Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Медитация на тему "Сәлеметсің бе Мен."

Медитация на тему "Сәлеметсің бе Мен."


  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:


C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\2015_02_26\IMG.jpg




Ақмола облысы, Қорғалжын ауданыC:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\фотолар\фото нач кл\SAM_4172.JPG

Қорғалжын мектеп-гимназиясының

психолог ұстазы

Индира Сағатбекқызы Қуанышева


Тақырыбы: Медитация

«Сәлеметсің бе, МЕН! Менің ең сүйіктім!!!»

(мұғалімдерге арналған психологиялық жұмыс)

Жер, адам, ғарыш бір-бірімен тұрақты байланыста болғандықтан да, тіршіліктің жалғасуы да осы үш тұлғаның өзара тәуелділік байланысы арқылы жүзеге асырылады. Бұнда барлық жүйелік қызметі ой мен сананың басқаруында болады да, сезім арқылы реттеліп отырылады. Мұндай үш жақтылы байланыс пен реттеу тәсілін ғылыми түрде медитациялық жүйеге жатқызады. Осы заманғы салауатты өмір сүруде дәрісіз емдік шипаның жаңа түрі – медитациялық емдік тәсілі де, әлемнің көптеген елдерінде де дами бастады. Оның ерекшелігі бұл көне шығысты4 психотехникалық әрі шаршағандықтың әсерін жоюдың әдіс-тәсілі болғандықтан, адам бір уақыт дене ағзаларын ішкі және сыртқы күштерден босатып, өзін-өзі иландырып жеке сырқатын емдеуді де жүзеге асыра бастады.

Медитация әдісі денсаулыққа зияны жоқ құпия тәсіл. Әрі қарапайым, табиғи күшті көп қажет етпейтін ой арқылы жүзеге асырылатын емдік тәсіл. Медитациялық емдік тәсіл орын талғамайды, кез-келген жерде қабылдай беруге болады.

Медитация техникасының басты ерекшелігі – әсіресе, жүрек қан тамырлары ауруларының, тыныс алу мүшелерінің, ас қорыту органдарының, созылмалы бас ауруларының, ұйқы қашудың, буынға тұз байланудың тағы басқа да ауруларға емдік пайдасы бары дәлелденуде. Медитация кезінде адам санасы, яғни миы өте терең тынығу жағдайында болады. Осының нәтижесінде денедегі барлық сезу мүшелері рахаттанып тынышталады. Ой мен сананы тазалайды.

Мұғалімдермен өткізген медитация жұмысынан кейін олардың денесінде жаңа күш- қуат пайда болып, сергектік сезіліп, жұмысқа ынталары артқаны байқалды.




Медитация

«Сәлеметсің бе, МЕН! Менің ең сүйіктім!!!»

(мұғалімдерге арналған психологиялық жұмыс)

Мақсаты: «Мен « қасиетінің дамуы, өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өздерін құрметтеуге тәрбиелеу, ынтымақтастықты нығайту.

Барысы:

1.Ұйымдастыру

Ойын «Алфавит»

2. Медитациялық жұмыс.

«Сәлеметсің бе, Мен,Менің ең сүйіктім».

  • Жайғасып отырыңыздар. Мен сіздерге сіздермен болатын нәрселердің бәріне мұқият әрі жауапты түрде қарауларыңызды сұраймын.

  • Міне, мынау сіздің оң аяғыңыз... Аяғыңызға кенеттен жан бітіп: «Сенің маған жасаған қамқорлығың үшін көп рахмет, мені осылай жаныма жайлы етіп қойғаныңа рахмет» деп тіл қататындай етіп қойыңыз. Өзіңнің сол аяғыңды да тізеңізге де, табан, өкшеңізге де күш түспейтіндей етіп қойыңыз.Қолдарыңызда тізеңізде жайымен, әдемі жататын болсын. Оң қолыңыз, сосын сол қолыңыз... Әр қолыңызға кезекпен қараңыз. Әр қолыңыз оған қамқорлықпен қарап, ыстық ықыласыңызға бөлеуді қажет етеді. Ол бұл қамқорлықты сезінуі тиіс. Сол қолыңыз. Сіздің сол қолыңыз. Қолыңызға салмақ түсірмеңіз, жайымен жата берсін. Әр бір саусақ сіздің ықыласыңызды, жылуыңызды , қамқорлығыңызды сезінетін болсын. Әр саусаққа назар сала қарап, көз жанарыңызбен әрқайсысын аялап сипап өтіңіз. Сіз қазір әр саусағыңыздың ұшынан нені сезесіз?.. Қан тамырлары белсенді жұмыс жасап жатыр, қанның соғуы сезіледі, жеңіл шымырқану сезіледі. Мен өзімнің әрбір саусағымдағы өмірді, жылы қанның соғуын, шымырқануды сезінемін. Шынтақтарым еркін әрі жұмсақ. Олар жай ғана демалып жатыр. Олар маған қамқорлығым үшін алғысын білдіруде, ал мен оларға өз ризашылығымды білдіремін. Мен қолдарымның күшіне, жұмсақ әрі нәзіктігіне ризамын. Олар өте жылы, жұмсақ, нәзік. Олар жылулықты қабылдай біледі, олар жылу тарата біледі. Бұның бәрін менің қолдарым жасай алады, мен бұл қолдарымды басқаларға айырбастай алмаймын. Мен оларды сүйемін, Рахмет сендерге, О, менің қолдарым.

  • Кәне, көзімізді жұмамыз. Мен өзімнің демалысымды сезінемін, мен тыныс аламын және ауаның менің жұтқанымды сезінемін. Мен тыныс шығарамын – ауаны сыртқа шығарамын. Мен өзімнің сыртқы әлеммен үйлесім тапқаныма қуанамын. Тыныс алуым біркелкі, жайлы, мен жеңіл тыныс аламын.

Міне, бетіме назар шуағы түсті. Көздеріме салмақ түспейді, бетіме ауырлық түспейді. Олар жай ғана босаңсып демалып жатыр. Бұны орындау оңай емес – олардың айналасында өмір бар. Бірақ, мен барлық мәселелерді ысырып тастаймын. Менің бет-әлпетім біраз демалсын. Менің бет-әлпетім қандай көп жұмыстар атқарады. Көздер қарайды, көздер іздейді, көздер айтады, көздер айтысады, көздер қарсыласады, көздер ұнатады, көздер жылулық береді, көздер менің денемдегі басқа мүшелерге қарағанда көп өмір сүреді. Бұл менің жанымның айнасы, бұлар менің ең алғашқы қызметшілерім. Олар қандай көп нәрселер жасайды! Рахмет сіздерге! Сіздер мені сыртқы әлеммен байланыстырасыздар, сіздер маған аспанды көрсетесіздер, сіздер маған күнді көрсетесіздер, сіздер маған бүкіл әлемді көрсетесіздер...

Менің бет-әлпетім... Менің бетім – менің ең маңызды бөлігім, менің жеке басымның визит карточкасы. Менің бет-пішінім – әрқашанда менімен бірге, менімен бірге жұмыс жасауда, менімен бірге бақытты, менің бірге өмір сүреді – және менімен бірге әрі қарай өмір сүруде. Рахмет саған, менің бет-әлпетім! Сен әрқашанда менімен біргесің. Маған сенімен бірге болған жақсы. Рахмет саған.

Менің шаршамайтын достарым – аяқтарым. Мен сендерді әрдайым ұмытып кете беремін. Олар таңертеңнен кешке дейін менімен бірге өмір ағысымен тоқтамай зырылдайды, жүреді, жүгіреді, мені ұстап, көтеріп тұрады. Жолымыз болмаған кездері біздер оларға ренжиміз. Біз олардың ат тәрізді күн өткен сайын ең қиын жұмысты орындайтынын бағаламаймыз, олар бұл еңбегі үшін бізден ешқандай алғыс күтпейді. Рахмет сендерге, менің аяқтарым!

Және менің барлық тәнім – сендерге бар екендіктеріңе рахмет, сендерге маған өмір бересіңдер. Мен сендерге қамқорлық көрсеткім келеді, мен сендерді жақсы көремін. Рахмет сендерге. Демалыңдар.

Бірақ, тек менің тәнім ғана – бұл мен бе? Мен өзімде көптеген нәрселерді сезінемін. Мен өзімде бүкіл әлемді, сезімдердің үлкен әлемін, уайым, қуаныш, тілек, қорқыныш және мазасыздықтар әлемін сезінемін. Бұл әлемнің бар байлығы - бұл менің жаным. Менің жаным - бұл мен.

Білмеймін. Бірақ, өз жанымның бар екеніне ризамын, өйткені, менің жаным – бұл сүйе береді, менің жаным – бұл жылай да біледі... Ал, ол қалай күледі! Қалай күлімсірейді! Менің жаным... Қалай ұша біледі... Қалай сүйкімді бола біледі... Мен сені толығымен жақсы көремін... қиын әрі әдемі. Тіпті менің мазасыздығым, менің қорқынышым, мені сендер қорғайсыңдар! Қалай болғанда да, сендердің барлықтарың маған қамқорлықпен қарайсыңдар. Сендердің менің жанымда бар екендіктеріңе рахмет!

Көп нәрсені есте сақтайтын,есептей білетін менің санам, менің ақылым, менің ішкі компьютерім – саған ешқашан ұйықтамайтының үшін және маған әлемде көп нәрсені көріп және түсінуге мүмкіндік бергеніңе рахмет. Рахмет саған. Сенің тірлікте бар екеніңе шүкір.

Және менің рухым, менің жарқын рухым, асқақ рухым. Сен әрқашан менен асқақсың, сен әрқашан менен тереңсің. Сені менің сезінгенім қандай керемет! Және де тек сенімен ғана, сенің қасыңда мен өзімді шынайы адаммын деп сезінемін. Мен тағдырыма өзім үшін ризамын. Бұл байлықты мен бұл әлемде еш нәрсеге айырбастамаймын. Және бұл білгендерім – әлемдегі ең басты білімім деп есептеймін. Әрқашанда менімен бірге болады.

Сіздер біркелкі тыныстаңыздар, жайлап тыныстаңыздар... және жайлап осында ораламыз. Осы бөлмеге ораламыз, астыңызда орындық, сіз сол орындықта отырсыз. Қатты тыныстаңыз, көзіңізді ашыңыз – міне, біз осы бөлмеге оралдық.

3. тест «мұғалімнің конфликтогенділігі».

4. ойын «Карусель»

5. тест «Мұғалімнің әдептілігі»

6. Ақыл-кеңестер: «Қаперіңізде жүрсін! Ашулана көрмеңіз!»

7. Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасын тыңдаңыздар да, жазып алыңыздар. Үйде келесі жаттығуды орындаңыздар, өздеріңіздің көздеріңізге қараңыздар және өз есімдеріңізді айтып, былай деңіздер:

«Мен өзімді өте жақсы көремін, не жасағым келсе, соның бәрін жасаймын, мен қандай болсам, өзімді солай қабылдаймын, істеген істерімнің бәрін мен ұнатамын. Соның арқасында, мен алға қарай жүре, дами, өзгере аламын».

Егер сіз тестіні өткізу жеңіл деп ойласаңыз, онда көп қателесесіз. Бұл жаттығудың міндеттерінің бірі – ұялшақтықты жеңу болып табылады. Бізді тартымды көрсететін қасиеттерімізді басқа адамдардың сүйіспеншілігіне бөлену үшін көрсетуде ұялшақтық бөгет болады. Сонымен, осы сөздерді ашық түрде өзіңіздің айнадағы бейнеңізге айтыңыз. Ал, сіздің күйзелісіңіз, эмоцияңыз мұның бәрін жауып кетсе, онда жазып алып талдауға тырысыңыз. Үй тапсырмасы осы. Өз күйзеліс, уайымымен бөліскісі келетіндер келесі кездесуде айтуларына болады.














































Тақырыбы: Медитация

«Сәлеметсің бе, МЕН! Менің ең сүйіктім!!!»

(мұғалімдерге арналған психологиялық жұмыс)













Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы

Қорғалжын мектеп-гимназиясының

психолог ұстазы

Индира Сағатбекқызы Қуанышева


Краткое описание документа:

Тақырыбы: Медитация

«Сәлеметсің бе, МЕН! Менің ең сүйіктім!!!»

(мұғалімдерге арналған психологиялық жұмыс)

Жер, адам, ғарыш бір-бірімен тұрақты байланыста болғандықтан да, тіршіліктің жалғасуы да осы үш тұлғаның өзара тәуелділік байланысы арқылы жүзеге асырылады. Бұнда барлық жүйелік қызметі ой мен сананың басқаруында болады да, сезім арқылы реттеліп отырылады. Мұндай үш жақтылы байланыс пен реттеу тәсілін ғылыми түрде медитациялық жүйеге жатқызады. Осы заманғы салауатты өмір сүруде дәрісіз емдік шипаның жаңа түрі – медитациялық емдік тәсілі де, әлемнің көптеген елдерінде де дами бастады. Оның ерекшелігі бұл көне шығысты4 психотехникалық әрі шаршағандықтың әсерін жоюдың әдіс-тәсілі болғандықтан, адам бір уақыт дене ағзаларын ішкі және сыртқы күштерден босатып, өзін-өзі иландырып жеке сырқатын емдеуді де жүзеге асыра бастады.

Медитация әдісі денсаулыққа зияны жоқ құпия тәсіл. Әрі қарапайым, табиғи күшті көп қажет етпейтін ой арқылы жүзеге асырылатын емдік тәсіл. Медитациялық емдік тәсіл орын талғамайды, кез-келген жерде қабылдай беруге болады.

Медитация техникасының басты ерекшелігі – әсіресе, жүрек қан тамырлары ауруларының, тыныс алу мүшелерінің, ас қорыту органдарының, созылмалы бас ауруларының, ұйқы қашудың, буынға тұз байланудың тағы басқа да ауруларға емдік пайдасы бары дәлелденуде. Медитация кезінде адам санасы, яғни миы өте терең тынығу жағдайында болады. Осының нәтижесінде денедегі барлық сезу мүшелері рахаттанып тынышталады. Ой мен сананы тазалайды.

Мұғалімдермен өткізген медитация жұмысынан кейін олардың денесінде жаңа күш- қуат пайда болып, сергектік сезіліп, жұмысқа ынталары артқаны байқалды.

Автор
Дата добавления 18.06.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров311
Номер материала 308361
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх