Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / "Мектеп көшбасшылары" интеллектуалдық ойыны
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

"Мектеп көшбасшылары" интеллектуалдық ойыны

библиотека
материалов

Алматы облысы, Балқаш ауданы,hello_html_2ad3ac6f.jpg

«Бірлік орта мектебі»

мемлекеттік коммуналдық мекемесінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Мамырова Қарлыға










«Мектеп көшбасшылары»

/білімділік сайысы/

Мақсаты:

1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып әрбір оқушы өзінің білім деңгейін топтық жарыста көрсете білуге үйрету.

2. Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыту.

3. Оқушыларды өзін еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға баулу.


1 - жүргізуші:

Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз

«Мектеп көшбасшылары» сайысын біз бастаймыз
2 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!


1 - жүргізуші: «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде 8-10 сыныптар оқушылары арасында өткелі отырған «Мектеп көшбасшылары» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!


2 - жүргізуші:

Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Сайыскерлерді шақырайық ортаға.

Олай болса, бүгінгі сайысқа қатысатын әр сыныптан құрылған топтарымызды кезегімен ортаға шақырайық:

1-топ: ________________________ _____

2-топ: ________________________ _____

3-топ: ________________________ _____

4-топ: ________________________ _____

5-топ: ________________________ _____

6-топ: ________________________ _____


1-жүргізуші:

Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

(Әділқазылар мүшесімен таныстыру)


2-жүргізуші:

Ойыншыларымыз сайыстың мынадай асулары бойынша бақтарын сынайды:

І-асу: Бәйге

ІІ-асу: Полиглот

ІІІ-асу: Дода

ІV-асу. Жорға


1-жүргізуші:

Сайысымызды бастамас бұрын әр топтың өздерін таныстыруын тыңдап өтсек. Кезек өздеріңізде қатысушылар.


2-жүргізуші:

Білімнің ұшқырлығын танытатын,

«Бәйге» тур да сайыскер жаңылмағын.

Уакыт деген зымырап, өтіп кетер,

Асып, тасып, асықпа, қалыспағын


І-асу: «Бәйге» деп аталады

1.Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан және бағдарламадан тыс 12 сұрақ беріледі

2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.

3.”Бәйгенің” сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлер 10 сек. ішінде алдарында берілген сандардың ішінен жауап нұсқаларына сәйкес санды көтереді

4. 1 дұрыс жауапқа 10 ұпай.

5. Аз ұпай жинаған топ ойыннан шығады

1-сұрақ Буын үндестігінің басқаша атауы?

  1. ассимиляция

  2. сингорманизм

  3. диссимиляция

2-сұрақ. «Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек» өлеңінің авторы кім?

  1. Абай Құнанбаев

  2. Шәкәрім

  3. Сәкен Сейфуллин

3-сұрақ. Зевс құдайының латын атымен аталған планета ?

  1. Уран

  2. Юпитер

  3. Меркурий

4-сұрақ. Қазақтың тұңғыш романы?

  1. Қалың мал

  2. Ботагөз

  3. Абай жолы

5-сұрақ. Процессор қандай құрылғы?

  1. Енгізу құрылғысы

  2. Өңдеу құрылғысы

  3. Сақтау құрылғысы

6-сұрақ. Сақтарды «Азиялық скив» деп атаған кімдер?

  1. Ирандықтар

  2. Гректер

  3. Ғұндар

7-сұрақ. Организмдегі негізгі энергия көзі?

  1. көмірсулар

  2. сулар

  3. бактериялар

8-сұрақ. Салмағы 0-ге тең болатын дененің күші?

  1. Асқын салмақ

  2. Асқын жеңілдік

  3. Салмақсыздық

9-сұрақ: Астрономияның негізгі заңдарын ашқан кім?

  1. Кеплер

  2. Ньютон

  3. Эйнштейн

10-сұрақ. 2008 жылғы олимпиада қай қалада болды?

  1. Лондон

  2. Сидней

  3. Пекин

11-сұрақ: Солтүстік бағыт пен жер бетіндегі нысандар арасындағы бұрыш қалай аталады?

  1. Азимут

  2. Ендік

  3. Бойлық

12-сұрақ. Сөйлем және сөз тіркесін зерттейтін тіл білімінің саласы

  1. Синтаксис

  2. Морфология

  3. Фонетика

(қосымша сұрақтар)

1-сұрақтар:

Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін қалай аталады?
а) сипаттау 
б) пайымдау 
в) әңгімелеу

  • Әділқазы алқалары 1 кезең бойынша әр топтың алған ұпайларын айтып өтсеңіздер.

Олай болса, _______________ тобын сайысқа қатысып, бақтарын сынағандары үшін «Мектеп белсенділері» номинациясымен марапаттаймыз.


1-жүргізуші:

Келесі ІІ-асу: Полиглот

1.Қатысушыларымыздың алдынғы асудағы ұпай сандары сақталып, осы асудағы ұпай сандары қосылады.

2. Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ 10 мақал-мәтел беріледі. Сол мақал-мәтелдің ішіндегі тиісті сөздің үш тілде аудармасын алдарындағы плакатқа жазады.

3. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.

4. Аз ұпай жинаған топ ойыннан шығады


1.Гүл өссе – жердің көркі,

. . . өссе – елдің көркі (қыз-девушка-girl )

2. ....-кеме,білім-теңіз (мектеп-школа- school)

3. Білімді өлсе,

Қағазда … қалар (есімі- имя -name)

4. …. — үлкен мектеп (Өмір – жизнь-life)

5…. – алтын қазына ( тіл – язык-language)

6…. – отбасынан басталады (отан – родина-mohter land)

7. … – ақылдың көркі (Білім – знание -knowlegde)

8. … — білім бұлағы (оқу — учеба-stady)

9. … – ғылым – тілсіз мұғалім ( кітап – книга-book)

10…. алды – қызыл тіл (өнер – искусство-art)

(қосымша сұрақтарға жұмбақ жасыру)

1.Жолбарыстан аумайды
Пеш түбінде аунайды (мысық - кошка cat )

2. Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег - snow)

3. Жұдырықтай қызыл шар,
Тілді үірген шырын бал.
( алма – яблоко - аpple )

  • Әділқазы алқалары 2 кезең бойынша әр топтың алған ұпайларын айтып өтсеңіздер.

Олай болса, _______________ тобын сайысқа қатысып, үш тілде білімдерін сынағандары үшін «Мектептің үштілділікті меңгерушілері» номинациясымен марапаттаймыз.


1-жүргізуші:

Мәңгі бақи есте қалар

Ғажайып бір сайыс болсын

Білімдірек шәкірт озар

Қиынырақ сұрақ болсын,-

келесі ІІІ-асу: «Дода» деп аталады

  1. Қатысушыларымыздың бірінші, екінші асуда жинаған ұпайлары сақталады.

  2. Бұл асуда мектеп бағдарламасына сай 6 пәннен сұрақтар қойылады. Әр тақырыптың ішінде 3 сұрақ болады,

  3. Қатысушыларымызға 30 секунд беріледі, әр дұрыс жауапқа он балдан қосылып отырады.

  4. Жауап ауызша беріледі.


Қазақ тілі

1. Заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы?(сын есім)

2. Сөз құрамын зерттейтін сала?(Морфология)

3. “Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман” тіркесінің мағынасын айт?

(Тыныштық заман)


Математика

1. 5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут ұстайды? (5 минут)

2. Үшбұрыштың 3 қабырғасы берілген 10,15,7, оның периметрін тап? (32)

3. “Миллион” деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы?(Ы.Алтынсарин)

4. Геометрияның жазықтағы заңдылықтарын зерттейтін бөлімі?

(Планиметрия)


Физика

1. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты ?(Ньютон)

2. Ток күшінің өлшем бірлігі? (Ампер)

3. Дисперсия құбылысы дегеніміз не ?(Жарықтың спектрге бөлінуі)

4. Дене су бетінде қандай күштің әсерінен қалқып жүреді?(Архимед күші)

5. Қысымды қандай құралмен өлшейді ?(Барометр)

Тарих

1. Тарихтың атасы?(Геродот)

2. Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім(Р. Қошқарбаев)

3. Тұңғыш қазақ демограф ғалымы?(М. Тәтімов)

4. Адамзат қоғамы туралы ғылым?(тарих)

5. Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама қай жылы басталды?(1723 ж.)

География

1. Әмудария мен Сырдария аралығындағы шөл ?(Қызылқұм)

2. Экватордың жалпы ұзындығы?(40000 км)

3. АҚШ-тың солтүстік штаты ?(Аляска)

4. Ең терең көл? (Байкал)

5. Тайланд астанасы?(Бангкок)

Информатика

1. Компьютердің негізгі бөліктерін ата?(Жүйелік блок, Монитор, Пернетақта)

2. Принтердің неше түрі бар?(3 түрі бар)

3. Вирустың кері әсерін жоятын программа ?(Антивирус)

4. “Компьютердің атасы” деп кімді атаған?(Ч. Беббидж)

5. Атақты Microsoft компаниясының президенті ?(Билл Гейтс)


  • Әділқазы алқалары 3 кезең бойынша әр топтың алған ұпайларын айтып өтсеңіздер.

Олай болса, _______________ тобын сайысқа қатысып, 3 асуда белсенділік танытқандары үшін «Мектептің білгірлері» номинациясымен марапаттаймыз.


1-жүргізуші:

ІV-асу. Жорға

1. Мұнда топ басшылары өз тобының намысын қорғап, сынға түседі. Бір минут ішінде 15 сұраққа жауап береді, әр жауапқа 10 ұпай жинайды.

1-ші ойыншыға қойылатын сұрақтар:

1. Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (домбыра)

2. «Дружба» сөзінің қазақшасы қалай? (достық)

3.Халықаралық тіл (ағылшын)

4.Экология апатқа ұшыраған теңіз (Арал)

5. Үш байлық деген не?(денсаулық, ақ жаулық, он саулық)

6. Бала дәрігері (педиатор)

7. Қазақ тілінде неше септік бар? (7септік)

8. Астана қаласының символы (Бәйтерек)

9. Екі не бірнеше адамның сөйлесуі?(Диалог)

10. Жаздан кейін не келеді? (күз)

11. Бір жылда 12 не бар? (ай)

12. Наурыз көжеден ауыз тию қандай ұғымды білдіреді? (тоқшылық)

13. Мектепті басқаратын адамды кім дейміз? (мектеп директоры)

14. «Абай жолы» романының авторы? (М.Әуезов)

15. 1 минутта неше секунд бар? (60 секунд)

2-ші ойыншыға қойылатын сұрақтар:

1. «Бәйтерек» орналасқан қала?(Астана)

2. Бетінде оюлары бар киізден жасалған үй жабдығы (сырмақ)

3. Солтүстік Қазақстанның бас қаласы (Петропавл, Қызылжар)

4. Қазақтың ішекті аспабы (домбыра)

5. Жер серігі (Ай)

6. «Қазақтың бас ақыны»? (Абай)

7. Қазақтың тұңғыш 1909 жылы дүниежүзілік чемпионы атағын алған палуан? (Қажымұқан Мұңайтпасов)

8. Қағаз басып шығаратын құрылғы?(принтер)

9. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)

10.Қыран құсты баулып, аңға салатын адам? (құсбегі)

11. Қазақ қыздарының ұзатылғанда киетін бас киімі (сәукеле)

12.Үш арсыз (ұйқы, күлкі, тамақ)

13.Қызды қуып жетіп, бетінен сүйетін қазақтың ұлттық ойыны? (қыз қуу)

14. «Қазақтың бес арысы»

15.Ең үлкен жұмыртқа салатын құс қалай аталады? (Түйеқұс)

3-ші ойыншыға қойылатын сұрақтар:

1. «Қазақ тілі» сөзінің орысшасы қалай? (казахский язык)

2. «Батыр Баян» поэмасының авторы?(Мағжан Жұмабаев)

3. Еуразиядағы ең ірі қол мәдениеті (Андронов)

4. Қыс айлары (желтоқсан, қаңтар, ақпан)

5. Ең жіңішке қан тамырлары? (капилярлар)

6. Үнемі солтүстік бағытты көрсетіп тұратын жұлдыз? (Темірқазық)

7. Қарама-қарсы қабырғалары тең және параллель болатын төртбұрыш

(Параллелограмм)

8. Қазақстанның Ресейге қосылуы қай жылдан басталды?(1731 ж)

9. Байланыс каналдары арқылы алыстағы компьютерлер арасында ақпарат алмастыру жабдығы қалай аталады? (Модем)  

10. «Қазақтың үш бәйтерегі» (Сәкен, Бейімбет, Ілияс)

11. «Мұғалім» сөзінің синонимі (ұстаз)

12. Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады? (60 – 80 рет)

13. Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым оның барлық нүктесіне бірдей беріледі,-деп тұжырымдалатын заң?( Паскаль заңы)

14. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, олардың түрлері? (қатаң, ұяң, үнді)

15. Қыз бен жігіт айтысына да, ақындар айтысына да жататын айтыс? (Біржан мен Сара айтысы)

  • Әділқазы алқалары 1,2,3,4 асулар бойынша әр топтың алған ұпайларын есептеп, бүгінгі сайыстың жеңімпаздарын анықтап берсеңіздер! Сіздер ұпай сандарын есептегенше, «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» дегендей, өз ана тілімізбен қоса орыс, ағылшын тіліндегі білімдеріңіз саралау үшін көрермендерімізге жұмбақтар жасырып, жауабын орысша, ағылшын тілдерінде жауаптарын тақтаға жазса дейміз.
    1. Алыстан қарасаң, аппақ,
    Татып көрсең, тәтті - ақ (Қант – сахар - sugar )
    2. Жұдырықтай қызыл шар,
    Тілді үірген шырын бал. ( алма – яблоко - аpple )
    3. Бұл үйге көзсіз боп басың сұғасың,
    Бұл уйден көреген болып шығасың.(мектеп - школа - school)
    4. Кең әлемді кернейді,
    Көзің бірақ көрмейді. ( ауа, воздух, air )
    5. Қазақтардың қасиетті саны... «жеті, семь, seven»
    6. Кеудесінде жаны жоқ,
    Тамырында каны жоқ
    Май жейді, су ішеді (көлік - машина - car)
    7. Мамықтай ұлпа, қанаттай ақ
    Қыста жер бетін басады,
    Жазда сайға қашады (Қар - снег - snow)
    8. Сөзі дана, үні жоқ,
    Сөйлемейді тілі жоқ.
    Қолына алсаң шешен,
    Ақылы асқан көсем (Кітап - книга - book)

    9. Ұшып - қонып тынбайды,
    Тасқа соқсаң сынбайды.
    Суға салсаң батпайды,
    Түскен жерге жатпайды (Доп - мяч -ball)
    10. Жолбарыстан аумайды
    Пеш түбінде аунайды (мысық - кошка cat )
    11. Жылт – жылт еткен
    Жылғадан өткен (су – вода - water )
    12. Жұпар иісі еседі,
    жайнап бақта өседі (гүл – цветок - flower)
    13. Қоймасын қыс ақтарып,
    Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег - snow)
    14. Тар шеңберді айналып,
    Тұр қазықта байланып.
    Қаға берер таңдайды,
    Әдетінен таңбайды. (Сағат - часы - clok)
    15. Бойын жерге жасырған,
    Бұрымы бар жасылдан (Сәбіз - морковь - carrot.)

Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

  • Сонымен құрметті оқушылары «Мектептің көшбасшылары» да анықталды. Олай болса, әрдайым көшбасшылықты қолдан жібермей, алдыда жүре беріңіздер!

Хормен:

Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ - дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман - сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!

«Көк тудың желбірегені» әні орындалады.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 27.05.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров67
Номер материала ДБ-100390
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх