Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Мектеп-гимназия оқушыларының жазғы демалысы"

"Мектеп-гимназия оқушыларының жазғы демалысы"

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Жазғы демалыс-2015

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытындағы балалар мен жасөспірімдердің толық демалуларына, танып білу,шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыруға,балалардың өзін өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамытуға, ғылыми-техникалық,көркем- шығармашылық, спорт, саяхат пен өлкетану және басқа да танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатында Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы жанында оқушылар үшін жазғы сауықтыру маусымы ашылады.

Жазғы каникул балалардың жылдық бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады.Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең.

Сондықтан жаз-балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға,олардың жеке ерекшеліктерін жетілдіру, әлеуметтік және мәдени білім беру құндылықтарына араласу, әлеуметтік байланыстар жүйесіне қосылу, өз жоспарларын іс жүзіне асыру,жеке бас мүдделерін қанағаттандыру,ойын-сауық, бойында жиналып қалған шиеленістен арылу, жұмсалған күшінің орнын толтыру, денсаулығын нығайту кезеңі.

Балалар да, үлкендер де жылы күндерді аңсап күтеді.

Осы мақсатта жыл сайын Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназия жанында «Балдәурен» жазғы күндізгі демалу және сауықтыру лагері жұмыс жасайды. Онда әдетте 1-4- сынып оқушылары белсенді демалып, денсаулықтарын қалпына келтіреді.Жетім, аз қамтамасыз етілген және көп балалы, толық емес отбасы балалары мен үздік оқушылар да сол жерде тегін дем алады.Ал жұмыс істейтін ата-аналар балалар қараусыз қалады деп алаңдамайды,мектеп жанындағы лагерде олардың демалысы қамтамасыз етілген.Сонымен қатар математика,физика және қазақ,орыс,ағылшын тілдерінен білімдерін тереңдетуге ықпал ететін «Болашақ» пәндік лагері жұмыс жасайды.

Мектеп лагері-белсенді демалыс аймағы, насихаттық, дидактикалық, сөздік мектеп әрекетінен өзгеше әртүрлі қоғамдық мәні бар бос уақытты өткізу орны.Лагерь кез келген балаға өзін көрсетуге,өзін-өзі сыйлау мен өзін-өзі көрсете білудің жоғары деңгейіне жақындау мүмкіндігін береді. Оқушылардың күндізгі уақытын өткізуге арналған лагерде олардың демалысын барынша оңтайлы өткізуге барлық жағдай жасалған.

Лагерь бағдарламасының мазмұны әрекет бағыттарының кең спектрін ұсынады және әрбір балаға еркін таңдау мен қызығушылық негізінде өзінің даралығын, әртүрлі істерде бірегейлігін ашып, көрсете білуге мүмкіндік жасайды.

Балалардың ұйымдастырушылық қабілеттерін,білік пен дағдыларын бекітуге,жаңа шеберлікке ие болуға,шығармашылығын шыңдауға,балалардың өзін-өзі басқарушылық рөлін көтеруді негізгі мақсат ретінде қарастырады.Осы мақсаттарды негізге ала отырып жазғы маусымда балалар лагерінде өнерлі балаларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады.

Жаз бойы мектеп-гимназия кітапханасы жас оқырмандарға қызмет көрсетіп,әлемдік классика туындыларын насихаттаумен айналысады.

Мектеп-гимназияның негізгі мақсаты-оқушыларға білім беріп қана қоймай,олардың демалу және сауықтыруын дұрыс ұйымдастырып,олардың әрқайсының өмірге белсенді түрде араласып,өзін-өзі басқаруға,жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.

C:\Users\pc\Desktop\Жаз 2014\фото Балдаурен\DSC09670.JPG

C:\Users\pc\Desktop\Жаз 2014\фото Балдаурен\DSC09771.JPG

Краткое описание документа:

Автор
Дата добавления 22.06.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров300
Номер материала 573002
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх