Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / М.Дулатұлы "Шешенің балаларын сүюі" өлеңі 8 класс

М.Дулатұлы "Шешенің балаларын сүюі" өлеңі 8 класс


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: М.Дулатұлы. Шешенің балаларын сүюі. 8 класс

Сабақтың мақсаты:

1) оқушыларға ақын өмірі туралы,шығармашылығы туралы толық мағлұмат беру.Сын тұрғысынан ойлау арқылы ақын өлеңін талқылату, өлеңнің мазмұнын аштыр

2) оқушының бұған дейінгі және сабақтан алған білімін ұштастыру

дамытушылығы: ізденімпаздығын,шығармашылық қабілетін,еркін сөйлей білуін дамыту.

тәрбиелігі: мейрімділікке,инабаттылыққа баулу, ананы сүюге, құрметтеуге, қамқорлық жасауға,сүйіспеншілікке,имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: дамыта оқыту технологиясы
Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау

Жаңа сабақта пайдаланатын стратегиялар: Венн диаграммасы, топтастыру, алма кезек оқу әдісі, «Бес жолды өлең», шығармашылық жұмыс, «Анаға хат», «Сырласу», «Әсер бөлісу» хаты, RAFT стратегиясы

Көрнекілігі: Ақынның суреті,интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру

А)түгелдеу

Ә)Сабаққа назарын аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

  • 1.Ж.Жабаевтың «Сұраншы батыр» жырын жатқа айту

  • 2.Сұраншыға «Топтастыру» жасау.


Ел ірлігін жақтаушыыыы

Айлалы,төзімді, батыр

қайырымды

мейірімді

ақылды

қамқоршы

Сұраншы

батыр


Сонымен оқушылар, өткен сабақта өтілген Ж.Жабаевтың «Сұраншы батыр» жырынан бойымызға не жинадық?

Сәтбек:

Біз Сұраншының батырлығын, ерлігін, елі үшін аянбайтындығын білдік. Бойымызға жақсы қасиеттерін жақын тұтамыз.

Батырларды мақтан тұтып,жадымызда сақтап өсеміз.

ІІІ.Жаңа сабақ.


hello_html_m284bbd4e.gif

Хронологиялық кесте арқылы ақын өмірімен таныстыру.

1885 жылы Торғай облысы Жангелдин ауданында дүниеге келген.

1897-1902 ж Торғай қаласындағы орыс-қазақ мектебіне түсіп, бітіреді

1904 жылы Омбы қаласына сапарға аттанады

1906 жылы Оралда сьезге қатысып,делегеттар қатарында Петербургке барады

1907 жылы «Серке»газетінде «Жастарға» өлеңі басылады.

1909 жылы Уфа қаласында «Оян,қазақ» өлеңдер жинағы басылып шығады

1910 жылы «Бақытсыз Жамал» тұңғыш романы Қазандағы Каримовтар баспасында басылады

1911 жылы Қамауға алынып,А.Байтұрсынов екеуі Семей түрмесінде отырып шығады

1922 жылы Қайта ұсталып,Ә.Бөкейханов екеуі Орынбор түрмесіне түсіп, тағы босатылады

1928 жылы Қазақ оқығандары арасында тағы тұтқынға алынады

1930 жылы Сот үкімі бойынша әуелі ату жазасына кесіліп, кейін 10 жыл абақтыда отыру жазасымен алмастырылады.

1935 жылы Қазанның 5-і күні 50 жасқа толуына 1 ай қалғанда, Ақтеңіз-Балтық каналы бойындағы Сосновец станциясындағы түрме ауруханасында қайтыс болады.


Ү. «Алма-кезек оқу» әдісі.

  • Өлең не жайында екен?

  • -Ананың баласын жақсы көруі,сүюі.

  • - Өлең қандай үлгіде жазылған?

  • - сұрақ-жауап түрінде жазылған. Өзі сұрақ қояды да, өзі оған жауап береді.

ҮІ, Өлеңді құрылысына қарай талдау:

  • Кім/ сен/дер/ді, ба/ла/лар, сү/йе/тұ/ғын, 11 а

  • Қуанышыңа қуанып,қайғыңа күйетұғын? а

  • Түн ұйқысын // төрт бөліп, // кірпік қақпай, 3 б

  • Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын. а

ҮІІ. Сатылай кешенді талдау:

------------------------------Тақырыбы: Шешенің балаларын сүюі

Авторы: М.Дулатұлы

4 шумақтан тұрады

11 буынды, 3 бунақты

Ұйқасы: қара өлең ұйқасы.

шеше сөзі ана сөзімен ұғымдас

Бетін жуған жасымен сорлы анаңа,

«Қамқор анаң көз жасын көлдететін»

Төбесі көкке жетсін,-деген

жолдарында көркемдегіш сөздер кездеседі.

Адам бетін сумен жуады,жаспен жумайды.

Төбе ешқашан көкке жетпейді,аса қатты

қуанған адамның түрін келтіреді.

Көз жасынан көл құралмайды.

ҮІІІ. «Ата-ананың ақысы» атты бейнетаспаға көңіл аударайық.

(Оқушылар бейнетаспадан алған әсерлерін,өз ойын айтады)

1 қатарға:Ана,бала,әке (мақал-мәтел)

  • «Күннің шуағы жылы,ананың құшағы жылы»,

  • «Бала тілі-бал»,

  • «Ана көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар»,

  • «Әке балаға сыншы»,

  • «Ананың сүті-бал, баланың тілі-бал»,

  • «Өнерлі бала сүйкімді» т.б

2 қатарға: Ана, бала, әке ( сөйлем құрау).

  • Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды.

  • Мен әкемді асқар тауға балаймын.

  • Балалар әкесі мен анасына сыйлық дайындады.

  • Ана-бәйтерек, бала-құрақ.

  • Мен анаммен әкемді ешқашан ренжітпеймін.


ІІІ. Венн диаграммасы

Шешенің баласын сүюі ұқсастығы Төлдің баласын сүюі

(жазады)

ІХ.Шығармашылық жұмыс. “Жырымды жалғашы...”

  • наргүл: Анашым менің ардақты,

Ренжітпеу сені парызым.

Құлағыма келіп тұр,

Дегенің мені «жарығым»

  • Алмат: Отыратын күтіп бәрін дайындап,

Сабағыңнан келгеніңше ол-анаң.

Қадірлеңдер сондықтан,

Ондай жанды еш уақытта таба алман.

Х. .“Бес жолды өлең”құрау (Ана,әке,бала сөздеріне)

  • Айнұр:

  • Ана

  • Ажарлы, ақылшы

  • толғанады,ойлайды

  • Ана өз баласын сүйеді.

  • Бұлақ


  • Абылай:

  • Әке

  • ақылшы

  • тебіренеді,қарайды

  • Ол өз баласын өсіреді.

  • тау


  • Айзат:

  • Бала

  • дамиды,өседі,өркендейді

  • сүйкімді

  • Бала болашаққа қол созады.

  • құрақ


ХІ.. Сабақты бекіту.

  • «Әсер бөлісу» хаты.

Мейірбек: Оқушылар,ақын өлеңі маған ұнады. Өлең әсерлі жазылған. Өзімнің анам есіме түсіп кетті. Бәрімізде анамызды қадірлейікші. Мен енді анамды ренжітпеймін.

  • Анаргүл: Менде өзіме үлкен әсер алдым. Ақын ананың балаларын сүюі жайлы жырлаған екен. Бізде неге анамызды жырламасқа? Кейде ұрысқан кезінде өкпелеп, кетіп қалған кездерім есіме түсіп, ыңғайсызданып отырмын. Мен енді ғана түсінгендеймін.

  • Ақнұр: Күн қандай шуақты болса, анамызда сондай шуағын бізге себеді. Сондықтан менің анам күнге тең. Мен өз анамды жақсы көретінімді айтқым келеді.

Шығармашылық RAFT стратегиясы


  • Рөл оқушы

  • Аудитория сынып

  • Форма хат,өлең,ой толғау

  • Тақырыбы: Анашым

Тірек сөздер: аялы алақан,құшақ,мейірім,бесік, жылу, тебірену, сіңіру,парасат,

болу

Қанат: Құрметті Анашым! Мен өзіңіздің өміріңіздің жалғасымын.Мен сізді ешқашан ренжітпеймін. Әттең, ақын болсам, сізге арнап өлең жазар едім.

ХІІ. Бағалау.

ХІІІ.Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.



Автор
Дата добавления 31.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров465
Номер материала ДВ-300159
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх