Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Химия / Научные работы / "Мектеп көшбасшысы" 10 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Химия

"Мектеп көшбасшысы" 10 класс

библиотека
материалов

Жиенбаева Ш.И.

Пәні: Химия

Күні: 8.04.2016жыл

Класс: 9- 10 класс

Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып әрбір оқушы өзінің білім деңгейін топтық жарыста көрсете білуге үйрету.
ә) тәрбиелік: Оқушыларды өзін еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға тәрбиелеу.

б) дамытушылық: Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыту.

Сыныптан тыс жұмыстың түрі: сайыс, жарыс түрінде
Сыныптан тыс жұмыстың әдісі: әңгіме, пікір айту
Сыныптан тыс жұмыстың пән аралық байланысы: биология, физика, математика
Сыныптан тыс жұмыстың көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сыныптан тыс жұмыстың барысы:
1. Бәйге
2. Жорға
3. Дода

4. Химиялық викторина.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, химиялық сайысқа қатысушы, аяулы ұстаздармыз, мектеп оқушылары! Құрметті ұстаздар мен оқушылар «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты химия пәнінен өткізілгелі отырған зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер. Біз бүгінгі сайысымызды 9 – 10 сыныптар арасында өткізгелі отырмыз.

Құрметті аяулы көрермендер,

Біліміменен сусындаған жас өрендер.

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,

Бұл кеш қалсын мәңгі есімізде.

Шақырамыз қатысушы дарындарды ортаға,

Қол соғады көрермендер таңдана.

Сайыскер өнеріңді ортаға сал,

Осы кеште біліміңді сынап ал.

Ендеше бүгінгі сайысқа қатысушы оқушылармен таныс болыңыздар:

1. Жаңбырбаева Гаухар 10 «А» класс

2. Ділімбетова Альбина 10 «А» класс

3. Сисенгалиева Айгерім 9 «Ә» класс

4. Молдағазы Нұрғаным 9 «Ә» класс

5. Файзуллаев Бауыржан 9 «Б» класс

Армысыздар құрметті төрешілер,

Сайысын әрбір оқушының көресіздер.

Таразының екі басын тең қойып,

Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер – деп сайысымыздың алғашқы қадамын бастамас бұрын, осы сайысымызға төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік...

1.

2.

3.

4.

І тур. Бәйге. Бұл турда 7 ойыншыға бірдей 8 сұрақтан сұрақ оқылып, әрбір сұрақтың а, б, с, д жауаптары беріледі, әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
Білімнің ұшқырлығын танытатын,
«Бәйге» тур да сайыскер жаңылмағын.
Уакыт деген зымырап, өтіп кетер,
Асып, тасып, асықпа, қалыспағын.

  1. Заттардың қайсысы жай затқа жатады?

а) Н2О б) СО2 с) Аl д) Р2О5

2. Атомның теріс зарядталған бөлшегін көрсетіңдер?

а) протон б) электрон с) нейтрон д) ядро

3. Оттегінің валенттілігі нешеге тең?

а) II б) I с) V д) III

4. Азоттың ең жоғарғы валенттігі көрсетілген қосылысын көрсетіңдер?

а) N2O б) NO с) N2O3 д) N2O5

5. Атом ядросының протон – нейрондық теориясы бойынша нейтрон саның табуға болатын формула 
а) Ar = Z + N   б) N = Ar – Z   с) Z = Ar - N  д) N = Z + Ar

6. Атом құрылысының «планетаклық» моделін ұсынған ғалымды көрсетіңдер?

а) Э. Резерфорд б) Д.И.Менделеев в) М.В.Ломоносов г) С.Аррениус

7. Оттектің екі атомынан тұратын оның бір молекуласын көрсетіңдер?

а) 2О2 б) О3 с) О2 д) СО2

8. Салыстырмалы молекулалық масса қандай әріппен белгіленеді?

а) Аr б) ω с) % д) Mr

Жауаптары: 1-с, 2-б, 3-а, 4-д, 5-б, 6-а, 7-с, 8-д

2-тур.Жорға. Бәйге турында аз ұпай жинаған бір оқушы ойынды осы жерден тоқтатады. Бұл турда сайысқа қатысушы қалған бес оқушы өзіне ұнаған бір түсті ғана таңдауға құқылы, әр түстің астында 10 сұрақ бекітілген, берілген әр дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады (түсті таңдау үпай саны аз қатысушыдан басталады)

Қызыл түстің сұрақтары

  1. Грекше "бөлінбейтін" деген мағынаны білдіретін сөз? (атом).

  2. "Химиялық элементтердің периодтық жүйесі" атты кестені жасаған ғалым? (Д. И. Менделеев).

  3. Химиялық элементтер 2 топқа бөлінеді, қандай? (Металдар және бейметалдар).

  4. Бүгінде белгілі болып отырған элементтердің саны? (109).

  5. Реакцияға кіріскен реакцияласушы заттар не деп аталады? (реагенттер).

  6. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі? (моль).

  7. Химиялық реакцияның 4 типін ата? (қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу).

  8. Авогадро саны нешеге тең? (6,02 · 10-23).

  9. Оттектің валенттілігі нешеге тең? (II).

  10. Ядроның құрамына қандай бөлшектер кіреді? (протон және нейтрон).

Сары түстің сұрақтары

  1. Химия пәні нені зерттейді? (заттардың қасиеттерін, басқа заттарға айналып түрленуін қарастырады.)

  2. Химиялық реакцияның 4 типін ата? (қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу).

  3. Атом қандай бөлшектерден тұрады? (ядро, электрон).

  4. Атом-молекулалық ілімнің негізін салушы? (М.В.Ломоносов)

  5. Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі зат түзілетін химиялық реакция типі? (қосылу).

  6. Мольдік массаның өлшем бірлігі (г/моль).

  7. Сутектің валенттілігі нешеге тең? (I).

  8. Химиялық құбылыс дегеніміз не? (бір зат екінші бір затқа айналып, химиялық реакцияның жүруі).

  9. «Реакцияға кіріскен заттардың массасы одан түзілген заттардың массасына тең» - бұл қадай заң? (Зат массасының сақталу заңы).

  10. Судың (Н2О) молекулалық массасы нешеге тең? (18).

Жасыл түстің сұрақтары

  1. Химиялық реакция дегеніміз не? (бастапқы алынған заттың құрамы өзгеріп, жаңа заттар түзілуі.)

  2. Заттар дегеніміз не? (заттар - денелерді құраушылар.)

  3. Молекула дегеніміз не? (молекула - заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі)

  4. Күрделі заттар дегеніміз не? (екі немесе одан да көп атом түрлері болатын заттар күрделі заттар деп аталады).

  5. Құрамына кіретін заттардың бөлшектері микроскоп арқылы да көрінбейтін қоспа қалай аталады? (Біртекті)

  6. Реакция нәтижесінде түзілген зат қалай аталады? (өнім).

  7. Күрделі заттың ыдырап, жай заттарға айналуы химиялық реакцияның қандай типіне жатады? (айырылу).

  8. Натридің валенттілігі нешеге тең? (I).

  9. Темірдің атомдық массасы нешеге тең? (56).

  10. Химиялық элемент ұғымын алғаш енгізген ағылшын ғалымы?(Р. Бойль)

Ақ түстің сұрақтары

  1. Химиялық реакцияның белгілері? (тұнбаның түзілуі, еруі, газдың бөлінуі, жарық, жылу бөлінуі, иістің шығуы, түсінің өзгеруі).

  2. Заттардың агрегаттық күйлері? (Сұйық, газ, қатты)

  3. Қоспалар дегеніміз не? (қоспа екі немесе одан да көп заттардан тұрады).

  4. Химиялық элемент дегеніміз не? (заттың құрам бөлігі, жекелеген атомның бір түрі).

  5. Химиялық формула нені көрсетеді? (заттардың құрамын).

  6. Оттегінің салыстырмалы атомдық массасы? 16

  7. Бір күрделі заттан екі немесе бірнеше жай немесе күрделі заттар алынатын химиялық реакция типі? (алмасу)

  8. Алюминидің валенттілігі нешеге тең? (III).

  9. Қанттың суда еруі қандай құбылысқа жатады? (химиялық құбылыс).

  10. Н24 берілген формула қалай оқылады? (аш-екі-эс-о-төрт).

Көк түстің сұрақтары

  1. Химиялық формула дегеніміз не? (заттың құрамын химиялық элемент таңбалары және индекстері көмегімен шартты түрде бейнелеу).

  2. Жай заттар дегеніміз не? (Заттың құрамына бір ғана атом түрі кіреді).

  3. Екі күрделі заттың құрамындағы атомдар не атомдар тобы өзара орын алмастырып, жаңа екі күрделі затқа айналуы реакцияның қандай типіне жатады? (алмасу)

  4. Химиялық формуладағы индекс нені көрсетеді? (заттың құрамындағы элементтердің атом санын көрсетеді).

  5. 3Н мына жазба нені білдіреді? (Сутегінің 3 атомын).

  6. Кальцидің валенттілігі нешеге тең? (II)

  7. Сүттің ашуы қандай құбылысқа жатады? (химиялық құбылыс).

  8. Атомдар бірігіп не түзеді? (молекула).

  9. Көміртек атомының массасы нешеге тең? (12).

  10. Валенттілік дегеніміз не? (химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын өзіне қосып алу қабілеті).

Сия түстің сұрақтары

1. Заттарды қоспалардан бөлу және тазартудың қандай әдіс-тәсілдері бар? (тұндыру, сүзу, айдау, қайта кристалдану)

2. Судың мұзға айналуы қандай құбылыс? (физикалық құбылыс)

3. Химиялық реакцияның белгілері? (жылудың (энергия) бөлінуі, тұнбаның түзілуі, газдың бөлінуі)

4. Молекула дегеніміз не? (заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі)

5. Химиялық элементтердің таңбаларын ұсынған ғалым кім? (Р.Бойль)

6. Сынап элементі латынша қалай аталады? (гидраргирум)

7. Алтын элементінің салыстырмалы атомдық массасы нешеге тең? (197)

8. Коэффициент формулада қай жерге жазылады? (формуланың алдына)

9. Калий, литий, натрий. Аталған элементтерде қандай ұқсастық бар? (сілтілік металдар)

10. Реагент дегеніміз не? (әректтесуші заттар немесе реакцияға кіріскен реакцияласушы заттар)

3-тур. Дода. Бұл турда алдыңғы екі сайыста жоғары ұпай жинаған үш сайыскер қалады да, қалған екі сайыскер сайысты осы жерден тоқтатады. Дода сайысында 10,20,30,40,50 ұпаймен өлшенетін 15 ұяшық жасырылған. Әдеттегідей бірінші болып сайыскерлердің ұпайы жоғарысы ұяшық таңдайды.

Химиялық элементтер

10

20

30

40

50

Ғажайып есептер

10

20

30

40

50

Қызықты тәжірибелер

10

20

30

40

50


1.10. Химиялық элемент темірдің оқылуы қандай? (феррум)

1.20. Судың құрамына қандай элементтер кіреді? (екі атом сутек, бір атом оттек)

1.30. Табиғатта қанша химиялық элемент түрі кездеседі? (89)

1.40. Химиялық элемент таңбасының оң жағының төменгі бөлігінде орналасқан сан қалай аталады? (индекс)

1.50. «Au» берілген элементтің химиялық таңбасының оқылуы, қазақша, орысша және ағылшынша айтылуы қандай? (аурум, алтын-золото-gold)

2.10. Оттек молекуласының (О2) салыстырмалы атомдық массасы нешеге тең? (32)

2.20. Көміртек (IV) оксидінің СО2 салыстырмалы молекулалық массасы нешеге тең? (44)

2.30. Химиялық элементтің реттік номері 13. Бұл қандай элемент? Бұл элементтің атомында неше электрон, протон және нейтрон бар?

( 2713Al( 13p, 14n) 13ē).

2.40. Құрамында элементтердің массалық үлестері мынадай: сутек 3%, фосфор 32%, оттек 65% болатын қосылыстың химиялық формуласын табыңдар. (Н3РО4)

2.50. Темір табиғатта мынадай қосылыстардың: пирит FeS2, магнетит Fe3O4 құрамында кездеседі. Осылардың қайсысында темірдің массалық үлесі көп екенін есептеп табыңдар.

(FeS2 ω(Fe)=46,6% < Fe3O4 ω(Fe)=72%)

3.10. Лабораториялық ыдыстарды ата? (сынауық, құтылар, құйғы, стақандар, тамшуыр, склянка, отбақыраш және т.б)

3.20. Көрсетілген тәжірибе қандай құбылысқа жатады? «Темірдің магниттелуі» (физикалық)

3.30. Сүзу әдісін түсіндіріп, мысал келтіріңіз? (Ас тұзы ерітіндісін сүзу арқылы ерімейтін қоспадан тазарту).

3.40. Көрсетілген тәжірибенің қандай құбылысқа жататынын түсіндіріп, реагенттерді атаңыз? «Шырпысыз жалын» (химиялық құбылыс. Реагенттер: марганцовка, глицерин, су).

3.50. Көрсетілген тәжірибені бақылап, түсіндіріңіз? «Жанбайтын орамал» (Орамалдың жанбау себебі оны біз алдын ала сулап алдық, сол себепті спирт жанып, ормалымыз сол күйінде қалды).

ІV. Химиялық викторина.


10 сұрақ оқылады. Әр сұраққа 1 ұпай беріледі. Жауап лезде берілу қажет. Жинақталыңыздар. Жылдамдықты қажет етеді.

1.Ең жеңіл газ. (Жауабы: сутегі)

2. Әрі композитор, әрі химик, Менделеевтің досы. (Жауабы:Бородин)

3.Өлі теңізде батып кету мүмкін емес.Неге? (Себебі тұзы көп)

4.ХІХ ғ.алтыннан да қымбат болған бағалы металл. (Алюминий)

5.Химия тарихында үлкен роль атқарған тас (философия тасы)

6.Кремний оксиді қандай оксид? (Қышқылдық оксид)

7.Хлорлылау қышқылдың формуласы (НСІО)

8.Суға батпайтын металдар. (Натрий, калий, литий)

9.»Изомерия» ұғымын алғаш кім және қашан енгізді? (1830 жылы Ян.Берцелиус)

10.Д.Менделеев жоғары білімді қандай оқу орнынан алды, қай жылы бітірді?

Петербургтегі Бас педагогикалық институт 1855 жылы бітірді.)

Заман қанша қиын –қыстау болса да,

Игі істер болып жатыр қаншама.

Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар танылған,

Жүлдегерді танытпасақ бола ма?

Қорытынды. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысында жеңіске жеткен оқушыны марапаттау


1-тур жауаптары:1-с, 2-б, 3-а, 4-д, 5-б, 6-а, 7-с, 8-д










Автор
Дата добавления 30.05.2016
Раздел Химия
Подраздел Научные работы
Просмотров149
Номер материала ДБ-103777
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх