Инфоурок / Дошкольное образование / Рабочие программы / Мектеп алды даярлық тобы балаларын математикаға үйрету әдістері

Мектеп алды даярлық тобы балаларын математикаға үйрету әдістері


библиотека
материалов

Шығыс Қазақстан облысы

Зайсан ауданы

Біржан ауылы

Амангелді атындағы орта мектебі КММ

Мектеп алды даярлық тобының

Тәрбиешісі: Касайнова Элмира Алимғазықызы


Мектеп алды даярлық тобы балаларын математикаға ұйрету әдістері.

Оқытудың жаңа бағыттары мен технологиясын іздеу, тәжірибеге енгізу нәтижесінде әдістемелік жұмыстар.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында еліміз дамуының жаңа кезеңінің бағыт бағдарынайқындап берген болатын.Осыған орай,бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат етіп тәрбиелеп өсіру- отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.Замана алға қойған осы міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейін тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделді.бұл қазіргі өмірдің өзінен туындып отырған талаптарды орындау , жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы- мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды.
 
Еліміз егемендік алғанға дейін байтақ қазақ жерінде баланың бесіктегі көзінен тәй-тәй басқан, былдырлап тілі шығып аңқалақтай қарап, «Анау не?» деп тілі қатып, түйсігі ояна бастаған кезеңнің тәрбиесі дейтіндей қилы –қилы , мәнді мәселелерді қозғап, тәлімгерлік әдісті үйрететін, түбегейлі жазатын арнайы басылым, газет, журналдар болмағаны да шындық болатын.
 
Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогиканың мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда.
Оқытудың жаңа бағыттары мен технологиясын іздеу, тәжірибеге енгізу нәтижесінде әдістемелік жұмыстар жүйелене түсуде. Ең негізгі мәселе педагогикалық ұжымының кәсіптік шеберлігін арттыру.Әр тәрбиешінің дамуына жағдай туғызу, озат тәжірибені пайдалана білу, тәрбиелеу ісін демократияландыру. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандартты мен оқу әдістемелік кешендеріне өзгеріс енгізілуі осының айғағы.
 
Мектепке дейінгі тәрбиенің негізін қалаудың тиімді жолдарын қарастырар болсақ, ол күнделікті мәдениетін қалыптастырып, мектепке дейінгі ұйымдардағы білім сапасын арттыруға байланысты болмақ. Ол үшінжалпы жағдайларды жақсарту басты міндет.Балабақшадағы «балалардың балалығын өзіне қайтару»,мектептік жүйені қайталамау, балалардың жағдайы жақсы болуы үшін педагогикалық талаптардың орындалуы күн кестесі кезеңдерін жүйелі дұрыс ұйымдастыруы, тамақтану мерзімі мен сапасының дұрыс болуы, олардың денсаулығын сақтау, құқығынқорғауда ата-аналармен ынтымақтаса, бірлесе еңбек маңызды. Бүгінгі таңда балабақшада, мектеп алды дайындық сыныптарында алған білім,білік дағдыларын күнделікті өмірде іс-әрекетін өз тәжірибесінде қолдана білуге
 
үйрету ,яғни өмірлік дағдыны қалыптастыру болып табылады.
 
Мектепке дейінгі тағылымды тәрбиенің негізі:тәуелсіз Қазақстан
 
1Республикасын өркениетке жеткізу жолында келер ұрпақты жоғары мәдениеттілік пен имандылыққа тәрбиелеу; баланың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ерте жастан сіңіру; жаңа ғылыми көзқарас қалыптастыру.
 
Заң талаптары негізінде бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеу бізге үлкен жауапкершілік жүктейді.Қай елдің болмасын іргетасы , жарқын болашағы – ұрпағы екені белгілі. Олай болса тілінің қасиетін, туған жерінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бала бойына жеткізе білу әрбір тәрбиешінің басты борышы, сол ұрпақты тәрбиелейтін де, жоғары, саналы дейінгі балалардың қарапайым азамат ретінде қалыптастыратын алғашқы баспалдақ –балабақша және мектеп алды дайындық сыныптары.
Қазіргі жас ұрпақты , білімді, мәдениетті, ұшқыр қиялды, өз ұлтын сүйетін нағыз қабілетті етіп тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз. Дүниедегі ұшқыр ойлы,тек қана шындықпен жүретін нәзік те пәк те, батыл да батыр- ол бала.Өйткені жаны да нәзік нанғыштығы да тез, «өмірдегі барлық құбылысты білсем, дүние сырын ашсам» деп талпынады, ұмтылады.
Мектепке дейінгі тәрбиенің өткеніне көз жіберіп, болашағына болжам жасайтын болсақ, тәрбие мәңгіліктің категориясы екенін тұжырымдаған халқымыздың дана перзенттері, заман заңғарлары, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Яссауиден бастап , Ұлы Абай, Ыбырай, Шоқанның тәлім-тәрбие жөнінде айтқан әлемдік деңгейдегі педагогикалық ой-тұжырымдарының мәні бүгінге дейін артпаса, еш кеміген жоқ.Грек философы Эпиктет-«Кереметтің кереметі жақсы тәрбиеленген адам»- дейді. Олай болса: «Болашақта көп болсын жақсы адам, тәрбиені бастау керек бақшадан»- дегендей тәрбиелі көргенді бала тәрбиелеу үшін мектепке дейінгі ұйымдар алдында тұрған бірқатар маңызды міндеттерді бірлесіп шешу қажеттілігі туындап отыр.
Бала тәрбиесі -өте ерте заманнан бастап адамзатты толғандырып жүргенөмірдің өзекті мәселелерінің бірі.Нәресте шыр етіп дүниеге есігін ашқаннан бастап ата-ананың аялы алақанына, мейірім шапағатына бөленеді, ата-ананың мейірімді жүзі, жылы жүрегі ыстық құшағынан балаға дұние есігі ашылады,оның дүние танымы, өмірді тануыміне осыдан басталады.
 
Баланы болашақ өмірге, белсенді еңбекке даярлауда, оның ақыл-ойы адамгершілік, эстетикалық сезімдерін, танымдық қабілетінқалыптастыруда- балаға құрметпен қарау қажет.
 
Қазіргі уақытта мектепалды даярлық сыныбы тәрбиешісі бола жүріп мынадай басты міндеттерді алға қойдым:бүлдіршіндердің ой-өрісін, іс-қимылын,логикалық ойлауын, жалпы жан-жақты қабілетін дамыту.
 
Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті - қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын меңгеруден басталады деп ойлаймын. Өйткені өз тәжрибемнен байқағанымдай бала сөйлей басталысымен өзінің мекен-жайын, телефон номерін жаттай бастайды.Міне сан, санау осыдан
 
басталатыны анық.
 
Сезім тәрбиесі-түйсік пен қабылдаудың бірдей дамуы. Сәбилік шақтың
 
алғашқы күндерінен бастап –ақ бала өзін қоршаған заттарының қасиетін түсінуге талпыныс жасай бастайды. Затты танып білу үшін бүлдіршіндер түр-түсіне мән бермейді, заттың құрылымына (формасына) көңіл бөледі.Сондықтан бүлдіршіндердің сенсорлық тәрбиесін шыңдау үшін олармен тәрбие жұмысын жүргізген кезде бір-біріне киілетін ойыншықтарды және геометриялық пішіндерді, құрастыру ойыншықтарын қолданамын. Мысалы: пирамидалар, бір-біріне киілетін ойыншықтар, лего, баланың логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған дамытушы ойындар. Бұлар, бүлдіршіндердің сенсорлық тәрбиесін сезім мүшесінің дамуына айналадағы болмысты танып түсінуіне әрекет жасап, ойлау қабілеттерін жетілдіруге үлкен үлес қосады.
Педагогика және психология зерттеулері бойынша балалық шақ баланың жеке тұлға болып өзін-өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек, адамгершілік қасиеттері, ақыл-ойы, логикалық және басқа да қасиеттерін қалыптастырудың ең негізгі кезеңі болып табылады.Бүлдіршіндердің логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарының ойын арқылы үйретудің заттарды әртүрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың, көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың, жұмбақтар жаттаудың маңызы өте зор.Өйкені жасырын тұрған ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлап тұрғанын баланың ми қыртысы шыңдайды. Яғни, танымдық сезімін қалыптастырады.
5 -6 жас аралығындағы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда сұрақтардың алатын орны ерекше, сондықтан балаға қойылатын сұрақтар жүйелі, әрі түсінікті болуы керек.
 
Ойын балалар үшін өзіне тән жүру барысымен , мақсатымен маңызды. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл-ойы дамиды, осыдан баланың логикалық ойлау, қиялдау қабілеті дамиды.Баланың ойлау қабілетін дамыту мәселе болып табылады.
Бүгінгі күн талабы – баланың ақыл –ойын дамыту, танымдық қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастырудың құралы- ойын әрекеті, яғни ойын- баланың жетекші әрекеті. Бірақ ойын тек қана балаларды қызықтырып , уақыт өткізудің құралы болмай балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек,яғни оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет.
Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты, тәуелдікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын ерекшеліктерін байқай отырып білуге қызығушылығы, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді.Ойын негізінде ойлай отырып тапсырмаларды өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау, өз ойындағысын айту жайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы өзіне сенімді ерік–жігерлі,дүниетанымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде қабілеті жоғарылап, жан-жақты дами алады.
Баланың ақыл-ойының даму тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлімдік- тәрбиелік іс- әрекеттерді игерумен бірге ойлау, қиялдау,ес сақтау ,елестету т.б. қабілеттерінің, танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлағатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.
Белгілі психолог Л.С.Выготскии «Қандай да бір оқыту үшін тиімді,яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары не төмен талапқа ауытқу, яғни тым ерте,тым кеш оқыту мерзімдері баланың ақыл- ойының даму барысына қолайсыз әсерін тигізеді» деген. Осы орайда, «Балаларды мектепке дайындау –оларды оқытып, санатып, әйтеуір білім беріп шығару» -деп білімдік тәрбиелік үрдістерді дәстүрлі мектеп сабағы түрінде жүргізу ойдағыдай нәтиже бермейтіндігі сөзсіз. Мектепке дейінгі балалардың жасы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, ойын түрінде ұйымдастыру нәтижелі болмақ. Ал, осы талаптағы жұмысты іске асыру менің де шығармашылық ізденістерім мен шеберлігімді қажет етеді.
 
Қоғамның алдына қойған мақсаттарына сәйкес білім беру жүйесінің өзгеруі белгілі процес.Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу- танымдық әрекетін ұйымдастыру балалық шақтың барлық кезеңіне қарамастан мектепалды балаларын мектепке дайындау жүйесінде ерекше орын алады.Сонымен бірге оларда оқу-танымдық іс-әрекетті аяқтап мектепте оқудың баспалдағында тұрады.Бұл кезеңде мектепке қажетті қызметтер , тәртіптілік, оқу әрекеті, жеке бастың, еріктік эмоциялық өрісі белсенді қалыптасады.Сонымен қатар, оларда оқу танымдық іс-әрекеттердің өз бетінше жүргізу дағдысын қалыптастыру- оқытудың аса маңызы мақсаттарының бірі.Мұны жүзеге асыру-жинақылыққа, өзін-өзі басқаруға үйретеді, білімді саналы түрде игеріп, оны танымды, шығармашылық және қарапайым тапсырмаларды орындауда дұрыс қолдана білуге жетелейді. Сондықтан тәрбиеші балалардың қызығуын толық түрде қанағаттандыратындай, өздерін танымдық белсенділігі мен дербестігін жүзеге асыратындай жағдай туғызуы тиіс. Оқу процесі балалардың танымдық әрекеті нәтижесінде жүзеге асады. Ал, танымдық әрекеті негізінде балалардың танымдық белсенділігі қалыптасады.Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі балалардың алған білімін өмірде пайдалана білу болып табылады.Балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру – оқу үрдісін белсенділігін қалыптастыру мәселесіне педагогтардың, психологтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері баршылық. Танымдылық белсенділік бір ғана белгімен көрсетуге болмайтын ұғым. Оның алуан қырлы сипатын айқын көреміз.Белсенділік деп- адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. «Таным-бұл әр жақты процесс.Ол-білмеуден білуге бағытталған ой қозғалыстарының адам миында бейнеленуі» (Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев). Балаларды мектепке даярлау іс-әрекетінде, әсіресе математикалық ұғымдарды қалыптастыруда танымдық белсенділіктің орны ерекше.Балаларды белсенділікке жетелеу – бұл тәрбиешінің белгілі.
мақсатқа бағытталған әрекеті,мазмұнды, білімді меңгерудегі дағды мен іскерліктің қалыптасуы, оларды тәжірибеде қолдану әрекеті.
(Слайд №3)
Мектеп жасына дейінгі балаларға жақын, олардың танымдық, білімдік, іскерлік әрекеттеріндегі жетекші әрекеті- ойын болғандықтан ойын түрінде ойландыра отырып оқыту, тәрбиелеудің тиімді жолдарын айқындау процесін ұйымдастыру бүгінгі күндегі өзекті мәселенің бірі.
Мектепке дейінгі математиканың негізі-бастауыш мектептің математика курсының ажырамас бөлігі болып табылады. Математика сабағы балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін, интеллекттісін қалыптастырып дамытуды, математикалық тілдің элементтерін меңгеруді, «математикалық сауаттандыруды» басты мақсат етіп қояды. Осыдан қарапайым математиканы оқытудың мынандай мақсаттарға жетуді көздейтіндігі туындайды:
Бағдарлама талаптарына сай мөлшер мен деңгейде білім, білік және дағдыларды игеру;
- баланың ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және
 
ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыта түсу;
- меңгерген қарапайым математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындауды жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасында қазіргі мектепке дейінгі мекемеде жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Республиканың «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген.
 
Әр елдің болашағы сол халықтың білім, ғылым деңгейімен анықталатындықтан, оқу жүйесін неғұрлым тиімді құра білу қажеттілігі қай кезде де өзекті мәселе болмақ. Танымдық қызығушылық оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбиелеп оқытудың ең көкейкесті проблемалары танымдық қызығушылық мәселелерін қарастырады. Бала өмірінде қызығушылықтың әр түрі (эстетикалық, көркемдік, музыкалық, т.б.) көрініс табады. Өскелең ұрпақ үшін танымдық қызығушылықтың маңызы өте жоғары.
Математика сабақтарында шығармашылық тапсырмаларды шешуге ерекше мән беріледі. Өйткені мұнда шығармашылық тапсырмалар өзінің мазмұнымен балалардың логикалық ойлауын және сөйлеуін дамытуға ықпал етіп, өз ойларын қысқаша әрі түсінікті етіп жеткізуге тәрбиелейді.
 
Мектепке дейінгі балаларды оқытуда балаларың ақыл-ой белсенділігін жан-жақты етіп көрсететін, шығармашылық қабілеттерін дамытып отыруда оларды қызықтыратындай тапсырмалардың алатын орны ерекше.
 
Қызықты тапсырмаларды орындауда мектепке дейінгі балалардың өз бетімен жұмыс жасай білуін дамыту, танымдық қызығушылығын арттыру қазіргі кезде еліміздегі оқыту әдістерінің ең бір өзекті проблемасына айналды. .
Мектепалды сыныптары – бұл Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жаңа көрініс. Олардың ашылуына бірқатар себептер негіз болды, ең бірінші себебі – мектепке дейінгі ұйымдардың жаппай жабылуы, бұның нәтижесінде 1995-1999 жылдары балалардың басым көпшілігі жалпы дамудың қажетті деңгейіне жетпей, оқу әрекетіне деген психологиялық, когнитивтік, жалпымәдениеттік даярлықтан өтпей, мектептерге түсе бастады. Осы балалардың көбі, өздеріне тың болып табылатын мектеп жағдайына түсіп, болып жатқан құбылыстарға қиындықпен бейімделе бастады. Осындай бірінші сыныптағылардың сенімсіз жүріс-тұрысы айналадағылардың теріс көзқарасын тудырды, бұның өзі баланың психикасын жаралап, оған деген мұғалім тарапынан жағымсыз қарым-қатынастың пайда болуына ықпал етті. Осылайша, мектептегі оқу жылдарында үнемі қалып жүретін, қиын деген әлсіз, енжар оқушының бейнесі қалыптасты. Бұдан басқа мектепалды сыныптардың ашылуына 1997-2000 жылдары бастауыш мектепте тұлғалық, танымдық, арнайы-педагогикалық дамудың тиісті деңгейіне ие болған бала мектепке келеді деген оймен әзірленген жаңа буын оқулықтарының енгізілуі негіз болды.
 




Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-320431

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG