орындауындағы «_________________» атты әнін қабыл алыңыздар.


2-Жүргізуші:

1 ші номинация. «Мен қазақтың қызымын!» Сахнадағы алғашқы көрініс өзін өзі таныстыру.Белгілі бір музыка ырғағында қыз бала сахнадан жүріп өтеді. Қимыл-әрекеті жарасымды қозғалыспен кешкі сән үлгісін ұсынады. Бұл номинация бойынша олардың жүріс- тұрысы, сырт келбеті және кешкі сән үлгісіндегі көйлектері бағаланады (4мин).

Ақ арулар келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға,

Қорықпастан сахнаға келіп жетті.

Әдеппен, ізетпен танысуға.


1-жүргізуші:Өнер қуып арулар өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен алты ару кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.

Таныстырсын өздерін,

Тамылжытып сөздерін - кезек аруларда


Әділқазы бағаларын береді.


2-жүргізуші:

Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары.

1-жүргізуші:

Көрерменге қызықты ғой би деген,

Мың бұрала бишілер бар билеген

Талай өнермен тамсандырар бұл сәтте

Енді бір сәт танысайық бименен. Қымбатты арулар мектебіміздің жас бишіcі____________________________, __________ биін ұсынбақ. Қол шапалақтап қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші:

Екінші кезең- өнерліге өріс кең.

Өнерсіздер қашып жүр,

Өнермен үлгі шашып жүр,

Өнерді көп білетін дана болар,

Өнерсіздің ісі шала болар.

1-жүргізуші:

Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатар жолында,- деп кезекті Өнерлі қыздарға береміз. Қыздар өз өнерлерін көрсетеді.

Әділқазы бағаларын береді.


2 жүргізуші:

Қабыл алшы өнерлерін баланың

Тілектері орындалсын ананың

Кең даламда шарықтасын әуені

Әнші жұлдыз жас өнерпаз дананың

7-сынып ән_______________________________


1-жүргізуші: 3-кезең:

Ақылдылық қыздарға жарасады,

Көзі ашықпен бәрі де санасады.

Келесі мақал-мәтел сайысында

Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекті

Мақал-мәтел сайысына береміз (5мин).


2 жүргізуші: Ана алдында — құрмет,

Ата алдында — қызмет.


1-жүргізуші:Ақ жаулығы ананың —

Ақ көрпесі баланың.


2 жүргізуші:Ағайын — алтау,

Ана — біреу.


1-жүргізуші:Ана алақанының аясы —

Ақ шынардың саясы.


2 жүргізуші:Ананың сүті—бал,

Баланың тілі — бал.


1- жүргізуші:Ананың ойы ұяда,

Баланың ойы қияда.

Анаңа ауыр сөз айтпа!

Атыңа ауыр жүк артпа!


2-жүргізуші:Ана сүтін ақтамағанды

ешкім мақтамайды.

1-жүргізуші:Астың дәмін тұз келтірер,

Ауылдың сәнін қыз келтірер.


2-жүргізуші:Отаулап берген қыздың

Отын, суы аз болмас.


1-жүргізуші:Қызды асырап білмеген күң етер,

Жібекті түте алмаған жүн етер.


2-жүргізуші:Шешесіне қарап қызын ал,

Аяғына қарап асын іш.


1-жүргізуші:Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.


2-жүргізуші:Қызы бардың назы бар.


1-жүргізуші:Екі ауылдың арасын жол қосады,

Екі елдің арасын қыз қосады.


2-жүргізуші: Ақылды қыз білімге жүгірер,

Ақылсыз қыз сөзге ілігер.


1-жүргізуші: Қыз өссе елдің көркі

Гүл өссе жердің көркі.


2-жүргізуші: Қызыңды құтты орнына қондырғанша күт,

Ұлыңды отау иесі болғанша күт.


1-жүргізуші: Жақсы қыз - жағадағы құндыз,

Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз.


Әділқазы бағаларын береді.


  1. Жүргізуші: «Анаңды Меккеге жаяу үш рет көтеріп апарсан да, ананың ақ сүтің ақтай алмайсын»-деген сөз бар. Аналарды ардақтауға, қамқорлық жасауға-парыздармыз. Осы айтылғандай алдарыңызда оқушылардың орындауында «Балаға өсиет» атты монолог.

Оқушылар айтады __________________________

-Сенің бір жасында, анаң сені емізді,кірінді жуып, тазалады. Бұның рахметіне сен түні бойы жыладың.

-Сен екі жасқа толғанында, анаң саған жүруді үйретті. Ал сен болсаң, анаң шақырғанда қашатын едің.

-Сен үш жасқа толғанда, анаң саған ең дәмді тағам әзірледі. Ал сен болсаң табақтарды жерге лақтырдың.

-Сен төрт жасқа келгеніңде, қолына қалам беріп, жазуды үйретті. Ал сен болсаң дуалдарды шимақтадың.

-Бес жасқа толғанында, анаң сені әдемі киіндірді, бұның рахметіне сен үйге кір-қожалақ болып оралар едің.

-Алты жасқа толғаныңда, анаң сені мектеп қабырғасына алып келді. Ал сен болсаң «оқымаймын» деп, «бақырып жылап» сабақтан қаштың.

-Он жасқа толғаныңда, анаң сені құшағына алу үшін мектептен қашан келер екен деп сарғая күтіп отырады. Ал сен болсаң дереу бөлмене асықтың.

-Сен он сегізге толып, ер жеткеніңнде, анаң балам «есейді» деп көзіне жас алды. Ал сен болсаң мен «машина» мінгім келеді дедің.

-Жасың жиырмаға толғаныңда, анаң «балам біршама үйде отыршы» деп өтінді, ал сен болсан бар уақытыңды достарыңа ысырап еттің.

-Сен жиырма беске келгеніңде, анаң той жасап сені үйлендірді. Ал сен болсаң «лажы болса үйден ұзақ болайын» деп ананды тастап, әйеліңмен бірге еңшінді алып кеттің.

-Жасын отызға толып бала-шағалы болғанында, анаң «бала тәрбиесінде» көмек бергісі келді. Ал сен болсаң «менің жеке басымның тірлігіне, жеке өміріме» араласпа дедің.

-Сен отыз беске келгеніңде, анаң сені «тамақтануға» үйіңе шақырды. Ал сен болсаң «тығыз шаруаларым көп, уақытым жоқ» дедің.

-Сен қырыққа келгеніңде, анаң саған телефон соғып «балам мен науқаспын, сенің қолғабысына мұқтажбын» дегенде, сен «ата-ананың проблемалары балаларын мазалайды» дедің.

-Бір күні «анаң» о дүниеге аттанады. Ананың балаға деген махаббаты өзімен бірге кетеді. Білгің, ананың о дүниеге аттануымен, сен ұшін «жәннат есіктерінің» бірі жабылады. Егерде сенің анаң әлі күнге дейін тірі болса, оны жалғыз қалдырма. Қолынан келгенше анаңа жақсылық істе. Ол қандай сөз айтса да, анаңды бақытты қылуға тырыс. Ешуақытта анаңа ашуланушы болма. Оның саған деген махаббаты орналасқан «жүрегін» жаралайтын ауыр сөздер айтушы болма.

-Сенің жалғыз ғана «анаң» бар.


1-жүргізуші:4-кезең

Ендеше іске сәт сайыскерлер!

Ас көңілдің ажары деген ырым

Жақсы ғой тағамның да білген сырын,

Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер

Дайындаған жаңашыл салат түрін.

Өнер-білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті. Әр топ жасаған тағамдарын әділқазы алқаларына апарады. (уақыты 5 минут).

Әділқазы бағаларын береді.

2-жүргізуші:

Жаның таза мөлдірсің-ау бұлақтан,

Өзге күйші іздемейміз жырақтан

Шарықтап күй тартқанда шаттанып,

_______________ұлдың куйі кетпес құлақтан-дей келе ___________________ асыл жігіт, дара жігіт сіздерге өзінің _________________ атты күйін тарту етпек. Ду қол шапалақпен қарсы алыңыздар.


1-жүргізуші:5-кезең

Сайысымыздың келесі шарты: Жағдаят қатысушының ақылы, ой-өрісінің тереңдігі сарапталады. Әр сайыскерлер келіп бір билет алады. Жазылған жағдаятқа байланысты өз пікірін айтады.

1билет

1.Сабақты жақсы оқисыз, сонымен қатар саз мектебіне барасыз. Анаңыз үй шаруасынан босатқан, бәрін өзі істейді. Сіз үйде көп болғаннан гөрі дос қызыңызбен бірге уақыт өткізгенді ұнатасыз. Сіздің іс-әрекетіңіз?

2.Сүйінші деген не?



2-билет

1. Мектептен келдіңіз. Шаршағансыз. Дос қызыңызбен ренжісіп қалдыңыз, мұғалімдер де сізді түсінбейтін сияқты. Сіз анаңызға «маңызды бір нәрсе айтқым келеді» дедіңіз,

бірақ анаңыз «сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма» деді. Сіздің жауабыңыз?

2.Сыбаға деген не?


3-билет

1. Дүкеннен қымбат көйлек көрдіңіз. Кешке дискотека. Әдемі көйлек киіп, айна алдында тұрғаныңызды көз алдыңызға елестетіп, тәтті қиялға беріліп кеттіңіз. Анаңызға «әпер» деп едіңіз, «ақша жоқ» деді. Сіздің іс-әрекетіңіз?

2. Кимешек дегеніміз не?


4-билет

1. Сізге кешкі астың ыдысын жуу керек, Сіз әлі теледидардан көптен күткен телекихая көріп отырсыз. Сіңіліңіз келіп «анам ыдыс жусын деп шақырып жатыр» деді. Сіздің әрекетіңіз?

2. Байғазы деген не?


5-билет

1. Құрбыңмен отырып, уақыт қалай өткенін байқамай қалдыңыз. Анаңыздың «ертерек кел» дегенін естен шығарып алдыңыз. Не істейсіз?

2. Ит көйлек деген не?


6-билет

1. Сыныптас ұлдарыңыздың төменгі сынып оқушыларынан ақша талап еткен іс әрекетін байқап қалдыңыз. Не істейсіз?

2. Кіндік шеше деген кім?

Әділқазы бағаларын береді.


2-жүргізуші:

Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше, өнерпаздардың өнерлерін тамашалайық __________________________________________


1-жүргізуші:

Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!

Не деген құдірет едіңіздер, аналарым!

Сыйынатын болса өмірде құдірет,

Сыйынар ем ана деген тәңірге!

Анады да, мені де әлпештеген,

Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген.

Ниетің қабыл болсын, аналарым,

Өркендеп өсе берсін, бала-шаға, немерелер.

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз,- дей отырып мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді тәрбие ісі меңгерушісі ______________________________________ апайға береміз.


2-жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше, Осымен концертіміз аяқталды.








13 орта мектеп гимназиясы






Ажарлы, сұлу – ғажап тым, қыздары қандай қазақтың

(Ашық тәрбие сағаты)






Сыныбы: 7 а,б

Сынып жетекшісі:Таучабаева Ж.Б












Автор
Дата добавления 24.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров106
Номер материала ДВ-374474
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх