Выдаём удостоверения и дипломы установленного образца

Получите 5% кэшбэк!

Запишитесь на один из 793 курсов и получите 5% кэшбэк стоимости курса на карту

Выбрать курс
Инфоурок Физика Другие методич. материалы"Механика" (орта меткеп физикасы)

"Механика" (орта меткеп физикасы)

Скачать материал
библиотека
материалов

7 КЛАСС.

№1 жұмыс.

Өлшеуіш цилиндр (мензурка)бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу.

Жұмыстың мақсаты: Өлшеуіш цилиндрді мысалға ала отырып, аспаптар шкалалары  бөліктерінің құнын анықтау; оларды қолдануды үйрену және өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, дененлердің көлемін өлшеу.

Құрал – жабдықтар: Өлшеуіш цилиндр(мензурка) , су құйылған тос-таған, жіңішке жіп, әр түрлі ыдыстар мен денелер (гайка, өшіргіш,т.б.)

1 - тапсырма:  Өлшеуіш цилиндр бөліктерінің құнын анықтау.

Жұмыстың барысы:

1.     Өлшеуіш цилиндрді мұқият көріп шығыңдар, оның шкаласына зер салыңдар. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің шкаласындағы жазуға қарап, ол арқылы көлемді қандай бірліктермен анықтауға болатынын дәптерлеріңе жазып алыңдар.

2.     Оқулықтағы 10-параграфты қайталап, қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің бөлік құнын анықтаңдар.

3.     Сұйық көлемін см3 өлшем бірлікпен аламыз.

4.     Өлшеуіш цилиндрдің бір  бөлік құны  1 см3.Аспап қателігі бөлік құнының жартысына тең,яғни 0,5 см3.

5.     Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, жүргізілген өлшеулердің қателігін анықтаңдар. Ол үшін цилиндрге су құйып, құйылған судың көлемін өлшеу қателігін ескере отырып анықтаңдар.

6.     Анықталған шамаларды дәптерге жазып алыңдар.

7.     Өлшеуіш цилиндрдің сипаттамаларын және өлшеген сұйық көлемін мына кестеге жазыңдар:

Мензурканың ең үлкен өлшеу көлемі, оның бірлігі

Мензурка бөлігінің құны

Өлшеу қателігі

Қателігі көрсетілген өлшеу нәтижесі (сұйық көлемі)

100 см3

1 см3

0,5 см3

54-0,554+0,5

Ескерту: Сұйықтық көлемін есептегенде көздің шкаланы көру деңгейіне көңіл аударыңдар. Көзді су бетінің жазықтығымен дәл келетін горизонталь деңгейде бағыттау керек.

2-тапсырма.Әр түрлі пішіндегі қатты денелердің көлемін анықтау.

Жұмыстың барысы:

1.     Өлшеуіш цилиндрге қатты дене толық болатындай етіп су құйып, денені сұйыққа толық батырыңдар. Сонда мензуркадағы судың соңғы және алғашқы деңгейлерінің айырмасы қатты дененің көлеміне тең болады.

2.     Пішіні мен көлемі әр түрлі 2 – 3 қатты денені таңдап алып, оны жіңішке жіппенбайлап, суы бар өлшеуіш цилиндрге салыңдар да,

көлемін анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар.

Өлшейтін дене

Сұйықтың бас-тапқы  көлемі

( V1, см3 )

Дене мен сұйықтық-тың көлемі (V2, см3 )

Қатты дененің көлемі

 (V =V1- V2) см3

цилиндр

Тас

60

38

72

45

12

7

3.Өлшеуіш цилиндрге сыймайтын дененің көлемін шүмегі бар ыдыстың көмегімен анықтауға болады. Өлшеу алдында ыдысқа шүмектің жоғарыдеңгейінежеткенше су құйылады. Денені

ыдыстағысуға батырғанда оның көлеміне тең су асып

төгіледі.төгілген судың көлемін мензуркамен өлшеп,

батырылған ірі дененің көлемін анықтайды.

Егер зертханада шүмегі бар ыдыс жоқ болса, онда бірінің ішіне бірі сиятын кез келген ыдысты пайдалануға болады. Бұл жағдайда ішкі ыдысқа суды кемеріне дейін толтырып құю керек. Денені суға батырғанда оның көлеміндей су сыртқы ыдысқа құйылады. Құйылған судың көлемін мензуркамен өлшейді.

Қорытынды. Оқушылар аспаптың бөлік құнын таба білуге, аспап қателігі, әр түрлі пішіндегі дененің көлемін анықтау туралыбілімі толығады.

 

№2 жұмыс.

Кішкентай денелердің өлшемдерін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Қатарлау тәсілімен өлшеп үйрену.

Құрал–жабдықтар: Сызғыш, кішкентай денелердің жиынтығы(бытыра, подшипник  шариктері, бұршақ, тары, сымның қиындылары. т.б.), астауша, бұранда, бұранда шеге, бұранғыш(гайка).

1 – тапсырма. Шариктің диаметрін өлшеу.

Жұмыстың барысы:

1.Астаушаға шариктердің бірнешеуін салыңдар да, оның екі жағындағы жылжымалы тиекті қозғай отырып, оларды бір – біріне.

 

түйістіріңдер. Сызғышпен екі тиектің L арақашықтығын өлшеп алыңдар.

Оны астаушадағы шариктердің N санына бөліп, бір шариктің диаметрін анықтаңдар: d =

2.Ұсақ денелердің өлшемдерін анықтайтын мұндай тәсіл қатарлау тәсілі деп аталады. Қатарлау тәсілімен жоғарыда аталған басқа да материалдардың өлшемдерін (диаметрлерін)анықтауға болады.

3.Өлшеу мен есептеу нәтижелерін мына кестеге жазыңдар.

Зерттелетін дене

Қатардағы бөлшектердің саны ( N )

Қатардың ұзындығы ( L, мм )

Диаметр

(d , мм )

Диаметрді өлшеу қателігі

( hd , мм )

Шарик

Бұршақ

 

10

25

18

15

1,8

0,6

1,75

Өлшеу қателігі 0,1:2=0.05мм

2 – тапсырма. Бұранда қадамын өлшеу.

Жұмыстың барысы:

1.     Бұранда қадамы деп қатар жатқан орам оймасының ара қашықтығын айтады. Бұранда қадамы өте аз шама болуы да мүмкін. Сондықтан оны анықтау үшін де қатарлау тәсілі қолданылады.

2.     Бұранданың немесе бұрандашегенің орам оймалары орналасқан бөлігінің L ұзындығын сызғышпен өлшеп алыңдар. Одан кейін оймалардың N орам санын мұқият санап шығыңдар. Бұранда қадамы: d = өрнегімен анықталады.

3.     Бұранда қадамын анықтауда (әсіресе, оймасы ішкі жағында болатын бұранғыштар үшін) бұранда оймасының бедерін қағаз бетіне түсіріп алып өлшеу ұтымды болады. Ол үшін бұранда оймасы орналасқан бетті сия немесе жұмсақ графитпен ( қарындашпен) бояп алу керек.

4.     Өлшеулер мен есептеулер нәтижелерін мына кестеге толтырыңдар.

 

Зерттелетін

дене

Ойма ұзындығы

( L, мм)

Орам саны

N

Бұранда қадамы

( d, мм)

Бұранда қадамын өлшеу қателігі

(hd , мм)

Бұранда

Бұранғыш

Бұрандашеге

3

2

3,2

6

5

7

0,5

0,4

0,46

0,45

0,35

0,41

Қорытынды.Кішкентай денелердің өлшемін анықтап,нәтижесін өлшеу қателігімен жазуға үйрену.

 

№ 3 жұмыс.

Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау.

1 – тапсырма. Дененің массасын таразыға тартып өлшеу.

Құрал – жабдықтар:  Таразы, ұсақ кірлер,параллелепипед тәрізді біл-еуше және массасы әр түрлі кішігірім бірнеше дене.

 

 

 

 

 

 

Жұмыстың барысы:

Дененің массасын анықтау тәсілдерінің бірі -  таразы көмегімен өлшеу. Осындай таразылармен өлшеу кезінде оның бір табақшасына (сол жақтағы) массасы белгісіз дене, ал екіншісіне (оң жақтағы) таразыны теңгеретін кірлер салынады.Дененің массасы таразыны теңгеретін кірлердің массасына тең. Ол үшін:

1.     Таразыны өлшеуге дайындаңдар. Таразының дұрыс теңгеріліп тұрғандығына көз жеткезіңдер;

2.     Таразыны бұзып алмау үшін өлшенетін денені және кірлерді таразы табақшаларына жайлап қою керек.

3.     Денені кірлермен теңгеріп болғаннан соң, таразы табақшасындағы кірлердің жалпы массасын есептеңдер.

Өлшеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар.

 

Тәжірибе реті

Өлшенетін дене

Дененің массасы, г

Дененің массасы, кг

1.

2.

3.

Шарик

Білеуше

Цилиндр

61,5

10,5

97

61,5*10-3

10,5*10-3

97*10-3

Қорытынды:Таразыны өлшеуге даярлау,дене мен гірлерді табақшаға қою, денені кірлермен теңгеруге дағдылану,массасын жазуға үйрену.

2 – тапсырма. Дененің тығыздығын анықтау.

Құрал – жабдықтар: тығыздығы анықталатын денелер, мензурка, сызғыш, жіп.

Жұмыстың барысы:

1.     Алдыңғы берілген тапсырмадағы массасы анықталған денелерді алыңдар. Параллелепипедтің көлемін анықтау үшін сызғышпен оның қабырғаларын өлшеңдер, содан соң оның көлемін (V=abc) есептеңдер.

2.     Пішіні күрделі болып келген басқа денелердің көлемін мензурка көмегімен анықтаңдар немесе № 1 зертханалық жұмыста көлемі анықталған денелерді пайдаланыңдар.

Дене тығыздығын формуласымен есептеп, оны г / см3 және кг / м3 – пен өрнектеңдер. Өлшеу мен есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар.

 

Тәжірибе реті

Тығыздығы анықталатын дене

Дененің массасы, г

Дененің көлемі, см3

Тығыздығы

 p =

г/см3

кг/м3

1.

2.

 

Шарик

Цилиндр

61,5

97

9

12

6,8

8,1

6800

8100

Қорытынды.Дене тығыздығын анықтау үшін таразы мен мензурканы қолдана білу.Тығыздық формуласы арқылы нәтижені тауып,өлшем бірлігін жаза білу.

 

№ 4 жұмыс.

Серпімді деформацияны зерделеу.

1-тапсырма.  Серпімді элементі серіппе болып табылатын мектеп         динамометрін градуирлеу.  

Құрал – жабдықтар: динамометр, бір

тілім қағаз, әрқайсысының массасы 102г

 болатын жүктер жиыны, қысқышы, сақинасы

 және жалғастырғышы (муфтасы) бар штатив.

Жұмыстың барысы:

1.     Динамометр шкаласын ақ қағазбен бүркеңдер. Қағаздың екі жағы резеңке сақиналардың көмегімен динамометрге бекітіледі.

2.     Динамометрге массалары102г, 204г, 306г және т.б. жүктерді іле отырып, 1Н, 2Н, 3Н, т.с.с. күштерге сәйкес келетін көрсеткіш орнын белгілеңдер.

3.     Көршілес сызықшалардың арасын өлшеңдер. Олар өзара тең бе? Неліктен осы шкалада нъютонның оннан бір үлестерін белгілеңдер. Көршілес сызықшалар арасын өлшеп олар тең екенін білу. Себебі  ілінген жүктің массалары бірдей.

4.     Өздерің жасаған шкаланы заводта градуирленген динамометрдің шкаласымен салыстырыңдар.

5.     Өлшеу дәлдігін бағалаңдар.Сызғыштың бөлік құны-0,1мм. Аспап қателігі-0,05.

Қорытынды. Динамометрге жүктер ілу арқылы серіппенің созылуын белгілеп, ақ қағазға шкала салады. Жасалған динамометр арқылы жүктерді өлшейді.Градуирлеу тәсілін меңгереді.

2 – тапсырма: Серпімді дене мен оған әрекет ететін ауырлық күші мен оның арасындағыбайланысты анықтау.

Құрал – жабдықтар: Қысқышы, сақинасы және жалғас-

тырғышы бар штатив.Ұзындықтары 15 – 20 см болатын

бірдей екі резеңке жіп, ұзындығы 35 – 40 см болатын

бір тілім ақ қатырма қағаз (картон), жүктер жиынтығы,

 сымнан жасалған ілгек, сызғыш, мектеп динамометрі.

Жұмыстың барысы:

1.     Резеңке жіптердің бір ұшын ілмектеп байлаңдар, екінші жағын қағазбен бірге штатив қысқышына бекітіңдер. Резеңкелердің ұштары бір деңгейде болуынакөңіл аударыңдар. Ол деңгейді қатырма қағазда белгілеп қойыңдар.

2.     Ілгектің көмегімен массалары m1= m, m2 =2m, m3=3 m жүктерді кезекпен бір жіпке іліңдер.

3.     Резеңкенің созылған кездегі орнын белгілеңдер.

4.     Денені ілгектің көмегімен екі жіпке қатар іле отырып, тәжірибені қайталаңдар.

5.     Ауырлық күші мен серпімді деформацияның арасындағы байланысты анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар. Эксперимент дәлдігі ауқымында Гук заңы орындала ма? Тексеріңдер.

Тәжірибе реті

Резеңкелер саны

Жүктің массасы,г

Ауырлық күші, F=mg, H

Жіптің ұзаруы, мм

Жіптің ұзаруы, м

1.

2.

3.

4.

5.

6.

біреу

біреу

біреу

екеу

екеу

екеу

100

200

300

100

200

300

1

2

3

1

2

3

50

100

150

20

30

40

0,05

0,1

0,15

0,02

0,03

0,04

Қорытынды:Ауырлық күші артқан сайын  жіптің ұзаруы артады.Денені екі жіпке қатар ілгенде  жіптің ұзаруы  азаяды.Себебі резеңкенің қатаңдығы артады.

 

 

№ 5 жұмыс.

Архимед заңын тексеру.

1 – тапсырма. Су ішіндегі массасы 100г денеге әрекет ететін ығыс-тырушы күшті анықтау.

Құрал – жабдықтар: суы бар ыдыс, массасы әр түрлі жүктер, динамо-метр, мензурка, жіп.

Жұмыстың барысы:

1.     Мензурка көмегімен жүктің Vg  көлемін анықтаңдар

2.     Дененің өлшенген Vg көлемі мен су тығыздығы бойынша дене ығыстыратын су салмағын табыңдар.

3.     Денені жіпке байлап, динамометр ілгегіне іліңдер және оған әрекет ететін ауырлық күшінің (дененің ауадығы салмағының) мәнін табыңдар.

4.     Динамометр ілгегіне ілінген жүкті түгелімен суға батырып, оның су ішіндегі салмағын анықтаңдар және ығыстырушы күштің мәнін есептеңдер.

5.     Ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең бе?  (тең)

6.      Тәжірибені басқа денемен жасаңдар.

7.     Тәжірибе нәтижелерін кестеге  жазыңдар.     

 

 

Тәжірибе реті

Дененің көлемі, Vg , м3

Дене ығыстырған сұйық салмағы

P0, H

Дененің ауадағы салмағы, P, H

Дененің судағы салмағы P1,H

Ығыстырушы күшFы, H

1

9*10-6

9*10-3

0,6

0,5

9*10-3

P0=mg=ρcVg=9*10-3;   P=0.6H;  P2=0.5H;  F A=g ρV=P0

Қорытынды:Дене ығыстырған сұйықтың салмағы мен ығыстырушы күш тең болатынына көз жеткізу.

8.     Бұл тәжірибеде Архимед заңы қандай дәлдікпен орындалатынын бағалаңдар.

2 – тапсырма. Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін Fы ығыс-тырушы күштің дене көлеміне байланысты екенін тексеру.

Құрал–жабдықтар:Мектеп таразысы (табақшаларсыз), әрқайсысының массасы 100г болатын көлемдері әр түрлі екі дене, суы бар екі ыдыс.

Жұмыстың барысы:

1.     Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе – теңдік қалпына келтіріңдер.

2.     Егер екі дененіде суы бар ыдыстардың ішіне батырсақ, таразының теп – теңдігі бұзыла ма? Сұраққа жауап беріңдер.

Қорытынды. Тепе-теңдігі бұзылады.Себебі, денелердің көлемдері әртүрлі. Көлемі үлкен денеге әсерететін Архимед күші көп. Таразы табақшасы көтеріледі.

3 – тапсырма. Fы ығыстырушы күштің Pс сұйық тығыздығына байланысты екенін тексеру.

Құрал – жабдықтар: Мектеп таразысы (табақшаларсыз), массалары мен  көлемдері бірдей екі жүк , суы бар және  судан басқа кез келген сұйық құйылған ыдыстар.

Жұмыстың барысы:

1.     Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе – теңдік қалпына келтіріңдер.

2.     Егер бір жүкті суы бар ыдысқа, екіншісін басқа сұйық құйылған ыдысқа батырсақ, таразының тепе – теңдігі бұзыла ма? Сұраққа жауап беріңдер.

3.     Тәжірибеде жауаптарыңды тексеріңдер.

Қорытынды: Таразының тепе-теңдігі бұзылады. Қай сұйықтың тығыздығы көп, ығыстырушы күші көп болады.

 

№6 жұмыс.

Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау.

Тапсырма. Денелерді суға батырған кезде олардың суда жүзетінін, батып кететінін немесе қалқып шығатынын анықтау.

Құрал–жабдықтар: Динамометр, суы бар ыдыс, мензурка, ішіне салынған құмдарының массалары әр түрлі бірдей үш пробирка немесе құты тығыздығы белгілі сұйығы бар ыдыс (тұз қосылған су).

Жұмыстың барысы:

1.     Динамометр көмегімен денеге әрекет ететін Fа ауырлық күшін өлшеңдер.

2.     Мензурканы пайдаланып, дененің Vg көлемін анықтаңдар.

3.     Денені сұйыққа батырған кезде оған әрекет ететін ығыстырушы күшті есептеңдер Fы = Pс gVg.

4.     Fа ауырлық күші мен Fы ығыстырушы күшті салыстыру арқылы тапсырмада қойылған сұраққа жауап беріңдер.

5.     Денені берілген сұйыққа батырып, жауаптарыңды тәжірибе жүзінде тексеріңдер.

6.     Кестені толтырыңдар.

 

 

Тәжірибе реті

Сұйық

Fа , Н

Vg, м3

Fы, Н

Fа мен Fы қатысы

Батады, жүзеді немесе қалқып шығады.

1

2

3

Су

Тұзды су

Тұзды су

 

1,5

1

0,95

13*10-6

9*10-5

1,2*10-4

1,5

0,93

1,3

FA =Fы

FAFы

FA  Fы

Жүзеді

Батады

Қалқиды.

Қорытынды: Архимед күші мен ауырлық күші арасындағы байланысты тексере отырып, денелердің жүзу шарты орындалуына көз жеткізу.

 

№ 7 жұмыс.

Денені  бірқалыпты көтеру кезіндегі жұмысты анықтау. Көлбеу жазықтықтың ПӘК – ін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Денені Һ биіктікке бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін пайдалы жұмыстың сол денені осы биіктікке көлбеу жазықтық бойымен көтергенде істелетін толық жұмыстан кем болатынын көрсету.

Құрал –жабдықтар: тақтай, динамо-

метр, өлшеуіш таспа немесе сызғыш,

ағаш білеуше, жылжымалы қысқашы

 бар штатив.

1 –тапсырма: Денені Һ биіктігіне бір-

қалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты анықтау.

Жұмыстың барысы: Денені Һ биіктікке бірқалыпты тік жоғары көтеру үшін F1 күші А1 жұмысын істейді. А1= F1Һ.

Денені бірқалыпты тік жоғары көтеретінF күші дененің Р ауырлық күшіне тең : F1= Р.

Оны динамометрмен тікелей өлшеу керек:

1) білеуді көтеретін Һ биіктігін таңдап алыңдар;

2) білеудің ауырлық күшін динамометрмен өлшеңдер;

 3) білеуді Һ биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты есептеп шығарыңдар.

Жұмысты орындау: 1.Білеуді көтеретін биіктікH=40 см=0.4 м

Ауырлық күші F=0,7 Н. Көтергенде істелетін жұмыс А1= F1Һ. =0,7Н*0,4 м=0,28Дж

2 – тапсырма. Денені көлбеу жазықтың бойымен Һ биіктігіне бірқалыпты көтергенде істелетін жұмысты анықтау.

Жұмыстың барысы: Денені жоғарыдағы таңдап алынған
Һ биіктігіне тік көтерудің орнына, F2 күшін түсіріп ұзындығы  L көлбеу жазықтықты пайдаланып көтеруге де болады. Алайда, көлбеу жазықтықты пайдаланғанымызда, механиканың алтын ережесі бойынша күштен ұтқанымызбен (F1 < F2), оның есесіне жолдан ұтыламыз (L>Һ). Көлбеу жазықтықты пайдаланғанда істелген А2 жұмыс мынаған тең: А2= F2L

«Алтын ережеге» сәйкес үйкеліс есепке алынбаған жағдайда А1 және А2 жұмыстары бір - біріне тең: А1= А2  немесе F1Һ= F2L

Практикада үйкелісті болдырмау мүмкін емес, сондықтан толық жұмыс А2пайдалы  А1 жұмыстан іс жүзінде үлкен:    А21

1)    Тақтайды көлбеу орналастырыңдар(Һбиіктік пен көтерілетін білеу өзгеріссіз қалуы керек);

2)    Көлбеу жазықтықтың L ұзындығын өлшеңдер;

3)    Білеуге динамометрді іліп, оны көлбеу жазықтықтың бойымен жоғары қарай бірқалыпты қозғалтып тартыңдарда, F2 тарту күшін өлшеңдер;

4)    Білеуді көлбеу жазықтықтың бойымен бірқалыпты көтергенде істелетін А2 жұмысты есептеңдер. 

Жұмысты орындау: 1.Биіктік Һ=40 см=0.4 м

2.Көлбеу жазықтықтың ұзындығы L=65 см =0,65 м

3. F2 тарту күші F2=1,2Н

4.Білеуді көлбеу жазықтықпен көтергенде істелетін жұмыс

А2= F2L =1,2Н*0,65м=0,78 ДЖ

3 – тапсырма. Көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін (ПӘК-ін) табу.

Жұмыстың барысы: Көлбеу жазықтықты пайдаланып, білеуді көтергендегі көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін пайдалы А1 жұмысты толық  А2 жұмысқа бөлгенге тең: ŋ=немесе (%) есептесек: : ŋ=*100 %

ПӘК –ті  табу үшін : 1) Көлбеу жазықтықтың ПӘК –ін есептеңдер;

2) Механиканың «Алтын ережесін» пайдаланып (§76) үйкеліс есепке алынбаған жағдайда көлбеу жазықтық күштен қандай ұтыс беретінін есептеңдер. Есептелге F2 мәнімен динамометр арқылы өлшенген  F2 мәнін салыстырыңдар;

3)Көлбеу жазықтықтың Һ биіктігін өзгертіңдер де істелген жұмыстарды және көлбеу жазықтықтың ПӘК –ін анықтаңдар;

Зертханалық жұмыстың барлық тапсырмалары бойынша алынған нәтижелерді мына кестеге түсіріңдер;

1.Көлбеу жазықтықтың ПӘК-    =*100%=36%

2.Көлбеу жазықтықтың формуласы -=             F2= F1Һ/ L=0,4Н

F2- динамометрмен өлшенген мәні 1,2 Н, есептелген мәні -0,4 Н себебі үйкеліс күші бар

3.Көлбеу жазықтық биіктігін өзгертемізҺ=60 см=0,6 м

Ап= F1Һ=0,42 Дж  АТ= F2L=0,97 Дж;    =*100%=43%

Көлбеу жазықтық бойымен тарту күші

F2 (Н)

Ауыр-

лық

күш F1(Н)

Білеуді көлбеу жазықтық бойымен қозғалтып  көтергенде істелетін толық жұмыс

А2=F2 (Дж)

Көлбеу жазықтық

 биіктігі,

Һ (м)

Көлбеу жазық-

тық

ұзын-дығы,

 L (м)

Білеуді тік жоғары көтергенде істелетін пайдалы жұмыс ,

А1 =F1Һ (Дж)

ПӘК (%)

0,4

0,7

0,78

0,4

0,65

0,28

43

 

Қорытынды:  Көлбеу жазықтық арқылы денені Һ биіктікке көтергенде пайдалы жұмыс Ап толық жұмыстанАТ аз болады. Көлбеу жазықтық биіктігі артқан сайын пайдалы әсер коэффициенті  артады.

 

№8 жұмыс.

Иіндіктің теп – теңдік шарттарын анықтау.

Жұмыстың максаты: күш моменттері ережесінің дұрыстығын иінтіректі пайдаланып, эксперимент жүзінде тексеру.

Құрал –жабдықтар: Штативке орнатылған иіндік, жүктер жиынтығы, масштабты сызғыш, динамометр.

1 –тапсырма. Екі күштің әрекетіндегі иіндіктің теп – теңдік шартын тексеру.

Жұмыстың барысы:

1.     Оқулықтағы «Иіндік»,  «Иіндікке түскен күштердің тепе – теңдігі» , «Күш момент-тері»  туралы материалды қайталаңдар;

2.     Иіндіктің екі ұшындағы бұрандаларды бұрап, оны горизонталь орналасатындай етіп теңгеріңдер;

3.     Иіндіктің сол жағына айналу білігінен L қашықтыққа массалары-ның қосындысы m болатын екі жүк іліңдер.

Тәжірибе жасап, иіндіктің оң жағына оны тепе – теңдікке келтіретін бір жүкті айналу білігінен қандай L арақашықтықта ілуге болады екенін анықтаңдар. Алынған мәліметті кестеге жазыңдар:

 

Біліктің сол жағы

Біліктің оң жағы

Масса m(г)

Иін L (см)

Күш F(H)

Күш моменті, М(Hм)

Масса m (г )

Иін L(см)

Күш F(H)

Күш моменті, М(Hм)

200

300

10

6

2

3

20

18

100

100

19,5

16,5

1

1

19,5

16,5

 

4. M және M күш моменттерін салыстыра отырып, алынған эксперимент нәтижелерін күш моменттер ережесінен қаншалықты ауытқитындығын анықтаңдар. Ауытқуды анықтау үшін күш моменттерінің айырмасы (M-M) олардың орташа мәніне                      (M +M) / 2 бөлу керек:Ауытқу (M - M) : (M +M) / 2* 100 % =2,5

2 – тапсырма. Әр түрлі нүктелерге түсірілген күштердің әрекетіндегі иіндіктің тепе – теңдік шартын тексеру.

Жұмыстың барысы:

1.     Біліктің екі жағындағы кез келген ілгекке әр түрлі жүкті іле отырып, иіндікті тепе – теңдік күйге келтіріңдер;

2.     Иіндікті сағат тілінің бағытында (шартты түрде оң бағытта) айналдыратын күштердің, күш моменттерінің қосындысын табыңдар: Моң=M +M+...........Мn ;

3.     Иіндікті сағат тіліне кері бағытта (шартты түрде сол бағытта) айналдыратын күштердің, күш моменттерінің қосындысын анықтаңдар: Мсол= M +M+...........Мк ;

4.     Оң және теріс күш моменттерін салыстыра отырып, экспериментте алынған нәтижелердің моменттер ережесіне сәйкестігін көрсетіңдер. 

Жұмысты орындау    Моң= M +M2     М1= F L         М= F L

М1=1Н*0,045м=0,045Нм           М=2Н*0,155м=0,31Нм

Моң= M +M2     =0,355 Н,м    Мсол= M +M2    = 0,35Нм

Моменттер ережесі орындалады.   Моң= Мсол

Қорытынды:Моменттер ережесінің дұрыстығын иінтіректі пайдалану арқылы тексеріп көз жеткіздік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9 КЛАСС.

№1 жұмыс.

Теңүдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: көлбеу науамен домалайтын кішкене шардың үдеуін есептеу. Ол үшін шардың белгілі бір  t  уақытта жүріп өтетін S орын ауыстыруының ұзындығын өлшейді. Бастапқы жылдамдықсыз

0=0) теңүдемелі қозғалыс кезінде S= болатындықтан, S пен t –ны өлшеп алып, шардың үдеуін анықтауға болады. Ол : a =

Өлшеу құралдары: өлшеуіш, таспа, метроном.

Құрал – жабдықтар: науа, шар,

 қысқышы бар тұрғы , металл цилиндр.

Жұмысты орындау:

1.     Тұрғы арқылы науаны көкжиекпен

 кішкене бұрыш жасайтындай етіп

 бекіту керек. Науаның төмендегі шетіне

 металл цилиндрдіқоясыңдар.

2.     Метроном дыбыс берген бойда шарды науаның жоғарғы басынан жіберіп, ол цилиндрге барып соғылғанға дейін метрономның неше рет соққанын санаңдар. Тәжірибе жүргізерде метрономда минутына 120 рет соғатын етіп  қойыңдар.

3.     Науаның көкжиекке көлбеулік бұрышын өзгерте отырып, шарды жіберген мезеттен бастап, оның цилиндрге барып соғылуына дейін метроном 4 рет соғатындай етуге болады. (соғу арасы үш толас)

4.     Шардың қозғалыс уақытын есептеңдер.

5.     Өлшеуіш таспаның көмегімен шардың S орын ауыстыруының ұзындығын табыңдар. Науаның көлбнулігін өзгертпей (тәжірибе шарты өзгермеуі тиіс), метрономның 4- ші соғуы мен шардың металл цилиндрге соғылуы дәл келетіндей етіп алып, тәжірибені 5 рет қайталау керек.

6.     Sорт= формуласы бойынша орын ауыстыру модулінің орташа мәнін, ал содан соң үдеу модулінің орташа мәнін табыңдар: aорт =

7.     Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар.

 

Тәжірибе нөмірі

S , м

S, м

t  с

t орт, с

aорт, м/с2

1

2

3

4

5

0,65

0,70

0,80

0,85

0,90

0,78

1,2

1,4

1,6

1,8

2,0

1,6

0,6

Ешбір өлшеу абсолют дәл болмайды.өлшеу құралдарының жетілмеуіне және басқа себептерге байланысты, қалай да қателік кетеді. Қателіктерді мейлінше азайту үшін тәжірибе шартын өзгертпей, өлшеу жұмыстарын бірнеше рет қайталап орындаған жөн. Содан кейін олардың арифметикалық орташа мәне есептеледі. Бұл жұмысты да осылай орындау ұсынылады.

Қорытынды:  Үдемелі қозғалыс кезіндегі дене үдеуі жүрілген жол мен уақыттың орташа мәні арқылы анықталды. Ескерту  метроном орнына сеундомер қолданылды.

 

№ 2 жұмыс.

Горизонталь лақтырылған дененің

қозғалысын зерттеу.

Жұмыстың мақсаты: горизонталь бағытта лақырылған дененің бастапқы жылдамдығын анықтау.

Құрал-жабдықтар:тұрғы, диаметрі 25мм болат шар, шар домалайтын науа, мм – к бөлігі бар сызғыш, ақ және көшірме (қара қағаздар).

 

 

Жұмыстың орындалу реті:

1.     Науаны тұғырға бекітіңдер. Оның имек басы горизонталь өқалыпта болуына назар аударыңдар. Науаның алдына ақ қағаз жайып, оның үстіне көшірме салыңдар. Науаның бойымен домалаған шардың үстелге түскен жері ақ қағаз бетіне белгі түсіреді.

2.     Науадан домалаған шардың үстелге қандай Һ биіктіктен түскенін және L ұшу қашықтығын өлшеңдер.

3.     t =√ формуласы бойынша шардың ұшу уақытын есептеңдер.

4.     Алынған нәтижені υ0 = формуласы бойынша шардың горизонталь бағытта ұшу жылдамдығын есептеу үшін пайдаланыңдар.

5.     Алынған нәтиженің дұрыстығын тексеру үшін науаны шар басқа биіктіктен түсетіндей етіп орналастырыңдар. Оның ұшу қашықтығын тағы да есептеңдер. Шардың түсу нүктесін ақ қағазда белгілеңдер.

6.     Шарды науаның белгілі бір жерінен бірнеше рет домалатып жіберіп, тәжірибені қайталаңдар.

7.     Алынған нәтижені кестеге жазыңдар.

8.     Өлшеу дәлдігін бағалаңдар. (1–зертханалық жұмыстағы ескертуге қараңдар)

9.      

Тәжірибе реті

Һ , м

L, м

Lорт , м

t, с

υ0, м/с

υ0рт, м/с

1

 

 

2.

0,25

 

 

0,24

0,18

0,17

0,16

0,155

0,166

0,165

0,17

 

 

 

0,162

0,22

 

 

 

0,21

0,81

0,79

0,72

0,7

0,75

0,75

0,8

 

 

 

0,73

Қорытынды: Горизонталь лақтырылған дененің бстапқы жылдамдығын әр түрлі биіктіктен түскенде зерттей отырып, биіктік артса, бастапқы жылдамдық артатынын бақыладық.

 

№ 3 жұмыс.

Маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: математикалық маятниктің тербеліс периодының Т =2π√  формуласы бойынша еркін түсу үдеуін анықтау. 

Т =2π            g=

Ол үшін тербеліс периоды мен маятниктің ұзындығын өлшеп алу қажет. Сонда жоғарыдағы формуладан еркін түсу үдеуін табуға болады: g= 

 

Өлшеу құралдары: секундтық тілі барсағат, өлшеуіш таспа.

Құрал –жабдықтар:Саңылауы бар шар, жіп, қысқышы мен сақинасы бар тұрғы.

Жұмысты орындау:

1.     Штативті үстелдің шетіне орнатыңдар. Оның жоғарғы жағына қысқыш арқылы сақина бекітіп, оған жіпке байланған жүкті іліңдер. Жүк еденнен 3 – 5 см жоғары тұруы керек.

2.     Маятникті тепе- теңдік күінен 5 – 8 см–ге ауытқып, содан кейін оны жібере салыңдар.

3.     Маятниктің ұзындығын өлшеуіш таспамен өлшеп алыңдар.

4.     Толық 40 тербеліс ( N ) жасауға кеткен     t  уақытты өлшеңдер.

5.     t уақытты қайтадан өлшеп (тәжірибе шартын өзгертпей),  оның   tорт орташа мәнін табыңдар.

6.     Уақыттың    tорт орташа мәні бойынша тербеліс периодының Торт орташа мәнін табыңдар.

7.     gорт=  формуласы бойынша еркін түсу үдеуінің gорт орташа мәнін есептеп шығаруға болады.

8.     Өлшеу мен есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар.

9.     Еркін түсу үдеуінің алынған  gорт орташа мәнін g= 9,8 м/с²  мәнін салыстыр.

10.  Өлшеу дәлдігін бағалаңдар. ( 1 жұмысқа,  ескертуге қараңдар)

Тәжірибе нөмірі

L, м

N

     t , с

  tорт , с

Торт=

gорт , м / с 2

1

2

3

0,6

0,6

0,6

10

5

15

15

10

22

16

1,6

9,3

Қорытынды: Математикалық маятниктің еркін түсу үдеуін өлшеп үйрендік.

№4 жұмыс.

Беттік толқындардың таралужылдамдығын анықтау.

Жұмыстың мақсаты: судағы беттік толқындардың таралу  жылдамдығын анықтау.

Құрал – жабдықтар: лабороториялық жұмыстарға арналған ұзындығы 0,5- 1 м болатын кең ыдыс, қалтқы, пластелин, секундтық бөліктері бар сағат немесе секундомер, сызғыш.

Жұмысты орындау:

1.     Ыдысты үстел үстіне қойып, оның ішіне су құйыңдар.

2.     Ыдыс ернеуінің бір шетіне қалтқы салыңдар, ал оның қарсы шетіне су бетіне кішірек тасты тастап жіберіңдер.

3.     Осы кезде пайда болатын толқулардың қалтқыға дейін таралу уақытын белгілеп алыңдар.

4.     Мұндай тәжірибені бірнеше рет қайталап, толқынның L қашықтыққа тарайтын уақытының орташа мәнін анықтаңдар.

5.     Толқынның таралу жылдамдығын есептеңдер.

6.     Алынған нәтижелерді кестеге жазыңдар.

7.     Өлшеу дәлдігін бағалаңдар.

Тәжірибе реті

Уақыт

t , с

Уақыттың орташа мәні  tорт, с

Қашықтық L , м

Толқын жылдамдығы υ , м/с

1

2

3

1,6

1,8

1,9

 

1,7

0,3

0,2

0,25

 

0,15

Қорытынды: Судағы беттік толқынның таралу жалдамдығын анықтады.

 

10 КЛАСС.

№ 1 жұмыс. 

Дененің ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу.

Жұмыстың мақсаты:дененің ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу.

Құрал-жабдықтар: баллистиқалық зертханалық пистолет, сантиметрлік бөлігі бар өлшеуіш лента, 2-3 таза және көшірме қағаз, жапсырма лента.

Теориялық түсінік.Горизонталь бетте көкжиекке әр түрлі бұрыш жасай оқ атқанда оның ұшу қашықтығы мына формуламен өрнектеледі:

Бұл формуладан оқтың 0°- тан 90°- дейін ұшу бұрышын өзгерткенде оның ұшу қашықтығы әуелі кейбір мәнге дейін артады да, сосын нөлге дейін кемитіні көрінеді. Түсу қашықтығы соsα мен sinα көбейтіндісінің үлкен мәнінде максимал болады. Міне, осы тәуелділікті тәжірибеде 13.1-суретте көрсетілген баллистикалық пистолетпен тексеру керек.Пистолет

бұрыш өлшеуіші 3 бар, қапсырма

шегеге 2 бекітілген осьтің бойында

 шыбығы  (стержень) бар ширатылаған (спираль) серіппеден 1 тұрады.

Ұзына бойында тесік каналы бар шыбыққа арнайы шарик 4 орнатылған. Шарикті қондырған кезде серіппені сығады да шыбықтың табанындағы босатқыш ілмекке ілінеді. Егер босатқыш ілмектің 5 шығып тұрған бөлігін басып қалса, шар босайды да,  серіппенің әрекетінен ол шыбық бойымен белгілі бір бағытта қозғалады. Шариктің ұшу жылдамдығының V0 модулін барлық тәжіриби үшін бірдей етіп алу керек.  

Үстелде шариктің түсер жеріне ақ, таза қағаздың бетін екі бөлек жапсырма  лентамен бекіту керек, ал үстіңгі жағына көшірме қағаз қойылады. Шарик құлағанда қағазда айқын із қалады.

Жұмыстың орындалу тәртібі.

1.Дәптерге өлшеулер мен есептеулер нәтижесі жазылатын кесте         

дайындаңдар.

α°

20

30

40

45

50

60

70

ℓ, см

124

137

141

154

144

110

58

 

 

2. Баллистика пистолеттің құрылысымен, жұмыс істеу      принципімен танысыңдар.

3.Үстелдің шетіне баллистиқалық пистолетті қысып   қоятын бұраманы орнатып, бұрыш өлшегішпен пистоллетті 45° бұрышпен бекітіңдер. Қағазды жапсырмай, байқау үшін атып көріңдер де, шамамен шариктің түскен орнын белгілеңдер. 45° бұрышпен атқанда шарик қағаздың шетіне түсетіндей етіп таза қағазды үстелге бекітіңдер,  сосын үстіне көшірме қағазды салыңдар.

4. Пистолетті 20°,30,° 40°, 45°бұрыштармен орнатып, әрбір бұрышқа 3-4 рет атыңдар.

5.Пистолетті бұрып, оны 50°, 60°, 70° бұрыштармен бекітіп, әрқайсысына 3-4 атып, тағы да әрбір бұрыштағы шариктің түскен ізіне ату бұрышының мәнін жазыңдар.

6. Әрбір бұрыш үшін шариктің түскен қашықтығының орташа мәнін өлшеңдер. Өлшеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.

Жұмыстың нәтижесі.

1. Пистолетті 20°, 30°, 40°,45°,50°,60°, 70° бұрышқа орнатып 3 рет атамыз. Есептеулерді кесте түрінде жазайық.

 

Бұрыш

1

2,м

3

орт.

20°

1,20

1,25

1,27

1,24

30°

1,27

1,41

1,42

1,37

40°

1,32

1,42

1,50

1,41

45°

1,44

1,58

1,59

1,54

50°

1,39

1,45

1,47

1,44

60°

1,00

1,17

1,14

1,10

70°

0,57

0,58

0,60

0,58

 

Бақылау сұрақтарына жауап  беріңдер:

1.Қай бұрышпен атканда шариктің ұшу қашыктығы ең үлкен мәнге ие болады?

450 бұрышпен атқанда ұшу қашықтығы үлкен болады.

2.Қай бұрышпен атқанда ұшу қашықтықтары шамамен бірдей және осы бұрыштардың косындысы неге тең? Бұл ұшу қашықтығын аныктайтын формуламен сәйкес келе ме?  400 және 500 бұрышпен атқанда ұшу қашықтығышамамен бірдей,қосындысы 900 болады.

Қорытынды:Баллистикалық пистолетпен жұмыс жасауды үйреніп, жылдамдықтың модулін бірдей етіп көңіл бөлінді. Есептеулер мен өлшеулерді жүргізе отырып, шариктің түскен қашықтығының орташа мәні табылды. Зертханалық жұмысты орындау барысында баллистикалық  пистолетті қолдана отырып, дененің ұшу қашықтығы  45° - та үлкен  екеніне көз     жеткіздік.

 

 

№2 жұмыс.

Шардың инерция моментін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Шардың айналмалы қозғаласының кинетикалық энергиясы мен бұрыштың  жылдамдығын білеотырып,  шардың инерция моментін анықтау.

Құрал-жабдықтар: зертханалық жұмысқа арналған  штатив, доға тәріздес науа, диаметрі және массалары әр түрлі шарлар, өлшеуіш сызғыш,  тіктеуіш, көшірме қағаз.

Теориялық түсінік.Шардың инерция моментін анықтау үшін, оның айналмалы қозғалысының кинетикалық энергиясы мен бұрыштық жылдамадығын  білу керек, ол W = Jώ2⁄2;     J= 2Wайн.⁄ώ2;

Горизонталь В деңгейге қатысты А нүктесінде шар mgh потенциалдық энергияға ие болады. Шар науанының  бойымен домалаған кездегі оның потенциялық энергиясы дененің  ілгерілемелі  қозғалысының кинетикалық  Wіл  және   айналмалы қозғалысының  Wайн.   кинетикалық энергиясына айналады. Шар үшін В нүктесінде   

тgh=Wіл+Wайн.теңдігі орындалады. Осыдан

 

Мұндағы   мен ω – шар центрі массасының сызықтық жылдамдығы мен оның В нүктесіндегі айналмалы қозғалысының бұрыштық жылдамдығы. Науаға қатысты массалар центрінің сызықтық жылдамдығы және шар бетінің айналу осінен барынша қашық нүктесінің  сызықтық  жылдамдығы

массалар центріне қатысты  өзара тең,  сондықтан былай жазуға

болады:мұндағы R – шар радиусы.

 

Сонда шардың инерция моменті үшін мынадай формула алынады:

J=mR2(2gh|2 -1)

В нүктесіндегі  шардың массалар центрінің сызықтық жылдамдығын табу үшін  шардың  ұшу қашықтығы ℓ мен оның үстел  бетіне дейін қозғалыс  уақытын t  білу керек ,яғни ұшу уақыты мына қатынастан

табылады:                        осыдан                        

 

Демек,

(13.3)-ті (13.2) –ге қойып,аламыз.

Сонымен шардың инерция моментін табу үшін науаның горизонталь бөлігінің  үстел бетінен биіктігін H, шардың сырғанай бастағаннан науаның горизонталь  бөлігіне  дейінгі  h және шардың  H биіктіктен  құлағандағы горизонталь  бойымен  қозғалатын қашықтын ℓ өлшеу қажет. Шардың үстелге құлаған  ізі қағазға  төселген  көшірме  қағаздың  көмегімен  белгіленеді.

Жұмысты орындау:

1.Науаның горизонталь бөлігінің үстел бетінен биіктігін Н  өлшеу.

2.Шардың сырғанай бастаганнан науаның горизонталь бөлігіне дейнгі биіктігін h өлшеу.

3.Шардың Н биіктіктен  құлағандағы горизонталь бойымен қозғалатын қашықтығын  ℓ өлшеу.

Кесте толтыру.

Өлшеулер

1

2

3

Н, м

0,23

0,23

0,23

Н1

0,39

0,39

0,39

h,м

0,16

0,16

0,16

1

0,235

0,225

0,27

2

0,24

0,245

0,278

3

0,245

0,248

0,298

ср.

0,24

0,239

0,282

R,м

0,0125

0,009

0,01

m,кг

0,073

0,023

0,005

J,кг/м3

0,102*10-5

0,168*10-6

4,255*10-7

 4.Әрбір шар үшін тәжірибені 2-3 рет қайталап, орташа мәнін табу.   

орт=ℓ1 +ℓ2+ℓ3/ 3=0,25м;

5.Инерция моментін есептеу.

Бақылау сұрақтарына жауап  беріңдер:

1.Берілген жұмыстағы дененің инерция моментін табу әдісін түсіндіріңдер.

Шардың айналмалы қозғалысының кинетикалық энергиясы мен бұрыштық жылдамдығын білу және биіктікті өлшеу әдісі.

2.Осы әдісті науаның идеал тегіс жағдайына колдануға бола    ма?

 Бұл әдісті науаның идеал тегіс жағдайында қолдануға болмайды.

3.Сендер бұдан да баска инерция моментін анықтаудың кандай   эксперименттік әдістерін білесіндер?

4.Берілген жұмыста колданылған әдістің артыкшылығы мен      кемшілігі  қандай? Артықшылығы  жұмыс жеңіл орындалады.

Кемшілігі өлшеуде қателік кездеседі,өлшеу құралдары көрсетілмеген.

Қорытынды:Өлшеу және есептеу нәтижесі  бойынша шардың инерция моментін тауып, ол шарды массасына тәуелді  екенін білдік.

 

 

 

№3 жұмыс.

Дененің кинетикалық  энергиясының өзгеруі  мен серпінділік  күшінің  жұмысын салыстыру.

Жұмыстың мақсаты: Кинетиқалық энергия туралы теоремаға      сүйене отырып, дененің кинематиқалы энергиясының өзгеруі мен серпінділік күшінің жұмысын салыстыру.

Керекті құралдар: жаппай жұмысқа арналған штатив — 2 дана, мектеп динамометрі, шар, жіп, миллиметрлік бөлігі бар ұзындығы 30 см өлшеуіш сызғыш, штативі бар мектеп таразысы, гірлер.

Теориялық  түсінік.

Кинетикалық энергия туралы теорема бойынша, денеге түсірілген күштің жұмысы дененің кинетикалық энергиясының  өзгерісіне тең:

 

Осы тұжырымдаманы эксперимент жүзінде дәлелдеу үшін 13.3-суретте көрсетілген қондырғы қолданылады.

 

 

Штативке горизонталь динамометр бекітіледі. Оның ілгішіне

ұзындығы 60-80 см жіп арқылы шар байланады. Осындай биіктіктеекінші штативке қысқыш  бекітіледі. Қысқыштің шетіне шарды орна-тып, екінші штативке шармен бірге, шарға динамометрсеріппесінің тарапынан Fсер. Серпінділік күші әрекет ететіндей жерге қашықтатады. Сосын шарды жібереді. Серпімділік күшінің әрекетінен шар   жылдамдық алады да оның    кинетиқалық  энергиясы нөлден m2/2-ге дейін өзгереді.

 Шардың Fсер.серпімділік күшінің әрекетінен алған жылдамдығының модулін табу үшін шардың Н биіктіктен еркін құлағандағы ұшу қашықтығын S өлшеу керек:

 

Осыдан жылдамдық модулі υ=sg/ -қа тең, ал кинетиқалық энергия

k= mv2/2= m s2H    (13.5)

Гук заңы бойынша шарға әрекет ету кезіндегі серпімділік күші Fcер1-ден F сер2-дейін сызықтық өзгереді. Сонда серпімділік  күшінің орта мән                  Fорт.серп = Fсер1 + Fcер2/2 =Fcер1/2.

Серіппенің деформациясын х өлшеп, серпімділік күшінің жұмысын есептеуге болады, ол    А = Fорт.серп.х= ½  Fсерп1х. (13.6)

Бұл жұмыстың мақсаты мына теңдікті тексеру болатын:  А= Wк,

Яғни               ½ F серп1х=ms2g/4H.       (13.7)

Жұмыстың орындалу тәртібі.

1. Штативтің біріне динамометрді бекітіп және екінші штативке дина-мометрмен бірдей деңгейде (40 см биіктікте) шар қоятын қысқыш орнатылады. Динамометр ілгішіне жіпке байланған шар ілінеді ( 13.3 –сурет).

2.Шарды штатив қысқышында ұстай отырып, штативті динамометрдің көрсету 2Н болғанға дейін қашықтатады. Сосын шарды босатып оның үстел бетіндегі түскен орнын белгілейді.Тәжірибені 2-3 рет қайталап, шардың ұшу қашықтығының s орта мәнін табыңдар.

3.Таразымен шар массасын өлшеп, серпімділік күші әрекетінен болған шардың кинетиқалық  энергиясының өзгерісін есептеңдер:

 = m2/2= ms2/4H

4.Cерпімділік күшінің 2Н мәніндегі динамометр серіппесінің х деформациясын өлшеп, серпімділік күшінің А жұмысын есептеңдер:

                      A = F орт. серп.х=   ½ Fсерп1х.

5.Кинетикалық энергияның өзгерісі мен серпімділік күшінің жұмысын

анықтаудағы өлшеулер мәнінің қателік шегін тауып, оны бағалаңдар.

Серпімділік күші жұмысының алынған мәнін шардың кинетиқалық энергиясының өзгерісімен салыстырыңдар. Одан қорытынды шағарыңдар.

6.Динамометр көрсеткішін 3 Н–ға дейін үлкейтіп, тәжірибені қайталаңдар.

Кесте салу.

F

m,

кг

S1

S2

S3

Sорт.м

H,м

ΔWк,Дж

X1

X2

Δx

A,Дж

2

0,01

0,8

0,78

0,82

0,8

0,4

0,04

0,03

0,065

0,035

0,04

3

0,01

1,23

1,18

1,27

1,2

0,4

0,09

0,03

0,09

0,06

0,09

 

Бақылау сұрақтарға жауап беріңдер.

 1. Қандай шарт орындалған кезде мәні ретінде оның бастапқы және соңғы мәндері қосындысының жартысын алып, айнымалы күштің жұмысын есептеуге болады?

Қорытынды: Серпімділік  күші әрекетінен болған шардың кинетикалық энергиясының өзгерісін және серпімділік күшінің  жұмысын есептеу арқылы, олардың тең болатынына көз жеткіздік.

  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Учитель физики
Курс повышения квалификации
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Проверен экспертом
Общая информация
Учебник: «Физика», Перышкин А.В., Гутник Е.М.
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Информационные технологии в деятельности учителя физики»
Курс профессиональной переподготовки «Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Подростковый возраст - важнейшая фаза становления личности»
Курс профессиональной переподготовки «Основы религиозных культур и светской этики: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Основы управления проектами в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности экономиста-аналитика производственно-хозяйственной деятельности организации»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС юридических направлений подготовки»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности по подбору и оценке персонала (рекрутинг)»
Курс профессиональной переподготовки «Организация менеджмента в туризме»
Курс повышения квалификации «ЕГЭ по физике: методика решения задач»
Курс профессиональной переподготовки «Управление ресурсами информационных технологий»
Курс профессиональной переподготовки «Техническая диагностика и контроль технического состояния автотранспортных средств»
Курс повышения квалификации «Международные валютно-кредитные отношения»
Курс профессиональной переподготовки «Осуществление и координация продаж»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.