Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Мектеп аруы 2016 тәрбиелік шара 9-10 сыныптар
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Мектеп аруы 2016 тәрбиелік шара 9-10 сыныптар

библиотека
материалов


Мақсаты:Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру ,қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

Барысы:

Алишер:Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар.

Думан:Бүгінгі “Мектеп аруы - 2016” атты қыздар сайысына қош келдіңіздер.

Алишер:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайрандаған

Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Думан:

Пір тұтқан махаббатты адалдықты

Көркімен таң қалдырған талай жұртты.

Қыздардың қылығымен өмір қызық,

Қыздардың ғұмырымен заман құтты.

Алишер:

Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,

Еңбектегі әріптестер мақтаны

Өнеріңді ортаға сал сайысқа,

Өнер көрсет құрбылармен жарыста.

Думан:

Мың бұралған арулар билей басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

1.Төлепқали Сымбат «9 А» сынып

2.Мұхамбеткалиева Назерке «9 Б»

3.Айболатова Гүлім «10 А»

4.Исламгалиева Әсемгүл «10 Б»

5.Булатова Айнаш «10 Г»

Алишер:

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан

Әділқазы алқасымен танысайық.

1.Сырым Аруы Мұса Ақерке

2.Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жумашева Данагуль Талғатқызы

3.Мектебіміздің ардагер ұстазы Ашенова Рита Мажитқызы



Думан:Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлермен өнерін көрсетеді.Сайысымыз мынадай турлардан тұрады.

1.Таныстыру (3мин )

2.Сұрақ жауап

3.Өнер көрсету (монолог, көрініс)

4.Сән үлгісі (Ұлттық нақышты бейнелейтін киім)

5.Ерекше тапсырма


Алишер:

Кел достар бастайық

Бастайық той кешін.

Қызықтан еш адам

Қалмасын кеш қалып.

Думан:Бірінші сайыс таныстыру

Көңілге сен түй мұны,

Әр бүлдіршін-ел гүлі.

Бақытты елде туғаның,

Есіміңнен белгілі.

(Аруларымыз кезекпен таныструын бастайды)

(Бағалану)

Алишер:Екінші сайыс-қыз сұлу көрінеді біліммен

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

Думан:

Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың,

Жарасымды үйлесімді ғажап шын.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап,жаңартудан қашпайық.

(сұрақтарға жауап)

(Әрбір сайыскерге екі сұрақтан қойылады.)

1-қыз.

1.Мәсі дегеніміз не?(Аяқ киімнің бір түрі.Етіктен айырмашылығы өкшесі жоқ)

2.Үш жұртты ата?(Нағашы жұрты,өз жұрты,қайын жұрты)

2-қыз

1.Шілдехана қандай той?(бала дүниеге келгенде 40 күннен соң ат қойып, бесікке салу)

2.Жеті жұтты ата?(Құрғақшылық,мал қырылу,өрт,оба,соғыс,топан су,зілзала)

3-қыз

1.Екі ағайынды қыздардың балалары бір-біріне кім болады?(Бөле)

2.Әмеңгерлік дегеніміз не?(Әйелдің жолдасы қайтқан жағдайда күйеуінің ағасына немесе інісіне тұрмысқа шығуы)

4-қыз

1.Уыз қалай дайындалады?(Жаңа төлдеген малдың төлі емгеннен кейінгі алғашқы сүтінен пісіріледі)

2.Жеті қазынаны ата?(Ер жігіт,Сұлу әйел,Ақыл-білім,жүйрік ат,Қыран бүркіт,Берен мылтық,Ит)

5-қыз

1. Назови детали юрты?(Уық,кереге,шаңырақ)

2.Песня прощание выдаваемой замуж девушки (Сыңсу)

(Бағалану)

Алишер:Үшінші сайыс өнерліге өріс кең

Өнерсізден қашып жүр,

Өнермен үлгі шашып жүр.

Өнерді көп білетін дана болар,

Өнерсіздің ісі шала болар.

(Қане қыздардың өнерлерін тамашалайық)

1.Төлепқали Сымбат көрініс « Қарттар үйі»

2.Мұхамбетқалиева Назерке Фариза Оңғарсынова «Жетім баланың монологі»

3. Айболатова Гүлім монолог Мұхтар Шаханов «Байқаймысың?»

4.Исламгалиева Әсемгүл «Тастанды сәби монологі»

5.Булатова Айнаш «Әке туралы» монолог


Ән «Үкілі Кәмшат» Жайлау Дәуреннің орындауында

Думан:Келесі сайысымызсән үлгісі деп аталады.Бұл сайыста әбір қыз бала ұлттық киімдерден сән үлгісін көрсету керек.

(Бағалану)

Ән «Өрлей бер Қазақстан!» Закина Альбина

Алишер:

Сымбатына сән киімі жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Аруларға қызығып бір қарасын – деп келесі сайысымыз «Ерекше тапсырма». Бұл сайыста біз аруларымыз нан илей алама екен соны білетін боламыз.

(Бағалану)

Думан:Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есепетеп болғанша тамаша ән тыңдайық.

Алдарыңызда Ахметқайрова Инабаттың орындауындағы «Шақырады көктем» әнін тыңдайық!

Алишер:Енді сөз кезегін төрешілерге берейік.

Думан:

Өнеріміз сайыста,

Жетелейді алысқа.

Бүгінгі күннің жеңісі,

Достық болып қалуда!

Алишер:Осымен «Мектеп аруы-2016» сайысымыз аяқталды. Баршаңызды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. ҚОШ САУ БОЛЫҢЫЗДАР!




Автор
Дата добавления 24.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров115
Номер материала ДВ-551083
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх